Эсхил — трагедия атасы

0
2324

Эсхил (б. з. д. 525—456) — бірінші грек драматургі«трагедия атасы». Трагедиялык ақындардың мүшәйрасына 13 рет қатысып (кейбір деректерде 28 рет делінген), бәрінде де жүлдеге ие болған, б.з.б. V ғасырдағы афиндық атақты үш трагик ақындардың (Эсхил, СофоклЕврипид) бірі.\r\n\r\nЭсхил жазған 70 трагедия мен 20 сатиралық драмадан, бізге 7 драманың ғана толық нұскасы және 400-ге жуық фрагменттері жеткен. Олар — «Жалбарынеандар»,»Парсылар»Бугаудагы Прометей Фивтің жеті жауы» және «Орестея» трилогиясына енетін «Агамемнон»9 «Хоэфор- лар», «Эвменидтер» трагедиялары.\r\n\r\nОл Афины жанындағы Элевсин қаласында дүниеге келген. Әкесі – Эвфорион, афиндық көне ақсүйектерден, эвпатридтерден шыққан. Ол жеке шаруашылығы, яғни жүзімдіктері бар дәулетті адам болған. Олардың отбасы гректердің парсыларға қарсы соғысында ерекше белсенділік танытқан. Эсхилдың өзі артына жазып қалдырған эпитафиясында грек тарихындағы маңызды үш шайқас: Марафон (б.з.б. 490 жыл; бұл соғыста Софоклдың ағасы Кинагир қаза тапқан), Саламин (б.з.б. 480 жыл), Платей (б.з.б 479 жыл) шайқастарына қатысқандығын айтқан. Эсхил өзін ақын ретінде емес, Марафон шайқасына қатысқан жауынгер ретінде көбірек бағалаған. Демек, ол өзінің ақындық жетістіктеріне қарағанда азаматтық және жауынгерлік әрекеттерін жоғары бағалаған, қалай болғанда да оның эпитафиясында драмалық сайыстардағы жеңісі туралы ешқандай сөз жоқ.[1] Эсхилдың жастық шағы Писитраттардың құлау уақытына және Афиныдағы демократиялық құрылыстың беку уақытына сәйкес келді. Эсхилдың жас кезінде Афинының қала ретіндегі маңызы шамалы болған. Бірақ, ол өз қаласының да грек әлемінде биік деңгейге көтерілгендігінің куәсі болды. Ол ағаларымен бірге парсыларға қарсы шайқастарға қатысты. Осы шайқастардан кейін ақындық аренаға шықты. Эсхил алғаш рет трагиктер жарысына шамамен б.з.б. 500 жылы қатысқан, бірақ бірінші жеңіске тек б.з.б. 484 жылы жеткен. Жалпы алғанда, Эсхил тірі кезінде 13 рет, қайтыс болғаннан кейін 15 рет жүлделі бірінші орынды иемденген. Афиндықтар Эсхил шығармаларын жоғары бағалаған. Оған Эсхил қойылымы боларда билік басындағылардың арнайы хор ұйымдастырғандығы дәлел.[2] Эсхил бірнеше рет Сицилияға барып, онда өз драмаларын қойған, ал б.з.б. 476 жылы сол уақыттағы Сиракуздардың билеушісі Гиеронның Этна қаласының негізін салуына арнап «Этналықтар» атты трагедиясын жазған. Б.з.б. 470 жылы өзінің «Парсылар» трагедиясының екінші қойылымын тамашалау үшін Сицилияға тағы барады. Ал б.з.б. 458 жылы Сицилияға біржола кетіп, онда Гиерон сарайында тұрады. Сонда, Гелл қаласында б.з.б. 456 жылы қайтыс болады. Эсхилдың Сицилияға кетіп қалуын ежелгі биографтар оның жас ақын Софоклдың ақындық жетістіктерін көре алмауынан деп түсіндіреді. Дәл осы жылы екі ақын афиндық сахнада бірге өнер көрсетеді. Софокл «Триптолем» трагедиясын, ал Эсхил бізге белгісіз бір трилогиясын қояды. Софокл шығармасы көрермендердің де, әділқазылардың да көңілінен шығады. Бірақ әділқазылар алқасы эллиндік атақты драматургке қарсы дауыс бере алмай, сол кездегі әскербасы Кимон мен оның достарына шешім қабылдауды ұсынады. Нәтижесінде Софокл жеңіске жетіп, бас жүлдені алады. «Триптолем» трагедиясының сәтті шығуының бір себебі Софокл актерлар санын 3 адамға арттыруында болатын. Бұл диалогтың қызық, түсінікті болуына ықпал етті. Яғни, Эсхилдың осы оқиғадан соң біржолата Сицилияға кетуі – замандастарының өзінен 30 жас кіші Софоклге бірінші орынды беріп, оны алға шығаруына қарсы болуынан деп түсіндіреді. Софоклға дейінгі барлық трагиктер секілді Эсхил драмаларындағы рөлдерді өзі орындады әрі тәжірибелі актерларды да жалдап отырды. Театрға қосқан зор үлесінің арқасында Эсхилды «трагедия атасы» деп таныды. Бірақ, әрине трагедия жанрының негізін салушы деп гректер б.з.б. VІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Феспидті танығаны белгілі. Оны Гораций «трагедияны арбамен тасушы» деп атаған. Себебі Феспид трагедия қоюға қажетті костюмдер мен маскаларды бір жерден екінші жерге тасып жүрген. Ол трагедия жанрының бірінші реформаторы болды, хорға жауап беретін актерларды енгізді. Актер маскасын өзгерте отырып, драмадағы барлық рольді өзі орындап шықты. Одан кейін де грек әдебиетінде бірнеше трагик ақындар болғанымен, олар Эсхил секілді драма структурасына айтарлықтай жаңалықтар енгізген жоқ. Эсхил Феспидтен кейінгі трагедия жанрындағы ұлы реформатор болды. Оның драмалары өз заманының өзекті мәселелеріне арналды, ал Дионис культімен байланыс сатиралық драмаларында көрініс тапты. Эсхил шығармашылығы ежелгі Римде де танымал болды. Энний, Акций, Сенека секілді рим әдебиетшілері оны үлгі тұтты. Афиндықтар Эсхил шығармашылығын өте жоғары бағалап, мақтан етті. Драматург өлімінен кейін де оның драмалары жиі көрсетіліп, сахнадан ұзақ уақыт түскен жоқ. Өз драмаларына қажетті сюжеттерді Эсхил Гомерден және эпикалық циклдардан алып отырды.\r\n\r\nЭсхил драмалары — афины демократиясының дәуірлеу кезеңінің айнасы (б.з.д. V ғасырдың бірінші жартысы). Грек-парсы соғысы тұсында ортак мүдде туыстырған афинылықтардың патриоттық рухының көтерілуі — Эсхил шығармаларыныћ негізгі арқауы. Эсхил тағдырға — Мойраға сенді, тіпті оған Құдайлар да бағынышты болған дщ ойлады. Эсхилдің Прометей туралы трагедиясы — гуманистік Пафосқа толы классикалық туынды. Зевс құдай адамзатты жер бетінен жойып жіберейін деп ойлаған кезде, Прометей аспаннан қасиетті отты ұрлап алып, оны адамдарға әкеледі. Бұдан кейін де неше түрлі көмегін корсетіп, үй салуды, жер игеруді, уақытты санауды, жабайы ардарды асырауды, дәрілік шөптерді ажырата білуді, т.б. үйретеді. Адамдарға көмектескені үшін қаһарлы Зевс ашуланып, Гефестке оны жердің түбіне,Скифияға (Қара және Каспий теңізі алабында орналасқан елдігректер осылай атаған) апарып, жартасқа бұғаула деп бұйырады. Зевстің айткандарына көбегенПрометейді Құдай жартаспен бірге жер асты — Тартарға түсіреді. Прометей — жан дүниенің терең трагизмімен әлемдік әдебиетте оқшау тұрған образ.\r\n\r\nЭсхил өзінің қаһармандық-патриоттық трагедияларында екінші актерді (девтерагонист) енгізді. Бұл қайғылы қақтығыстарды тереңірек ашып, театр ойынының әсерлі болуына жол ашты. Және де актерге арналған әдемі костюмдерді, маскалар мен котурныларды да, әр түрлі сахна жабдықтарын да Эсхил шығарған деп есептеледі. Сонымен қатар Эсхил өзінің трагедияларына билерді кіргізіп кана коймай, ондағы көп қимыл-қозғалыстар мен фигураларды да өзі ойлап тапқан. Эсхил бір сюжетке немесе бір-бірімен байланысы бар әр түрлі сюжетке арналған трилогияларды да бірінші болып жаза бастаған. Әр осындай трилогия сатирлердің қатысуымен, бір мифтік аңызды қызықты түрде көрсететін сатиралық драмамен аякталуын да ұлы драматург енгізді деген деректер бар.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ