Абыл Тілеуұлы

0
2228

Абыл Тілеуұлы- 1777  жылы Маңғыстау түбегінде дүниеге келіп, 1864 жылы сол өлкенің Қаратөбе аймағында дүниеден өткен.   Өз дәуірінің аты шулы ақыны болған. Әкесінің есімі — Тілеу, атасының есімі — Өтембет аталған. Абыл — 18 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын-жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі, суырыпсалма-ақын. Ол Маңғыстауда туып-өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған.  Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.
       Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты. Одан басқа Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған.   Абылдың көп өлеңдері ұмытылған. Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі-жарым нақыл сөз, термелері ғана. Осы бар азды-көпті шығармаларына қарағанда, Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз.  Абылды өзінен кейінгі көп ақындар жақсы білген, өздеріне ұстаз тұтқан. Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген. Ақын жырлары Қарақалпақстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріндегі қазақтар арасында да кеңінен мәлім болған. Маңғыстауда өмір сүрген түрікмен шайыры Хатаммен және Есет, Махамбет, Шернияз, Есенбақ сияқты айтулы қазақ ақын-жыраулармен достық қарым-қатынаста болып, ниеттес жүрген. Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғау — 1924 жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі.  Шығармаларының негізгі арқауы—адамгершілік пен елдік, ерлікті дәріптеу (“Сексеннің біз де келдік жетеуіне”, “Отырған қарсы алдымда Қанымайым”, “Қар жауар күн-түн оның қабағынан”). Абыл Хиуа ханы Аллақұл өктемдігіне қарсы бұқара ызасын бейнелеп, ел қорғаған ерлерді жыр еткен (“Сүйінқараны жоқтау”, “Құлбарақ батырға”). “Арғымақ атта сын болмас”, “Естірту”, “Кәрілік” т. б. терме, толғаулары — өмір сырын бейнелейтін көркем ақыл, нақыл, насихатқа құрылған өнегелі, өсиет сөздер. «Сексеннің бізде келдік жетеуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауар күн-түн оның қабағынан» атты шығармаларында хан-сұлтандардың теріс қылығын әшкерелеу, ел қамын жеу, ізгілік, адамгершілік мәселелері сөз болады.  Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет, Қайыпалды сұлтандармен кездесіп, бетпе-бет айтқан батыл сөздеріне қарағанда, ол шындықты айтудан тайынбаған, хан алдында қасқайып тұрып, оның мінін көрсетуге батылы жеткен ақын.  Абыл Тілеуұлы — айтыстың да шебері. Бізге «Балдай қызбен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі» деген айтыстары жетіп отыр.  Абыл — шешендікте алдына жан салмаған, тәжірбиесі мол, көп жасап, сан-саналы өлең шығарып өткен саңлақ ақындардың бірі. Ол — өз дәуірінің елеулі мәселелеріне үн қосып, Сыпыра жырау негізін салған “Қырымның қырық батыры” сияқты батырлық дастандарды дамыта жырлаған.    Абылды өзінен кеиінгі көп ақындар жақс білген,өздеріне ұстаз тұтқан.Мұрат,Нұрым,Қашаған,Ақтан,Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген.Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған.Алғаш баспа бетін көрген толғау-1924жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі.

      Арғымақ атта сын болмас,                    Асқар тауда сын болмас,               

      Қиған қамыс құлақсыз.                          Бауыры болса бұлақсыз.

     Азаматқа сын болмас,                            Ақ киікке сын болмас,

     Арты болса тұяқсыз.                              Арты болса лақсыз.

     Айдын көлде сын болмас,                     Жеті арнада сын болмас,

     Жағасы болса құрақсыз.                        Аяғы болса тұрақсыз.

Тіршілікте артыңда із қалу керек деген ой айтады.  «Сексеннің бізде келдік жетеуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауар күн-түн оның қабағынан» атты шығармаларында хан-сұлтандардың теріс қылығын әшкерелеу,ел қамын жеу,ізгілік,адамгершілік мәселелері сөз болады. Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет,Қайыпалды сұлтандармен кездесіп,бетпе-бет айтқан  батыл сөздеріне қарағанда,ол шындықты айтудан тайынбаған,хан алдында қасқайып тұрып,оның мінін көрсетуге  батылы жеткен ақын. Баймағамбетке айтқаны:

                                Бопайдан туған әкең Айшуақ хан,

                                Табаның таймай тұр-ау мінген тақтан.

                                Дәлірек дажал сынды дәрежеңді,

                                Деп жүрсің Құдай қорып,қыдыр баққан…

                                Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын

                                Байеке-ау,қай ісің бар елге жаққан?!

 

Қайыпалдыға айтқаны:

                                    Жүр едім,тақсыр,сені дара біліп,

                                    Халыққа жазықсыздан салдың бүлік.

                                    Бұланның бүиірінен жебе тисе,

                                    Бұл оны қаиғырмаиды жара біліп.

Немесе:

                                             Баймағамбет өзіңнен артық десе,

                                           Ұстайды сонда сенің жының, тақсыр.

                                            Қолдаған сол сұлтанды губернатор,

Өзгеден артық па еді дінің, тақсыр.

                                             Хиуаның қонышына кіріп кеттің,

                                            Бір уыс болмаса игі еді күнің, тақсыр?!

    Ақын сұлтанның ісін жақтырмай,бар жайды бетіне басады. Абылдың толғаулары көпке насихат ретінде айтылып,адамгершілік,ізгілік жолын меңзейді.

                                   Дүниеде дертті кісі ойнап күлмес,

                                   Ер білер қадіріңді,сұлтан білмес.

                                   Кірпігі арғымақтың кіржік тартса,

                                   Жабыдай ол жазылып көтерілмес.

                                   Жадырап жаз шықпаса,күн жылынып,

                                   Баласы шаруаның егін екпес.

                                   Шалғысы лашынның салғырт тартса,

                                   Ілер деп қаз баласы қайғы шекпес.

Абыл Тілеуұлы-айтыстың да шебері.Бізге «Балдай қызбен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі»деген айтыстары жетіп отыр.  
      Абыл-шешендікте алдына жан салмаған,тәжірбиесі мол,көп жасап,сан-саналы өлеңді серік еткен ақындардың бұзылмас дәстүрінің жалғасы.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ