«Ахмет. Ұлт ұстазы» – ең үздік телехикая!

0
453

Қазақ қазақ деп қасық қаны қалғанша, еліне қызмет еткен, ұлт ұстазы атанған ұлы тұлға Ахмет Байтұрсыновтың құрметіне режиссер әрі сценарист Мұрат Есжан туындысын жарыққа шығарды. Қиындыққа толы қиыр жолды басынан өткерген Ахаңның ғұмырының басты әрі маңызды оқиғаларын Мұрат Есжан осы телехикаясында түсінікті түрде көрсетуге тырысты. Телехикая Ахметтің бала кезінен басталып, өрмелеп, өмірден кеткенге дейінгі уақыт шеңберін белгілейді. Негізгі сюжеті қазақ газеті маңайында ойнатылады. Қазақ газетасы 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби басылым. Бұл газета қараңғы халықтың санасын оятуға, халықты ілім мен білімге дәріптеген. Қазақ газетасының басылуына түрткі болған жайт ол Ахмет Байтұрсынұлының Орынборға жер аударылуы еді.

Бірінші бөлімінен бастап телехикая көрерменге түрлі эмоциялар сыйлайды. Патша үкіметінің Қазақ халқына деген сұмпайы әрі жауыздық қарым- қатынасына көз жұмып қарай алмаған

Байтұрсынның бас көтеруі әділетсіз қудалаудың алғашқы көрінісі болды. 25 жылға кесіліп, Сібірге жер аударылар алдында ұлына деген соңғы өсиеті келесідей болды «…Қандай қиыншылық көрсеңде, аш болсаң да, қанша қорлық көрсеңде оқы, айтатын тілегім осы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын…» деген екен. Бұл оқиға 12 жасар Ахаңның сезіміне ерекше қатты әсер еткен…. Кейінірек телехикаяда Ахметтің ұстаздық еткен шағы баяндалады. Осы үзіндіде Ахметтің орыс шәкірттеріне емес,2 қазақ шәкіртіне көбірек көңіл бөлінуі, өзіне жақын тартуы ерекше суреттеледі. Бұл бейнелеуде осы шәкірттері Ғазымбек пен Қаппас ретінде кейінгі сюжет өрбуінде өз орындарын алады. Олардың бейнесі Ахаңды сыйлаған шәкірт ретінде көрсетілген. Одан бөлек телехикая желісінде байқағанымыз Міржақып Дулатұлының бейнесі. Ахмет Байтұрсынұлының замандасы Міржақып Дулатұлының кейіпкер бейнесі тым әсірелеп көрсетілген бе деген ойда қалдық. Себебі тарихта ол кісінің қызба мінезді болғаны рас. Бірақ Әліби Жангелдиннің қолын қайырып, Мұхамедиярдың «басын кесіп алу керек» деп жүрген Жақаң қазақ тарихында ерекше із қалдырған кең ойлы кемеңгерге қарағанда тыз етпе , ұрда-жық қалыпта көрініп қалған. Ал Сәбит Мұқановтың » Өмір мектебі » шығармасында Жақаңның бейнесі мүлде басқаша етіп суреттелген. Бірақ Ахаңның серігі ретінде тұлғалық бейнесі жақсы ашылғанын айта кету керек. Ахаңның сабыры , байсалдылығы һәм Міржақыптың тік,өршіл келбеті бір-бірін толықтырып туындыдан көпшілік қауымның шынайылықты көруіне түрткі болды.Ахмет пен Міржақыптың бір біріне деген адалдықтары барлығымызды тәнтті етті.Ахаңды қолдаған топ әрдайым халықты жақсы жаққа жетелегісі келді.Сондада бұларға көнбей көкіректікпен өз білгендерін жасаған біраз зиялыларды байқауға болады.Шығармаларын әдебиет үшін емес,халықтың мұңына жазған.Әр еңбегі өзінен өзі ғылымға айналған Ахмет бұл тұста ғұмырының біразын осылай арпалысып өткізді.Орыстың лингвистіннің өзі Ахаңды мақтап қазаққа қызығатынын, қызғанатындығын айтқан еді.Араб әріптерін қолданып жазып жүргенде Қаппас бастаған бір топ қазақтар ендігі әріпті латынға ауыстырайық деп «өзге түркі халықтары латынға ауысып жатыр…» деп сөз қозғаған еді, бейне бір басқа тірліктері жоқтай деп қолдамаған Алаштықтар.

Ахаң сондай көрегенді кісі еді, қанша қиыншылықта да қажығаны бетіне шығып тұрсада оны жасыруға тырысты.Россияның барлық жиналыстарына барып орыс товарищтеріннен қалмай пікір таластырған.Қазақтардың құқығын қорғады.Аяққа таптаған жетесіздерді орнына қойды.Қанша айдауға ұшырап жатсада осылай «қазағымның ұлдары,қыздары» деп жастардың қорланғанына қарай алмады.50 жылдық мерей тойында тыныштық бермеген опасыздардың кесірі тимей қоймады.Неше түрлімен ауыз толтырып айтып Ахаңның репутациясына әсер етсек деп бір күндік құнға сатылғандардың жүзін көрдік.Қалың қазағымның қайғысы бір деп ой танытқан Ахаңның өзі ерекше жақсы көрген жақындарының жоғары жаққа сатылғанын естігенде жүрегіне қанжардай қадалды.»Жау жоқ деме жаға астында» демекші атам қазақ заманнан іштен шығар сұмдардың болары белгілі ақ еді.Қой терісін жамылған қасқырлардың нақ өздері болды.Сол опасыз бейнедегі Қаппастың Ахаңға қарсы жазғандары талай рет Ахметтің аяғын шалды.Тергеуге түсіп түрменіңде қорлығын көрді.Әр тергеуде қазақтан шыққан тергеуші мырза Санғытов Ахметтен жауап алуға тырысатын.Санғытовтың өз ісін сүйіп айналысатын анық көрсеткен.Мінезі тік ,жүзі сұсты, қатыгез болған Санғытовтың Ахаңмен болған тергеулерден кейін жүрегінің түкпіріннен бір нәзік сезім жылт етуші еді.Әр сөзіме жауап табады деп басында бұлығып жүрген Санғытов,Ахаңның еңбектерін оқып өзі байқамай Ахаңды жақын тартатын.Оның шын мәнінде жаман пиғылы жоқтығын түсінгендей соңғы кездері тергеу уақытында созатын еді.Ахаңның әр сөзінен өзіне жылулық сезетін.

Өмірдің қарама қайшылықтары деген осы ма екен…Тұнбас нағыз еңбек адамының өмір сүрген заманының бұндай болғаны әрине ауыр тиеді. Мүмкін сол заманның қаталдығына, әділетсіздігіне қарсы шығар тұлға керек болды. Ай, қайдам көкіректері белең алған зиялылар ғана болғанда осы заманға дейін қалай болар едік оны ойлаудың өзі қорқынышты .Қазіргі біздің жайлы өміріміз үшін қаншама тұлғаның жанының қиналуына тура келгендігі, жанбай жатып сөнгендігі көзге жас ұялатады.

 

Авторлары: Мырзаайым Тасболат

Гаухар Нұролдаева

Дана Орынбасар

Оқытушысы: Рамазан Әбілдос

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы

кафедрасының оқытушысы, г.ғ.м.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ