ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЛЕУДЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

0
852
“…Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті”
Н.Ә.Назарбаев
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы
жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз–адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі десек, оның мынадай түрлері
бар, оны төмендегі кестеден көруге болады.
Дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін
бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп
пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен
жігерлі еңбек етеді. Сонымен дарынды, қабілетті, талантты бала деп баланың, ата-
ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты- жан-жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлғақалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Дарындылықты дамытудағы басты мақсат–еліміздің зияткерлік қорын құру
үшін адамзаттың ең талантты тобын пайдалану, жеке тұлғаның дарыны мен қабілетін
жоғары деңгейге көтеру.
Міндеттері: оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру;
шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; оқушыларды тәрбиелеуге
олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық
белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани
құндылықтарының дамуына ықпал ету; дарынды балаларды оқыту мен дамыту;
дарынды, қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған
педагогикалық-психологиялық жағдайларды жақсарту.

Дарынды балаларды анықтау–баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ
процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы: сынақтан
өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте
жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы
тиіс.Бүгінгі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына
әсер ететін жайға көп көңіл бөлуіміз керек. Себебі, тілі жетік оқушы кез келген жерде
жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ал тілі дамымаған оқушы біліп тұрғанының өзін өз
дәрежесінде жеткізе алмай қиналады. Оқушының мұндай қиналысқа душар болуының
бір ұшы бастауыш сыныпта балалардың жылдам оқу дағдысын қалыптастыру үшін
минутпен оқыту дағдысы кеңінен қолданылады. Осы бастауыш сыныптың кезеңінде
баланы жылдам оқуға қалыптастырумен қатар түсініп оқуын қадағалап отыру маңызды.
Себебі оқушы мәтінді түсініп оқымай, әйтеуір тез оқысам деп құрғақ оқуы үлкен
қателікке соқтырады. Кейін жоғары сыныпқа өткен сайын оқушыда түсініп оқу дағдысы
бірте-бірте азаяды. Осыдан келіп кей оқушы кез келген мәтіннің не әңгіменің мазмұнын
айтуда жаттандылыққа ұрынады. Осы орайда «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын
дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады» дейді
американдық ғалымдар.
Сондықтан жалпы бала бойындағы дарындылықты анықтауда асығыстық жасауға
болмайды. Ол үшін әуелі жас жеткіншектің бойындағы ерекшелік қасиетін анықтау
үшін әуелі белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданамыз. Оқушыны зерттеу мен қабілетіне қарай даралауда құпиялық сақталады. Себебі: бала көңіліне қаяу түссе, оның бойындағы бар қабілет-қарымы өспейді, керісінше өшуі мүмкін.
Мұғалімнің дәстүрлі оқу үрдісінде негізінен шығармашылыққа уақыт жете
бермейді. Сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім болғандықтан, есте
сақтау және қайталау әдісі оны біріншіден, тез жалықтырады, екіншіден, оның
санасында «білімді толық игеру», яғни «сабақта өтілетін дидактикалық материалды
толық білу» елесі пайда болады, үшіншіден, ол мұғалімге тәуелділікке төзе алмайды.
Нәтижесінде дарын сөнеді. Дарындылық сөнбеуі үшін бала тұрақты түрде бақылауда
болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс-әрекет жасау қажет, мұғалімге
тәуелді екенін сезінбеу керек. Әр оқушы өздерінің мұғалімнің зерттеу обьектісінде
тұрғанын сыныптастары бірін-бірі білмеу керек, бақылау табиғи түрде жүргізілу керек.
Мысалы: сыныпта тапсырманы орындаудағы белсенділігі; ұтқыр жауаптары,жаңа
сабақты жылдам меңгеруі; үй тапсырмасын орындаудағы тиянақтылығы; қайталау
сұрақтарына мүдірмеуі т.с.с бақылаулар жүйелі жүргізіліп отырылуы керек. Бұл—
дарындылықты анықтаудың бастауыш сыныптағы алғы шарттарының бірі. Осылай әрбір
оқушының жеке ерекшеліктерін анықтап болған соң оларды дамыту жұмысы басталады.
Орта буынға келгенде дарынды балаларға арналған түрлі әдістерді қолдануға
болады. Соның бірі—байқау әдісі.Ол баланың жеке бас ерекшелігіне, әрекеттеріне
тікелей бақылау жүргізу арқылы анықталады.Өмірдегі шынайы ғажап, адамзатқа маңыздылар дарындылар қолында, ал сол дарындылардың тағдыры біздің, яғни, ұстаздар қауымының қолында. Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеуде күтілетін нәтиже–тіл байлығы мол, кез келген ақпаратты сараптай алатын
және осы ақпарат бойынша өз ойын білдіріп,қорытынды жасай алатын, қандай да болмасын қиын істердің шешімін таба білетін,жұмыс үрдісі нәтижесіне қарай бағалай білетін, өз ойларын, бастамаларын тәжірибеде қолдана білетін, ойы жүйрік, таңқаларлық жаңашыл ойлар айтып, жаңалықтар ашатын
сезімталдығы жоғары, эстетикалық, рухани құндылықтар иесін таба білу.
Дарынды балаларға қызмет етуден жалықпайық, ұстаздар! Әріптестерімен
тәжірибе алмастыру арқылы осы бағыт бойынша кәсіби деңгейіміз жоғарылай берсін
демекпін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана 2007
2. Жексенбаева Ү.Б. Балалардың дарындылығын диагностикалау әдістемелік
құрал. «РАД иАЛ» баспасы «Алматы» 2005.
3. Дарынды балалармен жұмыс//Қазақстан мектебі.-2008 No6, 34-36 бет 
           ҚҰННАЗАРОВА Ұ.А.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ