ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘРЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ НЕГІЗІ

0
1644

Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын
қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған сапалы білім
алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты
дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» – деп атап көрсетілген [1].
Осы міндетке сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз
тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігін, ізденімпаз, зерттеуші тұлға
қалыптастырудың керек екені анық.
Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста
болмасын алдынан шығатын проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету
міндеті тұр. Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушының тапсырманы айнытпай орындаушы
ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына, өзіндік
пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Сондықтан Жоғары сынып оқушыларының ғылыми-зерттеушілік әрекетін қалыптастыру
қазіргі тандағы проблемалардың бірі болып табылады.
Оқушы қабілетін шығармашылыққа бағыттау мәселесі өте ерте кездерден бастау
алады. Ежелгі грек философы Сократ жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту
үшін эвристикалық әңгімелерді пайдаланған. Ол заманауи педагогикада «эвристикалық
әдіс» деген жаңа атқа ие болды. Оқу процесінде эвристикалық әдісті қолдану
оқушылардың логикалық бірізді, дәл ойлануларынан ықпал өтеді. XVII-XIX ғасыр
педагогтары Я.А.Коменский, И.Г.Пестолоцци, Ж.Ж.Руссо, А.Дистверг, К.Д.Ушинский
және т.б. оқушы шығармашылығын дамытудың негізі – оларды өз бетінше ойлау,
зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Бұл ойдың астарында оқушы дербестігін
дамыту идеясы жатыр.
Қазақ ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ы.Алтынсарин,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектерінде жастардың шығармашылығын
дамыту, ақыл-ойын жүйелеу туралы пікірлер айтылады. Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы
Абай өзінің қарасөздерінде, бала өмірге келгенде қабілеттерін әрі қарай дамытуды,
шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс
қалған қабілеттер бара-бара жойылып жоқ болатынын айтқан.
Шығармашылық әрекетке деген ішкі қажеттілік тұлға дамуының шынайы
заңдылығы ретінде қарастырылады. Л.С.Выготскийдің тұжырымдауынша:
«шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы; шығармашылыққа бейімділік
барлық балаларға тән қасиет. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда
психологиялық-педагогикалық ықпалдар үлкен әсер етеді. Сол сияқты шығармашылық
қабілет балалардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін жетілдіруде үлкен рөл
атқарады» [2].Оқытудың дидактикасын жасаған А.Дистервег «Нашар мұғалім шындықты
хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім – оны табуға үйретеді» – деген [98]. Шындықты табу
үшін оқушы шығармашылықпен ойлана бастайды.
Жеке тұлғаның шығармашылығының қалыптасуындағы үлкен роль еңбек, өзара
қарым-қатынастар, адамдардың әлеуметтік және саяси институттары сияқты әлеуметтік
факторларға тиесілі. Бұл диалектикалық тұтастықтың арасында жүзеге асатын процесс.
Философияда шығармашыл тұлға ретінде адамның мәні – оның әлем мен
тарихтағы орнына және оның әрекеттеріне келіп тіреледі. Шығармашыл тұлға олардың
әрекеті мен қарым-қатынастарының, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық мұраттардың,
құндылықтардың индивидуалдық көрінісі және субъектісі ретінде қарастырылады.
Әсіресе, әрекеттің шығармашыл тұлғаға әсері ерекше екендігін атап өткен жөн. Адам
әрекетінің арқасында шығармашыл тұлғаның дамуы мен оның қоғамда әр түрлі
рольдерді атқаруы жүзеге асады. Тек әрекетте ғана индивид тұлға ретінде орнығады.
Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектепте оқушыларды белгілі бір білім
көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз, бұл таңда оқушылардың өз бетінше білімдерін
толықтыру, жаңа білідерді алу тәсілдерін үйрету міндетіне көп мән беріліп отыр. Мұның
өзі баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу,
шығармашылық тұлға қалыптастыру, дарын иелерін жастайынан таңдай білу, оларды
ерекше жетілдіруді талап етеді.
Оқушының шығармшылық қабілетін дамытуда кері әсер ететін қайшылықтар мен
кедергілер де кездесіп жатады. Олардың біразына тоқталайық:
-психологиялық кедергілер (қорқу, сәтсіздіктен қауіптену, өз күшіне сенбеу,
ойланудан қашқақтау, жалқаулық);
-әлеуметтік-педагогикалық кедергі (әлеуметтің жағдайдың болмауы; оқушының
сүйікті ісімен айналыса алмауы; үйде, достарының арасында шығармашылық ахуалдың
қалыптаспауы және еркідіктің болмауы);
-әкімшілік-әміршілідік стиль (мұғалімнің шектен тыс қаталдығы, бала еңбегін
бағалауда әділетсіздікке жол берілу т.б.);
— физиологиялық кедергі – баланың, адамның денсаулығының сақталмауы,
денсаулығында кемшілігінің болуы.
Шығармашылық қабілетті дамытудағы кедергілер мен қайшылықтардың алдын-
алу жолдарының бірі – ғылыми-зерттеушілік әрекеттерін мектеп кезінен қалыптастыру.
Баланы ізденушілікке баулу, оған ғылыми зертеу дағдысы мен білігін игерту
бүгінгі білім беру саласының маңызды мәселесі болып саналады. Ғылыми зерттеу
дегеніміз ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір обьект жөнінде жаңа білім
қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен
танысу. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи
қызығушылығы қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен
түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға
ықпл етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің
көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі іздену арқылы ашады.
Көптеген авторлар атап өткендей, зерттеушілік әрекеттің түрлерін сабақтың
төмендегідей дидактикалық мақсаттары бойынша жіктеуге болады:
— жалпы білім алу мақсатында зерттеу;
-білімді жалпылау мақсатында зерттеу;
— білімді бекіту мақсатында зерттеу (Әмірова Ә.С., Тұғанбаева Б.А.,
Бұлақбаеа М.К., Бейсенова Г.Ы., т.б.).
М.К.Бұлақбаеа зерттеушілік сипаттағы жұмыстардың маңыздылығын айта келе
зерттеушілік сипаттағы өз бетінше жұмыстардың оқушылардың ғылыммен
жақындататына назар аударады . Егер де оқушылар оқу үрдісіне жүйелі түрде қосылып,
білім алудағы және қиын біліктіліктерді игерудегі өз жетістіктерін сезінетін болса, онда
мұндай жұмысқа тарту тиімді нәтиже береді.
Ә.С.Әмірова оқушыдардың тиісті дайындығы болса, зерттеушілік әдісті
қолдануға болатынын айтады. Бұл жағдайда оқушылардың алдына қандайда бір мәселе
қойылады да, олар оны өз бетінше шешуі қажет.
Б.А.Туғанбаева мектептегі зерттеулерді оқушылардың алдына, мәселелік деңгейі
жоғары, теориялық және тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік тапсырмаларды қою арқылы
мұғалім ұйымдастыратынын атап өтеді. Б.А.Туғанбаеаның айтуынша, ғылыми-
зерттеушілік тапсырмалардың ерекшеліктері болып алғашқы фактілерді жинақтау,
суреттеу, талдау сияқты тәжірибелік жұмыстар табылады. Көбіне мәселе бірден
туындамайды, фактілердің арасындағы сәйкес келмеушілік, қарама-қарсылықтар
табылғаннан соң туындайды. Ал оның шешімі фактінің түсініктемесі болып табылады.
Педагогикалық зерттеулерде ғылыми-зерттеушілік сипаттағы тапсырмалардың
қолдану аймағына талдау жасауға үлкен орын берілуде және оны оқу үрдісінің түрлі
бөлімдерінде қолданудың әдістемесі де жетілдірілуде. Зерттеу жүргізуге педагогикалық
жетекшілік ету мен оқушылардың өз бетінше қызметінің қатынасы туралы мәселе
қойылып отыр. Қазіргі кезде ғалымдар өз бетінше ғылыми-зерттеушілік жұмысты
кеңінен қолданбайынша оқушыларды терең, берік игерілген білімдер мен дағдыларды
қалыптастыру мүмкін емес екендігін мақұлдап отыр.
Сөйтіп оқыту үрдісінде ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық әрекеттерін
ұйымдастыру мынандай жағдайларда орын алады:
1) оқушылардың оқу-зерттеу жүргізуіне жетекшілік етуге мұғалім дайын болса;
2) оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізуге икемділігі болса;
3) ғылыми-зерттеушілік тапсырмалардың анық жүйесі бар болса.
Қорыта келе айтарым, оқушылар оқу үрдісінде тек қана білім бір ғылыми білім
деңгейін игеріп қана қоймай зерттеу жұмыстарын жүргізудің ғылыми әдістер мен
танысуын, оқып үйрену мақсатында ғылыми-зерттеушілік әрекетті қылаптастыруға негіз
болатын оқытудың арнайы моделін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін, әдістемелік
жүйесін жасау қажет.
Оқушылардың зерттеу жұмыстары негізінде мынадай танымдық біліктері
қалыптасады:
— оқу және ғылыми – көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей отырып, өз бетімен
білім алу;
— жұмысты жоспарлау;
— бақылау жүргізу және соның негізінде қорытынды шығару;
— гипотезалар шығаруға ұмтылу;
— өз бетімен эксперимент қою және соның негізінде жаңа білім игеру;
— теориялық білім негізінде құбылыстың және бақылау фактілерінің себебін
түсіндіру, тұжырым жасау т.б.
Ізденушілік оқушылардың зерттеу жұмыстарының моделін қалыптастырады.
Себебі:
біріншіден, зерттеу барысында оқушылардың коммуникативтік мүмкіндіктерін
дамытады: категориялық ұғымдарды қабылдау үшін базистік, арнайы терминдердің
мәнін ұғыну керек. Мағлұматтарды түсініп қабылдамайынша, оқушы басты мәселелер
бойынша қандай да бір шешім қабылдай алмайды;
екінішіден, зерттеу әрекеті ақпараттық қызмет атқарады: тақырыбына байланысты
белгілі жүйелер және олардың құрамдас бөліктерін, құрылымдарды, заттар мен
құбылыстардың арасындағы өзара байланыстарды шып көрсетеді, сонымен қтар, адам
және қоршаған ортамен байланыс жасаудың дағдысын игеру мүмкіндігіне ие болады;
біртіндеп ғылыми көзқарасы қалыптасады;
үшіншіден, зерттеу – оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға ең басты, ой-
өрісін, жауапкершілігін, еңбекқорлық, шыншылдық, өзара қамқорлық, әдептілік пен
сыпайылықты дамытуға үлес қосады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2007. – 336 б.
2. Выготский Л.С. Проблемы развития психики //Сборник соч. – М.: Педагогика,
1983. – т. 3.
23
3. Дистервег А. Избранные педагогические сочинения. – М.: Учпедгиз, 1956. – 370
с.
4. Бұлақбаева М.К. Жоғары білім беру жүйесіндегі шығармашылық әлеует
/Монография. – Алматы, 2010. — 248 б.
5. Әмірова Ә.С. Шығармашылық іс-әрекеттің теориялық негіздері /Монография. –
Алматы, 2008. – 301 б.
6. Туғанбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық /Монография. – Алматы, 2010. – 189
б.
ӘЛІМХАТ А.А.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ