Жер бетінің тербелісі – жер мантиясының тектоникалық ығысуынан пайда болады. Нәтижесінде сейсмикалық толқындар пайда болып, олар өз кезегінде жойғыш күшке ие және қоршаған ортаға зиян келтіреді. Невропатолог мамандардың айтуы бойынша, жер сілкінісі кезінде адамның автономды жүйке жүйесі белсенді түрде жұмыс істейді, бұл өз кезегінде жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына әкеледі.
Жердің тербелісі кезінде адам бойын үрей билеп, ми сигналдарына бірден жауап бермейді. Тіпті жер сілкінісі кезіндегі шу мен үйрей адам санасында психологиялық ыңғайсыздық тудырып, күйзеліске ұшыратуыда мүмкін.
Табиғи опат – байсалды ойлауды қажет етпейді. Себебі, ол адамдардың көлеміне, орналасуына, халықтың тығыздығына және инфрақұрылымның дайындығына байланысты әртүрлі әсер етуі мүмкін. Міне, жер сілкінісінің адамдарға қалай әсер ететінін талдасақ.
Ең әуелі физикалық зақым, жер сілкінісі ғимараттардың, жолдардың, көпірлердің және басқа да инфрақұрылымдардың бұзылуына әкелуі мүмкін, бұл халықтың жарақат алуына және өліміне әкеледі. Осылайша, адам көп жиналатын жерлерде қашу жағдайында көптеген адамдар дене жарақаттарын алып жатады. Осындай жағдайларда медициналық көмек алу қиындықтар туытып, зардап шеккендердің саны тек арта беруі әбден мүмін.
Сонымен қатар, психологиялық әсерінеде көңіл аудару қажет, себебі жер сілкінісі адамдарда күйзеліс пен мазасыздықты тудырады. Олардың психологиялық әл-ауқатын әлсіретіп, жеке ерекшеліктерін жоюы мүмкін.
Жер сілкінісінің салдары тек физикалық және психологиялық тұстарды қарастырмайды, сонымен қатар қоғамдық мәселелерді де қатар алып жүреді, оның қатарына судың ластануы, канализациялық инфрақұрылымның бұзылуымен байланысты аурулар, сондай-ақ санитарлық жағдайдың нашарлығына байланысты жұқпалы аурулардың өршу қаупін қамтуы мүмкін.
Мемлекеттік экономиканыңда әлсіреуіне алып келетін бұл апат, жұмыс орындарының айтарлықтай экономикалық шығынға ұшырауын, ғимараттардың қирауы мен мүліктердің жоғалуына алып келеді. Жалпы алғанда, жер сілкінісі қоғамға күрделі әсер етеді, зардап шеккен аумақтарға көмек көрсету және қалпына келтіру бойынша іс жүргізіліп, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың күш-жігерін үйлестіруді талап етеді.
Бұл жер сілкінісінің адамдарға әсер етуінің бірнеше жолы ғана. Түйіндей келе, жер сілкінісінің әсері әртүрлі факторларға байланысты, соның ішінде апаттың ауқымы мен қауымдастықтың дайындығы, инфрақұрылымды жақсарту және төтенше жағдайларға дайындықты арттыру сияқты қоғамдағы мәселелердің өзгеруіне әкелуі мүмкін.