Жәмиев Әділбек. Тәуелсіз елдің ұланымын

0
2498

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ  селосы

\r\n

 Т.Г.Шевченко атындағы орта  мектебі

\r\n

 Жәмиев Әділбек  7 «б» сыныбы 

\r\n

Облыстық жасөспірімдер арасындағы мәнерлеп оқу   байқауының жеңімпазы 

\r\n

 Жетекшісі: Өрікбаева  Нұржамал Елдосқызы  

\r\n

 Байқау номинациясы: «Үздік өлең»

\r\n

 Байқау жұмысының атауы: Тәуелсіз елдің ұланымын

\r\n

 Авторы: Жәмиев Әділбек

\r\n

 

\r\n

   Тәуелсіз елдің ұланымын

\r\n

Тәуелсіз елдің ұланымын,ұлымын,
Бақыт берген,бір алланың құлымын.
Тәуелсіздік бар байлығым,берекем
Тәуелсіз елдің баласымын,жырымын.
 
Тәуелсіздік — несібесі елімнің,
Тәуелсіздік — берекесі жерімнің.
Тәуелсіздік таңы атып елімде.
Той басталды қалың қазақ жерінде.
 
Оңай келмес тәуелсіздік ақ таңы,
Қуантады тәуелсіздік баршаны.
Ашық болсын азаттықтың аспаны,
Жасай берсін тәуелсіз ел жастары.
 
Тәуелсіз тағылымы мол мереке,
Арта берсін шаттық,ырыс,береке.
Қазағымның шаңырағы шайқалмай,
Тәуелсіздік әкелсін тек береке.
 
Тәуелсіздік — деп соғады жүрегім,
Азат күнді қастерлеп мен жүремін.
Аман болса елбасымыз әлі де,
Тұрар менің азат болып нұрлы елім
 
 
 
 
Тәуелсіздік таусылмайтын мерекем
Тәуелсіздік тарихы мол берекем
Елімізді азат еткен боздақтар
Елін сүйген нағыз батыр,ер екен
 
Тәуелсіздік  тұғырлы ,тал бесігім
Болашаққа  апаратын есігім
Мен тәуелсіз болғаныма қуанам
Тәуелсіз ел,Отан менің жан анам.
 
Тәуелсіздік тамыр жайып тереңге,
Азаттықтың ата берсін ақ таңы.
Үміт артып,сенейік біз ертеңге,
Құттықтаймын мерекемен баршаны.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ