Тәрбие беруде ұлттық құндылықты дарыта отырып, бала интеллектуалын дамыту

0
272
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Тәрбие мақсаты:    Білім алушыларды ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде мәдениеті мен дәстүрін мақтаныш тұтатын Қазақстан азаматын тәрбиелеу.Оларды табысты іс-әрекетке бағыттау.         

                                   

Алғы сөз

Ұрпақ тәрбиелеу-ұлт болашағы,ұлт болып ұлысып, ел болып еліміз көтерген кезде қолға алар ісіміздің маңыздысының бірі — ұрпақ тәрбиесі. Халықтың болашағы — ұрпағы, ұрпақ тәрбиесі — ұстазда. Ұстаздың мұраты — жетілген, парасатты толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат қалыптастыру үшін: ақыл-ой тәрбиесін, имандылық, еңбек, экономикалық, дене тәрбиесі, экологиялық, құқық тәрбиесін беру қажет.

Халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрі, тарихи асыл мұраларымызды біліп,қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру-өмір қажеттілігінен туындап отыр. Тәрбие мен оқу егіз. Ол бір-бірінен бөліп алып қоя салуға болмайтын табиғатынан танылып тұрған үрдіс.

Бүгінгі күн талабына сай жаңа жүйеге көшу ол — тәрбие-білім жүйесі. Бұл біздің қай-қайсымызды  да ойландыруы тиіс және «Мектепте заман талабына  сай тәрбие жұмыстарын қалай жүргізуге болады?» деген сұраққа  ең әуелі оның мақсатын, міндетін біліп алу дер едім.

Біз ұлы Мұхтар Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзін реті келгенде еске түсіріп, «Ел бесігі-мектептің» беталысы, бағыт-бағдары айқындалмай, аяқ алысы бекіп,көші түзелмей, мектептің әл ауқаты түзелмесі анық.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері  негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауғабағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамныңшығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшінжағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндеттердіжүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдаланусекілді мәселелерді анықтап алу, білім беру мен тәрбие  жүйесіндегі басты ұстанымретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануғакөмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеудедидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.

Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттықсанамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылыұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пенотаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтынтұлғаларды тәрбиелеп шығару.

Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтыңбірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзеалмаймын.Үзу қолымнан келмейді» дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайындыекеумін: біріөзім, екіншісіхалқым»дейді.

Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық  руханижәне материалдық құндылықтары туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа?

Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:
— сыныптағы тәрбие сағаттары;
— бұқаралық ақпарат құралдары;
— тәрбие шаралары (пікірталас,тәрбие сағаты,кеш, дәріс, таным-өнеге сағаттары, т.б.)
— кітап оқу;
— мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
— шығармашылық жобалар қорғау;
— қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;
— саяхат жасау,
— үйірмелерге қатысу.

Бүгінгі менің «Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарды дарыта отырып, бала интеллектуалын дамыту» тақырыбымен ,тәрбие жүйесіндегі мына бағыттармен қол жеткізген, нәтижелі жұмыстарымды ұсынамын.

І. Психологиялық зерттеулер;

ІІ. Тәрбие сағаттары;

ІІІ. Ата-анамен жұмыс;

ІV. Сыныптан тыс  жұмыстар;

 

І.Психологиялық зерттеулер

а)Темперамент типтерін анықтау

ә)Дарындылық картасы

Жыл басында мекеме басшысымен  бекітілген жылдық  жұмыс жоспары жасалынып, психологиялық жұмыстың бағыттары мынадай болып жүргізіледі. Олар психолог пен дефектологтармен біріге отырып жұмыс жасалынады.

Психологиялық диагностика мақсаты:

тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ, тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.

Психологиялық профилактика мақсаты:

тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.

Психокоррекциялық  дамыту мақсаты:

оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысы  мен біліктілікті дамыту.

Психикалық кеңес беру, кәсіби кеңес жүргізу мақсаты:

педагогикалық үдерістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.

Психологиялық білім көтеру мақсаты:

педагогикалық үрдістерге  қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.

Осылайша жасалған жылдық жоспарға сай ай сайын күнтізбе жоспар, апталық  жоспар жасалынып отырады.

а)Темперамент типтерін анықтау

Бала психологиясындағы темпераменттерді топтап , холерик, сангвиник,плегматик,меланхолик деп бөлеміз де ,біз ұстаздар кейде кез келген оқушы баланы осы темпераменттердің біріне жатқыза саламыз.Әрине, белгілі бір жағдайда және тумысынан баланың бойында осы темпераменттердіің бірі басым болатыны рас.Бірақ жас ерекшеліктеріне және тәрбиеге байланысты баланың психологиясы да өзгеріп отыратыны айдан анық емес пе?

Мектептегі психологиялық қызмет — халық ағарту жүйесіндегі аса қажетті салалардың бірі. Психологиялық қызмет арқылы мектептегі әрбір оқушының даралық ерекшелігінің дамуы анықталады.   Психолог өзінің кәсіби біліміне сүйене отырып, баланың даму деңгейін белгілейді,   түрлі психологиялық ауытқуларды дер кезінде аңғарып, оның  түзету жолдарын тағайындайды,  болуы мүмкін қиындықтардың алдын- алу үшін психологиялық шаралар ұйымдастырылады.  Мектеп ұжымында кездесіп қалатын психологиялық мәселелерге өтініш түсуіне байланысты психологиялық кеңестер беріледі, ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстары  жүргізіледі.  Осылар арқылы  мектептегі оқу- тәрбие жұмысының тиімділігін арттырады, әлеуметтік белсенді жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысады.  Осы міндеттерді атқару барысында мектеп психологтарының атқарған жұмысы жөнінде тоқталып өтпекпін. Енді осы психологиялық темпераменттерді анықтау барысында өзімнің сыныбымдағы білім алушылар:

холерик-7,

сангвинг-8,

меланхолик-2,

флегматик-7  болып анықталды.

Үлгерімі төмен оқушылармен «Есту арқылы жадында сақтауды дамыту жаттығуларын жүргізу», « Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту», «Ойынша көз алдына елестетуді жетілдіру жүргізу» атты тақырыпта жаттығулар ойындары ұйымдастырылды. Нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеті дами бастады. Осы жұмыстарды жүйелі түрде уақытылы жүргізіп тұрсақ, үлгерімі төмен оқушының болмайтыны анықталатын еді.

 ә)Дарындылық картасы

Қазақтың ғұлама ойшылдарының бірі Ы.Алтынсариннің:

Білмегенің бір басқа,

Білімдімен таласпа.

Білмедім деп бүгілме,

Білу үшін туылдың сен о баста!   -деген ғажап сөзі бар.   Осы ғылыми жобада өзімнің шәкіртім Елубек Нұрисламның зерттеу жұмыстарының нәтижелі болып табылатыны сол шунгит өнімдерінің қолданғанда өзгерістер пайда болғанын, адам ағзасына пайдасы бар екенін айтады. Қорыта келгенде Елубек Нұрислам осы бағыттағы жұмысының зерттеу нәтижесін жүйелі әрі бір ізді  көрсете білді.

ІІ. Тәрбие сағаттары

Әр сынып сағаттарының өтілу механизмін өзгертіп, тақырыптың мағынасына үңілуге, ондағы «Мен не үйрендім? Мен қалай үйренемін? Мен оны қайдан аламын?» сұрақтарына жауапты өз бойынан табуға тарту. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Ардақта ата-анаңды», «Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Құрбан айт туралы не білеміз?», «Мен қайырымды баламын», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Тәуелсіздік елімнің тірегі», «Елбасы бастаған болашақ» тақырыптарында өткен тәрбие сағаттарында балалар бойына отансүйгіш, имандылық, тұлғаның адамгершілік қасиеттері артады, оянады.

ІІІ. Ата-анамен жұмыс

а)ата-аналар кеңесі

ә)дөңгелек үстел,тренингтер

б)Аз қамтамасыз етілген отбасылармен жұмыс

а)ата-аналар кеңесі

Айдан алқа ,жұлдыздан жүзік іздеп әуре болмай -ақ, ата-бабаларымыздың ақыл-кеңесін тыңдай білсек ,балалардан бақытты жан бұл дүниеден табылмас деп ойлаймын.отбасындағы бірауыздылық, өзара сыйлаушылық пен түсінушілік , жылы шырай -отбасы мүшелерінің рухани күшінің сарқылмас қоры; ата-ананың отбасында беделі үшін ,ал бүкіл отбасы ұжымы үшін -үлгі; ата-аналар мен сынып жетекшілердің балаларға бірыңғай талап қоя білуі .

*  Ата-аналармен психологиялық ойындар ұйымдастырылып,(Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма? Тест алынды)

* Ата-аналар жиналысына шақырудың өзін түрлі форматта ұйымдастыруды қолға алдым.( «Ең үздік Гүлназ оқушымның ата-анасы», «жаупкершілігі мол Асылжанның анасын жиналысқа шақырамын», «Шығармашыл», «Дарынды», «Мейірімді», «Өжет», «Адамгершілігі мол», «болашақ кәсіпкер» т. б. теңеулерді жағымды тұстарын естірте отырып ата-аналарды жиналысқа шақыру қағаздың өзі ынта туғыздырады.

*Ата-аналар жиналысын сызба тіректермен,сюжетті суреттермен ,мағыналы цитатты сөздер іліп,ой қозғар әңгімемен ұйымдастырып отырдым.

ә)дөңгелек үстел,тренингтер

Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер:-Мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын,конференцияларын ,семинар -кеңестерді өткізуге көмектесу; үлгермейтін және тәбиесі «қиын» балаларды үнемі назарға алады, ең басты мәселе сынып жетекшіге көмектесу.Балардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру;саяхаттар,даталы күндерді атап өтуді -ұйымдастыруға қатысу.

Отбасылық тәрбие беру негізінде өткен ата-аналар консилиумы мен дөңгелек үстелдердің пайдасы орасан зор. Ата-аналардың қоғамдағы болып жатқан діни ағымдардың зияны туралы қаншалықты хабардар екенін анықтау мақсатында, оларға деген көзқарасы қандай екенін анықтау үшін сауалнамалар өткізіп отырамын.

«Адам өз өмірінің суретшісі» тренингі, «Кімге кімнің жақындығы» дөңгелек үстелі өткізуімнің барысында ,ата-аналардың мектеппен тығыз байланысы арта түсті деп, білім сапасы артты деп айта аламын.

б) Аз қамтамасыз етілген отбасылармен жұмыс

* Сынып жетекшісінің ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.Ол үшін, отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жанжақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері. Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату.Ондағы мақсат: отбасыны, оның мүшелерінің өзара қарым – қатынасы мәдениет деңгейін, жанұяның жеке басқа ықпалын, ата – ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

Ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бағытта ата – аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда.Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата – аналардың психологиялық – педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата – аналардың оған деген сұранысы күннен – күнге артуда.
Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата – аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау.Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін — өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.

Үлгерімі төмен оқушылармен « Есту арқылы жадында сақтауды дамыту жаттығуларын жүргізу» « Көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту» , «Ойынша көз алдына елестетуді жетілдіру жүргізу» атты тақырыпта жаттығулар ойындары ұйымдастырылды. Нәтижесінде  оқушылардың ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеті дами бастады. Осы жұмыстарды жүйелі түрде уақытылы жүргізіп тұрсақ, үлгерімі төмен оқушының болмайтыны анықталатын еді.

*  Жүйке жүйесінің қасиетін анықтау барысында сауалнамалар алынды.Мұнда ата -аналардың сауаттылығының деңгейлерін, өмірге деген көзқарастарын білдім.Қоғаммен қарым -қатынасының дәрежесін көрсетті.

* «Ана-жан жылуы» тақырыбы аясында сұрақ жауап, пікірлесу,әңгіме жүргізілді. Осы жұмыстар арқылы нәтижесінде ата-аналардың мектеппен бірлесуі мен көзқарасы,жауапкершілігі аз да болса көрініс тапты.

ІV. Сыныптан тыс  жұмыстар

Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады. Оқушылардың бос уақыттары мәдени шараларға; көлге шомылу, көкке шығу, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен ұйымдастырылып тұрады.
Кiтапхана қорында оқушыға керекті кітаптар жетерлік,кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан, кешкі сағат 9-ға дейін. Оқушылар Және де сабақтан кейінгі уақытта үйірмелер жұмысын атқаруда. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі конкурстар, фестивальдар ұйымдастырылады.

Осы орайда сыныбымның жетістіктерін айта кететін болсам:

Үйірмеге қатысатын оқушыларымның бірі Айару Шәдібек теннистен үнемі жүлделі орынмен келеді. Ол оқушыма үйірменің пайдаалы тұсы Айарудың жауапкершілігі артып, ашылып сөйлесуді, өз бетінше ізденуді үйренді.

Осы ғылыми жобада өзімнің шәкіртім Елубек Нұрисламның зерттеу жұмыстарының нәтижелі болып табылатыны сол шунгит өнімдерінің қолданғанда өзгерістер пайда болғанын, адам ағзасына пайдасы бар екенін айтады. Қорыта келгенде Елубек Нұрислам осы бағыттағы жұмысының зерттеу нәтижесін жүйелі әрі бір ізді  көрсете білді.Мектепішілік жарыстар мен байқаулардың барысында өздерін көрсетіп, жылдан жылға ашыла түсуде

Жеке адамның жақсы мінез-құлқы тек ұжым арқылы,көпшіліктің игі ықпалының  арқасында ғана дамып,қалыптасады.Балалық әбестікпен көптің қадірін білмей,әркімге бір тиісіп,ерке-шора ,жеңілтек,ұшқалақ мінез көрсеткен баланы тәрбиелеу тәсілінде мінез-құлықты қалыптастыру әдісі ретінде жазалаудың алуан түрлі, лайықты ,тиімді түрлерін шебер қолдану ұстаздың педагогтік тәжірибесіне байланысты.

Мектептегі түрлі үйірмелер мен жарыс ойындар ,еңбек түрлері оқушының өзінің өзіне қызмет етуі, еңбек тәрбиесінің тәжірибелі тәсілдерін қолдану өз нәтижесін көрсетуде. Оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірімектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілікқасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнегеберер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз Ұстазы жақсыныңұстамы жақсы”, “Тәрбие басы тал бесік” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін теккекетпейтіндей өсиет еткен.

Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсаттар қойдым.

—   Өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан азаматынтәрбиелеу.

—   Жалпы  адамзаттық негіздер мен құндылықтарды құрайтын саналы көзқарастарымен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу.

—  Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің үлгісіне сәйкесэтнопедагогика,этнопсихоголия, этномәдениет негізінде тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

—  Оқушыларды табысты іс-әрекетте бағыттау, олардың шығармашылығы мен білімқұмарлығын дамыту, қолдау.

Ақын  Мағжан Жұмабаев «Баланы тәрбиеші дәл өзіндей  қылып емес, келешекзаманына лайық қылып шығаруы қажет,» — деген ойлары арқылы тәрбиені келер күнталабымен  ұштастырады. Қазақ халқының тәрбие дәстүрі қай халықтың тәрбиесіненкем түсіп көрген емес. Олай болса бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес байсалт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерінсіңіруіміз керек.

Балаға мейірлене қарасаң, ол да сені жанындай жақсы көріп толық сенімділік білдіреді.Жылы сөз, ұнамды мінез, ыстық мейірім қуанышы, ашық әңгімелесу арқылы баланың көңілін тауып,ішкі сырын ашу, бірақ ,не пайда , кейде   әке мен ананың тарапынан қамқорлықтың жоқтығын және сүйіспеншіліктің тапшылығын сезген бала теріс ортаның қоршауына түседі. Осы орайда сынып жетекшілер баланың өзімшілдік мінезін тез байқап, ата-анасының тәрбие беру жүйесіндегі  жіберген кемшіліктеріне назар аударып,балаға дұрыс ықпал жасау халық педагогикалық әдістері мен тәсілдерін тиімді етіп қолдану үшін ақыл-кеңес беріп отыру,сонда ғана баланың дүниеге көзқарастарының дұрыс қалыптасуына жағдай жасалады.

Меніңше, оқушының бойынан алдымен ел мен ұлттың намысы атойлап тұруы керек.Ол үшін ұлттық құндылықты дарыту негізінде жұмыстармен үйлесімін табатындай халқымыздың сан ғасырлық рухани нәрселерін баланың бойына сіңіріп,қандай қиын заманда да жауға басын имеген бабаларымыздың сат-дәстүрлеріне тәрбиелей білу, ұлттық тәлім тәрбиенің маңызына мән беріп,оқушылардың бойындағы өз Отанына, еліне сүйіспеншілігін ояту үшін іс-шараларды жиі өткізіп тұруы керек. Конференция кезінде мектеп өмірінен көрме ұйымдастырып,отбасының тәрбие тақырыптарына сан алуан, түрлі экспанаттарды көрсетуге болады.Олар ата аналардың үлгі істері,отбасылық тәрбие жайлы ,педагогикалық және  сат-дәстүрлерге байланысты әдебиеттер,үздік оқушылардың тізімі,оқушылардың отбасы жайлы жасаған баяндамалардың тезистері.Конференция соңында ата-баба дәстүріне ,бала тәрбиесіне байланысты көріністер мен көркемөнерпаздардың концертін ұйымдастыру т. б. өте ұтымды.

Ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына қалай дарытамыз? Міне бұл сұрақтың жауабын былай берсе болады. Құндылықтарды іс-әрекет арқылы, сұрақтар арқылы, кері байланыс, рефлексия арқылы. Бұл баланың бойында өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілік, құрмет, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Әрбір жас ұрпақ өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі тиіс. Жастар бойына сапалы білім мен өнегелі тәрбиені рухани байлық етіп дарыту – мектептің асыл мұраты, атқарып отырған игі ісі.

Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс». Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін қамтамасыз ету.

Қазақ мектебінің мәселесі-қазақ елдігінің мәселесі.Қазіргі уақытта өмірлік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру-тәрбиенің негізгі міндеті. Интеллектуалдық дамыған елді қалыптастырудың өзекті бір жолы толыққанды жеке тұлға тәрбиелеумен, оқушының жаңа ойлампаздығын дағдыландырумен, қазіргі ғылыми жетістіктердің негізін терең біліктендірумен ұштасады. Ғылыми-эксперимент жұмысының аса маңызды саласы сабақтан тыс тәрбие клубтары мен орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады, әрбір баланы қайталанбас тұлға деп қарастырып, оның өзгеше қасиеттерін дамыту мақсаты қойылған. Қай баланың болмасын бойынан жақсы қадір-қасиет іздеп табу, соған арқау сүйеу, оған үлкен үміт арту-ұстаз тәрбиесінің тәжірибесі болу керек. Тіпті,  баланың әрең байқалатын ізгі қасиеттерін де айтып, жақсы талпыныстарын бағалап, үміт білдіріп отырса, соғұрлым ол сенімді бағалай біледі, ашыла түседі.

Сонымен қатар, жаңа білім беру мазмұнын жүзеге асыруда оқушының білім сапасын дамытудың мақсаты мен міндетін айқындаудың және тәрбие кеңістігінің тірек-талдау схемасын қалыптастырдық. Оқушыларға тәрбие арқылы білім беруде қоғамдық пәндердің атқаратын ролі ерекше. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Оқушының рухани байлығын кеңейтіп, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың ізгі талап-тілектерін оятады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті оқушылардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.

Сонымен, сапалы білім мен жақсы тәрбие – ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі процесс. Ол мұғалім қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, ата-ананың отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруына байланысты. Бала тәрбиесіне мектеп пен отбасының ықпалы күшті болса, болашақ жас жеткіншектерге берген тәрбиенің нәтижесі сапалы болмақ.

Озат сынып жетекшілері және үлгілі тәжірибемен қаруланған ұйымшыл отбасы баланы ұстамды ,берік мінезге тәрбиелейді.Еңбекке төселдіреді. Жоғары мәдени сауыққа дағдыландырады. Отбасы өзінің барлық өмірі мен іс-әрекеттерін нақты режим бойынша жүзеге асырса.Мұндай отбасында, оның әрбір мүешсі қуаныш сезіміне ,бақыт нұрына бөленеді, жігерлі жарқын жүзді, отанды сүю, патриоттық рухта балаға тәрбие беру салауатты өмір, спорт бірлікке, ынтымаққа, салт-дәстүрлерді, әсіресе адамгершілік тәрбие алып өседі.

 

Жақсыханова Әлия 

Ш.Уалиханов атындағы ЖББМ мұғалімі

 

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ