“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

0
8232
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Көксу ауданының «Өнер мектебі»

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру”

Домбыра пәнінің мұғалімі А.Жексебаева

  • Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру барысында штрихтарды қолдана отырып, оқушының орындаушылығын жетілдіру.

Ашық сабақ жоспары

Штрих.

Дыбыс шығару тәсілдері. Штрихтың бірнеше түрлері болады: питццикато, тремоло,қос пиццикато. Шығармаларда оң қол саусақтарымен шекті шертіп қағу пиццикато шрихы деп аталады ол екі әдіспен орындалады .

  1. Бас бармақпен төмен қарай орындау.
  2. Сұқ саусақпен томен және жоғары қарай орындау.
  3. Тремоло: бір дыбысты жиі қайталап ойнау.

КОРОБЕЙНИКИ


Қазір біреулер дауға айналдырғысы келіп жүрген «Адай» күйінің қалай шыққандығы туралы жазушы Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» деген кітабында жазылды. Онда күйдің Махамбет-Исатай көтерілісі кезінде Гекке отрядына қарсы күресте табандылық көрсеткен жасақшылар арасындағы Адай руынан шыққан азаматтарға арналып шығарылғандығы, көтеріліске Құрманғазының өзі де қатысып, адайлардың ерлігін өз көзімен көргендігі айтылған. Бүгінде «Адай» күйі Маңғыстаудың гимніне айналып отыр. Біреулер осы күйді адай қызы шығарыпты-мыс дейді. Ел арасындағы әңгіме былай дейді.

Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір адайдың үйіне түседі. Үйдің керегесінде ілулі тұрған домбыраның үкісі оның иесінің не қыз, не сал мен серінің бірі екендігін меңзегендей еді. Құрекең қолына домбыраны алып, бір-екі қағып көріп, әдейі «теріс бұрап», қайтадан орнына іліп қояды. Біраз уақыттан соң кемпір мен адай шал, он сегіз жастағы қыз кіреді. Қыз Ақмаңдай екен, «мына домбыраға кім тиген» деп өз бұрауына түсіріп, бір күйге кірісіп кетеді. Сонда Құрманғазы қызға қарап: − Шырағым, күйдің шоғын тартпай, боғын тарттың ғой! Домбыраны бері берші! – дегенде: − Қарағым, қызылқұрт Құрманғазы деген бар деп еді, сен соның өзі емеспісің, аяқ алысың тым бөлек екен, – депті адай шал.

− Болсақ, болармыз! – депті Құрманғазы мұртынан күліп.

Құрманғазымен күй тартысқан Ақмаңдай Адайдың «жеті қайқысының» бірінің қарындасы екен. Сондықтан күй тарихын тануда қателеспегеніміз жөн.

1. Адай күйі қандай түріне жатады?

2. Төкпе күйі қанша буыннан тұрады?

3. Құрманғазы атында не бар?

4. Адай күйі кімге арналған?

5. Тональділік деген не?

6. Лад деген не?

7. Екпін деген не?

8. Қандай штрих түрін үйрендің?

Сұрақтар.

  • Қорытынды
  • Бағалау
  • Үй тапсырмасы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ