Ғаламшарға зымыран жібереміз (тәрбие сағаты)

0
296
«Күн дидарлы-Қазақстан!»

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.

Тақырыбы: Ғаламшарға зымыран жібереміз

Оқу қызметінің мақсаты

Балаларға геометриялық пішіндерден зымыранды құрастыруды үйрету; тіктөртбұрыштан цилиндр, жарты шеңберден конус жасап, зымыранды құрастыруды үйрету; цилиндрден зымыранның жанармай багын, көлемі орташа шеңберлерден зымыранның терезелерін жапсыруды үйрету; ғаламшар, зымыран және зымыран құрылымы, ғарышкерлер туралы білімдерін кеңейту; қағаздан құрастыру іскерліктерін дамыту; достыққа, әрдайым көмек қолын созуға тәрбиелеу және де ынталандыру; құрастырмаларын бағалай білу іскерліктерін жетілдіру.

Сөздік жұмыс

Құрылысқа қатысты іс-әрекеттерді қарапайым сөздер және сөз тіркестерімен сүйемелдеу қабілетін қалыптастыру; сөйлеу тілін «конус», «цилиндр», «үшбұрыш», «шеңбер», «зымыран», «ғаламшар», «ғарыш алаңы», «оң жақ», «сол жақ», «үстіне», «зымыранның басы», «зымыранның денесі», «зымыранның жанармай багы», «зымыранның терезелері», «ғарышкер» сөздері арқылы жетілдіру.

Әдіс-тәсілдер

Аудиожазбаны тыңдау көркем сөз, ғажайып сәт, үлгіні зерттеу, құрастыру амалдарын көрсету, өздік іс-әрекет, рефлексия, балалардың жұмысын бағалау және оқу қызметін пысықтау.

Қажетті құрал-жабдықтар

1. Көрнекілік материалдар;

«Жер» ғаламшарының суреттері, хат, зымыранның суреттері, қауіпсіздік ережелері туралы суреттер, «Зымыран» дайын үлгісі, геометриялық пішіндер, жұлдызша үлестірмелі материалдары, Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров, Юрий Гагариннің суреттері.

Оқу қызметінің барысы

1. Кіріспе бөлімі

1.1. Аудиожазбаны тыңдау

Көркем сөз
Шона Смаханұлы «Космосқа ұшамын».
«Сәт сапар!» деп, достар берген
Гүлге толып құшағым,
Асамын да асқар өрден,
Космосқа ұшамын.
Болса-дағы қанша көркем,
Көкте қайтіп жай табам?!
Ораламын асыл өлкем —
Отаныма қайтадан.

— Балалар, мына өлең жолдарында не туралы айтылған? Қалай ойлайсыңдар?
Балалар өз жауаптарын айтады.

Педагог балалардың жауаптарын толықтырады.
— Иә, дұрыс айтасыңдар! Бұл өлең жолдарында ғарыш туралы айтылған. Балалар, ғарышқа кімдер ұшады? Иә, ғарышкерлер ұшады.

Педагог интербелсенді тақтадағы суретке балалардың назарын аударады.
— Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар өз жауаптарын айтады.
— Балалар, бұл — ғарыш. Қараңдаршы, ғарышта әртүрлі ғаламшарлар бар. Ғаламшарлар күнді айналып тұрады.

— Бұл — жер. Біз жер ғаламшарында тұрамыз. Күннен кейін үшінші біздің ғаламшарымыз тұр.

1.2. Ғажайып сәт
— Балалар, біз ғаламшар туралы бекер әңгімелеп отырған жоқпыз. Бүгін таңертең біздің балабақшамызға хат келді.

Педагог хаттың үлгісін шығарып, қала, балабақша және топ атауын жаза алады.
— Балалар, бүгін біздің тобымызға хат келді. Хаттың ішінде не жазылғаны туралы білгілерің келе ме?
Балалар қызығушылық танытады.
— Мен хатты оқып берейін. «Балалар, бізге сендердің көмектерің керек. «Ғажайып шар» атты ғаламшарымызда жағдай ауыр. Ұшатын зымырандар сынып қалды. Көмектесіңдерші! Бізге көмек керек!» деп жазыпты.
— Балалар, «Ғажайып шар» атты ғаламшарда ұшатын зымырандар сынып қалыпты. Бізден көмек сұрап жатыр. Балалар, көмектесеміз бе?
Балалар қуана келіседі.
— Біз қалай көмектесеміз? Қалай ойлайсыңдар? Иә, зымырандар жасап, ғарышқа ұшырамыз.
— Зымырандарды кімдер жасайды?
Балалар өз жауаптарын айтады.
— Иә, балалар. Зымыранды инженерлер жасайды.
— Балалар, бүгін сендерге инженер болып, зымыранды құрастыруды ұсынамын. Құрастырған зымыранды «Ғажайып шар» ғаламшарының тұрғындарына арнап жасап, ғарышқа ұшыратын боламыз.
Балалар қызығушылық танытып, қуана келіседі.
— Мен, бас инженер болғандықтан, сендерге зымырандарды көрсеткім келеді.

— Балалар, зымыранның құрылымын атап көрейік. Басы, денесі, терезесі және жанармай құятын бак.
Педагог балалардың назарын дайын үлгіге аударады.

2. Негізгі бөлім

2.1. Үлгіні зерттеу
«Зымыран».

— Балалар, зымыран неден құрастырылған? Иә, пластик қақпақтардан
— Қандай геометриялық денелерді көріп тұрсыңдар?
Балалар жауаптарын айтады.
— Қараңдаршы, балалар! Зымыранның басы — конустан, денесі — цилиндрден жасалған. Жанармай құятын бак цилиндр пішінінен, терезелері шеңбер пішіндерінен жасалған.

2.2. Құрастыру амалдарына көшпес бұрын, педагог балалармен пластик қақпақтардан және ыстық желіммен жұмыс жасау ережелерін еске түсіреді

2.3. Құрастыру амалдарын көрсету



— Ең бірінші, қолға тіктөртбұрышты аламыз. Тіктөртбұрышты бұру арқылы цилиндр жасаймыз. Шеттерін желіммен жапсырамыз.
— Шеңберді аламыз. Шеңберді тең ортасынан басқа қакпа керек…. Тең ортасына келген кезде қақпа тоқтатамыз..
— Енді, шеңберді бұру арқылы конус шығарамыз. Шеттерін желіммен жапсырамыз.
— Енді, цилиндрді үстелдің үстіне тігінен қоямыз. Цилиндрдің үстіне конусты қоямыз.
— Зымыранның жанармай багын жасау керек. Ол үшін тіктөртбұрыштарды бұру арқылы цилиндр жасаймыз.
— Кішкентай цилиндрлерді зымыранның денесінің төменгі екі жағына жапсырамыз.
— Әрі қарай, көлемі орташа екі шеңберді аламыз. Жайма үстіне аударамыз, аударылған жағына желімді жағамыз.
— Шеңберді алып, цилиндрдің жоғарғы және төменгі жағына жапсырамыз.
— Міне, қакпақтан зымыранды құрастырдық.
Өздік іс-әрекет
Педагог әр баланың алдына геометриялық пішіндер жиынтығын таратады. Өздік іс-әрекет барысында педагог құрастыра алмай отырған балаларға көмектеседі, бағыт-бағдар береді.
Сен нені құрастырып отырсың?
— Бұл не?
— Қандай пішін?
— Зымыранның денесін көрсетші.
— Зымыранның денесі қандай геометриялық фигурадан құрастырылған?
— Конусты қалай жасадың?
Педагог балалардан толық жауап беруді талап етеді.
Өздік іс-әрекет соныңда педагог балаларға құрастырған зымырандарды ғарыш алаңына әкеліп қоюларын сұрайды.
Рефлексия.
— Зымырандарды қандай әдемі құрастырып шықтыңдар. Балалар, барлық зымыран ғарышқа ұша ала ма?
— Мен сендерге бір жұлдыздан беремін. Қай зымыранды әдемі санасаңдар, соның қасына жұлдызшаны әкеліп қоясыңдар.
— Қай зымыранның қасында көп жұлдызша болса, сол ең жақсы құрастырылған зымыран болып саналады.
Жарайсыңдар, инженерлер! Қалай ойлайсыңдар, балалар, біздің құрастырған зымырандарымыз «Ғажайып шар» ғаламшарының тұрғындарына ұнай ма? Иә!
— Балалар, маған қызықты болып тұрғаны. Айтыңдаршы, ғарышқа ұшатын адамды кім деп айтады? Иә, дұрыс айтасыңдар! Ғарышкер деп айтады.
— Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
Балалар өз жауаптарын айтады. Педагог балалардың жауаптарын толықтырады.
Педагог интербелсенді тақтадан ғарышкерлердің суреттерін көрсетеді.
— Балалар, бұл Юрий Гагарин. Ғарышка ұшқан ең алғашқы адам.
— Ал, бұл Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубәкіров. Қазақ ғарышкерлері.
— Балалар, өскенде кім ғарышкер болғысы келеді?
Балалар өз жауаптарын айтады.
— Жарайсыңдар!

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Балалардың жұмысын бағалау және оқу қызметін пысықтау
— Балалар бүгінгі құрастыру оқу қызметінде не істедік? Айта ғой, Инкар . Иә, дұрыс айтасың. Бүгін зымыранды құрастырдық.
— Зымыранды неден құрастырдық? Айта ғой, Марғулан . Иә, дұрыс айтасың. Зымыранды геометриялық пішіндерден құрастырдық. — Амина, айта ғой. Зымыранның басы қандай геометриялық денеден құрастырылған? Иә, дұрыс айтасың. Зымыранның басы конустан құрастырылған- Ал, денесі неден құрастырылған? Айта ғой, Алиар . Иә, дұрыс айтасың. Зымыранның денесі цилиндрден құрастырылған
— Зымыранды кімдерге арнап құрастырдық? Айта ғой, Айым. Иә, дұрыс айтасың. Зымыранды біз «Ғажайып шар» ғаламшарының тұрғындарына арнап құрастырдық.
— Зымыранның құрылымын атап берші, Аскер. Иә, басы, денесі, жанармай багы және терезелері.
— Балалар, біз қай ғаламшарда тұрамыз? Иә, біз жер ғаламшарында тұрамыз..
— Балалар, ғарышқа ұшатын адамды кім деп айтады? Иә, ғарышкер.

Қай ғарышкерлерді білесіңдер? Иә, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Юрий Гагарин.
— Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі құрастыру оқу қызметіне өте белсенді қатыстыңдар.

Балалар, ғарышқа бару үшін сендерге білімді, тиянақты, тәртіпті болу қабілеттерің қажет болады. Мен бүгін сендердің бойларыңнан осындай қасиеттерді байқадым. Жарайсыңдар! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411111244.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411111543.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240408103122.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240408102652.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411101608.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411102105.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411102248.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411102324.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411104109.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411103911.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411104223.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411122846.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411111953.jpg

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411122803.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG20240411110108.jpg

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ