Қазақстан ихтиофаунасын зерттеу тарихы

0
1344

 \r\n\r\nҚазақстан территориясында орналасқан суқомаларды зерттеудің негізін салған 18 ғ-ң ең ірі натуралистерінің бірі Петр Симон Паллас (1741-1811). 1768-1773 ж.ж. ол Петербургтан Забайкальеге дейін саяхат жасап, жол бойы Жайық өзенін, Еділ, Терек, Ертіс, Обь, Енисей өзендерін және Каспий теңізін зерттейді.\r\n\r\nНеміс тілінде жарияланған 5 томдық еңбегінде «Путешествия по разным провинциям Российского государства» П.С. Паллас ең бірінші рет Уралда балық аулауды сипаттаған. Осы кітапта кейбір жеке балық түрлері күрделі сипатталады, олардың арасында ең алғаш рет шоқырды сипаттаған.\r\n\r\n1811-1814 ж.ж. латын тілінде Палластың «Zoographia Rosso-Asiatica» еңбегі шығады, оның үшінші томында Ресейдің теңіз және тұщы суларының 300 түрі, сонымен қатар Қазақстанда кездесетін көптеген түрлері де сипатталған.\r\n\r\nЕң алғаш Арал теңізіндегі балықтар туралы деректерді Г. Мейендорф берген —  1820 ж. Орыс елшілігімен Бухараға және Хиваға барған. Ол пілмайдың бір экземплярын әкеліп, оны 1828 ж. А. Ловецкимен жаңа түр ретінде сипаттаған.\r\n\r\nБалхаш – Іле және Алакөл бассейндерінің ихтиофаунасы туралы алғашқы деректер 1840 ж. А.И.Шренкпен алынған.\r\n\r\nXIX ғ-ң екінші жартысы мен XX ғ-ң басында ҚЗ  ихтиофаунасын зерттеу қарқынды жүре бастайды. Ол әрине орыс саяхатшылары мен ғалымдарының арқасында жүреді.\r\n\r\n1853 – 1857 ж.ж. Каспий теңізінде балықтарды және балық аулауды зерттеумен шұғылданған үлкен экспедиция қызмет атқарады.\r\n\r\nЭкспедицияның жетекшісі академик Карл Бэр (1792-1876) болады, балық аулау сұрақтарымен Н.Я.Данилевский (1822-1885) айналысады.\r\n\r\nЗерттеу нәтижелері көп томдық «Исследования о состоянии рыболовства в России» еңбегіне кіреді. Бұл еңбектің ғылым мәні әлі күнге дейін зор.\r\n\r\nӨздерінің зерттеулері арқасында К.Э.Бэр және Н.Я.Данилевский балық санының динамикалық теориясының және суқоймалардың биологиялық өнімділігін салған.\r\n\r\nҚЗ ихтиофаунасын тануда келесідей ғалым-саяхатшылардың жинақтары көмектеседі: Н.А.Северцов (1827-1885), А.П. Федченко (1844-1873), Н.А. Северцов 1857-1879 ж.ж. ҚЗ-ға және Орта Азияға 7 рет саяхат жасайды: 1857-1858 ж.ж. Сырдария өзенінде болып, балықтардың алғашқы коллекциясын жинайды (17 түр), 1860-1862 ж.ж. Урал бассейні, 1864 ж Шу-Сырдария өзен аралықтарына, 1865-1868 ж.ж. Тянь-Шаньға, 1879 ж Жетісуға саяхат жасайды.\r\n\r\nА.П. Федченко 1869-1871 ж.ж. Орта Азия бойынша 4 саяхат жасайды.\r\n\r\nН.А.Северцовтың Сырдария бойынша жинағын профессор К.Ф.Кесслер (1815-1881) өңдеп «Ихтиологическая фауна Туркестана» (1872) еңбегінде жариялайды.\r\n\r\n1874 ж. К.Ф.Кесслер А.П. Федченконың жинағы көмегімен 11 балық түрін сипаттайды.\r\n\r\n1874-1876 ж.ж. К.Ф.Кесслер Арал – Каспий экспедициясына қатысып «Рыбы водящиеся и встречающиеся в в Арало-Каспийско-Понтийской ихтиологической области» (1877) атты еңбегін жариялайды, мұнда 279 балық түрі сипатталады, оның ішінде 76-ы ғылымға жаңа түрлер. Соңғылардың ішінде 1871 ж. А.П. Федченкомен табылған Сырдария тасбекіресі және Түркістан қаязы, пескарь, усач, балхаш қара балығы (маринка), жалаңаш осман, жерех-лысач, остролучка, колюшка, балхаш алабұғасы. Кесслер ең бірінші болып балықтардың экологиялық классификациясын жасады, оларды теңіз, тұзды сулы, өткінші, жартылай өткінші және тұщы сулы балықтар деп бөлді. Ол біздің еліміздің ихтиогеографиялық аймақтанудың негізін салды. Ол үшін оңтүстік теңіз бассейндерін бір Арал-Каспий-Понтикалық ихтиологиялық аймаққа біріктіруді ұсынды.\r\n\r\nҚазақстан балықтарын зерттеуде үлкен үлес қосқандар Н.М. Пржевальский (1839-1888), Іле өзенінде балық коллекциясын жинақтаушы, оның жинақтарын С.М. Герценштейн (1854-1894) «Научные результаты путешествий Н.М.Пржевальского по Центральной Азии. Рыбы» (1888-1891) еңбегінде сипаттайды, мұнда негізі Іле қара балығына сипаттама береді.\r\n\r\n1877 ж. Тентек өзені және Алакөл, Сасықкөл көлдерінен Г.И.Поляков балық коллекциясын жинайды.\r\n\r\n1879-1882 ж Алакөл балықтарын О.Финш зерттейді. Балхаш-Іле бассейндері бойынша 1884 ж. А.М.Никольский және 1903 ж. Л.С. Берг материал жинайды. 1882 ж. О.Финш және А.Брэм Таулы Алтайда болып Марқакөл балықтары туралы алғашқы деректер береді.\r\n\r\nОлардан кейін Алтай және Жоңғария суқоймаларына белгілі натуралистер саяхат жасайды: А.М.Никольский (1884), С. Абрамович (1888), А. Суворцев (1888), П.Г.Игнатов (1897), В.В.Сапожников (1900), Н.И.Яблонский (1907) және И.М. Пахомов (1909).\r\n\r\nXIX ғ-ң аяғында Урал өзені бассейнінде Н.А. Бородин жұмыс істейді, ол Шалқар көлінің гидрофаунасы туралы деректер келтіріп Шалқар майшабағы және Шалқар вобласын, сонымен қатар Уралда балық аулауды, бекіре балықтарының биологиясын және ең алғаш болып Персі бекіресін сипаттайды.\r\n\r\nРеволюцияға дейінгі ҚЗ ихтиофаунасын зерттеудегі соңғы кезең советтік ең ірі ихтиолог және географ Л.С. Бергтің (1876-1950) атымен байланысты. 1899 ж Л.С. Берг Аралда және Сырдарияда балық аулау істерін басқарады. Нұра өзенінде ол колюшка балығын табады.\r\n\r\n1899-1907 ж.ж. Л.С. Берг Арал теңізін және Сырдария өзенін зерттеді. Еңбектері «Рыбы Туркестана» (1905), «О рыбах сарысу и Нуры в Акмолинской области».\r\n\r\nҚЗ балықтарын зерттеуге жанама үлес қосқан саяхатшылар:\r\n\r\nСеменов Тянь-Шаньский – Жетісуға 1856-1857 ж.ж 2 рет саяхат жасайды,\r\n\r\nГ.Н. Потанин 1863-1864 ж.ж. Тарбағатайға, Зайсанға, Қара Ертіске саяхат жасайды. В.Грюнберг – арал пілмайы туралы дерек береді (1905).\r\n\r\nА.С. Юлусова 1910 ж арал албыртын,\r\n\r\nА.С. Покровский 1916 ж Арал теңізіндегі балықтарды зерттейді.\r\n\r\n А.Н. Седельникова 1914 ж Зайсанда және Марқакөлде балық аулау тарихы туралы қызықты деректер жинайды.\r\n\r\n1929 ж Аралда Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу балық шаруашылық институтымен Арал теңізінің гидрофаунасы және гидрологиясын систематикалық түрде зерттеу үшін стационарлы балық шаруашылық станциясы ұйымдастырылады.\r\n\r\nАрал бассейнінің ихитофаунасын зерттеуде СССР-дың Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Г.В. Никольский (1910-1977) үлкен үлес қосады. Еңбектері: «Ихтиофауна бассейна Аральского моря» екі бөлімнен тұрады «Рыбы Таджикистана» (1938) және «Рыбы Аральского моря» (1940).\r\n\r\nБалхаштағы ең ірі советтік балық шаруашылық экспедициясы 1928-1931 ж.ж. аралығында П.Ф. Домрачевтің басшылығымен жүргізіледі.\r\n\r\nҰлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Каз ССР Ғылым Академиясының Зоология институтында ихтиология және гидробиология бөлімі ашылады.\r\n\r\n1961 ж. КазГУ-да проф. Н.З. Хусаинованың (1911-1971) арқасында гидробиология және ихтиология кафедрасы ашылады. Кафедраның қызметкерлері В.П. Митрофанов, А.Ф.Сидорова, Г.М. Дукравец, А.П. Фаломеева, Т.И. Збарах ғылыми және балық шаруашылықтық мәселелерді шешуге белсене қатысады.\r\n\r\n1963-1968 ж.ж. КазГУ –дың экспедициялық отрядтары 7 облыстың суқоймаларын зерттейді: 1963 ж. Павлодарда (А.Ф. Сидорова, А.А. Баимбетов, Р.Х. Мамилова), 1964 ж Қызылорда облысын (Г.М. Дукравец, А.А. Баимбетов, Р.Х. Мамилова), 1965 ж Ақтөбе облысын (Г.М. Дукравец, А.А. Баимбетов, А.П. Фаломеева), Шымкент облысын (Г.М. Дукравец, Р.Х. Мамилова), Алматы облысын – 1966 ж (В.П. Митрофанов, Г.М. Дукравец), Семей облысын – 1967 ж. (Г.М. Дукравец, А.П. Фаломеева) және Орал облысын – 1968 ж (солар және Е.А. Меркулов).\r\n\r\n1957 ж. Қазақстан суқоймаларында балық өнімділігін арттыру мақсатында акклиматизациялық жұмыстар басталады: Балхаштан Зайсан көліне интродукция жасалады, пілмай, тран, қаяз балықтарын Аралдан Балхашқа, шоқырды Жайық пен Еділден Сырдарияға акклиматизациялайды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ