Электрлі мүшелер, құрылысы, қызметі. Балықтар топтары

0
13305

Электрлі мүшелер, құрылысы, қызметі. Балықтар топтары\r\n\r\nЖоспары: \r\n

    \r\n

  1. Электр импульсінің сипаты мен күшіне қарай балықтардың топтары
  2. \r\n

  3. Күштіэлектрлі балықтар
  4. \r\n

  5. Азэлектрлі балықтар
  6. \r\n

  7. Электрсіздер
  8. \r\n

  9. Электрлі органдарының балықтардың денесінде орналасуы
  10. \r\n

  11. Балықтардың биоэлектрлі кеңістігін сезінуі
  12. \r\n

\r\nБалықтардың қарым-қатынаста болуының бір жолы- электр, себебі, барлық балықтар электр импульсын шығарады және қабылдай алады. Электр импульсінің сипаты және оның күші бойынша балықтарды күшті-, аз- және электрсіздер деп бөледі.\r\n\r\nКүштіэлектрлілер— электрлі жайындар, жыланбалықтар, скат; азэлектрлілер— мормирлар, гимнархтар, гимноттар және т.б; электрсіздер— басқа балықтардың көпшілігі. Алдыңғы екі топтың өкілдерінің арнайы электрлі органдары болады.\r\n\r\nЭлектрсіз балықтардың арнайы электрлі органы болмайды, олар бөлетін электр импульстері (100-200 мкВ) жүйке-ет қызметінен пайда болады.\r\n\r\nБалықтардың биоэлектрлі кеңістігін сезінуі әртүрлі. Электрлі балықтарда, электрлі жайын мен жұлдызсанаушыдан басқаларында, бүйір сызығының сезгіш органдарына жататын арнаулы рецепторлары болады. Электрсіз балықтарда (шеміршекті, кейбір бекірелер, жайындардан басқаларында) электр рецепторлары бары байқалмаған. Дегенмен бұларда тікелей бұлшық етке немесе жүйке жүйесіне немесе басқа рецепторларға әсер ететін электр тогын қабылдайтын қабілеттілік бар.\r\n\r\nБиоэлектрлік кеңістіктерге әсіресе аз- және электрсіз балықтар өте сезімтал, бұларға әлсіз электр сигналдары жолын бағдарлауға және өзара қарым-қатынасқа қызмет етеді.\r\n\r\nӨте төменгі кернеулі кеңістік бөлетін электрсіз жеке кернулері үйірде қосылып едәуір күшті электр кеңістігін құрайды, бұны үйір орын ауыстырғанда бағытын табуға пайдаланады.\r\n\r\nБарлық электрлі балықтардың электрлі органдары дененің екі бүйірінде симметриялы орналасқан электр пластинкаларынан тұратын заттар.\r\n\r\nСкаттардың электрлі органдары өте үлкен (дене салмағының 25 пайызына жуығы), ара ұясы сияқты. Бір орган шамамен 600 алтыбұрышты тік орналасқан призмалардан тұрады. Әрбір призмада 40-қа дейін электрлік пластинкалар болады; дөңгелек пішінді пластинкалар қоймалжың затқа толы. Әрбір призма ерекше электр батареясы.\r\n\r\nЭлектрлі жыланбалықтардың электрлі органдары екі бүйірінде дененің ұзына бойына дерлік созылған және олар призмалардан тұрады, бірақ тік емес кеңістікте орналасқан. Әрбір органда 70 шамалы призма, ал әрбір призмада 6000-дай электрлі пластинкалар болады.\r\n\r\nЭлектрлі органдардың қызметінің орталығы бір балықтарда (скаттар) сопақша мидың ірі электрлі үлесі, басқаларында-жұлын.\r\n\r\nКөпшілік балықтардың электрлі органдарының негізгі элементтері өзгерген және өте жалпақтанған ет талшықтары, кейбір жыланбалықтарда-жүйке клеткалары, электрлі жайындарда- безді клеткалар. Осы пішіні өзгерген клеткалар электрлі пластинкалар деп аталады. Электрлі пластинкалардың нерв ұштары келетін беті мембрана, нервтік, немесе беттік деп аталады. Ол натрий, калий және хлор иондарының таралуын реттейді. Пластинкалардың екінші бетіне қантамырлары келеді. Қозған уақытта пластинканың нервтік, немесе беттік жағы электрлі теріс, ал қарсы беті-электрлі оң болады.  Бағаналардағы немесе призмалардағы электрлі клеткалар тізбектеліп жалғасқан, бұл жалпы кернеудің шығарылуын арттырады, ал электрлі органдардағы бағаналар қатары параллельді жалғасқан, бұл жалпы шығарылатын ток күшін арттырады.\r\n\r\nЭлектрлі жайын мен жыланбалық электрді нашар өткізетін тұщы суда тіршілік етеді. Өзінің құрбанын оңай жансыздандыру немесе жауынан қорғану үшін олар жоғары кернеулі ток жинайды: жыланбалықтар ток күші 1,2-да 600 В-қа дейін, жайын ток күші бір ампердің оннан біріндей шамада 350 В.\r\n\r\nЭлектрді жақсы өткізетін теңіз суында тіршілік ететін теңіз скаты мұндай мақсатқа аз кернеулі, бірақ жоғары ток күшімен жетеді (50-60А ток күшінде 40-60 В).\r\n\r\nБалықтардың ток бөлу мерзімі барлығында бірдей емес. Мысалы, электрлі скаттың токты бір бөлуі 0,03сек, созылады және ол бірінен соң бірін 100 дейін ток бөле алады.\r\n\r\nЖұлдызсанаушылар мен кәдімгі скаттар күшті- және азэлектрлі балықтардың ортасында. Бұлардың жалғанэлектрлі деп аталатын шағын маманданған органдары дененің құйрық бөлімінде орналасқан. Бұл скаттардың электрлі органдары кішкентай камереларға (2000 шамалы) бөлінген. Олардың әрқайсысындағы қоймалжың затта электр пластинкасы болады. Мысалы, теңіз түлкісі (скат) тудыратын кернеу 4 В шамасында.Азэлектрлі балықтардың электрлі органдары олардың құйрығында болады және кернеуі вольттің оннан біріндей.\r\n\r\nПайдаланылған әдебиетерге сілтеме:\r\n\r\n1.Бәйімбет Ә.А.  «Ихтиология негіздері». Алматы,2005. (73-76 беттер)\r\n\r\n2.Жұмалиев М., Бәйімбет Ә., Есжанов Б. «Балықтар алуантүрлілігі және ихтиология негіздері». Алматы, 2009. (136б)\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ