Тақырыбы: 14 – наурыз көрісу Амал мерекесі
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Жүргізуші: Салеметсіз бе, құрметті ата — аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі наурыз мейрамына арналған 14 — Наурыз көрісу Амал мерекесі атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша — Жаңа жыл және Күн — Түн теңесімі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды
Мал біткеннің бал татыған уызы
Қуат болып қанымызғы тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
Олай болса сыныбымыздың күйші қызы Торебаева Гулнарды ортамызға шақырамыз «Өмір жолы»
Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтары:
Қалдыбек, Лаззат, Айжан.
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй, демекші
Контуаров Атаниязды «Мереке» әнімен ортаға шақырамыз.
Би: «Қара жорға»
Ән: Ықлас Аслан «Ана — әке»
Көрініс: Амал кейбір түсіндірмелерге қарағанда “тоқты” немесе “тоқтының басы” болмаса “қой басының қасқасы” дегенді білдіретін, Тоқты шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдыз болып табылады. Арабша “хамәл” – қозы деген сөз. Бұл сөзге ежелгі түркі танымы бойынша қарасақ, ха+мал: “мал” сөзі ұсақ, уақ дегенді білдіреді, яғни бүгінгі қазақша “мал” сөзінің семантикалық мәні о баста “ұсақ мал” екенін ұқтырып тұр. Шамасы, бұл араб тіліне енген ежелгі түркі сөзі болар.
— Ата, бір жасыңызбен!
— Бар бол, қарағым… Айналайын…
14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.
— Айткүл әжелерге көрістің бе, балам?
— Иә, әже, көрістім. Төлен атамдарға да кірдім.
— Жиенғали жезделерің де осы жаңа көрісіп шықты. Соларға бара ғой, құлыным. Түс болып қалды, үш үйдің есігін ашуға үлгермей қаларсың…
— Пәлі, әлгі Төлен кіріп шықпады. Жолым кіші демейді бұлар.
— Жә, бүгін келмесе, абыр — сабыр боп үлгермеген шығар, ертең кіріп көрісер…
Бүгінгі күні Қазақстанның батыс аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден — бір салт болып отыр. Бұл күні бауырсақ, тәттілерді оқушылар мен мұғалімдер мектепке де апара береді. Көрісіп болған әр адамға тамақ үйлестіріліп, «Бір жасыңмен!» деген тілек айтылады.
14 наурыз күні басталатын Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табады. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық — саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек.
Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре — сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жылы — 22 наурыз мерекесін қарсы алады..
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Жүргізуші:
Би: қыздар «Қазақ биі»
Өлең шумақтар: Ғани, Айжан, Жақсылық, Жәнібек Ән: Айдарбекұлы Абдулла
Би: Вальс қыздар мен ұлдар.
Ән: Ауезов Нұржан «Әке»
Хор: қыздар «Қазақы дастархан»
Осымен құрметті қонақтар! Бүгінгі амал мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет Сау болыңыздар! |