Өнерді үйрен де жирен. Қазіргі таңда қандай өнерді үйренбек керек?

0
3786
домбыра

Астарлы ақиқатты, күйбелең өмірді, тіптен болған түрлі оқиғаларды қазақ халқымыз тапқыр ойының арқасында қабілетті өнері арқылы жеткізі білген.

Той, жиын үстінде думан етіп, елдің көркі бола білген серілер де туа біткен дарынымен танымал бола білген.

Өнер – халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан көптеген нәрсені көрсетіп, алуан түрлі сыр шертеді. Қазақ халқының басынан өткен сан қилы замандар, оның тіршілігі мен дағдарысы, салт-дәстүрі, санасы, өмір сүрген ортасы, әдет-ғұрпы арқылы ұлттық өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарих сахнасына айналды.

Ұлттық өнерімізді бізге жекізе білетін салалардың бірі – музыка.

Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның сан түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканы шынайы таза жүрекпен қабылдап, жан дүниеңді өзгертетіндей тыныш ортада тыңдағаның жөн.Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы – ән мен күйі.

Халқымыз ән мен күйі аясында өмір сүріп жатыр. Қазақтың дәстүрлі тойлары, ойын-сауықтары әнмен серік болып жалғасып келеді. «Қазақ – нағыз қазақ емес,нағыз қазақ – домбыра»-деп, өлеңдеріне жыр кіргізген, ұлы ақынымыз Қадыр Мырзалиев нағыз қазақ екендігін түсіндіреді.

Қазақтың қара  домбырасы –халқымыздың ұлттық аспабы. Домбыраны тарта білген адамның жүрегі мейірімді келеді. «Адамға жеті өнер де аз» демекші, өнер алға даму үшін, әрі  халық музыкасына жаңашыл күйлер қосып мәдениетімізді одан әрі көркейту жастардың қолында.

Мәдениеті Европа, Азия елдерінің жетегіне ере бастаған қазақ елімізде қазіргі таңда бұрынды өнерлеріміз жиектеп қалуда. Басқа бағытқа бой бермей еліміздің жастары ұлттық өнерді қайтадан биіктетіп жаңғыртса деймін. Шертпелі күйімізбен, сазды қоңыр әуенімізбен, шешенді тілділігімізбен ел еңсесін көтере білсек тарихтың ризашылығына бөленеріміз сөзсіз!

Аслан Бағланұлы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ