Есімдіктің сөйлемдегі қызметі (сабақ жоспары)

0
2055
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

1. Есімдіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметі бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;

2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп өздеріне сенімдерін арттыру;

3. Балаларды сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жүргізіп, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, топтастыру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, топтық жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: плакат-сызбалар, үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

  1. «Қазақ тілі –мемлекеттік тіл» лексикалық тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар
  2. Жасай бер, Ана тілім — Қазақ тілі! (Тақырыптық кеш)
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Поэзия минуты
Тілге деген құрметін көрсету мақсатында, оқушылар тіл туралы өлең оқиды.

Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

Оқушылық деңгей тапсырмасы. 94-жаттығу. Сөйлемдердің құрамындағы есімдіктерге сұрақ қойып, қандай сөз табының орнына жүретіндігін анықтау.

1. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
2. Есімдіктер қалай түрленеді?
3. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарады?

2. Жаңа сабақты түсіндіру:

а) Сөзжұмбақ «Бұл да қызық»
«Есімдік» деген сөздің құрамында қанша дыбыс болса, есімдіктің түрлері де сонша. Енді сіздер тапсырманы орындаңыздар.

Сұрақтары:

1. Жіктеу есімдігі (сен)
2. Сілтеу есімдігі
3. Сұрау есімдігі
4. Өздік есімдігі І жақ (көпше түрі), тәуелденіп тұр

5. Сілтеу есімдігі шығыс септігінде
6. Белгісіздік есімдігі
7. Жалпылау есімдігі

ә) Сатылай кешенді талдау.
Бұл жерде ешкім сырымды білмейді. Бүкіл ауыл Қазының төрт қанат үйіне жиналды.

Жаттығумен жұмыс: 96 -жаттығу. Құрамындағы есімдіктерге сұрақ қойып, қай мүше екенін талдаңдар.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Есімдіктер қандай жағдайда бастауыштың, қандай жағдайда баяндауыштың қызметін
атқарады?
2. Есімдікті не үшін орынбасар сөз табы деп атаймыз?
3. Барыс, жатыс, шығыс септіктерінде тұрса қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
Қосымша тапсырмалар: Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар.

Өзім – тәңірі табынамын … (өзіме)
Сөзім – құран, бағынамын …! (сөзіме)
Бұзушы да,түзуші де …, (өзіммін)
Енді,ескілік,келдің өлер …! (кезіңе)

Мағжан Жұмабаев

1. Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші . . . (сені) сыйлайды.

2. Балапан ұяда … (не) көрсе,
Ұшқанда соны іледі.

3. Жаманның … (өзі) бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.

4. Не ексең, … (соны) орасың.

5. Біреу тойып секіреді,

6. … (Біреу) тоңып секіреді.

Топтастыру стратегиясы.

Есімдіктің сөйлемдегі қызметі:

Бастауыш , баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш

Білімді бағалау: Оқушылардың сабақта берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 97-жаттығу; Есімдіктердің түрленуін, сөйлемдегі қызметін түгел қайталау.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материал:

  1. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  2. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  3. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  4. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  5. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  6. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  7. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  8. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  9. Шешендік өнер тарихы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ