Мен қоғамға қалай қызмет етемін?

0
3324

Нұрлы болашақтың даңғыл жолында кімде-кімнің болмасын жүйткіген тұлпар болмағы рас. Өз күшіне ерік беріп, көп арман етумен бағысуда.

Шаршы заманында түрлі мамандықтың сырын ашып, ашылмаған құпиясын жария ететін, еліміздің бұдан әрмен елдігінің көкке көтерілуіне септік болар азамат – азаматшалар өсіп өрнектеуде. Қазағымыздың мақтаны, маржан Мағжаны:

«Мен жастарға сенемін!»– дескен өлең жолдарында  келер ұрпаққа асқар таудың шыңы іспеттес шүбәсіз үміт алауын сөндіріп алмауына, оны жанғыртып жандануына үгіт баяндап кеткендей. Әрбір жас «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамай, ел үшін, қоғамым үшін мен не істей аламын?» деген мақсатты ұстанса Қазақстанымыз гүлдене, көркейе бермек.

Менің ойымша,  Елбасымыздың арқасында алға өрбіген түрлі білім саласындағы бағдарламалар арқылы жастарымыз көп еңбек тындырып жүргендігі естір құлаққа да шындық болмақ. Білім бағытындағы бағдарламаның ішіндегі «Болашақ» бағдарламасын айрықша сөз етуге лайықты.

Бұл бағдарлама арқасында еліміздің ізденісті жастары өзге елдерге аттанып, білім нәрімен сусындап, машықтанып елге оралуда.  Жинақтаған мағлұматтарын елдің игілікті әрекеттеріне серік қып, дамуға, жаңа сипаттың оң алуына мардымды іс атқаруда. Осыдан өзге, елімізде жастардың саясатына тікелей бағыт алған біршама бағдарламалар да өзіндік ахуалын көтеруде.  Мысалы:

  • «Жасыл ел» — табиғатты қоқыстан тазарту, табиғат ананың махаббатына кірбің түсірмеу;
  • «Дипломмен ауылға» — арнайы ауылдық елді – мекенге жас маманның баруымен қызмет етілетін жастар саясатының беделді бағдарламасы. Диплом жемісін ауылдық өмірден сезіну, ауыл білім деңгейін көтеру, жаңа замандық өмірге насихаттау;

Тоқсан ауызды сөзімнен тобықтай торсаңды қорытпағым,Қазақстан мелекетінің ертеңгі болашағы жастарға, яғни бізге тәуелді.

Айбар шыңды бағындырғандардың айтқан ізгі ақыл-кеңесін келер күнімізге иек етіп, соның жолында жұмыстануымыз керек-дағы. Бағалы бақты қоғамымыздың балдырған баянды өмірін зор етіп, ертеңгі күнімізге бағбан нұрын сеуетіндей еңбектенумізді бірінші кезекке қоялық!

Аслан Бағланұлы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ