Қазіргі Қазақстандағы ерікті (волонтер) болу сізге не береді?

0
1184
Иллюстрация: Freepik.com

Алпауыт елімізде арман мақсатын бағамдап, өзіндік үлесін қоршаған ортасына тигізіп жүрген жастарымыз жыл сайын еселеп келеді. Жаралыға демеу беріп, қол ұшын созған жандар легі арнайы ұйымның топтасуымен нығаюда.

Сөзімізге тиек етер, қоғамымыздың нағыз жанашарлары еріктілер қатары екендігі даусыз. Ерікті дегеніміз жан қалауымен, «екі қолға – бір күрек» десіп, айналадағы жәрдемге зәру жандарымызға белсенділік танытып, арнайы шараларға атсалысу.

Бұл тізбектегі жандар адал терімен жасаған еңбегіне төлемақы талап етпейтін қайырымды болмақ. Алдыда бағыт – бағдары парыз іспеттес. Көптеген жастарымыздың арасында өзекті сауал — «Еріктілер кімдер, неліктен мұншама жақсылықтар жасайды, өзіне келіп – кетері қандай?» тәрізді  сұрақтарға жауап іздесек.

Қоғамымыздағы ерекше орын иесі еріктілерге бұл сауалды қойсаңыздар , әсте мүдіріп қалуы даусыз. Өйткені, жан рақаты үшін, өзіндік еркімен жәрдем болғаннан « еріктілер осындай адамдар» деп тіл қата алмайды. Тоқсанды ауыздан түйгенде «еріктілер» адамдық қасиеттеріміздің мәртебесін биікке ұмтылдырып жүрген қоғамдық белсенділеріміз. Бұл жандарымыз тек қана өзі, сонымен қатар жұмылған жұдырықтай бірлесе команда боп қызмет етеді.

Ең басты шұғылданатын әрекеттері жетім – жесірлерге, тағдыры қиын мүгедек және қарттар үйіне жәрдем бола білу. Мемлекеттің мардымды мүддесі үшін арнайы шараларда да көмектесуі еріктілеріміздің бағдары болмақ.  Сөзімнің басында толғағандай, ерікті болуымда ешбір жаннан материалдық, төлемақылық қажеттілік берілмейді.

Есесіне үлгілі жаннан, жылы жүректен шексіз алғыс, сауап есебіне молаясыз. Оның бәрі біздің адамгершілік қасиетіміздің нұсқауы. Ерікті қатарында қызмет етіп, нәтижесінде ауыз толтырардай тәжірибемен кемелденесіз.  Мәселен,менің ойымша,  ерікті жандардың аударма қызметінің әкелер пайдасы ұшаң – теңіз.  Сантараппен еркін қатынас орнатуыңызға, адал достық туын желбіретуге ықпалын тигізеді.

«Жақсылық еккен алғыс орады.» дегендей баршамыздың ерікті қатарында елеулі халқымыздың шаттық берекесінің себепшісі болуға шақырамын. Алтын жүрегімізбен, қайырымдылығымызбен келер ұрпаққа үлгі бола білейік. Қамшының сабындай ғұмырымызда жақсылық нұрын себуге ұмтылайық!

Аслан Бағланұлы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ