Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары

1
3924
Freepik.com

І нұсқа 

1. Сөйлемнің стилін анықтаңдар. Миграция – адамдардың қандай
да бір аумақ шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.
A. Ғылыми стиль
B. Ауызекі сөйлеу стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Көркем әдебиет стилі
E. Ресми ісқағаздар стилі

2. «Өзіңе-өзің кәміл бол, халқыңа әділ бол!» шешендік сөзінің
авторы кім?
А. Қазыбек би
B. Келдібек би
C. Керей хан
D. Ақтамберді жырау
E. Төле би

3. Шешендік сөздің жанрлық мазмұнына қарай бір түрі –
A. Тума талант
B. Шешендік толғау
C. Айтыс-даулар
D. Жер дауы
E. Пернелі сөз

4. Руаралық не еларалық қылмыстық, азаматтық істерді шешу
барысында айтылатын шешендік сөз –
A. Шешендік арнау
B. Шешендік толғау
C. Шешендік дау
D. Термелі сөзі
E. Бата

5. Шешендік дауға қойылатын негізгі талаптар:
A. Өмір, дүние сыры, адамдар қатынаcының түйінін шешу
B. Қоғамдық-әлеуметтік жайға алаңдаушылық; саясатқа
күмән; философиялық талдау
C. Көп дерек жинау
D. Айтылар ойдың мазмұны терең, мәнді, шындықпен астасқан,
дәлелді болуы
E. Сырт келбеті

6. Құрдастардың, нағашы мен жиеннің, жезде мен балдыздың
арасындағы өткір қалжың, қағытпа сөздер пікірталастың қай
түріне жатады?
A. Ойталқы
B. Ойкөкпар
C. Сөзталас
D. Айтыс
E. Пікір алмасу

7. Асты сызылған тіркестің лексикалық қатарын анықтаңдар.
Зияткерлік миграция – белгілі бір себептерге (жұмыс бабы
немесе оқу орнының ауысуы) байланысты басқа мемлекетке
қоныс аудару.
A. Термин
B. Кәсіби сөз
C. Диалект сөз
D. Неологизм
E. Эвфемизм

8. «Реэмиграция» терминінің білдіретін мағынасын анықтаңдар.
A. Әскери тұтқындарды босату
B. Сыртқы миграция
C. Босқындарды туған еліне қайтару
D. Ішкі миграция
E. Көшіп кеткендердің қайта оралуы

9. Ресми ісқағаздардың түрлерін табыңдар.
A. Өтініш, түйіндеме, миграциялық саясат
B. Бұйрық, ереже, сенімхат, тілхат, қолхат
C. Келісімшарт, репатриант
D. Бейресми дерек, хабарландыру, мінездеме
E. Интонация, хаттама

10. «Орындау міндеттелсін, баса көңіл бөлінсін, қамтамасыз
етілсін» тіркестерінің қай стильге жататынын ажыратыңдар.
A. Ғылыми стиль
B. Көркем әдебиет стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Ресми ісқағаздар стилі
E. Ауызекі сөйлеу стилі

ІІ нұсқа 

1. «Публицистика» термині қандай ұғымда жұмсалады?
A. Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер
B. Қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау
C. Діни бағыттағы мәселелер
D. Соттағы сөздер
E. Шешендік сөздер

2. Стиль түрін көрсетіңдер. Бұл шара жол-көлік ережесін сақтай
бермейтін көлік жүргізушілерін қауіптен сақтауға септігін
тигізбек.
A. Ғылыми стиль
B. Ауызекі сөйлеу стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Көркем әдебиет стилі
E. Ресми ісқағаздар стилі

3. Публицистикалық үндеудің мақсаты:
A. Жаңалықтардан хабардар ету
B. Шығарманың мазмұнымен таныстыру
C. Газет-журналдар тарату
D. Жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету
E. Халықты бір жерге жинау

4. Шешендік сөздің құрылысына қарай түрлері:
А. Шешендік арнау, шешендік толғау
В. Шешендік толғау, шешендік дау
С. Айтыстар, даулар
D. Жер дауы, құн дауы
Е. Термелі сөз, пернелі сөз

5. «Өнертабыс» сөзіне сәйкес келетін қатарды көрсетіңдер.
A. Қоғам айнасы
B. Демократиялық процесс
C. Электронды бесік
D. Ғылыми шолу
E. Публицистикалық шығарма

6. «Өнер – ризық, несібе таусылмайтын…» шешендік сөзінің
авторы –
А. Сыздық төре
B. Олжабай батыр
C. Байғозы батыр
D. Ағыбай батыр
E. Шойынбет би

7. Пікір алмасуға жатпайтын форманы ажыратыңдар.
A. Іскерлік сессия
B. Ғылыми хабарлама
C. Семинар
D. Арнайы комиссияның мәжілісі
E. Көпшілік қатысатын митинг

8. Орфографиялық нормаға сай жазылған қатарды табыңдар.
A. Балмұздақ, жемісті мұз
B. Батут, көлік-жай
C. Тұс қағаз, өнертабыс
D. Секіру қондырғысы, қойлым
E. Кино театр, сериал

9. Шешендік сөз құрылымына қарай бірнеше бөліктен тұрады:
А. Басы, ортасы, аяғы
В. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
С. 1-бөлім, 2-бөлім, 3-бөлім
D. Хабарлау, түсіндіру, қорытындылау
Е. Толғау, арнау, дау

10. Публицистикалық стильдің жанрлары:
А. Әңгіме, повесть, роман
В. Өлең, поэма, дастан
С. Репортаж, мақала, очерк
D. Драма, комедия
Е. Арнау, толғау, дау

ІІІ нұсқа 

1. Стиль түрін көрсетіңдер. Дүниежүзінде туризм экономикалық
маңызы зор сала болып есептеледі.
A. Ғылыми стиль
B. Ауызекі сөйлеу стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Көркем әдебиет стилі
E. Ресми ісқағаздар стилі

2. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді анықтаңдар.
A. Рафтинк
B. Мульти спорт
C. Альпенизм
D. Шыңға-шығу
E. Спорттық-бағдарлау

3. Қорғаушының сөзі шешендіктің қай түріне жататынын анықтаңдар.
A. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер
B. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер
C. Академиялық шешендік сөздер
D. Діни шешендік сөздер
E. Соттағы шешендік сөздер

4. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендік сөздер:
A. Мерейтойларда, салтанатты жиындарда, қаралы жиындар
мен астарда, елшіліктер қабылдауында айтылатын сөздер
B. Ғылыми хабарлама
C. Қорғаушының сөзі
D. Шешендік арнау
E. Уағыз

5. Білім-ғылымдық мазмұндағы шешендіктің түрін көрсетіңдер.
A. Қорғаушының сөзі
B. Патриоттық тақырыптағы сөз
C. Шешендік толғау
D. Уағыз
E. Баяндама

6. Дәріс шешендіктің қай түріне жататынын табыңдар.
A. Соттағы шешендік сөздер
B. Діни шешендік сөздер
C. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер
D. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер
E. Білім-ғылымдық мазмұндағы шешендік сөздер

7. Мәдени-танымдық туризмнің белгісін ажыратыңдар.
A. Байдаркамен жүзу
B. Рухани құндылықтармен таныстыру
C. Шаңғы спорты
D. Альпинизм
E. Джип-тур

8. Туризмге қатысты терминдер қатарын ажыратыңдар.
A. Симпозиум, мәжіліс
B. Ғылыми кеңес, сурет көрмесі
C. Тренинг, шолу
D. Маунтинбайк, рафтинг
E. Бұғымен серуендеу, сот процесі

9. Қазақстандағы ең танымал туристік нысанды белгілеңдер.
A. Бурабай
B. Қаратау
C. Сарысу
D. Марқакөл
E. Балқаш

10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді ажыратыңдар.
A. Туризм өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді: әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.
B. Туризм өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді, әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.
C. Туризм өз ішінен: бірнеше түрге бөлінеді – әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.
D. Туризм – өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді: әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.
E. Туризм өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді – әлеуметтік,
спорттық, емдік-­сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.

Ұқсас материал:


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ