0
1190
Гомотетия және оның қасиеттері
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

8 сынып. География.

Физикалық география бөлімі

Биосфера тарауы

Мектеп:

№14 мектеп-гимназия Астана қаласы

Күні: Мұғалімніңаты-жөні: Ергалиева Нагима Уткелбаевна
Сынып: 8 «Ә» Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақта жетуге тиіс оқу мақсаттары мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуын анықтайды
Сабақтың тақырыбы Мұхиттардың тіршілік дүниесі
Сабақтың жалпы мақсаты Мұхиттағы тіршілік дүниесінің таралуы мен оның заңдылықтарымен танысады
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Мұхит суының қасиеттерін талқылап, тіршілік ететін ортасына бөледі.
Оқушылардың басым көпшілігі:
Мұхиттарда тірі организмдердің таралу заңдылығын түсіндіре алады
Кейбір оқушылар:
Мұхиттың тіршілік дүниесіндегі экологиялық жағдайларға баға береді
Бағалау критериилері

Оқушылар:

— мұхит судын қасиеттерін талқылап, мұхит өсімдік пен жануарларды анықтайды;

— мұхиттағы тіршілік бөлінуінің негізгі заңдылығын көрсете алады

— мұхиттағы тіршілік дүниесінің экологиялық жағдайына баға береді

Тілдік мақсаттар:

Оқылым: мәтінді оқи отырып мұхиттын органикалық әлемін анықтайды.

Тыңдалым: мұхиттын тіршілік туралы бейнематериалды көре отырып, бір-бірімен пікір алмасады

Айтылым, жазылым: тапсырмаларды талқылайды, дәптерге жазады.

Пәндік лексика мен терминологияны:
планктон, нектон, бентос
Диалог/ жазба жұмыстары үшін пайдалы сөз тіркестер жиыны (жиындары):

Сөйлемдерді толықтырыңыз,аяқтаңыз

Планктон беткі ағыстармен бірге қозғалатын алуан түрлі …

Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының ……..

Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін ………..

Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін ……..

Тропиктік белдеулерде судың температурасы мен тұздылығы …….

Дүниежүзілік мұхит суларындағы түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай …

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Пәнаралық байланыс:

Биология- мұхит жанаурлары мен өсімдіктер тіршілігі

Химия-мұхитта химиялық заттар мен қосылыстар

Алдыңғы білім 7.3.4.4 топырақ ресурстары
Сабақ барысы
Жоспарланған сабақ кезеңдері Сабақтағы жоспар жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы

Білу

Мақсаты:

Қызығушылықты ояту,жаппай үдеріске тарту,тақырыпқа шығу,

топтастыру,психологиялық ахуал тудыру

Уақыты: 5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.(1 мин)

Амандасу, түгендеу, электронды журнал толтыру

Ой қозғау. (Бейнебаян көрсету) 1 (мин)

— бейнебаяннан не көрдіңіздер ?

— бүгін сабақ не туралы болады?

— қандай тақырыпты өтеміз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Топтастыру ( пазл құрау арқылы) (1 мин)

Рөлдерге бөліну. Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор,жинақтаушы болып бір-бірін сайлайды.

Ой қозғау:

Бағалау критерийлері

-мұхиттағы тіршілікке қатысты жаңа терминдермен танысады.

 

Жеке жұмыс ( 1+1 мин)

Әдісі: «Глоссарий»

Тапсырма:

Оқулықтағы мәтінді оқи отырып, төмендегі сөздердің мағынасын анықтаңыздар

Бентос, нектон, планктон,биомасса

Дескрипторлар

-бентос сөзінің мағынасымен танысады;

-нектон сөзінің мағынасымен танысады;

-планктон сөзінің мағынасымен танысады.

ҚБ: «Өзімізді тексереміз!!!» әдісі

Электронный журнал,

Интербелсенді тақта

Топтастыру үлестірмелері

суреттер

Оқулық «География»

8 сынып

С.Әбілмәжінова,

К.Каймулдинова

131-132 бет

Слайдта

термин сөздер

Түсіну

Мақсаты:

Мұхиттағы табиғат зоналарының орналасу заңдылығын біледі.

Уақыты: 3 минут

Бағалау критерийлері

— мұхит суының қасиеттерін еске түсіреді;

— мұхиттағы табиғат зоналарының орналасу заңдылығын анықтайды.

Жұптық жұмыс ( 2+1 мин)

Әдісі: Сызбаны аяқтау

Тапсырма

Оқулық мәтінін пайдалана отырып, мұхиттағы тіршілік дүниесінің орналасуын көрсететін сызбаны толықтырыңыздар.

 

Дескрипторлары

— мұхит суының қасиеттерін еске түсіреді;

— орналасу заңдылықтарын анықтайды;

-сызбаны толықтырады.

ҚБ «Дәптер алмастыру» арқылы жұптық өзара бағалау

Оқулық «География»

8 сынып

С.Әбілмәжінова,

К.Каймулдинова

131-132 бет

1 қосымша

Сабақтың ортасы.

Қолдану

Мақсаты: Мұхиттағы тіршілік дүниесінің алуан түрлерін сәйкестендіреді

Уақыты: 8 минут

Бағалау критерийлері

-мұхиттағы тіршілік иелерімен танысады;

-мұхиттағы тіршілікті таралуына қарай ажыратады;

Топтық жұмыс

Әдісі «Сәйкестендіру» (3+4+1 мин)

Тапсырма

Берілген суреттер мен оқулық мәтінін пайдалана отырып, мұхиттағы тіршілік дүниесінің орналасуын сәйкестендіріңіздер

Тіршілік ортасы
Планктон
Нектон
Бентос

Дескрипторлары:

— мұхиттағы тіршілік иелерінің суреттерімен танысады;

— тіршіліктің таралауына қарай топтастырады;

— сәйкестіктерін анықтайды.

ҚБ топтық өзара бағалау «екі жұлдыз,бір ұсыныс»

Оқулық «География»

8 сынып

С.Әбілмәжінова,

К.Каймулдинова

131-132 бет

Постер, маркер, суреттер,желім

Талдау

Мақсаты:

Мұхиттағы тіршілік дүниесін әртүрлі бағыттарда талдайды.

Уақыты: 9 минут

Бағалау критерийі

-мұхиттағы тіршілік дүниесін сипаттайды;

-маңыздылығын біледі.

Топтық жұмыс (4+4+1)

Әдісі:Постер құру

«Мұхиттағы тіршілік дүниесі» тақырыбы бойынша оқулықты және қосымша мәліметтерді қолдана отырып, әрбір бағыт бойынша талдау жасаңыздар.

І топ- азық түлік көзі

ІІ топ- зерттеу орталығы

ІІІ топ –тропиктік маржандарда

ІV топ –қорғауды қажет етеді

Дескрипторлары:

мәтінмен танысады;

-маңызды мәліметтерді талдайды;

-топқа түсіндіреді:

ҚБ топтық өзара бағалау«Автобус аялдамасы»

Кері байланыс

Оқулық «География»

8 сынып

С.Әбілмәжінова,

К.Каймулдинова

133-134 бет

Постер, маркер

Слайд

2 қосымша

Сабақтың соңы

Жинақтау:

Мақсаты:

Мұхиттағы тіршілік дүниесі туралы білімді жинақтап, мәтінді өз ойымен аяқтайды

Уақыты: 6 минут

Бағалау критерийлері

-мұхиттағы тіршілік дүниесін сипаттайды;

-маңыздылығын біледі;

— орналасуы мен бейімделуіне баға береді.

Жұптық жұмыс (4+2 мин)

Әдісі: «Ойды аяқта…»

Тапсырма:

Сөйлемдерді толықтырып ойды аяқтаңыз

Планктон беткі ағыстармен бірге қозғалатын алуан түрлі …

Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының ……..

Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін ………..

Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін ……..

Тропиктік белдеулерде судың температурасы мен тұздылығы …….

Дүниежүзілік мұхит суларындағы түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай …

Барлық оқушылар:Жәрдемші тапсырмалар

Жұмыс жасау алгоритмі

1.Берілген сөздерді пайдаланады.

2.Сөйлемдерді толықтырады.

Оқушылардың басым көпшілігі:

1.Берілген сөйлемдерді толықтырады.

2.Сөйлемдерден мәтін құрайды.

Кейбір оқушылар:

1.Сөйлемдерден мәтін құрайды.

2. Мәтінді өз ойымен аяқтайды

Дескрипторлары:

-берілген сөздерді қолданады;

-сөйлемдерді толықтырады;

-сөйлемдерден мәтін құрайды;

-мәтінді өз ойымен толықтырып,аяқтайды.

ҚБ: «Бір минуттық үзіліс»

3 қосымша

Қажетті сөздер тізімі

Бағалау

Мақсаты:

Мұхиттағы тіршіліктің маңыздылығы мен экологиялық жағдайыны баға береді

Уақыты: 5 мин

Бағалау критерийі

-мұхиттағы тіршілік дүниесінің экологиялық жағдайын сипаттайды;

-маңыздылығын біледі;

— әлеуметтік инфрақұрылым даэкологиялық жағдайына баға береді.

 

Жеке жұмыс (

Әдісі: «Проблемалық оқыту»

Тапсырма:

Қазіргі таңдағы мұхиттағы тіршілік дүниесінің экологиялық жағдайын баға беріңіз.

Дескрипторлары:

— мұхиттағы тіршілік үшін қолайсыз жағдайларды анықтайды;

-оған экологиялық тұрғыда баға береді

Сабақтың оқу жетістіктерін бағалау

«Нысана» әдісі.

Әр оқушы өзінің нысанадағы орнын белгілейді.

Сабақтың соңы

1 минут

Кері байланыс

1 минут

Сабақтың соңында бағалау критерийі бойынша бағаланады.Топ спикері бағалайды.

Оқушылар сары, жасыл, қызыл алмаларды « Жетістік ағашына» орналастырады.

Жасыл – бәрін түсіндім

Сары – жартылай түсіндім

Қызыл –түсінбедім

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ