М.ӘУЕЗОВ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ
ЖУМАБЕКОВА АЙКЕН АЙТМАҒАМБЕТҚЫЗЫ.
Павлодар қаласы, Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі.
Мұхтар Әуезовтің ғалымдық жолы көпке белгілі. Ол жасынан-ақ жазушылық қызметпен бірге әдебиет туралы ой-пікірлерін жариялап, ескі жыр-өлеңдерді жинап, оларды зерттеу саласында да өнімді еңбек етті. Оның қаламынан қазақ халқының ауыз әдебиетіне арналған көптеген зерттеулер шықты. Ол ғылыми жұртышылық мойындаған фольклоршы болатын және өмірінің соңғы күндеріне шейін Ғылым Акедемиясының Әдебиет және өнер институтында ауыз әдебиеті бөлімін басқарды. Сонымен бірге Мұхтардың біздің ұлттық әдебиетіміздің тарихына, кеңес тұсындағы әдебиет дамуының өзекті мәселеріне арналған еңбектері де бірсыпыра.
Мұхтардың әдебиет тарихы, оның басталуы мен дамуы жайлы ойлары тым қызғылықты. Бірақ қазақтың қоғамдық өмірінің дамуы жағдайларына сүйеніліп айтылған бұл ойлар кейін өріс ала алмай, Мұхтардың ұлтшыл ретінде айыпталуына байланысты тоқталып қалды. Оның алғашқы күрделі еңбегі «Әдебиет тарихы» пайдаланудан алынып, идеялық жағынан зиянды кітаптардың қатарына қосылды. Тек Қазақстан дербес тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана «Ұлтшылдық ағым» ақталып, соған қатысты тыйым салынған әдебиеттер ішінде М.Әезовтің «Әдебиет тарихы» да толық күйінде қайта басылып шықты.
Бұл кітап – қазақ халқының ұлттық әдебиетін тұтас күйінде жүйелеп зерттеуге жасалған алғашқы талап. Автор алғысөзінде оның қазақ әдебиетінің бүкіл тарихын қамту мақсатын қоймағанын айтқан. Онда «ескі күннен бастап, Абай мезгіліне шейін қазақ тілінде шыққан сырлы сөздің түрлерін айырып, жік-жікке бөліп, әрбір дәуірден қадау-қадау белгі қойып, сол белгілер бойынша тарих шаңы басып жатқан ескіліктің желісін созып шығу», «Әдебиет көшінің ұлы сүрлеулерін тауып алу» міндеті қойылады. Мұхтар кезінде абыроймен орындап шыққан осы шағын мақсаттың, сүрлеудің бұл күнде ұлы даңғыл жолға айналғаны қазақ әдебиет тарихы туралы зертеулерден белгілі.
Мұхтардың алғашқы еңбегі осы жолдың сүрлеуін салғаны даусыз. Сонымен қатар Мұхтар кітабы жазба әдебиеттің басталуы, оның ауызша шығарылған әдебиетпен байланысы, айырмашылықтары жайында кең сөз етеді. Алғашқы әдебиет тарихшысы ретінде автордың әдебиет тарихын жасаудың қажеттігі мен міндеттерін айқындайтын пікірлері де орнықты әрі ғылыми дәлелді. Ол ұлттық әдебиеттің өткен жолын зерттеу, түсіну арқылы «Қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгінгі пішінін тануға» болатынын ескертеді. Әдебиет дамуын халық бастан кешкен тарихи жағдайлармен байланыстыра қарайды. «Белгілі заманның тарихи шарттары мен кәсіп дағдысынан туған салт-сана, сезім, тілек қандай еді? Елдің өнер туғызған қиялымен үлгілі сөз туғызған ақылшалымы, ішкі дүние байлығы қандай еді? Қазақ тілінде әрбір заманда шыққан сырлы сөздердің үлгісі қандай, мағына-маңызы қандайлық? Бір-бірінің ортасындағы тарихи байлам, тіркестік қайсы, әрбір жұрнақты туғызған себеп пе?» Осының бәрін жүйелеп, саралап зерттеу, оқулық түрінде жас ұрпаққа ұсыну мақсаты Мұхтар еңбегін жазуға себеп болған.
Қазақ халқының тарихи өткен жолын шолу мен оған баға беруде, әдебиет туындыларын солармен байланыста қарастыруда Мұхтар сөзі алғашқы ғылыми ойлардың басы десе де боларлық. Ол мұны «Тарихи өлеңдер» мен «Зар заман ақындары» бөлімдерінде толық баяндаған. Оның «тарихсыз заманда» шыққан кітабындағы бұл ойлар да сонылығымен бағалы. Ол қазақ елінің кең даланы еркін жайлап жүрген заманындағы әдебиет үлгілерінде «Қайда барамын, не тілеймін, кім боламын?» деген сұрауларды өзіне қоймаған ел болғанын айта отырып, отаршылдықтың заманы туған кезде ғана әдебиетте «бағыт, мақсат деген нәрселердің» туғанына, жаңалық іздеп, «бастаймын, түзеймін, қазіргі күйге қанағаттанбаймын» деген күй, бірлік, алғашқы рет тұтасқан ой құралып, әдебиет жүзінде елдің әлеуметтік тіршілігі сөз бола бастағанына, содан бастап жазба жазба әдебиет дәуірі туғанына тоқталады. Осылардан бастап әдебиет «әлеумет халін ұғып, ел қамын жоқтауға кіріседі. Өлең бұрынғыша қызық, сауық сияқты емес, қауым қызметін атқара бастайды. Елдің саяси пікірі мен тілек, мақсат, мұң, зар сияқты сезімдерінің басын қосып, жаңадан ой негізін, салт – санасын құрай бастайды» дейді ол. Қазақтың ұлттық әдебиетінің тарихи жолы қазақ хандарының тұсынан ХV – ХVI ғасырлардан басталып, жыраулар поэзиясы үлгісінде дамығаны, олардың ар жағында жалпы түріктік ортақ мұралардың жазба әдебиетке бастау болғаны кейін зерттеліп дәлелденді. Соның өзінде Мұхтар жобасы әдебиет тарихының алғашқы сүрлеуі есебінде аса бағалы.
Абылай заманынан басталатын әдебиетті Мұхтар «Зар заман әдебиеті» деп атайды. Оның пікірінше, зар заман ақындарын сол дәуірдің тарихи жағдайлары туғызған. «Ақтабан шұбырындыдан» басталған қазақ қайғысы кейін орыс патшалығына бағынуға ұласып, «ноқтаға бас иіп, асаудың жуасып, алыптың басылған уақытымен» жалғасады. Зар заман ақындарының шығуын Мұхтар ХIХ ғасырдың орта кезінен бері қарай, Исатай, Махамбет, Кенесарылар қозғалысынан кейінгі кезеңге жатқызады. Бұл кезең мен Абылай заманының арасындағы тарихи байланыстарға лайық әдебиетте де Кенесары жорығының артынан шыққан зар заман ақындары мен Абылай дәуірінде болған ақындардың арасынан сондайлық үзілмейтін жалғастық табады. Ол Абылай дәуіріндегі зар заман ақынын екі топқа бөледі:
бірі – келер күннің жұмбағын шешіп беріп, елге өсиет айтатын қария, екіншісі – толғау айтқан жырау. Екеуінің де көпке айтар сөздері өлең күйінде айтылып, тақпақ, толғау болып келеді. Олар – елдің ақылшы кемеңгері, заманның сыншысы, елді меңгерген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Қауым тіршілігінде саяси салмағы зор ақындардың аузынан шыққан сөзі де қорғасындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді болған. Мұхтар осы дәуір поэзиясының үлгісі есебінде Асан қайғы мен Бұқар жырау шығармашылығына тоқталады. Асан ел алдына, әдебиет алдына халықтың ендігі күйі «не болады» деген сұрақ қоя білді дейді. Оға мысал ретінде Асанның «мұнан соң қилы – қилы заман болар, заман азып, заң тозып жаман болар. Қарағайдың басына шортан шығып, балалардың дәурені тамам болар» деген жыры мен Жәнібек ханға айтқан сөзін келтіреді. Сол арқылы Асанды «бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің ең шаншулы мәселесін әдебиет жүзінде түсіріп, алғаш рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген ақын ретінде бағалайды. Зар заман ақындарының сары уайымы Асаннан басталады деген қорытынды жасайды. Ал Бұқар шығармашылығынан Мұхтар «әлеумет қамын сөйлеу, мұң – зармен, арманмен сөйлеу» қабілетін көреді. Бұқар Асан қайғының жоғарғы өлеңдеріндегі жұмбағын шешеді, басқа жырларында «қайғы шерін Асан заманының қайғысымен жалғастырады».
Мұхтар кітабы ұлттық әдебиеттің даму жолы туралы алғашқы сүрлеу болғандықтан, онда әдебиет тарихына қатысты көптеген деректер, жеке ақындар еңбектері толық бағасын ала қойған жоқ. Оған сол тұста ақындар шығармаларының түгелдей жиналып басылмауы себеп болған. Оны автордың өзі де мойындайды. Оның әдебиет тарихын түгелдей қамтымай, оның сүрлеуін салуды ғана міндетіне алуы осыны байқатады.
М. Әуезовтің бүкіл тарихи әдебиетті зар заман сарынына тіреуі де көшпелі өмір кешіп, әрқилы сыртқы күштердің дүмпеуіне ұшыраған елдің мұң – зарын бейнелеуінен туындайды. Алайда отаршылдықтың өзінің әрқилы дәуірді бастан өткізген, әр кезеңдегі халықтық күрес пен езілген елдің арман – үмітінің түрліше ерекшеліктері болғанын ескерсек, бүкіл бір ұлттың әдебиетін тек зар заманға бағындырып қою әдебиеттің өрісін тарылтып жіберетінге ұқсайды.
Соған қарамастан, М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» кітабы қазақ әдебиеті тарихын жүйелеуде, оның тарихи сүрлеуін салуда аса маңызды, тұңғыш еңбек болып табылады. Оның негізгі қағидалары қазақ халқының сыртқы басқыншылық пен отаршылдыққа қарсы күресі тұсында туған әдебиет материалдарына сүйеніп жасалды. Автордың позициясында ел тағдыры, ұлт мүддесі жайында ойлану басым.
Бұл айтылғандар М. Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымының басында тұрып, әдебиет тарихына қатысты алғашқы зерттеулер жасаушы болғанын көрсетеді. Ол еңбектері әлі де өзіндік күшін жойған жоқ. Идеологиялық саясаттың ырқымен кейбір бағалы ойлары көмескі тартқанмен, олар әлі де кейінгі зерттеушілерге ой сала алады.
Әдебиет тарихы мәселеріне Мұхтар кейін де айналып соғып отырады. Оның біраз өзекті проблемалары, жеке ақындар шығармашылығын бағалау жайы ғалымның жалпы әдебиеттану туралы ой-пікірлерінде жиі айтылады. Ол қазақ әдебиетінің жасалу ісіне де араласты. Бірақ арнаулы зерттеу жасаған жоқ. Оның зерттеулері, негізінен, ауыз әдебиеті мәселеріне арналды. Содан соң көп уақытын Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуге жұмсады. Соның өзінде қазақ әдебиеті тарихын жүйелеуде алғашқы еңбектерінің бірі болған. Мұхтардың жоғарыда аталған екі кітабы әдебиет туралы ғылым тарихынан көрнекті орын алады.
Әдебиет тарихының міндеті не?
Әрбір тарих белгілі жолдағы істің өскенін, гүлденгенін сөз қылады. Олай болса, әдебиет тарихының міндеті:
- Бір жұрттың тіліндегі ауызша, жазба әдебиеттің ішінен үлгілі болған белгілерін бөліп шығару. Ол белгілер сол елдің әдебиет жолындағы жаңа сөзі болу керек.
- Әдебиет тарихы белгілі дәуірлерді, мезгілдерді бөліп шығарады. Халықтың әдебиеті алғашқы шыққаннан бастап, белгілі бір кезге жеткенге шейін тарихтың ішіне кіру керек. Әр мезгілдің үлгісі қандай, неден туды, басқа өмірмен қандайлық тарихи байланысы бар, сол айтылуы керек.
- Әдебиет тарихы әр мезгілдегі себептерді, шарттарды тереді. Мәселен, белгілі ақынның өлеңіндегі мағына мен түрдің сыртқы қалдер, себептер болса, сол теріледі, әдебиет тарихы ауызша әдебиеттің жұрнақтарынан сыртқы түрін, ішкі мағыналарын көріп, соларды туғызған себептерді айтады, әдебиет жұрнақтары мен соны жазған адамдарын қарастырып келіп, бір жұрттың әдебиетіне солардың қандайлық бағасы барын айтады.
Әдебиет тарихының қолданатын жолы
- Ақынның өмірбаянымен танысып, тексеріп келіп, жазған нәрсесі мен екі арадағы байланысын айырады.
- Әрбір ақын жеке-дара адам емес: оны туғызған елі бар. Өзінің үлгісі, салты, жақсылық, жаманшылығы бар. Сондықтан ақын өмірін соны туғызған елінің өмірімен қоса қарастырады.
- Ақын өмірін жалғыз ғана туғызған елін алмай, барлық сал мен ақынды түгел туғызып отырған ұлтымен алып қарастырады.
- Әрбір ұлттың табиғатпен қатынасын қарастырады. Тіршілгі қалай құралған, табиғаттан тегін тамақ ала ма, жоқ еңбекпен ала ма? Еңбек көп болса, өнер артады, өнер артса тап-таптың халы да жоғары-төмен болып, жіктеле бастайды. Әдебиет тарихы мұны да қарасытыруы керек.
- Көрші халықтың берген үлесін, көрші жұрттың өнерінен келген әсерін айырады.
Қазақ әдебиетінің тарихы
Қазақ әдебиеті барлық жұрттың әдебиеті сияқты, екіге бөлінеді: біріншісі ауызша әдебиет, ел ақындығы. Екіншісі – жазба әдебиеті. Ел ақындығы не ауызша әдебиет: елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөздер. Жазу өнері болмаған соң, ол елде ғылым, мәдениет те тумаған болады. Ондай елдің өнер, білімі бір ауыздан екінші ауызға көшіп, сонымен сақталады. Жалпы білім деген нәрсесі, алдыңғының артқыға тастап келе жатқан мұрасы сияқты, ауызша әңгімелерінен құралады. Сол ретпен ескіліктен қалған сөзді, өнер иесі болған арнаулы жалғыз адам ғана біліп қоймайтын, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды.
Ол кездің өнерін жалпақ ел түгел ұғынатын болғандықтан, екінші, кейінгі ұрпақтың түгелімен аталатын білімі, тәрбиесі де сондайлық көпке бірдей болып айтылатын жалпы әңгімелерден жасалғандықтан, бүкіл бір елдің жалпы дүниеге көзқарасы да, өткен өмірді түсінуі де бір-ақ түрде болады. Кейінгі буын өмірді түгелімен алдыңғыша түсініп, соларша тәрбиеленеді. Сондықтан ауызша әдебиеттің ішінде елдің белгілі ұғымын білдіретін, жалпы дүниеге көзқарасын сездіріп, өткенді қалай түсінуін көрсететін сөздің барлығы да бір-ақ адамға тиісті өнер емес, ол – көптің, жалпақ елдің сыбағасына тиетін өнер туындысы.
Рас, бүгінгі салт өлең мен батырлар өлеңдері болса, оның барлығын жалпақ ел болып отырып шығарған сөздер емес, оның жеке шығарушылары бар. Бірақ бұл шығарушы ақындар сол сөздердің ішінде жалғыз өзінің көзқарасын, жалғыз өзінің ған ұғымын айтпайды, олардың өлең, жыр ішінде айтатыны – түгелімен жалпақ елдің ұғымы мен жалпақ елдің көзқарасы. Айтатыны – көптің қарадай айтып жүрген сөзі. Сондықтан өлең қылушылар ауызша әдебиеттің құр ғана жақсы айтушысы, құр ғана әңгімешісі болдаы.
Ел ақындығын жасаушылар солар деп сануға болмайды. Сондықтан:
1.Ауызша әдебиеттің шығарушысы жалпақ ел дейміз. Ауызша әдебиет жұрнақтарының арнаулы шығарушысы жоқ.
2.Ауызша әдебиеттің барлық жұрнақтары күйге өлшеніп, арнаулы әнмен айтылады. Сол себепті оның сыртқы түрінде жазбадан айырмасы бар. Ол желпініп айтылады. 3.Ауызша әдебиетте бір жаққа қарай беттеген арнаулы бағыт болмайды. Оны елдің дін нанымы, елдің белгілі салты, әдеті туғызады.
Жас ұрпаққа білім берудің Әуезов дәстүрлерін одан әрі дамытудағы қызметін өз алдына қойғанда, кафедраның қазірігі қазақ әдебиеті мен әдебиет тарихы саласында өзі ашып-тұрақтындырған үш түрлі ғылыми мектебін айрықша атап айтқан жөн.
Олардың бірі – қазақ әдебиеті тарихының көне және орта ғасырдағы тарихы. Екінші мектеп бойынша әдебиет теориясын түбегейлі мәселелері кең зерттеліп, терең талданып, жоғары мектепке арналған оқулық жазуды және онымен ширек ғасыр бойы ұстаздар мен шәкірттер ғана емес, ғалымдар мен жазушылар, жалпы әдебиет сүйгіш қалың жұрт сусындап келеді.
Үшінші сала — әдеби сын. Бұл проблеманы басында профессор Т.Кәкішев бір өзі жеке- дара алып зерттеп, талай архивтердің қоңыржай қоймаларын ақтарып-төңкеріп, одан тапқан құжаттар мен жазбаларды жан-жақты пайдалана келе, қазақ әдеби сынының оқулығын(«Сын сапары») жазып шықты. Бұл — құнды кітап. Сондықтан да бүгінде туған әдебиетіміздің тірі процесін толғап-талдайтын сыншылар мен зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл кітапты айналып өтпейді, әдеби сын тарихының алғашқы соқпағына соқпай кетпейді.
«Әдебиет тарихы» жазылғаннан кейінгі көптеген жылдар ішінде, ең алдымен М.Әуезовтің өзінің эстетикалық көзқарастары сан алуан өзгерістерге түсті, дамыды, кемелденді, екінші жағынан, жалпы қазақ әдебиеттану ғылымы тереңдеді, жаңа концепциялар, бағыттар пайда болды, толып жатқан зерттеулер, монографиялар, диссертациялар жазылды. Бұл саладағы табыстарды, жемістерді мүлде мансұқ ету барып тұрған солақайлық болар еді. Сөйтсе де, идеологиядағы солақайлық, тұрпайы догматизм кесірінен әдебиет тарихын теріс түсіндірген, ірі тұлғалардың өзін қаралап көрсеткен, тіпті мүлде ауызға алмай қойған кездердің кесірі әлі де жойылып біткен жоқ.
Ал, «Әдебиет тарихында» мезгілінде объективті ғылыми тұрғыдан айтылған терең тұжырымдар қатарында қазақ елінің отарлануы, өз тәуелсіздігінен айырылуы, осыдан туған кесепаттардың әдебиеттегі көріністері туралы байлам — пайымдауларды жатқызу керек.
Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселелеріне келгенде, автордың исламға дейінгі және исламнан кейінгі әдебиет деп ұзақ тарихты екі орасан үлкен кезеңге бөліп қарауында ғылыми негіз жатыр.
Қазақ әдебиетінің тарихы, бағыты жағынан айтылған осы сияқты азын – аулақ мағлұматқа қарап, барлық жазба әдебиеттің салмағын өлшегенде, қазіргі қалпын бағалағанда, айтатын сөз: біздің әдебиет әілі жас, әлі бойы өсіп жетілген жоқ. Өткен күніне қарап, келешегі зор десек, біздің әдебиет келесі күнде шығатын талай тұрғылырының біреуіне ғана жаңа – жаңа тырмысып келеді. Бұл күнге шейін біз саяз жүзіп жүрміз. Қазақ әдебиеті өмірінің бетіндегі қаймағын жалап жүр. Бұрынғы әдебиеттің ішіне тазша бала менен жалшы сақау қатын да кірген болса, бүгінгі әдебиетке қалпақ киген, оқығаннан бастап, қой жайып жүрген қойшыға шейін кіруге тиіс. Әдебиет сол күнде ғана өмір айнасы, өмір тезі болуға мүмкіін.
Дарияның тасқынындай,
Қайнар бұлақтың мөлдір суындай.
Әуезов деп танылған
Жаушының жоқтығын – ай.
Бүкіл әлем білген оны,
Біледі де осы күні.
Әлемдік тұлға деп атауға
Ешкім қарсы болмас енді, — деп
заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Әуезов кәдімгі қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» дейтін кісілікті Кісісі, Ұлы тұлғасы. Ол – ұстаз ғана емес, жазушы әрі ғалым және осы үш қырының үшеуін де айта қалғандай айқындап, айшықтап алған, үш мамандығының үшеуін де жете меңгерген, үшеуінде де иненің жасуындай осалдық танытпаған, үшеуінде де алып, күшті. Ал осы үш түрлі қасиетінің де сарқып құяр сағасы біреу, ол — әдебиет. Әдебиет – ардың ісі. Қазақ әдебиеті – қазақ атаулының ғасырлар бойғы тағдыры мен талайының, тұрмысы мен тіршілігінің көркем шежіресі ғана емес, халықтық қасиеті, ұлттық паспорты, адамдық һәм азаматтық келбеті – мүсіні мен мінезі, автопортреті. Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі — Әуезов. Ол — әлемдік құбылыс. Әукзов ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- Шәкір Ыбыраев, Серікқазы Қорабаев. Мұхтар мұрасы /110,119– б/
- Зейнолла Қабдол Әуезов. /311,315 –б/
- Рымғали Нұрғали Әуезов және алаш / 209, 211 – б/
- М. Әуезов Әдебиет тарихы / 16,20 –б/