МІРЖАҚЫП ДҰЛАТҰЛЫ

0
878
Әбіш Кекілбаев

МІРЖАҚЫП ДҰЛАТҰЛЫ

Міржақып 1885 ж., Қостанай облысы Жангельдин  ауданында Қызбел атырабы-5.10.1935, Ресей, Каремея, Беломор-Балтық каналы  Сосоновек бекеті- Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы ақын, драматург, журналист. 20 ғасырдың  бас кезіндегі ірі әкім. Дулат 2 шешеден, 10 жаста әкеден айырылып,  ағағсы Асқар Дулатовтың  қолында өскен. Алғашында  ауыл молдасынан хат танып,  кейін Торғайдағы Ы.Алтынсарин ықпалымен ашылған 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде білім алған (1902) Ауыл мұғалімі деген куәлікалып, ауылда бала оқытады. 1904 ж.  Омбы қаласына қоныс аударған. Осы қалада  А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановпен танысады. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларында  көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлесу, саяси  қозғалыстарға араласу Дулаттың  саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына  ықпал етеді. Дулат 1905ж. 17 қазанда Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан  жолдаған Қарқаралы құзырхатын дайындаушылардың бірі болды.  1905-1907 жж. Зайсан  уезіндегі  Бекмұхамбет қажы ашқан қазақ  мектебінде сабақ  берген. 1906 ж. Дулат  Конституциялық демократтар  партиясы делегаттар қатарында  Санкт-Петербургке  барады. Түрлі сипатты жиындар мен саяси күштер ұйымдастырған көше шерулеріне, ерелуілдерге  қатысады. Осы кезден бастап Ресей үкіметі құпия полициясының  саяси сенімсіз адамдар тізіміне ілігеді. 1907 ж. Санкт-Петербургте  жағыз ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде  Дулаттың «Жастарға» деген өлеңі басылады. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 ж. Қазан қаласындағы  «Шарқ»  баспасынан «Оян қазақ» деген атпен басылып шығады. Қазақ оқырмандары үшін бұл кітаптың әсері  үлкен болады. Ауыл арасында қолдан-қолға  таралып, аз  уақыттың ішінде  ақынның есімі  танымал болды. Ресми әкімдер тарапынан бұл кітапты  оқуға  тыйым салып, қолға түскен даналары тәркіленген. Дулат Қызылжарда  сот кеңесінде  тілмаштық қызымет атқарып, мұғалімдігін де жалғастырады. Қазақ балаларына орыс тілінен сабақ  береді.  Сол кезде  біраз уақыт М.Жұмабаев  одан дәріс алады. 1910 ж.  Қазақстандағы  Каримовтар  баспасынан «Бақытсыз Жамал»  романы жарық көреді. Қазақ басылымдарына, әсіресе «Айқап»  журналына  үзбей  мақала жазып тұрады. Әр өлеңдегі ел  тұмысын өз  көзімен көру ниетімен 1911 ж.  Қазақ ауылдарын  аралап, Қызылжардан Семей  облысына қарай  саяхатқа шығады. Құпия полиция  тыңшыларының  маусым айының жетісі күні  Семей қаласына келгенде  ол түскен  М.Малдыбастың үйіне  тінту жүргізіліп,  тұтқындалады да 19 ай  қамауда отырады. 1912 ж. Орынборға келеді. Осындағы қазақ зиялылары  ақын қосып, ел санасын  оята беру мақсатымен баспасөз қызыметін қолға алуды ұйғарады.  Дулат 1913-1918 жж. «Қазақ»  газетінің бас редакторы Байтұрсыновтың орынбасары, жауапты хатшысы  қызыметінде болады.  Сол кезеңде Дулаттың «Азамат» (1913), «Бақытсыз Жамал»  (екінші рет 1914), «Терме» (1915) кітаптары жарық көреді. 1917 ж. 20 ақпанда Торғай губернаторы  М.Эверстан, Э.Бөкейхановтың ұсынуымен Дулатқа және дәрігер Э.Алдияровқа арнайы куәлік беріп, оларды Минск маңы мен  Баранович қаласында тыл жұмыстарында жүрген  қазақтарға қолдау  көрсетіп, жетекшілік етуге жібереді. Дулат Минскіде  Бөкейханов ұйымдастырған «Еркін дала» (1917) атты  саяси үйірменің ісін жандандырып, қазақ жастарының көзқарасын қалыптастыруға  ықпал етті. Дулат 1916 ж. Оқиғалардың зардабынан  қырғынға ұшырап, босқынға айналған елге көмектесу  мақсатында Семей  қаласында қазақ  тарихындағы  ең алғашқы «Жанар» жәрдем қорын ұйымдастырды. Осы жылдары Алаш қозғалысы мен  Алашорда үкіметінің  жұмысына белсене  араласады. Дулат Алаш  қозғалысының жетекшілерінің бірі  ретінде 1917 ж. Орынборда өткен 1 және 2  жалпы қазақ съезіне  белсене қатысып, «Алаш» партиясының  бағдарламасын жазған. 1917ж. Қызылжарда сот мекемелерінде , 1918-1920 жж.  Ташкент қаласында  Түркістан Республикасының «Ақ жол» газетінде  қызмет атқарады.

«Өнерімен  хасіл болған нәрселер» деген өлеңінде  ол процесс, цивилизация  жолымен ілгеріленіп  кеткен елдердің  мәнді де сәнді өмірін  қызықтыра, еліктіре баяндап, соған жетуге шақырады. «Өнерін халық  пайдасына  жұмсап  жүрген оқырмандарға»,  «Жігіттер» тәрізді  тәрізді шығармалардағы  ағартушы идеяларын  М.Дулатов «Шәкірттерге», «Мешіт, медресе хақында», «Тәртіпті медресе жоқ бұл қазақта», «Қазақ халқына діни бір уағыз» деген өлеңдерінде өзіндік  бір жаңаша  педагогикалық принциппен  ұштастырады. Медресселер мен ауыл мектептерінде   діни оқумен бірге  ғылыми пәндер, орыс тілін қатар оқылатын тәртіп  енгізілсін деген пікір ұсынады.

«Сайлау хақында». «Жесір даулары хақында» атты  өлеңдерде  патшаның орталау  саясаты шенеледі, әйел теңдігінің  ұраны көтеріледі.

Үлкен проза  саласындағы  туған әдебиетіміздің  тырнақалдысы «Бақытсыз Жамалды» автордың романы деп  атауы әбден орында. Бұл тарам-тарам жерлері бар, оқиғалы сюжетке құрылған, жанр таланттарына  әбден  сай келетін күрделі  шығарма.  Негізгі идеясы — әйел теңдігі; қазақ болмысындағы  қалың мал,  әмеңгерлік сияқты  кеселдерге  үзілді-келсілдіқарсы бағытталған. Онда малға сатылып, зорлықпен теңсіз некеге көндірілген  Жамал атты жас қыздың сүйген жігітіне қосыла алмай зар шегіп, көп азап көріп ақырында  жауыз қаскөйлер зауалынан қайғылы қазаға ұшырау тарихы баяндалады.

«Азамат» атты  екінші  өлең  жинағы  көлем  жағынан  шағындау  болғанымен,  автордың  ақындық  өнерге  бұрындығыдан  едәуір  төселе  түскенін  аңғартады. «Оян  қазақтағы»  ашық  үгіт,   нақыл-насихат,  тәптіштеп  ұғындыру  сарыны  енді  сыршыл  сезімге,  терең  ойға  қарай   көбірек  ойысып,  шынайы  поэзиялық  өріске  қарай  бет  алғаныы байқалады.  «Таза бұлақ», «Шағым», «Мұң», «Арманым»,  «Сырым»,  «Қажыған көңіл», «Қиял», «Таң»  сияқты  өлеңдері  тақырыбының өзі-ақ нәзік лирикаға  сұранып тұрғаны  әңгімеге де аян болса  керек.  Осы тақырыптардың  көркемдік шешімі де  көңілге қонымды, автордың ақындық  мәдениеті  әжептәуір жоғарылай түскен.

М.Дулатұлы қаламынан  туған осындай  татымды мақалалар  ішінде ұлт тәуелсіздігі, жалпы әлеуметтік  өмір, экономика,  мәдениет,  әдебиет, тарих, дін мәселелерінен бастап, тіпті сол кездегі  халықаралық жағдайға дейін  қамтыған,  солар жайына  оқырманға  өте бағалы танымдық деректер берген  материалдар  ерекшен назар аудартады.

Мәселен,  1914 жылғы 23 июнде шыққан 67-санында  «Абай» атты мақаланы  Міржақып  ұлы  ақынның  қайтыс болуының 10 жылдығына орайластырып жазған. Онда автор  Абайды қазақ әдебиетінің  негізін қалаушы деп  атап,  туған әдебиетіміздің  болашақ дамуындағы  оның орны мен  маңызын тап басып айтқаны біз үшін өте көп  нәрсені аңғартады.

Газеттің 1913 жылғы  6 апрельдегі санында  М.Дулатұлының  Ғабдолла Тоқайдың  қайтыс болуына байланысты  тебіреніп жазған   мақаласы, 1915 жылғы 31 октябрьдегі  санында этнограф, фольклорист Әбубәкір  Диваев туралы қызықты деректер келтірілген зетрттеу материалы жарияланған.

Ал енді қазақтың  ішкі  өміріндегі  зорлық-зомбылық, әділетсіздік, парақорлық, жікшілдік сияқты жағымсыз көріністерді сынаған материалдардан 1915 жылғы 15 марттағы (№112) «Дауқұмар», 1917 жылғы 19 майдағы «№230,234) «Жүзі қаралар» атты өткір фельетондарды атауға  болар еді.

Газет бетіндегі Міржақып көтерген мәселелердің  ішіндегі ең  бір сүбілесі де, әкімшілік орындарының көзқарасы тұрғысынан алғанда, ең шетіні де-отарлау мәселесі, қазақ жерінде қоныстандырылған шаруалар мен  жергілікті халықтың арасындағы  қарым-қатынас жайы.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ