0
1273
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Мексика 1810- жылы испания отарынан босап, тәуелсіздікке ие болды. 96 миллион тұрғындық бұл елдің мемлекеттік жүйесі-қос палаталы парламенттен тұратын федералды республика. Ұлттық құрамы-үндістер мен еуропоидтер және олардың арасынан шыққан метистерден  тұрады.

Жоспар

Кіріспе

I тарау.  Мексика мемлекетінің географияылық жағдайы

  • Мексика мемлекетіне жалпы сипаттама
  • Мемлекеттік құрлымы
  • Халқы

II тарау. Мекси мемлекетінің шаруашылық және экономикалық дамуы

2.1 Ауыл шаруашылығы

2.2. Көлік және байланыс жолдары

2.3 Экономикалық жағдайы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

КІРІСПЕ

Мексика 1810- жылы испания отарынан босап, тәуелсіздікке ие болды. 96 миллион тұрғындық бұл елдің мемлекеттік жүйесі-қос палаталы парламенттен тұратын федералды республика. Ұлттық құрамы-үндістер мен еуропоидтер және олардың арасынан шыққан метистерден  тұрады. Діні-католиктік христиан. Мемлекеттік тілі-испан тілі. Мексика 300 жыл бойы Испанияның отары болып келді. Тиісінше, Испания үшін Мексика арзан шикізат қоймасына айналды. Үндістердің испандықтармен қан араластырудың нәтижесінде осы аралықта креол деп аталатын жаңа ұлыс пайда болды. Кезінде ел байлығын судай шашқан олар негізінен байлар қатарын көбейтып отыр. Шикізат қоймасы деңгейінде қалу- елдің экономикалық дамуына кедергі келтірітін болды. Бұл кезде елде жүгері егу мен ірі қара өіруден өзге кәсіп болмаған еді. Ал сырттың  саудагерлері Мексика күмісі мен темекісін іздеп келетін. Олар жергілікті жұрттың арзан еңбегін пайдаланып, пайдаға белшесінен батуды көздед. 181О-1821- жылдары тәуелсіздік долында соғыстар  белең алды. Соның салдарынан елде тұрақсыздық орнады. Соған сай елге құйылып келіп жатқан шетел инвестициясы да тежеліп қалды. Тек 1876- жылы Порфирио Диас билікке келген соң ғана елдің қаражат мәселесіне қарасу қолға алына бастады. Елде мұнай кендерінің игеріліп, теміржол, тас жол, айлақтар салынатыны-осы кез. Телеграф іске қосылып, электр жүйелері жұмыс жасайтын болды. Бұл- басқасын айтпаған күннің өзінде орта шаруаның оңалуына ұйытқы болды. Мексика экономикасына қозғалыс бітті. Алайда экспортқа арналған дақылдарды өсіруді ұлғайтқанда, табиғи дақылдар кеміп, ел диқандары өздерінің ата кәсібінен ажырамай бастады. Экспортқа арналған дақылдар диқандарды жерден айырды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде импорттың оргын алмастыратын отандық өндіріс орындарын құру қолға алынды. «Ұлы тоқырау» деп аталған дертті кезеңді өткеріп жатқан батыс жартышары үшін бұндай стратегия нағыс өзекті мәселе болатын. Осындай ұтымды саясат бұрын сырттан сатып алынатын өнімдердің ел ішінде өндірілуіне кеңінен жол ашты. Сондай- ақ кәсіпкерлік дами бастады. Салықтағы жеңілдіктер, төмен пайызды несие, арзан электр энергиясы, кәсіподақтардың ұйымдасқан әс-шаралары, темір жолдар мен тасжолдар құрылысының қарқын алуы- соның бәрі жергілікті кәсіпкерлер ісіне кең жол ашқаны анық. Осындай тиімді саясат экономикалық таңғажайыптарға бастады.Соның нәтижесінде елдің дамуы қарыштап ілгерілей бастады.

I тарау. Мексика мемлекетінің географияылық жағдайы

  • Мексика мемлекетіне жалпы сипаттама

Мексика  Құрама штаттары-  Солтүстік Американың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде АҚШ пен Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының жағалауларын алып жатыр. Жер аумағы 1958,2  мың км. Халқы 105 млн. Ұлттық құрамы метистер және еуропалықтардан тұрады. Астанасы- Мехико қаласы. Ресми тілі- испан тілі. Халқының басым бөлігі- христиан- котоликтер. Мексика- федеративті республика. 1917 жылы  5 ақпанда қабылданған Конститутциясы бойынша мемлекет басшысы- президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғарғы заң шығарушы органы Зенат пен Депутаттар палатасынан құралатын Ұлттық конгресс. Жоғарғы атқарушы органы- Министр. Ұлттық мейрамы-Тәуелсіздік күні- 16 қыркүйек. Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. БҰҰ-ға Америка мемлекеттері ұйымына мүше. Ақша бірлігі- песо.

Жер көлемі бойынша дүние жүзінде 14 орында түр. Ұлттық құрамы Мексикалықтар 60%  құраса,30% үндістер, 9 % Еуропалықтар, 1% т.б ұлттар құрайды. . Мексика-федеративтік республика. Мемлекет және үкімет басшысы- президент. Қазіргі конститутциясы 1917 жылы ақпанның бесінде қабылданған.

Мексика шығанағындағы Мексика мемелекеттің жағалаулық аймағы

1.2. Мемлекеттік құрылысы

Мемлекеттік құрылысы. Мексика-федеративтік республика. Қазіргі конститутциясы 1917 жылы ақпанның бесінде қабылдаған. Мемлекет және үкімет басшысы- президент. Оны халық алты жылға сайлайды. Президент кең өкілдіктер берілген. Ол жоғары мемлекет қызметкерлерін, штат губернаторларын тағайындап, орнынан босатылады. Заң шығару құқығымен де пайдаланады. Қарулы күштердің Жоғары бас қолбасшысы да сол. Заң шығарушы Жоғарғы өкімет орган- парламент.

Оқыту-ағарту ісін федералдық үкіметте, штаттар үкіметі және мунисит палиттер басқарады. Діни ұйымдардың мектеп ашуына тиым салынған. Дегенмен балалар мен жастарды тәрбиелеу ісіне шіркеу әлі де әсер етудк. Негізгі міндеттерінің бірі – үндістердің сауатын ашу. Сауатсыздықпен күрес 1944 жылы басталған, 1970 жылы сауатсыздар саны 24 пайызға кеміген. 4-6 жастағы балалар үшін балалар бақша бар. 6-жылдық бастауыш білім міндетті және ақыссыз. Бірақ 1968 жылы 6- жастан 15 жасқа дейінгі балалардың 29 пайызы негізінен тұрмыс жағдайларынабайланысты мектепке бара алмады. Орта мектеп 5- жылдық- 2 циклден ( 3- және 2) құралады: 1) жалпы білім беретін аралық немесе аралық технологиялық мектептер; 2) университетке даярлайтын жалпы білімдік немесе ұлттық полетикалық иниститутқа дарлайтын техникалық мектептер. 1968 жылы жалпы білімдік аралық орталық мектептерде 758,8 мың техникалық аралық мектептерде 110,3 мың университтетте даярлайтын мектептерінде 18,9 мың оқушы оқыды. 1968 жылы оқу жылында пед- училишелерде 44,5 мың оқушы өндірістік ауыл шаруашылық көркем өнер училишелерінде 25,3 мың оқушы оқыды. Мексикада 38 жоғары оқу орны бар. 1969 жылы оларды 188 мың студент оқыды.  Ол екі палатадан тұрады, яғни сенат және депутаттар палатасын халық үш жылға, ал сенетты алты жылға сайлайды. Сенат палатасында 128 мүше, ал, депутаттар палатасында 500   мүше жұмыс атқарады. 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау құқығы бар. Сот жүйесі федералдық соттар және штаттар соттарынан құралады.

1.3.Халқы

Мексикалықтар, Мехикано —  Мексиканың негізгі халқы. Жалпы саны 91 млн., оның 78 млн –дайы Мексикада, 12-млн-ы АҚШ-та, 25 мыңы Канадада, шағын бөлігі Латын  Америкасы  мен Испанияда тұрады. Негізінен – метистер. Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, т.б.) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласулынан пайда болған. XIX  ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан. Испан тілінде сөйлейді.  Діні – католик. Негізгі кәсіптері – жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал шаруашылығы (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар мен хуторларда қауымдастықтың орталағы тұрады. Орталыққа шіркеу, тоғай, құдық, фонтан, ауылдық басқару үйі, мектеп орналасқан алаң енеді. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштерден, тастан, ағаштан салынады. Дәстүрлі тұрғын үйлері көбінісе бір бөлмелі, терезесіз келеді. Әшекейленіп безендірілген ішкі ауласы кең болады. Дәстүрлі киімдері испан мен үндіс халықтарының киім үлгеріне ұқсас. Аяқтарына үндіс халқы киетін ашық сандал, ер адамдар мақта матадан тігілген жейде, шалбар киеді. Иықтарына ою-өрнекті жамылғы (серапе) жамылады. Бас киімдері —  сомбреро. Әйел киімдері: мақта матадан тігілген қысқа кеудеше және тар, кейде белінен жиырылып, кең тігілген ұзын юбка. Бастарына шәлі (ребосо) тартады, оны күн ыстықта бетіне жауып жүреді. Тағамдарына ас бұршақ пен жүгеріні көп қолданады. Малды аудандарда сүт тағамдары басым. Мексикада ән мен би өнері жақсы дамыған. Табиғи өсім Мексикада 1970 жылы залық саны өте жоғары қарқынмен өсті. Яғни табиғи өсу нәтижесінде болды. 1940-2008 жылдар аралығында халық 20 млн- нан кем болмай өсті. Табиғи өсу қарқыны төмендеген кезі 1965 жылы 1 әйелег 7 баладан болған, ал 2008 жылы 1 әйелге кем дегенде 3 баладан болды.

II тарау. Мекси мемлекетінің шаруашылық және экономикалық дамуы

2.1. Ауыл  шаруашылығы.

Экстенсивті  сипат  алған  негізінен  ет  бағытында  дамуда.  Аймақтан  экспортталатын  сиыр  етінің  2/3  бөлігі  Аргентина  мен  Уругвайдың  үлесіне  тиеді.  Бұл  елдерде  үлкен  қалаларда  қамтамасыз  етуге  маманданған  шаруашылықтарда  сүтті  мал  мен  ет-жүн  бағытындағы  қой  өсіріледі.  Перу,  Боливия  мен  Эквадорда  ламалар  мен  альпакалар  бағылады.  Жылқы  шаруашылығынан   Мексика  дүние   жүзінде  екінші  орын  алса,  Бразилия  үшінші  орынды  алады. Теңізге  шығатын  елдердің  барлығында  дерлік  балық  теңіз   жануарларын  аулау  кәсіпшілігі  бар.  Перу  мен  Чилиде  дүние  жүзінде  өндірілетін  теңіз  өнімдерінің  20%-ы   тиесілі. Мексиканың ауыл шаруашлығы ел тұрғындарын азық-түлікпен, өнеркәсіптік шикізатпен толық қамтамасыз етуге негізелген. Оған қосымша Мексика экспорт құнының 2/3-сі ауыл шаруашылық өнімдерінен құралады. Ауыл шаруашылық жері 169 млн. га. Оның 103-миллионы жеке менщік қарамағында. Өңделетін жері  24 млн. га, мал жайылымы 79 млн. га 1971 жылғы егістігі 16 млн. га болды.

Көптеген елдердің жүргізіп отырған индустрияландыру саясатының шеңберінде аймақта қара металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі секілді және басқа жаңа салалар іс жүзінде жаңадан құрылды. Алайда аймақ елдерінің өнеркәсіптік тұрғыдан дамуы біркелкі болған жоқ. Өнеркәсіп өндірісінің үштен екісіне дерлігі шоғырланған, өздерінде тұтынылатын өнеркәсіп өнімінің қазірдің өзінде  90 % — ынан астамын ішкі өндіріс есебінен қамтамасыз етіп отыр. Оның  4 млн. га-сы суармалы егістік, Егін суару үшін елде 400 су бөгені  (көл. 85 млрд. м3) салынған. Суармалы егіс мөлшері әсіресе Колорадо, Рио-Браво, Фуэрте өзендерінің төменгі ағыстары бойында, Кульякан, Торреоң қалалары атрабында басым келеді. Басты дақылдары- жүгері (негізгі азық – түлік дақылы, суарылмайтын аймақтарда егіледі), бидай (негізінен солтүстік Мексиканың Тынық мұхиттық штаттарында, Леон қаласы атрабында), қант қамысы (Оңтүстік Мексикада), кофе (елдің оңтүстік бөлігіндегі таулы өңірде), агава-хенекен (Юкатан түбегінің солтүстік жағында), цитрус жемістері, ананас т.б егіледі. 1972 жылғы мал саны (миллион); мүйізді ірі қара 25,8, қой 5,5, шошқа 12,3. Жылына жүздеген мың мал (1970ж. 934 мың бас) бордақылау және сою үшін АҚШ – қа айдалады. Ірі қалалар атрабында етті – сүтті мал (мүйізді ірі қара және шошқа), таулы аудандарда қой шаруашылығы қалыптасқан.  1970 жылы Мексикада 5.5 млн. м ағаш дайындалды. Орман массиві елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде және Батыс Сьерра-Мадре тауы беткейлерінде қалыңдау. Жылына 300-400 мың тонна балық дайындалады. Балық аулау порттары және балық өңдеу кәсіпорындары Тынық мұхиттың Солтүстік Мексикалық жағалауында шоғырланған.

2.2.  Көлік және байланыс жолдары

Құрлықтағы  көлік  қатнасының  төмен  дәрежеде  дамуы  аймақтың  экономикалық  дамуына  елеулі  кедергі  келтіруде.  Ішкі  аудандар  мен  қиыр  оңтүстікте  қазіргі  заманғы  жолдар  жоқтың  қасы.  Жалпы  алғанда,  аймақтағы  көлік  бірыңғай  жүйе  түзбейді.  Темір  жолдың  басым  бөлігі  Бразилия  мен  Аргентинаның  үлесіне  тиеді,  Мексикада  темір  жол  көлігінің  тиімділігі  жоғары.  Темір  жолдар  енінің  түрліше  болуы  (Аргентинада-5,  Бразилияда-4 түрлі)  аймақ  ішіндегі  жүк  тасмалын  қиындатады  және  экономикалық   байланыстардың  дамуына  кедергі  келтіреді.

Мексика елінің сыртқы рынокқа тәуелділігін транспорт жүйесінің торабы айқын көрсетеді. Темір жолдың көпшілігін шетел компаниялары салған. Енді олар национализацияланған, аздап жаңа темір жолдар пайда болды, дегенмен негізінен бұрынғы заңдылық сақталып қалды, жолдар кен өндірілетін өнеркәсіпті аудандар мен ауыл  шаруашылық қнімдерінің товарлы өндіріс орындарын порттармен байланыстырады. Мексикада темір жолдар АҚШ – тың шекарасына дейін келеді, ел экспортының көпшілік бөлігі де АҚШ – қа шығарылады.

Соңғы жылдары ішкі аудандарды игеруде шығыс қалалардан бастап, батысқа қарай өтетін көптеген автомобиль жолдары салынды. Мексика территориясы арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай батыс жағалаудағы елдердің барлық астаналарын қосатын автомагистраль өтеді.

Ішкі су жолы транспорты, зор мүмкіндікке қарамастан, дами алмады. Тек жақын арада «континентаралық көгілдір жол» жасаудың жобасы пайда болды: Оңтүстік Америкадағы 45мың км өзен жолын бір жүйеге қосу, сөйтіп дүние жүзіндегі ең ұзын су транспорттық жүйесін салу көзделіп отыр. Ол жүзеге асырылған кезде товар айырбасы кеңейеді, континенттің ішкі аудандарына баруға жол ашылады. Теңіз транспорты көмегімен мемлекеттердің сыртқы саудасының барлығы дерлік және олардың өзара ішкі байланыстары жүзеге асырылады, бірақ олардың өз флоты жоқ десе де болады, олар көбінесе АҚШ кемелерін жасайды.

Панама  каналына  жанама  салынған  электрлендірілген  қазіргі  заманғы  темір  жол  арқылы  жүк  тасмалы  жүзеге  асырылады.  Жалпы  ұзындығы  2,5 млн км-ден  асатын  тас  жолдарының  30%-дан  астамы  қатты  төсенішпен  жабылған  АҚШ-тан  басталып,  Буэнос-Айреске  дейін  созылып  жатқан,  аймақтағы  барлық  дерлік  елдердің  (Гайана  мен  Суринамнан  басқасыастаналарын  байланыстырып  жатқан  Панамерикалық  шоссенің  аймақ  экономикасы  үшін  маңызы  аса  зор.

2.3. Экономикалық жағдайы

Мексика- Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің шикізатпен, азық-түлікпен және жұмысшы күшімен қамтамасыз етіп тұрды.

Соғыс кейінгі жылдарда елдегі өнеркәсіп өндірісінің даму қарқыны өте күшті боды. Темір жол транспорты мен байланыс мекемелері, электроэнергетика, мұнай-газ  өндіру, мұнай айыру және металлургиялық, мұнай-химия өнеркәсібінің кейбір кәсіпорындары мемлекет капиталының сектор қарамағында. Мексиканың экономикасындағы барлық күрделі қаржының 50 %-ы осы сектордың үлесіне тиеді. Мемлекет сектордың ұлғаюына үкіметтік «Насьональ финансьера» финанс кредиттік мекемесінің өзінің өңдеу өнеркәсібі мен ауылшаруашылық товары салаларының экономикадағы жоғары үлесімен, экспорттың әр түрлілігімен, игерілген жаңа аудандар мөлшерімен ерекше еөзге түседі. Дүние жүзілік капитал шаруашылыққа Мексика хенекен талшығын өндіруден 1- орын, күміс өндіруден 4- орын алады. Мексика- мырыш, қорғасын, күкірт, сынап, қанат, мақтағ кофе өндіруші және экспортқа шығарушы басты 10  елдің бірі. Ел экономикасында шетел капиталының ықпалы күшті. 1970 жылғы шетел инвестициясы мөлшері 2,8 млрд. Долларға жетті, оның ¾-і АҚШ капиталы. 1971 жылы Мексика ішіндегі шетелдік жеке меншік капиталы 2775  млн. Доллар болды. Осы жылғы жалпы ұлттық өнім құны 23,9 млрд. Долларға теңелді. Дамыған экономикалық аудандар бүкіл Мексика территориясының 10  пайызына шоғырланған.

Экспорт:$ 267,5 миллион өндірілген тауар, мұнай және мұнай шикізаттары, күміс, жеміс-жидектер, кофе, мақта.

Импорт: $ 279,3 миллион металл өңдейтын құрылғы, автокөлік құралдары, ауылшаруашылық техникалары, электр жолданып, плантацияларда еңбек істейтін болды.

Жер иелері болма, шетелдік болып келетін. Диқандардың дені солардың қарамағына кеткен жерлерін қайтару жолында күресті. XIX- ғасыр соңына қарай елде шетелдіктердің үстемдігіне қарсы кең көлемде қозғалыс өріс алды. Оның аөыры 1910 – жылғы төңкеріске ұласты. Төңкеріс Порфирио Диасты тақтан төңкеріп тынды. Ал жаңадан билікке келгендер ел экономикасын мексикаландыруға көшті. Ұзаққа созылған осы құбылыстың нәтижесінде 1930- жылы темір жол мемлекет қарамағына өтті. Президент Ласаро Карденас үкіметі мұнай өндірісіне қожалық етіп келген 17 шетел компаниясынан тиісті мүліктерді қайтарып, ірі жер реформасын жүргізді. Соның  нәтижесінде елдің дамуы қарыштап ілгерілей бастады.Көп ұзамай бұның ақыры сұйыла бастады. Сыртқы қарызды қайтарудағы оралымсыздық, мұнай бағасының құлдырауы- даму қарқынын тежейтін болды. 1981-1982 жылдағы тоқырау кезеңі тіпті адым аштырмайтындай жағдайға жеткізді. Ұлттық ақша- песо құнсыздананып кетті. Сол аралықта АҚШпен Халықаралық қаржы ұйымдарының шұғыл несиелері ғана елді банкрот батпағынан құтқарып қалды. Осы дағдарыстан соң – импорттың алдын бөгеу үшін ғана отандық өндірісті дамытудың біржақты саясат екендігі айқындалды. Соған көз жеткізген Мексика президенті Мигель де ла Мадрит Уртадо (1982-1988) ел экономикасындағы протекционды бөгеттерді бұзұға жұмылды. Бұл деген ұлттық экономиканы шетелдік бәсекелестіктен бөліп қарастыруға болмайтындығын көрсетті. Мексика сондай да жаңа заман технологиясын тарта отырып, мұнайдан тыс экспортты арттырып, шетелдік несиелер ала бастады. Ақша құнсыздануының алдын алуға тлпыныстар жасалды. Сондай да Мексика тарифтар мен сауда жөніндегі негізгі келісімге мүшеу болуға қадамдар жасалды. 1988 жылы Америка мен Канада арасындағы  еркін сауда жөніндегі келісімнің бекуі мексикалықтарды аз ойландырған жоқ. Соның нәтижесінде мексикалықтар америкалыұтармен мәмлелесіп, НАФТА атауымен танылған еркін сауда жөніндегі Солтүстік – Америка келісіміне қол жеткізілді. Бұл келісім саудадағы өндіріс, ауыл шаруашылығы, тқрмыстық, көлік және тасымал, банк және инвестиция қызметі, сондай-ақ зияткерлік меншік саларына қатысты мәселелерді қамтыды. НАФТА келісімі бойыншы Мексика, Канада жіне Америка қоршаған орта жіне еңбек, балаларды қорғау, ең төменгі жалақы, жұмысшылардың қауіпсіздігі тәрізді мәселелерге кепілдік бере алатын уағдаластыққа қол жеткізді. Сойткен НАФТА келісімі 1994 жылдан бастап, өз күшіне енді. Сонда әлі президент болып сайланбай тұрып, Эрнесто Седильо Понсе де Лоен шағын бизнесті, орташа компанияларды және бәсекеге қабилетсіз диқандарды қорғауға уәде беріп тастаған еді. Алайда ол сайланып, өз қызметіне кірісе салысымен, экономикалық құлдыраумен бетпебет келді. Шектен тыс сауда жетәспеушілігі, ауқымды сыртқы қарыз, қаражаттың көптігі тағы да песоның құнсыздануына бастап алып келді. Бүгінгі таңда елдің сыртқы қарызы 80 миллиард долларға жетті. Ал 1994-жылы соңында Седильо жалақыны өсіруді тежеу, мемелекеттік шығынды азайту және ел экономикасындағы жеке-меншікке тиесілі қаражаттың кең таралуы жөніндегі құжатқа қол қойды. Сол жылы баға 52 пайызға өсіп, ЖІО (жалпы ішкі өнім) 6,2 пайызға қысқарған еді. Алайда Седильоның мығым саясатының арқасында 1996 – жылдың соңына қарай ел экономикасы қайта оңала бастады. Ал 1997-жылы экономикадағы өсім 4,8% — ға артты. Дегемен Мексика экономикасы енді сауға бастағанда әлемдік базардағы мұнай бағасы түсіп кетті. 1998-жылы Мексиканың мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты 12% құрап федеральды бюджеттің 1/3ін қамтамасыз еткен екен. Соған қарамастан қалыптасқан ахуалдың салдарынан мемлекеттік шығынды бір жылда 3 мәрте қысқартұға тура келген. Ал 1999-жылы Мексика бюджеті айтарлықтай мөлшерде қысқарды. Сондайда НАФТА келісімі бойынша бүкіл құрлық бойынша сауда қатынасын қалыптастыру қолға алынды. Сөйтіп 1993-1996 жылдар арасында Мексика өзінің саулу серіктерімен арадағы сауданы 67  пайызға өсірді. Сол ретте ел басшысы Седильо елдегі қарсылыққа қарамастан, өндіріс орындары мен көлік-тасымал салаларына қатысты нысандары жекешелендіру саясатын жүргізді. Мексиканың 1997-жылғы ішкі өнімі 402,5 млрд. Долларға жетті, немесе, жан басына 4184 доллардан шақты. 1994-жылы Мексиканың 28 миллион тұрғыны еңбекке қабилетті деп есептелді. Оның 5 % -ы жұмыс істемеді. 35% — ы жартыкүндік жұмысты кәсіп қалды. Жұмыс іздегендер астана Мехикоға ағылып келіп жатты, іргедегі Америкаға да бет алғандар баршылық. Ал қазіргі таңда Американдағы 14 миллион мигранттың 85 пайызы мексикалықтар. Жат жерде жұмыс істеу арқылы олар елдеріне қомақты кіріс келтіріп отырады. Атап көрсететін бір жай Мексиканың өзінде Чьяпас штатынан басқа жерде шетелдік жұмыс күші жоқ. Оның өзінде аталмыш штатқа Гватемаладан келіп істейтіндер маусымдық жұмысты кәсіп қылады. Сондай-ақ Америкамен арадағы қатынас жылдан-жылға дамып келеді. Жер, жағрафиялық жағынан жақын байланыс және дәстүрлі экономикалық қатынас арадағы тығыз ынтымақтасыққа негіз болып отырған жайы бар. Соның бәріне де қарамастан, екі ел арасында шешілмеген түйіндер жетерлік. Елде мұнай және химия өндірісі мен металлургия жетекші орынға ие. «Петролеус мексиканос» мемлекеттік мұнай корпорациясы құрамында 200-ден аса мұнай шикізатын өңдейтін өндіріс рыондары қызмет көрсетеді. Елдегі өндіріс ошақтары ішкі сұраныстың 85% — ын қамтамасыз етеді. Алайда шұрайлы, шүйгімді, кенді аймақтардың Америка ықпалында қалуы мексикалықтарды әлі де ойландырады. Бұл Мексиканың өз мүмкіндігінше дамуына кедергі келтіріп отырғаны да анық. Соған қарамастан, Америкамен көршілік  қатынас Мексиканың көлік- қатынас желісінің  ілгеріленуіне себеп болып отыр. Жолдарды жөндеуде Американың да септігі тиіп жатыр. Сонымен қатар Америка Мексиканың Канада, Европа және Жапониямен арадағы сыртқы саудасында араағайындық миссяи атқарады. Өз өндірісін жаңаша дамытуға Мексика Америка тәрізді дамыған елдің қаржылай және материалды қолдауына арқа сүйейді. Экономикалық ықпалдыстықты сипат үстейді. Мексика даму жағынан Испания тәрізді елдердің межесіне жетуді көздейді. Испания болса, бәсекеге қабилетті елулектің ішінде 23-позицияда тұр. Сол деңгейге жету Мексика үшін мақсат. Елдегі өңдеу өндірісінің 80  пайызы жекеменшік шағын кәсіпорындарынға тиесілі болып  табылады. Халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған да – осылар. Мексикада орта және шағын кәсіпкерлікті ынталандыру үшін кепіл қоры жұмыс істейді. Мексикадағы өнім көрсеткішінің артуы-ел экономикасы дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұнай өндірісі, мұнай шикізаты мен қалдықтарын өңдеу, цемент және машина жасау өндірістері жылдам өскен сала болып табылады. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қолайлы түрде дамыту қолға алынуда. Сондайда осы елде жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындар акциясын 49 пайыздан өсірмеу қарастырылған. «Альфа индустриас С.А.» — елдегі ең үлкен жеке- меншік корпорация болып табылады. Оның құрамында металлургия, қағаз өндірісі, синтетикалық тоқыма, машина жасау және мұнай шикізаттарын өңдеу-өндіру топтары қызмет көрсетеді. Мексиканың ауыл шаруашылық саласында жұмысқа қабилеттілердің 30 пайызы жұмыс істейді. Міне, осындай жағдайдағы Мексикада 2-шілде күні қатар өткен президент және сайлауы әлемдік қоғамдық пікір аясында кеңінен талқыланып жатқан жайы бар. Әсіресе, президент сайлауының Америка пайдасына шешілгендігі жайында жиі айтыла бастады. Оны кейбіреулер кездейсоқтық санай қоймайды. Ондай жағдайда сайлау нәтижесі саясиланған болып табылады. АҚШ үшін аймақтағы өз саясатына кедергі келтіретін Кубалар мен Венесуэлалар әсте, қажет емес. Алайда Кальдеронға жарты пайыздық есесін жіберіп алған Мехико әкімі Обрадордың ақырына дейін баратынын мәлімдеуі оқыс шиеленіс тудырмаса да, саяси дамуды баялататыны анық. Ал Кальдеронның алдында тек сссаяяясат айдынында ғана емес, сонымен бірге өзге де салада елеулі биіктерді бағындыру міндеті тұр. Бұл, тиісінше, бәсекелестікке қабилеттік тұрғысынан 55- позициядағы елдің экономикалық ресурсын ұтымды игеру дегенге саяды. Елде мұнай және химия өндірісі мен металлургия жетекші орынға ие. «Петролеус мексиканос» мемлекеттік мұнай корпорациясы құрамында 200-ден аса мұнай шикізатын өңдейтін өндіріс рыондары қызмет көрсетеді. Елдегі өндіріс ошақтары ішкі сұраныстың 85% — ын қамтамасыз етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе, Мексика Латын америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Мексиканың экономикасындағы барлық күрделі қаржының 50% осы сектордың үлесіне тиеді.Жалпы ішкі өнімнің 90%  мұнайдан келеді. Даму жолдарына түскен елдер арасында Мексика өзінің өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық товорлары салаларының экономикадағы жоғары үлесімен, экспорттың әртүрлілігімен, игерілген жаңа аудандар мөлшері мен ерекше көзге түседі. Америкамен көршілік  қатынас Мексиканың көлік- қатынас желісінің  ілгеріленуіне себеп болып отыр. Жолдарды жөндеуде Американың да септігі тиіп жатыр. Сонымен қатар Америка Мексиканың Канада, Европа және Жапониямен арадағы сыртқы саудасында араағайындық миссяи атқарады. Өз өндірісін жаңаша дамытуға Мексика Америка тәрізді дамыған елдің қаржылай және материалды қолдауына арқа сүйейді.

Мексика сондай да жаңа заман технологиясын тарта отырып, мұнайдан тыс экспортты арттырып, шетелдік несиелер ала бастады. Ақша құнсыздануының алдын алуға тлпыныстар жасалды. Сондай да Мексика тарифтар мен сауда жөніндегі негізгі келісімге мүшеу болуға қадамдар жасалды. Сонымен қатар Америка Мексиканың Канада, Европа және Жапониямен арадағы сыртқы саудасында араағайындық миссяи атқарады. Өз өндірісін жаңаша дамытуға Мексика Америка тәрізді дамыған елдің қаржылай және материалды қолдауына арқа сүйейді. Экономикалық ықпалдыстықты сипат үстейді. Мексика даму жағынан Испания тәрізді елдердің межесіне жетуді көздейді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, А.2004 ж, 444-46 беттер
  2. Қазақ совет энциклопедиясы, А.1970
  3. «Страны мира» М. 1985 ж
  4. Интернет. www.google.kz
  5. Максаковский В.П «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» 10 сынып А. 1996 ж
  6. Земля и человечество. «Глобольные проблемы» Серия Страны и народа М. 1985-ч ІІ-ІІІ том
  7. Гладкий Ю.Н. «Общая экономическая и социальная география зарубежных стран» М. Академия 2008 г
  8. А.Т Хрущева «Экономическая и социальная география» Москва -2001ж
  9. С.Б Лаврован., Н.В Каледина., М Гардарики «Экономическая , социальна и политическая география мира. Регионы и страны»  Москва -2002 ж
  10. В.П Максаковский «Географические культуры» Москва-Гуманит -1999ж
  11. Э.П Романов., Л.И Куракова., Ю.Г Ермаков « Природные ресурсы мира» Московского Университета -1993г 306с
  12. И.А Спиридонов «Әлемдік экономика» Мәскеу Инфрам -1999ж
  13. «Әлем» гезеті 30.08.2006

ПІКІР ҚАЛДЫРУ