18 ғасырдағы жыраулар поэзиясы

0
7190
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Қазақ  халқыда  да   басқа   халықтар   сияқты   поэзияға   бай,   сөз   өнерін  ерекше  қадірлей   білген,    көркем   сөз   құдіретін   қастерлеп,   оған   үлкен   міндет  жүктеп   келген   ел.   Адам  баласының   шыр  етіп   дүние  есігін   ашқан   шақтан   бастап,   ең   соңғы   демі   біткенше   дейінгі   өмір   жолы,   тіршілік   қадамдары  түгел   дерлік    поэзияға   қарыздар.   Поэзияның   адам   өмірі   мен  тіршілігіндегі   ролі  оның   қоғамдық   маңызында   белгілейді.

Белгілі   тарихи    қоғамның,   әлеуметтік  ортаның    алдыңғы   қатарлы   санасы    тұрғысындағы   туындаған    поэзия – адамгершіл   асыл   поэзия.     Заманалар   жасаған   көркем   сөз кестелері,   асқақ  арман,   ұшқыр  қиял   жемістері – халық   өнерпаздары   жасаған   өлмел,  өшпес  мәңгілік   мұра.   Әр   халық   өзінің  рухани    мәдинетінің   деңгейін   көркемөнер   туындыларының    нәрлі    қорлары,   сан – салмағы,   сән – сәулетінің   аумағымен  өлшейді,  бағалайды.   Атадан  балаға   ауысқан,  үрім – бұтаққа   мұра   боп   жеткен  «шебердің  бізі,  шешеннің  тілі»   туғызғанөнер  құдіретін  рухани   байлығынан   санайды.   Берік   материалдық   негізде   дамыған  рухани  мәдениет  адам  баласы   қоғамның   жетіле   түсінуінде   шешуші  роль   атқарады.   Адам  баласы  өзінің  өсіп-өркендеу  жолында  өмір  сүруі  үшін   тікелей   қажет  нәрселерді  алып   қоймайды,    соған   қоса  рухани   азық   болатын   өнер   мұраларымен  де   сусындап   отырады.   Осылардың   қай – қайсынан  да  адам   өз   қолымен   жасап,  керегіне   асырады.   Барлық  материалдық   және  рухани   байлықтардың    нағыз  иесі – еңбекші  халық  деген  лениндік  қағиданың  кемеңгерлік  маңызды  да  осындай   заңдылықтарын  таныта  білгендік  болса  керек.

Ақындар  өнердің  ілкі   тобы   18   ғасырда   көрінді  дедік.  Енді  осы  бір   дәуір  сипатын   еске   ала  кетелік.

18   ғасырдағы   қазақ   қоғамында  кейбір  өзгерстер  нышаны  байқалса  да,  оның  экономикалық – саяси  өркендеуі  феодалдық   ұсақ  рулық   дережеден  аса  алмады.  Қазақ  елін   түгел  қамтыған  үлкен  бір   тұтас   хандық  мемлекеттің  құрылуына  мүмкіндік   болмады.   Қазақтың   үш  жүзі  кейде  бірігіп,  кейде   бір – бірімен  байланссыз  оқшау   өмір   сүрді.  Қазақ   рулары   өз  жүздерінің  хандарына   да  бағынбай,   өз  рубасы   батырын   немесе  би – феодалын  билеуші   санап,   өз  бетінше   тіршілік  етіп  жатты.   Көрші  елдер   осы   ұсақ  билеушілердің   өзара  назарлықтарын   пайдаланып,   оларды   біртіндеп  бағындыруды   көздеді.

Сыртқы   жаулардың   ішінде   Қазақстанның   бұл   кездегі   ең   қауіпті  дұшпаны   жоңғарлар  еді.   18   ғасырдағы   жоңғарлар  күшті  соғыс  қолын   жасақтап,  Қазақстан   мен  Орта  Азияға   шабуыл    жасады.   Сөйтіп, жоңғарлар   ауызбіршілігін  нашар,   бытыраңқы   қазақ   жерінің  бірінен  соң   бірінен   басып   алды.

18  ғасыр  поэзиясы  да   түгелдей   ақындар  өнерімен   шектелмейді.  Аталмыш   дәуір   әдәбиетінде  де   жыраулық  дәстүрдің  іргесі   әлі  берік.  Әсіресе,  Ақтамберді  мен   Бұхар  жыраулар   қосқан  үлестерді   аттап   өтуге   болмас   еді.

Әдебиетіиіздегі   жыраулар   жасаған   бұл   шығармашылық   түрлері   кейінгі    сөз    өнерпаздары   толық   игеріп,   оны  ілгерілетті.   Жыраулар   көтерілген   көркем   сатыдан  да   өтіп,   поэзияның   жаңа   шыңына  қанат   қақты.     Әлеуметтік   өмірді,  халық   тұрмысын   кеңінен   қамтитын,   қоғамдық   мәні   жоғары   ақындар   поэзиялық   туындыларды   шығарушы   өнер   иелерін   18  ғасырдан   бастап,   жырау   деуден  гөрі   ақын   деп   атау    қолданыла  бастады.   18  ғасырда   өздерін   толық  жыраусанатында   танытқандар – Бұхар,   Ақтамберді  және  қазақ  халқының  би – шешендері  болды.   Ал,   19   ғасыр  поэзиясында   «жырау»  деген  атау  өте   сирек қолданылады.   Бұрынғы  ауыр  сазды,  көкекесті  мұңды   қобызға   қосып   жырлайтын   жыраулар  орнын  енді   әзіл – оспағы  аралас  жеңіл  терме,   аспандата  шырқап  айтар   ән — өлеңдер,  жүрек   тебірентер   назды   лирикалар,   кезектесе  тіл   қағысып,   өнер   оздыратын   айтыстар,   бебеу   қағып   безгектеген   домбыраның  қоңыр  үніне   жарыса   үн   қосқан   ақындар   пайда   болды.

Иә,  байырғы   қазақ   ұғымындағы  ақын  сөзі,   міне,   осындай   көп   мағналы   ұғым   туғызатын   сөз  екен.  Сондықтан,  нағыз   ақын   атқарар  қоғамдық   мәні  зор   міндетті   кез – келген   адам   ақтай   алмады.   Көкірегінде    ақындық   бұлақтың   көзі   бар   нағыз   талант   иесі   ғана   ақтайды.

Басқыншылар  қазақ   ауылын   тонап,   мадын   айдап,   қаласын   өртеп,   Бау – бақшалық   жерлерін   таптап,  бейбіт   елді  құлдыққа  ұшыратты.

Жоңғар   шауылы    қазақ  халқының   басына   түскен  ең   бір  ауыр  кезең  болған   еді.  Халық   күйзелісі   мен  ел   қасіретінің    бұл   кезеңде    күшейгені   соншалық,  халық   түгел   босап  кету   қауіпіне  ұшырады.   «Ақтабан   шұбырынды»  деген   атпен  ел   есінде   сақталып   қалған   ұлы   басқыншылық   осы    жоңғар   қалмақтары   шапқыншылығының   салдары  еді.

Сөйтіп,   18 ғасырдағы   қазақ  әдебиетінің  екі  түрлі   қоғамдық,  әлеуметтік  мәселелер  бой  көрсетті.  Оның  бірі  — сырқы  жауға  қарсы  күрес  басшыларын,  хандық  құрылысы,  бірлікті  нығайту  мақсатын  көздеген  дәуір  талабынан  туған  сарынды  танытса,  екіншісі – бейбіт  дәуір  тілегінен  туған,  негізінен  ел  мұңын  мұңдап,  бұқара  тілегін  танытар  халық  ниетін  елестетін  сарын.  Аталмыш  тарихи  ауыр  кезеңде  қалыптасқан  ақындық  өнердің  жыраулар  салған  ізден  шығып  кетуі,  әрине,  мүмкін  емес.   керсінше  олар  сол  жыраулар  өнерін  жалғастырды.  Кейін  бейбіт  өмір  орнаған  тұста  олардың   қанаты  қатая  түсті.  Ақындық  творчество  айқындалып,  біртіндеп  ілгерілей  береді.

Жырау   сөзінің  мәні,  жыраулар  өнері,  ақындық  импровизация  туралы  Ш.  Уәлиханов,  В.  В.  Радлов,  Г.  Потанин  және  кейінгі  совет  зертеушілері  сан  пікірлер  айтып,  халқымыздың  табан  асты  суырып  салып  өлең  шығарғыш  қасиеттерін  таңдана  сөз  еткені  әркімге – ақ  мәлім.

Ақын  сөзінің  мән – мағнасаын  тап  қазіргі  кезде  түсіндіріп  жату  мүлде  артық.  Ол  туралы  жазылған  арнайы  зерттеулер  де  баршылық.  Бұл  сөздің  шығу  тегін  проф  Е.Ысмайылов  өзінің  « Ақындар» атты еңбегінде  егжей —  тегжейлі   түсіндірген. Сондай-ақ   оның  жырау,  жыршы, сал,  сері,  өлеңші  деген  атаулар  туралы  берген  анықтамалары да талас  тудырмайды. Бұлар  — қазақтың  байырғы  ұғымдарының  балама  төл  атау  сөздері.Сөйте тұрса  да , осы  тұста кейбір  деректерді  келтіре  кетудің  артықшылығы  жоқ.  Араб  тіліндегі: шәғири- шайыр, ақын: шеғыр- тақпақ,  тұспал,  терме; шиғіри- поэзия  деген  ұғым  беретін  сөздердің  қазақтың  жырау,  жыр,  шайыр,  термеші  деген  сөзд ерінің  қалыптасуына  ықпалы  болмады ма екен деген  сұраудың  ойландыратын  ескере  кеткіміз  келеді. Бұл- әрине,  арнайы  зерттеуді  қажет  ететін  мәселе.

Үстем   қоғамының  менменшіл,  тәкәппар  топас  тобы  ақындық  өнердің  қадірін  түсіруге  тырысып  отырған,  олар  өнерді  қорлап,  өктемдік  көрсетіп,  ақындық  өнерді  бақсылық  кәсіп  деп  те  ұғындырмақ  болған.  Өздерінің  бойына  жат  ақындық  өнерге  барынша  қасы  шығып,  оны  кемітіп  асыл  сөздің  құнын  арзандатып   жіберуді  көздеген.  Кейде,  тіпті,  ақын  деген  қадірлі  тақты  аяқққа  басып,  күлкі – мазаққа  айналдырып  қорлауға  дейін  барған.  Бұған  өткен  замандағы  Ақан  сері  мен  Біржан   салдар  өмірі  айғақ…  Осындай  себептердің  салдарынан  өткен  замандағы  озбыр  ортада  өскен  кейбір  ақындар  өзінің  ақындық  талантын  жасырған  немесе  басқа  бір  адамның  атынан  өз  жырларын  шығарып  отыпған.  Кезінде  ақындық   дарындарын  ұзақ  жылдар  жасыруға  душар  болған  ақындар  ішінде  қазақ  әдебиетінің  кемеңгер  тұлғасы  Абай   Құнанбаевтың  да  болғанын  айтуға  болады.

Сөйтсе  де  ақындық  өнердің  18 -19  ғасырларда дами  түскенін  танытар  деректер  ретінде  біз  біз  осы  кезең  аралығында  жасап,  поэзияда  өзіндік  із  қалдырған  Көтеш,  Шал,  Тәтіқара,  Үмбетейлер  болды.  Және  қазақ  халхымыздың  би – шешендері  де  болды.

Х.  Сүйіншіәлиев    «Қазақ  әдиебиетінің  қалыптасу  кезеңдері»  (1967)  моногрфиясында  қазақ  жыраулар  поэзиясын  әдебиетіміздің  жеке  мұрасы  ретінде  ғылыми – деректік  жақтан  алғаш  рет  жүйелеп  береді.  Осы  орайда  қазақ   әдебиетіндегі  жыраулық  өнер  аса  айқын   көрінген,  даусыз  жасаған  қазақ  хандығы  дәуірі  туралы   сол  дәуірдің  әдебиетін  белгілі  бір  жүйемен,  ғылыми  негізбен  қарастыруды,  зерттеуді  жолға  қойған  ғалым  Бейсенбай  Кенжебаевтің  еңбегі  өлшеусіз.

Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиетті  Мұхтар  Мағауин  түбірімен  түбегейлі,  індете  зерттеді.

Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиетті  осыдан  отыз  жылдан  бастап   бұрын  жан – жақты  қарастырып,  жүйелеп,  зерделеген,  көпшілік  жыраудың  ғұмырбаян  деректерін  тұңғыш  рет  жұртшылық  назарына  ұсынған  ғалым  М.  Мағауин  жыраулар  поэзиясын  қарастыруда  толымды,  түбегейлі  еңбек  тындырды.  Ғалымның  жыраулар  поэзиясының  туу,  жасау  себептерін  тарихи  жағдай  мазмұн,  мән  жағынан  тайға  таңба  басқандай,  жіліктеп,  жіктеп  отырып,  сол  жайларды  енді  әдебиетінің,  поэзиясының  көркемдік  заңдылықтармен  қос – қабат  қарастыруды,  негіздеуі  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  айтулы  табысы.

Ғалым  Немат  Келімбетов «Ежелгі  түркі  поэзиясы  мен  қазақ  жыраулары»  атты  зертеуінде  (Ежелгі  дәуір  әдебиеті)  мынандай  түйіндер  жасайды:  «15 -18  ғасырларда  өмір  сүрген  қазақ  жыраулары  поэзиясындағы  әлеуметтік  және  дидактикалық  сарындарын  түп – төркіні  ежелгі  түркі  әдебиетінде  жатқанын  аңғару  қиын  емес».

Жыраулар  поэзиясының  бұлжымас  заңдылығы,  дәстүрлі  арналары,  көркемдік  негіздері  бар  екендігін,  өзіндік  туу  себептерін,  ерекшеліктерін  академик  Зәки  Ахметов  арнаулы  зертеулерінде  аса  ұтымды  теориалық  тұжырымдармен  бекітіп  отырады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ