Ақтамберді Сарыұлы

0
3926
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Ақтамберді  Сарыұлы – суырып  салма  сөз  өнерінің  жетік  өкілі.   Шығармалары  табанасты  шығарылып,  ауызекі  таралып,  ел  есінде  сақталу  арқылы  жеткендердің  бірі.  Халық  оны  жоңғарларға  қарсы  жорықтар  кезінде  қол  бастап,  ерлік  көрсеткен  батыр,  өзінің  өжет  те,  өткір  сөздерімен  қалың  қауымға  әсері  күшті  болған  халынды  жырау  деп  санайды. 

Ақтамберді – тарихи  тұлға.  Оның  есімі  қазақ  халқының  тарихында  аталады,  ел  аңыздарына  сай  бағаланады

«Күмбір – күмбір  кісінетіп»  деп  басталатын  шығармасы – ақынның  алдында  қойған  арманын  танытатын  патриоттық  туынды.  Одан  тұлпар  мініп  ту  ұстап,  ел  шетіне  қорған  боп  ерлік  атын  шығаруды  аңсаған  батыр  адам  үні  естіліп  тұрады.

                  Күмбір – күмбір  кісінетіп,

                  Күреңді  мінер  ме  екенбіз.

                  Күрек  тісін  қақситып,

                 Сұлуды  құшар  ма  екенбіз.

                 Күдерінен  бау  тағып,

                 Кіреукеден  тон  киер  ме  екенбіз.

                 Жағасы  алтын,  жеңі  жез,

                 Шығыршығы  торғай  көз.

                Сауыт  киер  ме  екенбіз

                Сырттан  сауыт  киген  соң,

                 Қоңыраулы  найза  қолға  алып,

                 Қоңыр  сақын  төске  алып,

                 Қол  қашырар  ма  екенбіз.

                Жалаулы  найза  қолға  алып,

                Жау  қашырар  ма  екенбіз!

               «Ақтамберді  қолы»  деп,

               «Жанайдың  салған  жолы»  деп,

               Жақсы  атананар  ма  екенбіз!

1973 жылы  шыққан  «Алдаспан»  жинағында  осы  толғаудың  екі  нұсқасы  басылған.  Асылы,  олар — әрқайсысы  әр  тұста  айтылған  өзінше  бөлек  жырлар.

Ақынның  батыр  мінер  тұлпары  бейнеленген  өлеңі  оның  суреткерлік  шеберлігнен  де  хабар  береді.   Кей  жерлері  жоғарыдағы  жолдарға  үндесіп  жатады.

Келбетіне  қараса,

Омырауы  даладай,

әлпетіне  қараса,

сырлап  соққан  моладай.

Жан – жағына  қараған,

Жал – құйрығын  тараған,

Жолбарыстай  жон  түзеген,

Аш  күзендей  бүгілген,

Ор  киіктей  жүгірген,

Табаны  жалпақ  боз  тарлан,

Таңдап  мінер  ме  екенбіз!

Ақтамберді  сөздері – ақыл – нақыл  ретінде  келетін  дидактикалық  толғаулар.  Ол  «Ел  аман  болсын  ләйлім» — деп,  туған  жер,  Отан  тілегін  бірінші  орынға  қоя  білген.  Халқының  ер – азаматы,  төре – сұлтандары,  бай – батыр,  жарлы – жақыбайы – түгел  бір  мақсатта,  бір  тілте  болса  деп  армандайды.  Олардың  арасындағы  қайшылықты  ағайыншылықпен  шешуге  үндейді.  Татулықты,  сараң  болмай,  мейірімді  болуды,  әділ  билік  пен  батырлықты,  ақылмен  іс   қылуды  көксейді.

Сары   аязда  қата  ма,

Қайнардың  аққан  тұнығы,

Қап  түбінде  жата  ма,

Болаттың  алтын  сынығы,

Халқы  тозып,  кем  болмас,

Әділ  болса  ұлығы.

Ақынның  нақылдары  ішінде  талай  адамгершіл  ақылдар,  өмірдің  өзінен  ойып  алған  бейнелі  өсиеттер,  ұзақ  өмір  тәжірбиесін  қорытқан  тұспалдар  көп.   Солардың  бірін  жар  таңдаушы  жастар  үшін  ғибрат  деуге  болады.

Мінезі  болса  алғанның.

Одан  артық  жар  барма

Екі   жаман  қосыоса,

Күнде  жанжал,  күнде  шу,

Ұяларлық  ар  бар ма

Білімді   туған  жақсыға,

Залал  қылмас  мың  қарға,

Жаман  туған  жігітке,

Рахатты  күн  бар  ма

Өз  мінін  білген  жігіттің,

Тәлімінде  мін  бар  ма!

 

Сайып  келгенде,  Ақтамберді  90  жас  жасап,  1752  жылы  шамасында  дүние  салған,  өз  заманының  талабына  сай  жыр  толғап  өткен  әрі  батыр,  әрі  жырау.   Оның   шығармалары   елі,  халқы  үшін  еңіреп  өткен  ер  тұлғасын,  жақсылыққа  бастап,  адмгершіл  ой  түйген  терең  ойлы  ақыл  иесі  абзал  азаматты  танытады.   өзінің  өрелі  ойларын   жыр  кестесіне  тізе  білген  жүйрік   тілді  шешен  ақынды   көрсетеді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ