Бұқар жырау Қалқаманұлы

0
1801
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Бұқар жырау Қалқаманұлы  (1684 – 1782 жж.) – 18  ғасыр әдебиеті  көрнекті  өкілінің  бірі.  Бұқар жырау  Абылайхан  заманында  өмір  сүрген.  Әкесі – Қалқаман  белгілі  батыр.

Бұқар жыраудың  өлеңдері,  өзі  тұстас  ақындармен  салыстырғанда  кейінге  молырақ  жеткен.   Оның  Абылай  туралы  өлеңін  жазып  алып,  алғаш  пікір  айтөан  Шоқан  еді.

Деректерге  қарағанда,  Бұқар – діни  білімі  бар,  оқыған  адам.  Оның  өлеңдерінде  мұсылманшылық  әсері  айқын:  «Дін  кітаптарын  оқыдым»,  «ақтан  сия  танықан,  дәіт  пенен  қаламды  айт»  деген  сөздері  кездеседі.  Бұл  сөздер  тегін  айтылмаса  керек.

Бұқар  жырау – қазақ  жеріне  ертеден  мәлім.  Оның  бізге  жеткен  арнау,  терме,  толғаулары  негізінен  әлеуметтік,  қоғамдық  мәселені   көтереді.  Еөп  жайтты  ол  өзінің  заманы  санасы  тұрғысынан  шешеді.  Хандық  құрылысты  нығайту  мақсатын  көздейді.  Соған  қоса  жыраудың  кейбір  толғаулары  адамгершілікке,  бейбітшілікке,  әділеттілікке   үндейді;  ұстамды  моральдық  пікірлер  ұсынады.  Абылайдың  сырқы  саясатына  аралысып,  ақыл  береді.  Оның  кейбір  ісіне  наразылық  та  білдіреді.

Бұқар  ойынша,  дәулет,  дүние,  байлық   тұрақты  болмайды  ол  үнемі   өзгеріп,  ауысып  отырады.   Жыраудың   «Айналайын  жер  тұтқан»,  «Ақсаңнан  биәк  тау  болмас»,  «Жал  құйрығы  қаба  деп»  деген  және  басқа  сол  сияқты  өлеңдері  оның  өмңр  құбылысынан  түйген  осындай  ойларын  бейнелейді.

Бұқар жыраудың  «Тілек»  деген  өлеңі  де  бірқыдыру  мәні  бар  тоғау.   Онда  ақын  хан  тілегіне  қоса  ел  мүддесін  жоғары  қояды.   Денсаушылық,  амандықты  тілейік,  апат  келіп,  жер  жұтамасын,  жау  келіп,  жау  шабылып,  ана  аңырап,  жар  еңіремесін,  жауды  қуар  ер  табылмай  қалмасын  дейді.

Бұқар жырау – халық  поэзиясы  үлгісін  меңгерген  нөсер  тілді  шебер  ақын.  Оның  шешендігі,  әсіресе  жыраудың  толғауларынан  анық  байқалады.  Ауыз  әдебиетінде  қалыптасқын  жыр,  толғау  үлгілерін  барлық  жырауларға  тән  үлгі  десек  болады.

Бұқар жырау Қалқаманұлына  кейінгі  дәуір  ақындары еліктеп  келеді  мысалы:

Асқар  таудың  өлгені –

Басын  мұнар  шалғаны.

Көктегі  бұлттың  өлгені –

Аса  алмай  таудан  қалғаны.

Ай  мен  күннің  өлгені –

Еңкейіп  барып  баттқаны.

Қара  жердің  өлгені –

Қар  астында  қалғаны.

Өлмегенде  не  өлмейді.

Жақсының  аты  өлмейді.

Ғалымның  хаты  өлмейді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ