19 жаста алғашқы миллионын тапқан ару

0
900

       Қазіргі таңда адамдар блогтар, веб-сайттар мен әлеуметтік желілерді ақылды пайдаланудың нәтижесінде мол қаражатқа қол жеткізуде.Себебі елімізде күн сайын сайттар көбейіп, әлеуметтік желілерді қолданушылар саны артуда.  

Мұның бәрі интернет-ресурстарды дамыту мен насихаттауға байланысты жаңа мамандықтардың пайда болуына әкелуде. Осы орайда,заман талабына сай пайда болған мамандықтардың бірі- SMM менеджер.Бүгінгі біздің қонағымыз SMM маманы,19 жасында өзінің алғашқы миллионын тапқан ару.   

Назым Ғаниқызы-Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық университетінің ағылшын  және қытай тілі  мамандығының 3-курс студенті,блогер,SMM маманы. Ол  2019 жылдың жаз айынан бастап, SMM саласымен айналысып келеді. 20 жастағы Назым Мартебе тілшісіне берген сұхбатында әлеуметтік желі арқылы өзінің алғашқы миллионын қалай тапқанын және блогер болуда алғашқы қадамды неден бастағанын айтып өтті.                                   

 —SMM менеджер деген  кім?                                                                                     

 —SMM менеджерәлеуметтік желімен  жұмыс істеуде  тәжірибесі бар, тартымды мақалалар жазып, түрлі сала бойынша  мақсатты аудиториямен жұмыс істей алатын  әмбебап маманған қоса, SMM менеджердің басқа мамандардан артықшылығыадамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білуі. Яғни, ол  өз аудиториясын басқара алуы қажет.                                                                                                                   

Неліктен бұл саланы таңдадың?                                                                     

Жалпы бұл салаға келуіме менің сіңлім себепкер болдыл 2019 жылдың жаз  айында  базалық жеткізуші болып жұмыс жасады.Онда сіңлім түрлі курстарды сатып алып, оларды өзге тұтынушыларға сатып отырды.Бір күні мен сол курстардың не жайлы екендігіне қызығып, оларды зерттей бастадым.Және де базалық жиынтықтағы барлық курстарды қолдану жолын үйренгім келді.

Осылайша,  инстаграмдағы посттарға арналған арнайы шаблондар мен инстаграм мұқабасын (обложка) жасап үйрендім.Сонымен қатар, инстаграмда арнайы шаблондарды пайдалануға  байланысты 5 күндік тегін курсқа қатыстым. Және де  әлеуметтік желіде инстаграмға байланысты тікелей эфирлерді қарадым.Себебі онда өте қызықты ақпараттар айтылатын еді. Мен негізі SMMді өз бетіммен меңгеріп алдым десем болады.Өйткені бұл сала мен үшін өте қызықты болды.                                                                                                        

— Алғашқы тапсырысыңыз жайлы айтып берсеңіз?                                           

Мен базалық курстармен танысқаннан кейін, инстаграмда  өзіме арнап бизнес аккаунт аштым. Және де аккаунттың ашылғанына небәрі 14 күн болған күні алғаш тапсырыс қабылдадым.Тапсырыс беруші менен өзінің парақшасын ретке келтіріп беруімді өтінді.Осылайша, мен оның парақшасын өзі қалағандай етіп жасап бердім. Және де жасаған жұмысыма  ақы алдым.Міне, сол сәттен бастап мен инстаграм арқылы қаржы табу жолдарын меңгере бастадым десем болады.Сонымен қатар, мен үнемі ізденіс үстінде болдым.Атап айтар болсам, әлеуметтік желіде ұйымдастырылып жатқан SMM курстарына онлайн куратор болдым.

2020 жылы Қыран Талапбектің мобилография курсына қатыстым.Одан кейін копирайтер тағы басқа да курстарға қатысып, карантин кезінде өзімнің жеке онлайн курсымды бастадым.Мен оқырмандарыма түрлі жеңілдіктер жасап, бірнеше курсты бірге сатқан кездерім болды.Жалпы, менің курстарымның бағасы 1000 –15000 теңге аралығында болады.                               

  SMM менеджер болудағы сіздің мақсатыңыз не? Shonbay Busines мектебінен не үшін кеттіңіз?                                                                                                   

Менің мақсатым өте қарапайымен осы уақытқа дейін білген дүниелерді, өзгелерде  білсе екен деймін.

  Мен 2020 жылдың маусым айында Shonbay Busines мектебіне жұмысқа орналастым.Ең алдымен жұмысқа тұрғанда стористен вакансия дегенді көріп, бағымды сынап  көруге бел будым. Солайша 2 күн ішінде жұмысқа қабылдандым. Мен 700 адамның ішінен таңдалып алындым.Сол себепті ол мектепке қабылданғаныма өте қатты қуандым. Жалпы, Shonbay Busines мектебінде атмосфера өте ерекше. Қазақстандағы шетелдерсің! Ал саналы адамдармен сөйлескенде тіпті ерекше сезімге бөленесің.

  Жалпы, мен ShonbayBusines мектебінде  8 ай оффлайн, 9 ай онлайн куратор болып жұмыс жасадымндағы меніңміндетім-арнайы топқа жауап беру болатын. Яғни топтың кураторы ретінде, олардың сабағын тексеріп, білмегендерін  үйреттім.Дегенмен жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін мектептен кетуге бел будым.Қазіргі таңда өзімді басқа салалар бойынша сынап көрмекшімін.Әзірге олар жұмбақ болып қалсын.             

 Назымізге алғашқы миллионың жайлы айтып берсеңіз…                             

 —Мен 2020 жылы, яғни 19 жасымда алғаш  SMM арқылы 1 миллион табыс таптым.Әрине,  оған жету жолы оңай болған жоқ.Себебі  мен 1 жыл ішінде көптеген курстардан өттім, оған қоса бірнеше ірі компанияларда SMM менеджер болып жұмыс жасадым. Нәтижесінде өзімнің алғашқы миллионымды таптым. Сіздерде еңбектенсеңіздер, мен бағындырған шыңға жете аласыздар….         

Жалпы, осы уақытқа дейін қанша шәкірт тәрбиеледіңіз                                    Қазіргі таңда, менің 200 ге тарта шәкіртім барен ешқашан үйренуден және білгенімді өзгеге үйретуден жалыққан емеспін. Сондықтанда, алдағы уақытта жаңа салаларда бағымды сынап көріп, тағы да шәкірттер санын арттырғым келеді.         

Назым бізге сұхбат бергеніңіз үшін саған алғыс айтамыз.Алдағы жұмыстарыңа шығармашылық табыс тілейміз.

Ертілек Ғали


ПІКІР ҚАЛДЫРУ