Мектеп — білім айдынындағы кеме

Мектеп — білім айдынындағы кеме. Осы кемеде әр адам он бір жыл уақытын өткізеді. Адам баласының өміріндегі ең бір естен кетпес шақ осы мектепте өткізген уақыты болар, сірә! Өміріміздің осы бір сәті бәрімізге ыстық! Дегенмен, әр балада » осы мектептен қашан құтылады екем» деген ойлар да аз болмағаны рас. Осылай ойлаған оқушыларымыз өздері үшін ең соңғы қоңыраудың қалай соғылғанында білмей қалып жатады. Алдындағы үлкен өмірге аяқ басуға асыққан балалар мектебімен қимастықпен қоштасады. Себебі мектеп бізге әрбір әріпті, әрбір санды үйретті. Осы мектепте білім алып, ойымызға тоқығанымызда аз емес. Алайда мектеп бізге тек қана білім емес, сонымен қатар жақсы мен жаманның ара жігін ажыратуды, алдымызда күтетін үлкен өмірдің қиыншылықтарын жеңе білуді, адамдық қасиеттерді бойымызға сіңіруді үйретті.  » Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» демекші әр адам адал достарымен — бай. Мұндай достарды да мектеп қабырғасында оқып жүрген уақытта табамыз. Олармен ойнап-күліп, асыр салған кезге жететін  уақыт жоқ шығар. «Мектеп – білім тірегі, Ұстаз — оның жүрегі” дегендей шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Алғаш мектеп табалдырығын аттатқын, алғаш қолға қалам ұстатқан ұстаздардың шәкірттеріне берері мол. Аяулы ұстаздарымен, алтын ұя мектебімен, оқушылық өмірмен қоштасу әркімге де оңай соқпасы анық. Мектеп жас түлектерге алдындағы үлкен өмірге жолдама берді, өмірде кездесетін сынақтарға дайындады. Сондықтан болар мектеп әр адамның жүрегінің төрінен орын алады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ