2016 жылғы ҰБТ нәтижесі: Павлодар

0
1515

Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Павлодар облысы күллі жұртшылығымызға өзінің тұмса табиғатымен, өлкесінің айрықша сұлулығымен әйгілі. сондай-ақ,  Павлодар – солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Палодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдени ескеркіштерін қасиеттеп қорғайды. Мұражайлар, көрмелер, мәдениет жетістіктерінің тұсаукесерлері мұнда өте танымал және келушілерге бай. Қаланың тарихы бай және оның ертеден келе жатқан мәдени дәстүрлері бар. Павлодар Ертіс өңірі — атақты ғылым, мәдениет және өнер қызметкерлерінің Отаны болып табылады. Мұнда Қаныш Сәтбаев, Григорий Потанин, Әлкей Марғұлан, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шапық Шөкин, Жұмат Шанин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Дихан Әбілев, Шәкен Айманов, Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Сәбит Дөнентаев, Павел Васильев және тағы басқа тек облысты ғана емес,сонымен қатар Республикаға танымал қайраткерлер туған. Ертіс бойымен ақ жартасты жолақ сияқты біздің мейірімді, қонақжай қаламыз жайылып жатыр. Иә, осындай ұлы тұлғаларды дүниеге әкелген киелі өлкенің қазіргі перзеттері де білімнен кенде емес. Ендеше, 2016 жылғы павлодарлық түлектердің ҰБТ-да жеткен жетістіктеріне назар аударайық. 

Жалпы, Ұлттық тестілеу орталығы бекіткен Павлодар облысында ҰБТ-ны өткізу кестесіне сәйкес 2 және 4 маусымда тестілеу 10 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізілді.

Облыстағы мектеп бітірушілердің жалпы саны – 3768, оның 2608-і (69,2 %) ҰБТ-ға қатысты. 98 мектеп бітіруші халықаралық сайыстардың жүлдегерлері мен қатысушылары ретінде ҰБТ-дан босатылды. Облыс бойынша тестілеудің орташа балы 80,2 құрайды (2014 жылдың орташа балы – 79,85). 503 мектеп бітіруші 100 баллдан жоғары нәтиже көрсетті (19,3%).

Ең жоғарғы орташа балл Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебіне тиесілі – 108,52 балл. Сонымен қатар жоғары балл жинаған мектептер қатарына дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі – 106,83, көп салалы лицей-интернаты – 104,47, Павлодар қаласының №3 гимназиясы – 101,84, дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі (98,45 балл) жатады. Қалалар арасында ең жоғарғы нәтиже Ақсу қаласында – 84,94 балл, аудандар арасында Май ауданында – 82,93 балл.

Ең үздік нәтиже – дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің түлегі Жансая Райымова 124 баллға қол жеткізді. Май ауданының Қазақстандық ЖОМ-нің түлегі Сағидолла Сәкенов 123 баллға ие болды. «Жас дарын» мектебінің түлегі Әдия Сәбит, Лебяжі ауданының Абай атындағы орта мектебінің Кәмила Беркімбаева мен дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінің түлегі Айдана Құсманғазинова – 122 балл, жеті түлек 121 баллдан жинады.

124 «Алтын белгі» аттестатына үміткердің 60-сы (48,4%) білімдерін растады. Сегіз үміткерге білімдерін растауға 1 баллдан жетпеді, 27-сі бір пәннен «4» деген бағаға ие болды. 64 үздік аттестатына үміткердің 19-ы (29,7%) білімдерін растады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде 123 балл жинаған Павлодар облысының Май ауданындағы жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Сағидолла Сәкен үздік нәтижеге қол жеткізіп қана қоймай, әкесін жұмысқа орналастырған.

Міне, өткен жылғы нәтижелер бойынша Павлодар облысы Ұлттық Біріңғай Тестілеу тапсырудан алғашқы орынға шығып отыр. Оны біз павлодарлық ұстаздардың біліктілігі мен оқушыларының білімге зеректігіне  байланысты деп топшылаймыз. Айта кетерлігі, Солтүстік иініміздегі білімнің бұлағы болған аймақтың биылғы тестілеудің жаңа форматына да дайындығы қарқанды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ