Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршіліктің өзегі. Өйткені, адамзатты жарататын да- әйел, ұлтын көбейтетін де- әйел, ұрпақты ұластыратын да- әйел. Шынымен, əлемді бір қолымен тербетіп, сұлулығымен жарықтық сыйлап отырған əйел заты, қашанда тіршіліктің өзегі болып қала бермек.
Рухы биік Бауыржан атамыздың өзі қыз баласын жер бетіндегі ең батыр адам деп санаған. Қазіргі қылықты қыз, ертеңгі аяулы жар, болашақ ана, ақ жаулықты əже екені белгілі. Сондықтан да қазақ халқы ежелден қызды «Ел анасы» деп жастайынан көңіл бөліп, тəрбиелеп, сыйлап, алақандарында аялап өсірген. “Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан» демекші, кейіннен сол анадан тəрбие алған ұрпақ батыр да, ақын да болған. Осындай ерекше жаратылыс иелерін, қыздарды, ақ жаулықты аналарды, жалпы əйел затын алдағы мерекелерімен шын жүректен құттықтағымыз келеді. Көктемнің жайма шуақ күнінде, сұлулыққа сұлулық қосып 8-ші наурыз-халқаралық əйелдер күнінде жақындап келеді. Бұл күні, жанұяларыңызға береке, еңбектеріңізге табыс, жалпы əйел бақытын тілейміз .
«Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жай-күйі жақсармай – бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміздің еңсесі толық көтерілмейді» деп Елбасымыз айтқандай, əйелдерді құрметтеп, тек мереке күндері ғана емес, қарапайым күндері де махаббатқа бөлеп, сыйлап жүрсек, өміріміз оданда сұлу, оданда шуақты болмақ.