«5 не үшін» техникасын білесіз бе?

0
948
Иллюстрация: Freepik.com

«5 не үшін» техникасын қолданып, проблемаңыздың түпкі себебін анықтаңыз. Мәселенің негізгі жауабы, ішіңізде жатыр. Тек дұрыс сұрақ қоя білсеңіз, болғаны.

Мысал: Проблема: Мен өзімнің сүйікті ісіммен айналыспаймын.

«5 не үшін» техникасын қолданып көрейік.

1. – Мен НЕ ҮШІН өзімнің сүйікті ісіммен айналыспаймын?

– Себебі, қазіргі жұмысымнан шығып кете алмаймын.

2. – НЕ ҮШІН қазіргі жұмысымнан шығып кете алмаймын?

– Себебі, ата-анам бұл шешіміме разы болмайды.

3. – НЕ ҮШІН ата-анам бұл шешіміме разы болмайды?

– Себебі, қазіргі жұмысымдағы жалақыны басқа жолмен таба алатыныма сенбейді.

4. – НЕ ҮШІН қазіргі жұмысымдағы жалақыны басқа жолмен таба алатыныма сенбейді?

– Себебі, мен белсенді емеспін, енжармын.

Міне, проблеманың түпкі себебін де таптық-ау деймін. Менің сүйікті ісіммен айналыспауыма ақша да, ата-анам да кедергі емес екен.

Басты себеп: өзімнің енжарлығым. Соны жеңсем, проблема да шешілейін деп тұр.

Дереккөз:  “Лайфхактар” кітабынан үзінді

Ұқсас материалдар:

  1. Антиципация деген не?
  2. Библиоклептоман деген кім?
  3. Библиосмия деген не?
  4. Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз…
  5. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  6. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  7. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  8. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  9. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  10. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  11. Жас маманға 8 кеңес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ