Сабақтың тақырыбы: 6-ға көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көбейту және бөлу кестесі туралы түсінігін қалыптастыру. 6- ға көбейту мен бөлуді меңгерте отырып ауызша көбейтуге және бөле білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың зейінін ойлау, байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау. Шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабaқтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,геометриялық фигура, көбейту кестесі,таратпа кеспе қағаздар, сөзжұмбақ, тесттер.
Сабaқтың түрі: Аралас, ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу: Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
« Ғылымдар патшасы»- деп дараланып,
Математика — қызыққа тоймайтұғын.
Оқушыларды түгендеу.
Назарын сабаққа аудару.
Сыныпты екі топқа бөліп, әр топқа ат қоямын. Бірінші топ «Алғырлар.», екінші топ «Тапқырлар». Екі топ өзара жарысып, орындалған әр бір тапсырма үшін, топ қоржынына өз ұпайлары салынып отырады яғни, асықтар салынады.
2Үй тапсырмасын сұрау (8-мысалды тексеру)
Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту:”Ой толғау” әдісі.
Бұл кезеңде оқушыларға қосу, азайту, көбейту, болу амалдарының компоненттерін айтқызамын.
1.Қосу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
2.Азайту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
3.Көбейту амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
4.Бөлу амалының компоненттерін кім айтып жібереді?
5.Көбейткіштердің орындары ауысқанымен не өзгермейді?
6. 1минутта қанша секунт бар?
7. 1 тәулікте қанша сағат бар?
8. 1 ғасырда қанша жыл бар?
Ал, енді бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық.
6-ға көбейту және бөлу кестесі.
6*2=12 6+6=12
6*3=18 6+6+6=18
6*4=24 6+6+6+6=24
6*5=30 6+6+6+6+6=30
6 мен 5-тің көбейтіндісі қанша болады? (30)
Ал, 6-ны өзіне өзін 5 рет қосқанда қанша болады?(30) демек бізге қайсысы тиімді екен? Әрине, көбейту амалын қолданған ұтымды болады.
6-ға бөлу кестесі:
36:6=6 себебі 6*6=36
42:6=7 себебі 7*6=42
48:6=8 себебі 8*6=48
54:6=9 себебі 9*6=54
6-ға көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндір:
7·6=6·7
8·6=6·8 9*6=6·9
Оқулықпен жұмыс.
7-есеп.
Мектептегі алты кабинеттің әрқайсысына 8 компьютерден және мұғалімдер бөлмесіне 2 компьютер қойылды. Мектепке барлығы неше компьютер қойылды?
Шарты:
6 кабинет 8 компьютер ..?
Мұғалім бөлмесі 2 компьютерден
Шешуі: (8*6)+2=50
Жауабы: 50 компьютер қойылды.
8-мысал.
729+234=963 (48-39)*6 =54 1*6=6 20*6=120
500-264=236 (19+17):6=6 6:6=1 60:6=10
504+124=628 24:(3*2)=4 6:1=6 360:6=60
9- теңдеу.
54-х=27 а+39=156
х=54-27 а=156-39
х=27 а=117
54-27=27 117+39=156
27=27 117=117
Сергіту сәті.
Сергіту сәтінде кішкене ойымызды тынықтырып, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтарды шешейік.
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанды бес есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек.(2)
Мына алты ақ алма,
Нұрбибі мен жанарға
Үш сарысы- Анарға,
Қызыл алма –Манарға.
Қанша сонда бар алма?(10) т.б.
Математикаға байланысты кім қандай мақал- мәтел біледі?
(Оқушылар өздерінің білген мақал- мәтелдерін айтады.)
Топпен жұмыс.
«Кім тез ойлайды?» ойыны. Ауызша тапсырма.
2*6=12 5*6=30
20*6=120 50*6=300
200*6 =1200 500*6=3000
4*6=24 3*6=18
40*6=240 30*6=180
400*6=2400 300*6=1800
Қызығушылығын ояту. «Кубизм» ойыны.
(Оқушылардың алдына сандар жазылған кубикті тастаймын, қай сан шықса, сол санды мен айтқан санға көбейтіп, немесе бөліп жауабын жылдам айту қажет).
Сөзжұмбақ.
Көлденеңінен:
1 Аптаның бесінші күні. (жұма)
2 Жыл басы. (тышқан)
Тігінен:
1 Аптадағы күн саны. (жеті)
2 12 жыл. (мүшел)
Сабақты қорыту:
Таратпа кеспе қағаздармен жұмыс жасай отырып, оқушылардың алған білімдерін пысықтау, сұрақ арқылы бекіту.
- 1жылда қанша күн бар? (365 н/е 366 күн.)
- 1 мүшел қанша жыл? (12 жыл)
- Математикаға байланысты кім қандай мақал-мәтел біледі? т.б.
Үйге тапсырма: 6-ға бөлу және көбейту кестесі. 112-бет 11-мысал.
Бағалау: Әр топты , оқушылардың жинаған ұпай санына қарай мадақтап бағалау.