60 метрге спринтерлік жүгіру

0
5936

 

Сабақ: 60 метрге спринтерлік жүгіру Мектеп:
Сынып: 4- сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулар-дағы реттілігін білу және орындау.
Сабақ  мақсаттары Барлық  оқушылар орындай  алады:Уақыт есебімен 60 метрге төменгі старттан спринтерлік жүгіруді орындау.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жүгіру техникасын игереді.
Кейбір оқушылар орындай алады: Жүгіру техникасын дұрыс орындай отырып,жоғарғы уақыт нәтижесін көрсетеді.
Бағалау критерийі

Ø  Тақырыбы мен жылдамдыққа жүгірудің орындау техникасын түсінеді;

Ø  Мәреде тұру,жүгіру сөре сызығын уақыт есебімен кесіп өтуді меңгереді;.

Ø  Оқушы  физикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып,жоғарғы уақыт көрсеткішіне ие болады.

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Оқушылар жеңіл атлетика туралы,оның ішінде спринтерлік жүгірудің маңызын түсініп,орындау техникаларымен танысады ,тақырыпқа сай тапсырмаларды орындайды
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Жеңіл атлетика, 60метрге спринтерлік жүгіріс,уақыт есебімен жылдамдыққа жүгіру.мәре сөре сызығы.
Диалог құруға, арналған пайдалы тіркестер: Жүгірудің  адам денсаулығына пайдасы..Жүгіру арқылы шапшаңдықты,төзімдікті дамытуға дағдыландыру.
Талқылауға арналған сұрақтар: Спринтерлік жүгірістің стайерлік жүгірістен айырмашылығы неде? Неліктен 60метрге жүгіру төменгі старттан басталады?.
Құндылықтарға баулу Оқушыларды топта ынтымақтаса жұмыс жасауға, бірлесе отырып шешім қабылдауға үйрету.  Оқушылардың жеке тапсырмалар беру арқылы көшбасшылық қасиетін дамыту. Жұптық жұмыстар жүргізу арқылы өзін-өзі басқаруға үйрету.
  Ишара: мадақтау, қолпаштау, қолдау көрсету
Пәнаралық байланыс Бейнелеу,Физика,жаратылыстану,математика
Алдыңғы оқу Жеңіл атлетика туралы ақпарат қалыптасқан
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері ресурстар
Басы 5 мин Оқушыларды сапқа тұрғызып,кезекшіден мәлімет алып,сәлемдесу.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.Оңға,солға бұрылу арқылы оқушылардың дайындығын тексеру

Секундомер,ысқырық,

жалаушалар

Ортасы

5 мин

 

 

 

5 минут

Жалпы дене қыздыру жаттығулары:Бір қалыпты жеңіл жүгіру.Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.Арқаны алға бағыттап жүгіру өкшені артқа көтеріп,екі алақанға тигізе жүгіру.аяқты қиылыстыра жүгіру.

Теориялық түсініктеме:Қысқа қашықтыққа жүгіру (спринт) шартты төрт фазаға бөлінеді: басы (старт), қарқын, қашықтық бойынша жүгіру және мәрелік.

Спринтта қысқа кесіндіде  максималды жылдамдықты дамыту және жүгіруді тезірек бастауға мүмкіндік  беретін төменгі старт қолданылады.

Старттан тез шығу үшін станок пен  колодкаларды қолданады. Олар қағажыту кезінде қатты тірек жасайды.

Жүгіру кезінде жоғары  жылдамдықты ала отырып,мәре сызығын жылдамдықты жоғалтпай кесіп өтеді.

Секундомер,ысқырық,

жалаушалар,

өлшеуіш метр

15 мин

 

 

 

Төменгі старттан 60м ге жүгіру, «Стартқа!» командасы  бойынша спортшы старттық сызық  бойына қолына таянып алда тұрған старттық сызыққа бір  аяқпен тіреледі, ал басқа аяғын  – екі шиппен жолға басатындай қылып артқа қарай тірейді. Старттық сызық бойында жүйрік өзінің артта тұрған

аяғының тізесіне тұрып түзу қойылған қолдарын иық  еніне қояды. Саусақтарымен қатты күмбез жасайды. Дененің ауырлығы тірек нүктелері бойынша үйлестіріледі.

Секундомер,ысқырық,

Жалаушалар

 

3 мин Оқушының іс-әрекеті: «Назарлан!» командасы  бойынша спортшы ақырындап аяғын  түзетіп артта тұрған аяғының тізесін жолдан көтереді. Екі аяқ  колодка алаңдарына тіреледі, дене түзу, иық деңгейінен аздап көтеріледі.

 

Секундомер,ысқырық,

жалаушалар

5 мин Ширату тапсырмалары: Стартердің командасы  бойынша лезде қолмен жүгіру қозғалыстарын  бастау , қағажып, денені алға-жоғары қарай жіберіп колодкалардан  жүгіру;.қағажудан кейін артта  тұрған аяқ тізе буынында қатты бүгіліп лезде алға-жоғарыға шығарылады, ал алдыңғы колодкада тұрған аяқ толығымен қарқындалады.
  3 мин  «Егер мен…» Ауызша кері байланыс
Соңы    
  2 мин «Блоб ағашы» Секундтық көрсеткіштер кестесі
2 мин

Дескрипторлар бойынша топ жетекшілерінің бағалауы:

Ø  Жеңіл атлетика туралы түсінік қалыптасады.

Ø  Спринтерлік және стайерлік жүгіру техникаларын  ажырата біледі;

Ø  Өз көзқарасы негізінде тұжырым жасай алады;

дискрипторлар
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді  қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

 

1. Дене қыздыру жаттығуларын жасау кезінде оқушының физикалық дене  белсенділігін арттыратын

арнайы жаттығулар беру;  2.спорттық жарыстарда әлемдік деңгейдегі спортшыларды үлгіге ала отырып, оқушының пәнге құлшынысын арттыру;

3.жоғарғы көрсеткіш көрсеткен оқушыларды   өзара жарыстыру арқылы топта көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

 

1. Дискрипторлар арқылы бағалау

2. Кері байланыс алу; (ауызша,жазбаша)

3. Өзара және өзін-өзі бағалау;

Арнайы спорт киіміне,оның тазалығына,жалпы сабақ даярлығына назар аудару.Денсаулығын тексеру Сергіту жаттығуы

Жүгіру кезінде ара-қашықтықты сақтап, әріптесіне кедергі жасамау.

Қауіпсіздікті сақтау.

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары  тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер  енгіздім және неліктен?

 

        Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда әр сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеп, сабақтағы оқу нәтижелерін нақтыладым. Осы нәтижеге жетуде өтілетін сабағыма байланысты жаттығу түрлерін анықтап,әрбір сабақтағы оқушылардың алға ілгерілеуінің болуын мақсат етіп қойдым. Себебі оқушыларға табысты білім беру үшін алдымен «нәтиже» болу керек деп ойлаймын. Сабаққа қойылған мақсат бойынша оқушылардың сабақтағы деңгейін бақылап, әр оқушыға уақыт көрсеткіштерін анықтадым. Бұл тақырыптаы оқушыларға жеңіл атлетиканың жылдамдыққа жүгіру(спринтерлік) түрін,оның маңызын көрсетіп бейнелеу арқылы бағыт-бағдар бере отырып түсіндірдім.

Оқу мақсаты — мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Оқу нәтижелері мұғалімнің жоспарланған сабақ мақсаттарына қол жеткізуде қаншалықты табысты болғанын білуге мүмкіндік береді.

4—сыныпта өткізген тізбектелген сабақтарымның тақырыбы «60 метрге жүгіру», Қысқа  мерзімді жоспарды жоспарлауда мен сабағымда «Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқыту», «Оқытуды басқару және көшбасшылық»,  «Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен байланыстыруды  назарда ұстадым. Сыныптағы ахуалды жақсарту үшін сабақтың басында оқушыларды сергіту жаттығуларын жасату арқылы ынтымақтастық орта қалыптастырып, оқушы қызығушылығын тудырып алдым.

Сабақта  ж жұмыс, ұжымдық жұмыс,  ми шабуылы, «Бос микрофон» әдісі, «Блок ағашы», сергіту сәттерін жүргіздім. «Бос микрофон» әдісі оқушыларға ерекше ұнады, себебі  оқушы  өз ойын еркін айту арқылыл көшбасшылыққа, еркіндікке, өзін-өзі реттеуге үйренеді. Оқушы белсенділігін анықтауда жекелеген күрделі тапсырмаларды бере отырып жас еерекшеліктеріне қарай көшбасшылық қабілеттерін дамытуда тапсырмалар бердім. Нәтижесінде оқушылар өзін-өзі басқаруға, көшбасшы болуға ұмтылылды, пәнге қызығушылықтары артты. Төменгі және жоғарғы сөрелік жүгірудің ерекшеліктерін қалай түсінетіндері жайлы сұрақтарға жауап бере отырып, практика жүзінде көрсете білді .

Сабақ соңында «Блоб ағашы» тәсілін қолдана отырып, оқушыларды рефлексияға шақыру үшін және кері байланыс беру мақсатында мына түрдегі сұрақтар бердім.

-Сабақта сіз үшін ең маңыздысы не болды Неліктен ?

-Сабақ қорытындысы бойынша кімді мақтар едіңіз ? Неліктен ?

Оқушылар өзара пікірлерін айта келе сабақтың басындағы сабақ тақырыбына деген ойларымен сабақ яғни тақырыптың  маңыздылығымен таныса отырып, теорияны практикада ұштастыра білді.

Қорытынды  бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды  да, оқуды  да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды  да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында  мен сынып  немесе жекелеген  оқушылар туралы менің келесі  сабағымды  жетілдіруге  көмектесетін  не білдім?

 

 

Арал ауданы, Бөген ауылы

Бөген ауылы орта мектептің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі                                                           

Алишев Мейрам


ПІКІР ҚАЛДЫРУ