(Музыка,технология пәндері бойынша кіріктіріліп өткізілді)
Саламатсыздарма қадірменді қонақтар, құрметті әріптестер және оқушылар! Бүгінгі “Елім менің” интеллектуальды-танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Сіздермен бірге “Елім менің” интеллектуалды-танымдық сайысының жүргізушісі Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің 9 «А» класс оқушысы Үмбетов Дастан.
“Елім менің” интеллектуальды-танымдық сайысына 2 топ қатыстырылады және білім бәйгесін баптап келген топ басшылары болуы тиіс.
Оң қанатта «Қыран» тобы
Сол қанатта «Болашақ» тобы
Ал, енді сіздердің топтарыңызбен таныс болайық.
Мен екі топқа да сәттілік тілеймін!
Бүгінгі “Менің Қазақстаным” интеллектуалды-танымдық сайысын әсем әнмен әрлейтін музыка пәнінің мұғалімі Гүлсім Мешітқалиқызы
Жеңіс жолында 6 асу бар, сол асулардан сүрінбеңіздер, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Сонымен қатар әр айналым соңында музыка пәнінің мұғалімі ән жасырып отырады. Сол әнді тапқан топқа 2 ұпай қосылады. Әр айналым ережесіне нақтырақ тоқталып отырамыз.
Ал, қазір бізде І айналым.
І айналымда экран арқылы 2 бейне сұрақ болады. Сұраққа қарама-қарсы тұрған ойыншылар жеке-жеке жауап бере алады.
Сұрақты оқып болған соң, жалаушаны бірінші болып көтерген ойыншы
жауап бере алады. Дұрыс жауап 1 ұпай. Ереже түсінікті болған сияқты. Ойыншылар дайын болса, экранға назар аударайық.
1-ші бейне сұрағымыз
Мына суреттер қалай аталады? Қайда орналасқан?
Жауабы: Тастарға салынған суреттер –петроглифтер деп аталады. Жетісудағы Шу-Іле Алатауындағы «Таңбалы тас» сурет қорымы. Мұнда әр дәуірде тасқа түскен мыңдаған өнер ескерткіштері бар.
2-ші бейне сұрағымыз.
Суретте қандай опералық шығарма бейнеленген?
Жауабы: «Біржан — Сара» М.Төлебаев операсы либреттасын Қажым Жұмаділов жазған.
Ән жасырылады (Егемен ел әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.
Ендігі кезекті есепшіден екі топтың ұпайын білейік.
ІІ айналым «Келісесің ба, келіспейсің ба?» деп аталады. Төмендегі мәліметтер дұрыс деп ойласаңыздар «Я, келісемін» дей отырып, жауапты толықтыруыңызға болады. Дұрыс жауап 1 ұпай.
І топқа
1.Ағартушы, этнограф, фольклортанушы, саяхатшы Ш.Уәлиханов қазақтан шыққан алғашқы суретші. (Я. Ш.Уәлихановтың салған суреттерінің көпшілігі ғылыми еңбектеріне байланысты болғандықтан, оларды түгелдей кәсіптік өнерге жатқызбаса да қазақтан шыққан алғашқы суретші. Көбінесе графикалық суреттер салған.)
2.Абай «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін орыс ақыны М.Пушкиннен аударған. (жоқ) (М.Лермонтовтан)
ІІ топқа
- Ел арасындағы қолөнер шеберлерінің айтуынша қазақ ою-өрнектерінің өте жиі қолданылатын 200-дей түрі бар. (Я. Одан кем емес. Соңғы деректер бойынша жие қолданылатын ою-өрнектер 200-ден асады.)
- Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор,дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.Ахмет Жұбанов Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген.(ия)
Ән жасырылады (Алға Қазақстан әні ) әнді ажыратып топпен орындайды. Ендігі кезекті есепшіден екі топтың ұпайын білейік.
ІІІ айналымға да келіп жеттік.
Өнер туралы мақал-мәтелдің жалғасын табу.
Әр топқа 8 мақал-мәтел беріледі.
1,5 минут уақыт беріледі. Сол 1,5 минут уақытта қанша мақал-мәтелге жауап беретінін білейік. Дұрыс жауап 1 ұпай.
1 – топқа
1.Атадан көріп оқ жонар
Анадан көріп …. пішер (тон)
2.Бой істемейді, …. істейді (қол)
3.Өнер көзі — ……. (халықта)
4.Талаппен баста
……….. аяқта (талғаммен)
5.Шын шеберде ….. болмас (мін)
6.Батыр адам қорқақты сүймес
Шебер адам ….. сүймес (шорқақты)
7.Үйренгенің өзіңе құт,
…….. еліңе құт. (істегенің)
- ……. бала сүйкімді (Өнерлі)
- – топқа
1.Бөрік — адамға …. (көрік)
- ………. қолы ортақ, (шебердің)
Шешеннің тілі ортақ
3.Өнерлінің қолы алтын
………… сөзі алтын (өлеңшінің)
4.Асыл тастан, …….. жастан (ақыл)
5.Алтын балдақ қол сәні
Әшекей ……… тон сәні (кесте)
6.Талапты ерге ….. жауар (нұр)
7.Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өнері көптің …….. көп (ермегі)
- Жеті рет піш
…….рет кес.(бір)
Ән жасырылады (Атамекен әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.
ІVайналым Қазақ халқының өткен ғасырларда күнделікті тұрмыс — тіршілігіне байланысты пайдаланған заттар, көне аспаптар атауларын атап, не қызмет атқарғанын түсіндіріңдер. Дұрыс жауап 1 ұпай. Экранға назар аударайық.
І топқа
- Саба- кептірілген шикі теріні әуелі құрымға салып, құм кептеп қатырып, содан кейін ысқа салып төрт бойдан құрастырылған тері ыдыс.
2.Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап)
ІІ топқа
- Ұршық — жіп иіретін құрал. Ұршықпен иіргенде шеберден жүнді созу, оны мұрындыққа іліп қою, иіріліп келе жатқан жіпті біркелкі жинау, т.б.ширақ қимылдарды қажет етеді.
2.Месқобыз (үрмелі аспаптар тобына жататын көне музыкалық аспап. Иленген мал терісінен жасалады.Сырт көрінісі қымыз құятын ыдысқа ұқсас.Аузын бекітетін тығыны болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі бар.
Ән жасырылады (Өз елім әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.
Ендігі кезекті есепшіден екі топтың ұпайын білейік.
V айналым.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Еліміздің кемел болашағы да қазақ тілінде. Ана тілін меңгерген ұлтжанды білімді ұрпақ еліміздің ертеңі, тәуелсіздіктің тірегі. Олай болса сіздердің қазақ тілінен білімдеріңізді сынаймыз.
Экранда көрсетілетін заттар,аспаптар атауларына қатысты фразеологиялық сөз тіркестері беріледі, сол сөздің мағынасын табыңыздар.
Дұрыс жауап 1 ұпай.
1-топқа:
«Ұршықша иіру».
Жауап: Қазақта өз ісін «дөңгелетіп» алды деген сөз де бар, шаруасын тез меңгеріп алып, пайдасын көріп отыр деген мағынаны білдіреді.
«Шекесі торсықтай»
Жауап: Жаңа туған нәресте ер бала болғанда айтылады. Шекесі торсықтай ұл дүниеге келді деп сүйінші сұралады.
«Суырыпсалма»
Жауап:тез арада ән немесе өлең шығару.
«Шежіреші»
Жауап: көне көз, көп білетін білгір.
2-топқа:
«Сабасына түсті»
Жауап: Ашуы тарқағаннан кейінгі адамның көңіл-күйі.
«Қамшының сабындай»
Жауап: қысқа ғұмыр
«Күміскөмей»
Жауап: ерекше дауысты әншіге айтылытын теңеу сөз.
Паш ету – жария ету.
Ән жасырылады (Жаса Қазақстан әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.
Ендігі кезекті есепшіден екі топтың ұпайын білейік.
VI айналымға да келіп тоқтадық.
Бұл нағыз шешуші кезең. Әр ойыншыға екі әріп тиесілі. Мен қойған сұрақтарға осы әріптердің көмегімен жауап берулеріңіз тиіс. Топ басшылары сөздің дұрыс шығуына көмектесеміз.
Дұрыс жауап 1 ұпай.
Кезекті 1-топқа береміз. К-Р, И-Е, І-И ,З-С
(Киіз) – тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен басылады. Қазақтардың байырғы ұлттық баспанасы, ……. үй.
(Кісе) – күмісті белдікке таққан былғары қалта; кіселі белдік
Алтын шекпен ерге жарасар,
Алтын кісе белге жарасар
(Есік) – киіз үйдің йсықырлауық дейтін бір бөлшегі
(Сері) — ертеде халық өнерпазды кім деп атаған?
Кезекті 2-топқа береміз.
Н-Р , О-И, Т-М, А-Г
(Нота) — музыкалық дыбысты қағаз бетіне түсіретін белгі
(Орам)- өлшем бірлігі; кеуде, мықын, белді айналдыра өлшейді
(Гимн) — салтанатты ән
(Отан)- менің елім, атамекенім
Ән жасырылады (Ақ көгершін әні ) әнді ажыратып топпен орындайды.
Ендігі кезекті есепшіден екі топтың ұпайын білейік.
Ал енді ойыншылар міне біз нағыз шешуші кезеңді де сәтті аяқтадық. Олай болатын болса, жеңімпаздарымызды ортаға шақырайық. Бүгінгі “Елім менің” интеллектуальды-танымдық сайысының жеңімпазы болған топ марапатталады!
Құрметті көрермендер, қымбатты ойыншылар!
Азат еліміз, байтақ жеріміз, жаны жомарт ұл-қыздарымыз аман болсын.
Келесі кездескенше жүзіміз нұрлы, күніміз шуақты болсын ағайын.
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектеп
Музыка пәні мұғалімі Г.М.Баймуханова
Технология пәні мұғалімі Г.Қ. Азаматова