«Аңқау арыстан» ертегісі тақырыбындағы сабақ жоспары

0
4052
«Күн дидарлы-Қазақстан!»
Күні: Мектебі: Қызылүй орта мектебі
Пәні: Әдебиеттік оқу Мұғалімнің аты – жөні: Әділова Ұлболсын
Сынып: 2«А» Қатысушылар саны: 13

Қатыспағандар: 0

 

Сабақтың тақырыбы: «Аңқау арыстан» ертегісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (мақсаттары)

шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;

шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу;

мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру.

Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: Ертегіні іштей оқып, идеясын түсінеді, кейіпкерлердің мінез-құлқын ажыратып, портретін сипаттайды.
Оқушылардың басым бөлігі: Өз пікірін білдіреді, салыстырады, ой қорытады.
Кейбір оқушылар: Шығарманың идеясын ашады, кейіпкерлерді салыстырады, дәлел келтіреді.
Ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийі:

Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды;

Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқиды;

Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрады.

Пәнаралық байланыс Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта, слайд, көрнекі суреттер
Құндылықтарды дарыту Оқушылар топпен, жұппен жұмыста бір-біріне көмектеседі, бірлескен жұмыс атқарады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

2 мин

Сабақтың ортасы Оқылым-тыңдалым

10 мин

7 мин

 

3 мин

5 мин

 

Оқушылармен амандасу, бүгінгі күнге сәттілік тілеу.

Ширату жаттығулары. «Кір жайғыш жіп» арқылы халық ауыз әдебиетіне жататын сөздерді «сөздер банкасына» салу.

Топқа біріктіру. Балмұздақ таяқшаларын түсіне қарай таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ алдында жатырған конверттің ішіндегі жұмбақты шешу арқылы топтың атын өздері табады және сол арқылы бүгінгі өткелі отырған тақырыптың кейіпкерлерімен танысады. І топ. Арыстан ІІ топ. Түлкі ІІІ топ. Есек

І топ. Бір аң бар қайраты көп,болған күшті

Басынан өткізеді әрбір істі. (арыстан)

ІІ топ. Өзі ширақ,өзі қу

Жүрген жері айқай-шу (түлкі).

ІІІ топ. Әр түрлі,орта бойлы, ұзын құлақ

Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (есек). -Бұл қандай жануарлар?Олардың мінез-құлқы жайлы не білеміз?

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Ұжымдық жұмыс. Белсенді оқыту. Саралап оқыту. «Оқы, ойлан, бөліс» Мәтінді топтар бөліктерге бөліп оқып, әр топтан бір оқушы шығып «Автор орындығы» әдісімен бір оқушы шығып, ертегіні баяндайды.

Дескриптор: шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқиды.

Кері байланыс: Топтарды отшашу әдісі арқылы бағалау.

Топтық жұмыс. Қарқынға қарай саралау

І топ «Бүгінгі менің кейіпкерім» суреттермен жүмыс.. Суреттен бүгінгі тақырыпқа сай ертегіні тап, мәтіннің қай жері суреттелген?

Дескриптор: шығарманың тақырыбына сай ертегі кейіпкерлерін табады, оқиғаның соңын болжайды.

ІІ топ «Әдебиет лотосы» кестесі.белгілі бір уақыт ішінде кестені толытру.

Шығарма атауы: Авторы: Кейіпкерлері кім: Қандай жағымды, жағымсыз қасиеттері ұнамайды? Кейіпкерге ұқсағың келе ме? себебін түсіндір.

Дескриптор: Кейіпкерлерге көркемдегіш құралдар арқылы теңеу айтады, салыстырады, дәлел келтіреді.

ІІІ топ «Жаңсақ пікір» Әр бағанда бір сөз артық, ол басқа кейіпкердің сөзі, соны табу.

Кез болады. Қулығына басады.

Ауырып қалады.

Хал-жайын сұрайды. Шомылып кетуге кетеді.

Айқай салады.

Мұңын шағады. Тұра ұмтылады.

Соңынан ереді.

Дескриптор: ертегі кейіпкерлеріне қатысты сөйлемді табады

Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі.

Сергіту сәті. «Атомдар және молекулалар»

Жұптық жұмыс. «Екі бөлімді күнделік» әдісі. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін жазады және сипаттап жазады.

 

Басты кейіпкерлер Басты сипаты

Дескриптор: ертегі кейіпкерлерін жазады, сипаттайды

Бағалау: «Шапалақ» әдісімен мадақталады.

.

Қима қағаздар

АКТ

Жұмыс дәптері

7 мин

Кері байланыс:

Балмұздақ таяқшасы арқылы кез-келген оқушыдан жауап алу . Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Аяқталуы

2 мин

Рефлексия «Бағдаршам» әдісі.

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ