«Аңдар бізде қонақта» атты дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ

0
4638
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Білім беру саласы«Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Аңдар бізде қонақта»

Мақсаты: Балаларға жаттығудың адам денсаулығына пайдасы мен шипасы туралы түсіндіре отырып іс жүзінде көрсету. Балалардың дене белсенділігін дамыту,денелерінің түзу сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу.

Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру,салауатты өмір

сүру салтына тәрбиелеу, ептілікке, төзімділікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,ойын.

Құрал  — жабдықтар: доп, гимнастиклық  орындық,

 Әрекет  кезеңдері   Тәрбиешінің   іс- әрекеті  Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберін қимылмен жасайды.

Жүру  түрлері.

Балалар, қараңдаршы,

бізге бүгін көптеген

қонақтар келіп қалыпты

қонақтармен  амандасайық.

Біз қандаймыз қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Денемізді сергітіп

Жаттығуды бастаймыз.

Бір -бірінің  артынан жүру.Тізені көтеріп жүру.

Өкшемен жүру

Аяқ ұшымен  жүру.

«Аю жүрісі» аяқтың сыртқы  жағымен .

«Қоян сияқты секіру» екі аяқты қосып бірге секіру.

Баяу жүгіріс. Тізені жоғары көтеріп жүру. Тез жүгіру

Демдерін басу

Екі  қатарға бөлу.

Жалпы  дамыту  жаттығулары доптармен.

Б,қ, аяқ арасы сел ашық, екі қолда доп төмен.

1- доппен  қолды көтеру

2 – созыл, аяқ ұшына тұру.

3 – қолды төмен түсіру.

4 – табанмен тұру , дем шығару.

Б.қ  аяқты  иықтың деңгейіне  ұстап, сол қолда доп қолтық астында.

1 — Сол жаққа иілу.

2 – допты ауыстыру.

3 – оң жаққа қайталау.

4 –қалыпқа келу.

 Екі аяқ  қосулы. Допты екі қол мен ұстау  төменде.

Екі қолды  жоғары  көтеріп , созу.

Еңкею, қолды  тізе деңгейіне  түсіру., допты жерге тигізу.

Екі қолды алға , тізенгі бүгіп отыру.

Екі  қолды жан –жаққа созу.

Қолды иыққа қою .

Айналып жүру.

Негізгі жаттығулар:

Гимнастикалық  орындық үстімен етбетімен жатып сырғанау, тунел ішімен  допты басымен домалатып шығу.

Шығыршықтан- шығыршыққа қос аяқтап секіру.

Сатымен  өрмелеу.

Қимылды ойын: «Ақ қоян»

Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.

-Қояным,қояным ұйқыңнан тұршы

Бет-қолыңды жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Көлегіңді киші,

Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі.

Рефлексивті коррекциялаушы

Бүгінгі  оқу -қызметі сендерге ұнады ма?

Денсаулығымыз мықты болу үшін  денемізді шынықтыруымыз керек пе?

Бүгінгі оқу қызметіне  барлығыңда жақсы қатыстыңдар,  балалар  сендерге  рахмет.

Күтілетін нәтиже:

Игереді:Доппен жаттығу жасауды,құрсаудан құрсауға секіру арқылы, доғаның астынан еңбектеуді, гимнастикалық орындықта жыланша жорғалауды.

Түсінеді : Жаттығудың денсаулыққа пайдасын,аңдар арасындағы достықты

Жасайды: Нұсқау бойынша, өз беттерінше.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ