«Көктем аруы» сайысы

0
2023
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Көктем аруы» сайысы

Мақсаты:

Білімділік:   Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.

Дамытушылыққыздардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелілік: көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, апайлар, аналар, бүгінгі « Көктем аруы» атты «Айгөлек» ортаңғы тобының қыз сыны байқауына қош келдіңіздер! Көктемнің  алғашқы мерекесі құтты болсын!

Бірі көркем бірінен,

«Айгөлектің  арулары
Көпшіліктің тілеуінен,
Жаралғандай бәрі-бәрі
Ару көрсең тасыр көңіл,
Айналаға  нұрын шашқан,
Жаса тірлік,жаса өмір!
Бақыт осы ойнап күлген.
Балдырғандар арасында.
Қызғалдақтай жайнап күлген,
Арулардың бәрі осында- деп кішкентай ару қыздарымызды ортаға шақырайық

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келді міне ортаға толқып — тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Мадина   қыз өнерлі,

Бойға өнер жиған қыз

Ұлданай  қыз білімді,

Меңгерген бар ілімді.

Гүлсая  қыз елгезек

Алады тез тіліңді.

Адамдықты жаны сүйген қашаннан,

Жасмин қыз  қатарынан қалмаған.

Назым  алдында талай іс тұр,

Болашақта жандырар үміт  отты

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға -деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасын сайлайық.

Балабақша меңгерушісі   Қ. Мырзағалиева

Әдіскер Ж. Жүмиева

Ата –аналар төрайымы: Т.Жаңбырова

Тәрбиеші: —Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

«Тегін білу — тектілік» (өзін-өзі таныстыру)

Білім сайысы.

«Мықты болсаң тауып көр» (мақалды жалғастыр)

Сурет салу. (Анама сыйлық)

Өз өнерін көрсету

Тәрбиеші :

Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Ата-салтын ертеңге,

Жеткізетін өздерің, — деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.

Тәрбиеші :

Ал, арулар сұраққа қалайсыздар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал, сан қилы, сан – сауалдан,

Дұрыс жауап берсеңдер жарайсыңдар.

Сұрақ – жауап .

  1. Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
    2. 4 –санының көршісін ата .
    3. Үй құстарын атап бер.
    4. « Шалқан» ертегінің кейіпкерлерін атап бер.

2-бала:
1.Қазір жылдың  қай мезгілі?

2 Үй жануарларын атап бер.

  1. 5 санының көршілерін ата.
    4. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.
3-бала:
1. Қандай геометриялық пішіндерді білесің?
2. Табиғат нешеге бөлінеді?
3. 2  -санының көршілерін ата.
4. Үйшік ертегісінің кейіпкерлерін ата.

4-бала:
1. Рәміздерді атап бер.

2.Жабайы жануарларды ата.
3.3 — санының көршілерін ата.
4 «Жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.(қасқыр , ешкі , 7 лақ)

5-бала
1. Бөбекжайдың  аты қалай аталады.
2. Дала құстарын ата.
3. 6 — санының көршілерін ата.
4. «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін атап бер.(Атай , әжей, бауырсақ, қоян ,қасқыр, аю, түлкі)
  1. Шебер болсақ, тіл байып ,

Шешендіктер бір ғайып,

Мақал –мәтел үйреніп,

Тілімізді шыңдайық. (мақал жалғастыру)

1.Еңбек етсең  ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

2.Оқу білім азығы

Білім өнер қазығы

  1. Білетінім бір тоғыз

Білмейтінім тоқсан тоғыз.

 

  1. 1. Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың  жаны тәтті

  1. Білім басқа бітеді.

Қына тасқа бітеді .

  1. Дос жылатып айтады .

Дұшпан  күлдіріп айтады

 

  1. Ана сүтін ақтамағанды ,

Ешкім  мақтамайды

  1. Дос ы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды
3. Адам туған жеріне

Ит тойған жеріне.

  1. Досы көппен сыйлас,
    Досы азбен сырлас.
    2. Бата менен  ер  көгерер

Жаңбыр менен  жер көгерер

  1. Білімді мыңды жығады.

Білімсіз бірді жығады.

1.Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
2. Адам аласы ішінде ,

Мал аласы   сыртында.

  1. Ата ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің

  1. Қыздарымыз өздерінің қолдарынан сурет салып аналарына сыйлық жасайды. ( ақ қағазға) 
Тәрбиеші:

«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай өнер сайысын бастаймыз.

 Мадина «Варись , кашка.» биін орындайды.
Ұлданай.  Ән: «Құттықтаймын мама» әнін орындайды.
Гүлсая: «Ақ әжем» әнін орындайды.
Жасмин: « Ақ көгершін »әнін  орындайды.
Ерсұлтан:

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар!
Аян.

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжемізді ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Рамазан:

Анa дейміз бәрімізде  аңқылдап ,

Анa дейміз жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі  өмірдің

Ана  деген – алтын қазық, алтын бақ.

Қуандық:

Әлпештеген  әжем қымбат

Қамқор болған  анам қымбат

Бірге ойнаған  досым қымбат

Көмектескен інім қымбат

Білім берген ұстаз қымбат.

Арданат:

Анам  мені күнім  — дейді

Мен мұңайсам  уайым жейді

Анам мені «Күнім»- дейді

Мен қуансам  күлімдейді.

Бақдәулет:

Таусылмайды өлеңі

Күнде   айтып  береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит  алып келеді

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Нұрсейіт:

Еркелесем күлім дейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан  иіскеп  мені

Құлыншағым , күнім дейтін.

Мадияр:

Маған қымбат  жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық  аналардан таралған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.

Карим:

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам мені мәпелейді жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге ,

Мен қиналсам табылады  қасымнан.

Жанер:

Асыл анам алтын  жан , асқар тауым,

Арайланып  алдымнан атқан таңым.

Әлпештедің, әлдилеп, аяладың,

Әр кез менің ән – күйім, сая , бағым.

Тәрбиеші: Бүгінгі сайыста аруларымыздың алған жалпы ұпайлары бойынша аруларызға:
  1. Әдепті қыз.
    2. Көркем қыз.
    3. Сұлу қыз.
    4. Ибалы қыз.
    5. Сүйкімді қыз
    — номинациялары берілді.

Тәрбиеші: Өмірдегі ең асыл жан — Ана. Сол үшін балалар аналарымызды, әжелерімізді, қыздарымызды сыйлайық, ардақтайық, құрметтеп жүрейік.

Құрметті аналар, әжелер, ұжымдастар мерекелеріңіз құтты болсын.Сәбилердің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт әкелсін!

Сау саламатта болыңыздар!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ