Ә.Нұршайықов шығармашылығына арналған ашық сабақ

1
8384
Әзілхан Нұршайықов

Тақырыбы: «Ерлік пен Махаббат жыршысы»
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру;  
Тәрбиелік: Оқушыларды батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: Шығармаларындағы кейіпкердің ұлағатты өмірін аша білуге және ерлік тұлғасын мүсіндей білуге бағыттау.

Сабақтың түрі: ақпараттық, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау,сұрақ-жауап,талдау, мәнерлеп оқу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Әзілхан Нұршайықовтың кітаптары, бейне материалдар

Барысы:

Бүгін біз Әзілхан Нұршайықовтың өмірі және шығармашылығы жайында ақпарат аламыз. Сабақ аяғында сол мәліметтерді қортындылау мақсатында сұрақтар қойылып және шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқып сайыс өткізетін боламызү

Нұршайықов Әзілхан (15.12.1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы . Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Нұршайықов “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген.

Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық — күміс медалінің (1987) иегері. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» (1957), «Халықтар достығы» (1984), 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен «Ерен еңбегі үшін» (1995) медалімен марапатталған. Жұбайы — Өзбақанова-Нұршайықова Халима Қалиакбарқызы (1922-2001), оқытушы, әдеби серігі болған.

Жазушы жайында негізі ақпараттырды алдық енді осы бойынша сайысымызды бастаймыз.

  • Бөлім «Өмірбаян сыр шертеді»

Сайысқа таңдап алынған 3 оқушыға билет сұрақтары беріледі.

Жазушының Қаһармандық рухтағы шығармаларын атап бер!

Әзілхан Нұршайықовтың негізігі мамандығы?

Жазушының әскери шені?

Әзілхан Нұршайықов соғысқа қашан, неше жасында аттанды?

Қай еңбегі үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді?

Әзілхан Нұршайықов қашан дүниеге келді?

Жазушының туған жері?

Әзілхан Нұршайықовтың жарының аты?

Махаббат пен әсемдікті суреттеген шығармаларын атап бер

Жазушы қандай оқу орындарын бітірген?

  • 2-Бөлім

Келесі тапсырмада  Жазушының «Ақиқат пен Аңыз» және «Махаббат, қызық мол жылдар» романдарынан үзіндіні мәнерлеп оқу тапсырылады.

1. Зымырап келе жатқан поездың есігінен етектегі елге қарап отырған менің есіме данышпан Жиренше түсті. Хан қасында көп жүріп, ел аралап, орда, сарайларда ұзақ-ұзак қонақ болып, үйіне қайтқан кедей Жиреншенің сирағы жаман лашығына сыймай, сыртқа шығып жатса керек. Хан ордасындағыдай мамық төсекте емес, лашық ішіне төселген өлең шөптің үстінде рақаттана керіліп жатып, Шіркін, менің өз үйім, кең сарайдай бөз үйім деген екен дейді. Мен жолдасымның бетіне қарадым.

 — Тәкең, үйіңе жетуге асығып келесің бе? — дедім.

— Е, үйіне жетуге кім асықпаушы еді, — деді ол.

Мен ауылға баруға асықпайтынымды, Алматыда қалып, оқуға түсетінімді айттым.

— Сенің оқуыңа болады. Ал менің басыма ешбір оқу қонбайды, — деп ол өз басын жұдырығымен тоқылдатып қойды.

— Мен барамын да елдегі бір жақсы қызға құлындай шыңғыртып құрық саламын. Маған одан басқа оқудың керегі жоқ. Мен күлдім.

— Күлме, — деді ол. — Оқуда да жақсы қыздар көп болады. Аузыңды ашып, босқа қарап жүрмей, сен де солардың бір тәуірін нысанаңа ал. Сөйтіп, мен кеше ғана эшелоннан түстім, қыздар. Бүгін міне сендердің орталарыңа келдім. Мен сендердің ағаңмын, досыңмын, қыздар. Мен сендердің бәріңді де жақсы көремін…

2. Көнілді бес жүзінші поезд деп аталатын әскерден қайтқан солдаттар тиелген қызыл вагонды ұзын составтын Қазақстанның шеткі, шағын станцияларының біріне келіп тоқтағаны көз алдыма елестеді. Тәкен деген жолдасым вагонган қарғып түсті де, поезға сүт, айран, жұмыртқа алып шыққан әйелдердің қасына барды одыраңдап.

 — Апалар, амансындар ма, бәріңізге мың сәлем — деді ол бас иіп.

 — Айран бар ма?

— Бар, шырағым, бар, — десті әйелдер.

Жолдасым бір банка айранды басына бірақ кетерді. Содан соң түбінде қалған жұғынын жинап алып, бетіне жақты. Кап-қара жігіттің беті алабажақ боп шыға келді.

 — Мұның не, шырағым, — деді айран иесі қартаң әйел танданып.

— Мұным — қуанғаным, апа. Сұрапыл соғыстан аман келіп, туған жерге табаным тиіп, сіздей апамның қолынан айран ішкеніме қуанғаным. Туған елдің дәмін татқаныма қуанғаным, айранның қалғанын бетіме жаққаным — балалық күнім есіме түсіп, еркелегенім, апа. Сізге еркелегенім, Қазақстанға, халқыма еркелегенім. Әшейінде сөзге олақ, кеудесі орден мен медальға толы, аңқылдақ, батыр жолдасымның сол бір сөзі керемет шешендік болып шықты.

  1. … 1943 жылдың жазында біздің құрамамыз — 100-Дербес атқыштар бригадасы 2- Балтық майданыньщ бір шетінен екінші шетіне ауыстырылды. Атап айтқанда Великие Луки қаласының түбінен Ловать өзенінің жағасына барып жайғастық. Жорықпен жолда кетіп бара жатқанымда менің қолыма «Знамя» журналының сол жылғы 5-номері тиді. Сол журналда Александр Бек деген автордың «Панфиловшылар алғы шепте» атты повесінің басы жария- ланған екен. Мен онда Бек дегеннің кім екенін білмейтінмін, ондай жазушы барын да естімеген болатынмын. Бірақ Панфилов дивизиясын, одан шыққан 28 батыр есімдерін, Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаров сол дивизияның түлектері екенін жақсы білетінмін. Сондықтан болар, мен бұл повестен бас алмадым. Күндіз тоқтай қалғанда күннің жарығымен, түнде қонған жерде ай сәулесімен оқыдым. Оқыған тарауларды жол- жөнекей жауынгер серіктеріме баяндап та отырдым. Содан соң, алғы шепке сол журналдың 6-номері және келді. Панфиловшылар туралы повестің жалғасын түнде, ай қараңғы болғандықтан, зеңбірек касына келіп отырып, аккумулятордың жарығымен оқыдым. Повесть те бітті, аккумулятордың да жарығы таусылды. Әрине, менің мұным тәртіп бұзғандық, тіпті қылмыс еді.

 

Сайыс аяғында  оқушыларды бағалау, мадақтау.

Қорытынды

Әзілхан Нұршайықовтың сөзімен аяқтау (бейнематериал)

 

 


1 ПІКІР

  1. Рақмет! Материалдарыңыз көп көмегін тигізді. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ