Жоспар:
Кіріспе
- Ақша түсінігі.
1.1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі, экономикалық мәні
1.2 Несие ақшалар
1.3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы
1.4 Ақша табиғатының ерекшелігі
1.5 Ақша айналысының заңдары
- Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
2.1 Қазақстандағы ақша реформалары
2.2 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге
2.3 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары
2.4 Қазақстанның карточка жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан — бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша — ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді.
Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
- ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
- онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
- тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны.
Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі — мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде – Ақшаның түсінігі, ақша қызметінің эволюциясы, қызметі, оның түрлері және де ақша айналысының заңдары туралы айта кетемін.
Екінші бөлім – Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы. Толығырақ айтқанда, ақша реформалары, ҚР ұлттық валютасы — теңге , теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу және Қазақстанның карточка жүйесі.
1.Ақша түсінігі
1.1 Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Ақша қызметінің эволюциясы.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.
Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша .
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар — барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.
Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атуға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. Былай деген “біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде колданды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде кұлдарды пайдаланды. Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері — зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, тағы басқа..
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды.
XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер колданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі салмағының жүйесі нақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма — бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.
Монеталардың пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.
Егер де монетаның номиналды құны, сол монетаның құрамындағы металдың құнына тең болса, онда ол – толық құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз – билонды ақша деп атаймыз.
Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:
Биметаллизм – Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады.
Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады.
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
XIX ғасырда социал утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген».
Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.
Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана «патша арағында» ериді.
Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады — электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі.
Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 % кұрады.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп тұр.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де колданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұнымен ежелгі уақыттарда алхимиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды алды. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:
- жалпыға тікелей айырбасталу;
- айырбас кұнының дербес формасы;
- оның сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау, мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі кысқарды және тек коғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны тікелей пайдаланудың көлемі едәуір кеңейді.
Акшанын айырбас құнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада колдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды баска банктерге сатуы және тағы баска.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның акшалай тауар ретіндегі рөлі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша кызметтерін атқару рөлін орындауды тоқтатты дейді.
1.3 Несие ақшалар.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналу мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.
Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады.
Несие ақшалардын негізгі турлеріне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.
Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.
Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол
ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келеді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз — кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өту арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы- кәсіпорын, тауарларды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.
Вексельдер жай және аудармалы болады.
Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор — вексель берушінің (трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушы (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат төлеуге келісімін көрсететін оның қолын койған түріндегі акцептен соң ғана тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен (векселъдік тапсырма) қамтамасыз етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде және аллонжда (косымша бетте) аваль ретінде саналсын деген жазу болады.
Сонымен вексель — несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады. Вексель айналасында бірнеше тұлға катысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII ғасырдың соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді. Ол алтынмен пара-пар болды, себебі кез келген уақытта сақталып жатқан металға айырбасталады.
Банкнота өзінің мәні жағынан — бұл банкирге арналған вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамасыз етілген: вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын қоры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген).
Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялар тәртібінде жүзеге асады.
Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде шығару банкнотаардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана занды төлем құралы болып табылады.
1993 жылы біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша — банкнота болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.
Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті акшалар айналасы чекпен байланысты.
Чек — бұл шот иесі чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы.
Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай чек бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген кызметтер үшін есеп айырысуға колданады.
Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар (қызметтер) сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирленген сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады, осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады. Содан соң осы чек төлеушінің банкіне жіберіледі, онда жеке шоттан чекке көрсетілген сома алынады. Сөйтіп чек — несие ақша ретінде қолданады.
Өркендеген мемлекеттерде чек айналымынын жедел каркынмен өрістеуі біраз қиындықтарға дұшар еткен. Мысалы, 50-70 жылдары АҚШ-та 90%, Ұлы-британияда-60%, Жапонияда-25% отбасы чек кітапшаларын пайдаланған. АҚШ-та күніне 100 млн. чек толтырылып, чек айналымының шығындары жылына 11 млрд. доллар кұраған. Шығындарды азайту мақса-тында чектерді есептеуге автоматты жүйе енгізіліп, төлемнің басқа экономикалық формаларын іздестіру колға алынған. Қазақстан Республикасында чектерді пайдалану 1993 жылы тоқтатылды. Оның себебі: жалған чектердің пайда болуы коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарында дебеттік қалдықтың болуы және тағы басқа.
Несие карточкалары (электронды акциалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өтеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға беретін атаулы құжат.
Әлемде пластикалық карточкалардың оннан аса дебеттік және кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол акша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және тағы басқа.
Қазақстан Республикасында несие карточкаларын енгізудің қадамдары жасалған. Осылайша, кезінде Әлембанк (қазіргі ТұранӘлемБанк) өзінің «Виза» несиелік карточкасын енгізген. Павлодар,
Өскемен, Ақсудың халықтары несие карточкаларын пайдалануда.
Сонымен қоса ТұранӘлемБанк қызметкерлерінің, несие карточкалары бар.
Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі рөлі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға колайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды.
Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйе жұмысының тиімділігін арттырып, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.
Несиелік карточкаларын пайдалану ақша айналасы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналымының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл «ақшасыз шаруашылықты» жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.
Банктік автоматтар (БА) — ол клиентке банк кызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операииялар жүр-
гізуге мүмкіндік беретін кұрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырып, тек қолма-қол ақша беруге колданылды. Біртіндеп БА колдану масштабы өзгеріп, ол жүргізетін операциялардың шеңбері кеңейді. Қазір олар халыққа үнемі және көп қызмет көрсететін жерлерде орнатылуда. БА — тың тетігі-пластикалық дебеттік карточка. Ол — банктік шот иесінің мағлұматтарды және жүргізетін операциялар түрі жазылған арнаулы магниттік жолақ.
Терминалдар — сауда орындарында, ресторандарда және тағы басқа сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйесіне төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен қатар сатып алушының төлем қабілеттігі туралы хабарды кері алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Терминалдарды енгізудің мақсаты — қолма-қол ақша айналысын қысқарту.
Үйде банктік қызмет көрсету — ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның жай түрі — телефонмен тікелей байланысу арқылы — жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді. Ал жеке компьютерді немесе монитордың экранын пайдаланып, клиент банктің компъютеріне қосылып, коммерциалық хабар алуға; өзінің ағымдағы шотын, салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан соманы білуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен танысуға; бағалы қағаздармен операция жүргізуге, салық төлеуге және басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, электрон төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма-қол акшаны азайтуға кең жол ашады.
1.4 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы.
Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.
- Ақша кұнды өлшеуші ретінде.
- Ақша, айналым кұралы ретінде.
- Ақша төлем құралы ретінде.
- Ақша корлану кұралы ретінде.
- Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде.
Ақша құн өлшемі ретінде.
Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы қажетті шығынмен тең. Олай болса тауар өндіру, басқаша кызмет көрсету үшін, алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін, солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың өзіндік құны екі элемнттен тұрады. Біріншісі, жоғарыда айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені, ол түгелімен, жаңадан шығарылған өнімнің өзіндік құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің кұны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік кұнына косылатын, еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының кұны да әрбір тауар өндірушілерде бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техника мен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әр түрлі. Алайда кез келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады.
Тауар өндіруші осы тауарды шығару үшін 10 сағат уақыт шығарса, екінші тауар өндіруші 13 сағат жұмсады. Тек, осының салдарынан, бірінші өндірушінің тауарының өзіндік құны 650 теңге болса, екінші өндірушінің тауарынің өзіндік құны 800 теңге болады. Бірақ ол өзінің тауарын 800 теңгеге сата алмайды. Өйткені, мұндай тауардың нарықтық бағасы 700 теңге. Осының нәтижесінде, бірінші өндіруші шығарған шығынын қайтарып, оның үстіне 50 теңге пайда тапса, екінші өндіруші 100 теңге, шығын шекті. Егер осындай тауардың саны жүздеген, мыңдаған болса, пайда да, шығын да соншалық көбейеді.
Ақша айналыс құралы ретінде.
Ақша айналыс кұралы кызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші колға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз козғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, акша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта аспайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал баска нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі акщаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, акшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне кызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс кұралы крызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпарациялардың және тағы басқа қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- Оны идеалды ақшалар емес, накты ақшалар орындайды;
- Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес, оны ауыстырушылар — ақша белгілері орындайды. Бірақ бұл несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы кызметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір-несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер акцианың айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың кұнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы ретінде.
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем акрі түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем кұралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да кызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдері төмендегідей етіп топтауға болады:
- тауарларды және кызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- чек акрі төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке к,атысты к,аржылык, міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несие бойынша борыштық міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелер;
- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем кұралы ретінде айналыс құралынан өзара
айырмашылықтары бар. Бұл кызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем кұралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған кызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның кұн өлшемі және айналыс құралы ретінде кызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау кызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы кызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заирі өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол акшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады.
Ақша — қорлану және қазына жинау құралы ретінде.
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттілігі Т- А -Т айналымының екі актілерге Т — А және А — Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты — таза қазына- формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан акшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттілігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы акшалар материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз акшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында ақша жинау кызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш рөлін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сактандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінде монетарлық алтынның қалдығы 4178,1 млн. теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы кызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы кызмет негізінде олар корлану кызметін жүзеге асырады. Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым кұралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
- кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл кызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.
Дүниежүзілік ақша қызметі.
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар кызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу кұралы ретінде қызмет етеді.
Бұл кызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: “Ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді , яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді”.
Бірақ алтын айналасы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық есеп айырысулардың 80 %-зы ағылшын фунтстерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана кызмет етті. 1976 жылы ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына кызмет көрсетіп жүр.
Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғалармен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу, оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды.
Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, евро, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оның өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.
Бреттон-Вудстағы {1944 жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР — арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ — еурапалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі » евро» айналымға шықты.
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктердің өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
1.5 Ақша табиғатының ерекшеліктері.
XX ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Барлық жерде де алтын жоғарыда аталған бес қызметін атқаруды қойды, еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді; ешбір елде алтын айналыста болмайды, алтын төлем құралы қызметін де атқармайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар – доллар, евро, иендер т.б. арқылы жүзеге асады.
Сонымен алтынның айналыстан шығуы оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ, эквивалент рөлін атқаруды доғаруы. Осы жерде мынадай өте қиын теориялық сұраққа жақындаймыз. Қазіргі ақшалардың мәні, табиғаты жалпы қандай? Өйткені кімге де болса анығы қазіргі уақытта асыл металл ақша емес, қағаз ақша – ақша. Ақшаның барлығы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге байланысты?
Батыстың экономикалық теориясында бұл сұрақ бойынша пікір талас жүріп жатқанына кемінде екі ғасыр болды.Егер қағаз ақша салыстырмалы сиректік қасиетінен айырылатын болса, онда оның бағалығы төмендейді. Сондықтан қағаз ақшаның құны туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның саны туралымәселемен тығыз байланысты. Ақшаның мәні оның қызметтерінен шығады (ең алдымен құралы және айналыс құралы ретіндегі)
1.6 Ақша айналысының заңы.
Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек койылатын.
Ақша айналысы деп — қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өпдіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Тауар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде кызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы-несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы — ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналасының объективті негізі — тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым козғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функицяларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы акша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның кызмет көрсетуі тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекакрі, зейнетакрі, стипендия төлеу үшін, банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі — қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақшаа банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жылдары қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз ақша айналысы өрістеп жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысуларының 25-27%-зы ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек несиелік карточкалар, тағы басқа көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қома-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймады.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуына мүмкін.
Сонымен бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:
- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы; - тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша
айналымы; - ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл,
қағаз несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
2.Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.
2.1 Қазақстандағы ақша реформалары.
Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды.
Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. колма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.
1991 ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.
1992 ж қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейді Орталық банкі деп қайта құрып, кеңестік рублъдің (сол кезде жоқ мемлекеттің) басты эмитенті кызметін атқаруды соған міндеттейді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттілігін тудырды. Республикалар өздерінің, егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады.
Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамыз ететін жалғыз эмиссиялық орталық — ақша шығаратын станок — біреу, ол Москвада еді. Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды. Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва). 1992 ж маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 10000 және 50000 сом шығарды.
1992 ж. шілдесінде Ресей Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей Банкімен күнбе-күн екі жақты төлем есебін жүргізу туралы талап қойды. Қолма-қол ақшасыз өзара есеп айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді.
Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша кұнсызданып, оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайды.
Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша, несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті. Бұл біртектес ақша зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі еді. Келесі іс-әрекет — өзінің ұлттық валютасын енгізу — болмай қалатын процесс.
Ол 1992ж маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусияның өз ұлттық валюталарын енгізумен жалғасты.
1993 ж. мамырында Қырғызстан, тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгізді. Сөйтіп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.
1993ж. 15 мамырында Минскіде рубль зонасында қалған мемлекеттер рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол қойды. Онда койылған міндет:
ТМД елдерінің іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындылық болуы. Бұл ең маңыздысы — рубль зонасынан шығатын мемлекеттер айналымнан шығарылған КСРО-ның банкнотасын толық көлемінде оларды жою үшін Ресейдің Орталық банкіне қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.
Бұл міндеттемелерді орындау-айналыстан шығарылған банкноталарды кеңестік ақшаны пайдаланылатын елдерде қайтадан айналысқа түсіру мүмкіндігін жою болатын, яғни бір ел екінші елдің жерінде валюталық алыпсатарлықпен айналысуын алдын ала сақтандыру еді. Бірақ екі келісімді де ешкім, оның ішінде Ресей де, орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993 ж. Түркменстан, Әзірбайджан, Армения, Молдова тастап шықты.
Сол кезде аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік зона құру туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ Ресеймен белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер жүргізумен қатар бір уақытта, 1993 ж көктемінде жаңа Ресейлік 1993 ж үлгіде рубль шығарып, оны өз жерінде Қиыр Шығыстан енгізе бастады.
Сол кезде рубль зонасында үш мемлекет — Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған еді.
1993ж. 23 шілдесінде Ресей Банкісі 1961-1991 жж. шығарылған кеңестік үлгідегі ақша белгілерін және 1992ж шығарылған ресейлік 5000, 10000, 50000 рублъді айналыстан шығаратыны туралы және айырбас бір апта жүретінін хабарлады. Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемінде белгілеген болатын. Екі күннен соң Ресей Президенттің Жарлығымен айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйегіне дейін ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтіледі.
Сөйтіп, 1992-1993 жж. Егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуге орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992 жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.
1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1993 ж. наурызында Англияда Харрисон және ұлдары атты жеке фирмада қажетті ұлттық валюта — 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңге дайындалып, Алматыға жеткізілген.
1993 ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:
- 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта — теңге енгізді.
- 1993 ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір занды төлем кұралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді. Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500 рубль 1 теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта — сом және теңге айналымда қатар жүрді.
Қазақстан Республикасының жасы 16-ден асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалану құқығы болмады.
Қазақстан Республикасының Ұ лттық банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4,7 теңгеге тең болды.
Сөйтіп, 1993 ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашкы ұлттық валюта — теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап ҚР-да өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жібермей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резервы қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттың валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.
Халықаралық валюта қоры ҚР-да ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стенбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180млн. доллар берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлтық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығымен қамтамасыз ету қажет.
Айналымға теңгені инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2,5 айда, яғни 1994 ж. 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2,5 есе төмендеді. Келесі 4 айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы долларға 11,58 теңгеден 43,3 теңгеге жетті.
1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына алғашында қазыналық векселъдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізген 1993 ж. 2500 процент болса, ал 1994 ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995 ж. ҚР-ғы инфляция 58 процент болды.
1997 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, ҚР-на валюталық түсімдер біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25 процентке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағалығын одан әрі төмендетті. 1994 ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфлюцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998 ж. күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.
1999 ж. сәуірінен ҚР үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премъер-министр былай деген: Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногында сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір децгейде ұстап отыру үшін жұмсап келеді. Ендігі жерде олай болмайды…
ҚР-ның төңірегіндегі елдерде — біздің негізгі сауда әріптесімізде — ұлттық валюталардың бағамы күрт кұлдырап кетті. Мысалы, Ресей рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай 4 есе төмендеді. Сол валюталармен салыстырғанда теңге тез қымбаттады және біздің тауарымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз туралай бастады, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. ҚР-ның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 млрд. 300 млн доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 млрд. 250 млн долларға қысқарды.
… Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттың тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік… Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда…
Міне осы тұрғыдан алғанда, жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар — теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек .
Сонымен, ҚР теңгесі міне 11 жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады.
2.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге.
Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады.
Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9%, 1996 жылы – 15,4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17%, ал 2002 жылы – 3,25% болды.
Негізінен, теңгенің он жылдық тарихын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар).
1995 жылдың аяғында – 8,2% болған ЖІӨ өсу қарқыны төиендеуінің сақталуына қарамастан, осы кезеңнің аяғында инфляцияның деңгейін 60,3%-ға дейін төмендетуге қол жетті.
1993 жылғы қарашада теңгенің енгізілу кезіне қарай Қазақстанның банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын: екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істеді, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банке орталық банктің бірқатар функциялары берілді. Бұл өз валютвмызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуін едәуір жеңілдетті.
Банк секторын едәуір сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 1993-1996 жылдар арлығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге азайды.
2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)
Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына ықпал етті. Жекелеген банктер қайта ұйымдастырылды.
1998 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан рыноктық қатынастар негізінде құрылған және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген үш деңгейлізейнетақы жүйесіне көшті.
3-кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап).
ЖІӨ—нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2003 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6% болды.
Соңғы 3 жылда инфляцияның орташа жылдық деңгейі 13,2% —дан 5,9%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Инфляция 2003 жылдың 10 айында (2002 жылдың желтоқсаны – 2003 жылдың қазаны аралығында) 4,2% болды.
Инфляция қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта қаржыландыру ставкасын Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге — 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Банк секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Әсимданкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.
Банк жүйесінің тұрақтылығы нығая түсуде. Оның валюта баламасындағы жиынтық меншікті капиталы 1,4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан жетекші орында (43 млн. АҚШ доллары).
Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5,1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) – 2,1 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.
Банктердің ресуртық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда банктердің экономикаға кредиттері 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті (ЖІӨ-нің 22%-ы). Қазіргі кезде бенк активтерінің 57%-ға жуығы кредиттер түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.
2.3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары.
Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.
Экономикда ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып , экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.
Ақша-кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді ноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк векселдері қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады.
Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыр ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқы мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді.
Банк жүйесінің өтімділікті реттеудің қосымша құралы тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізу болып табылады. Болашақта бұл операциялар банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген 1 қаңтардан бастап күшіне енетін соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлтты банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта Ұлттық банк инфляция бойынша бағдарларды ғана белгілейтін болды. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға қатыспайды.
Теңгенің айырбас бағамының өзгеру қарқыны төмен және тұрақты болуы экономикадағы жағдайдың тәуір екендігін көрсетеді. Осы орайда таяу перспективаға Г.А. Марченконың сөзіне сүйенсек: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген өзгерісткрге сәйкес Ұлттық банктің негізгі мақсаты – осы жылдан бастап Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.
Ұлттық банк сыртқы рынокта қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтау ниетінде, ол ақшаға сұраныс пен ұсыныстарға байланысты бағамның өзгеруіне негіз болады. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды».
2.4. 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары.
Өткен 2003 жыл Қазақстанның қаржы секторы үшін мерейтой жылы болды – 15 қарашада ұлттық валютаның енгізілгеніне 10 жыл толды. 10 жыл ішінде Қазақстан қаржы секторының барлық сегменттерін дамытуда қомақты нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда едәуір дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған болып табылады. 2003 жылы барабар ақша-кредит саясатын жүргізу қаржы рыногында тұрақтылықты қамтамасыз етті , сонымен қатар елде жоғары экономикалық өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді.
2003 жылы орташа жылдық инфляция 6,4% болды. Жыл бойы валюта рыногындағы жағдай теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаюы үрдісімен сипатталады. Теңгенің нығаюы ішкі валюта рыногына шетел валютасының едәуір әкелінуіне ықпалын тигізді. Шетел валютасының әкелінуі әлемдік рыноктағы энергия ресурстары бағасының жоғары болуына, мемлекеттік меншікті («Қазақмыс» корпорациясы» АҚ, «Ақтөбемұнайгаз» АҚ) жекешелендіруден түскен түсімдерге, сондай-ақ корпаративтік сектор мен екінші деңгейдегі банктердің сыртқы рыноктардан қарыз алуына байланысты экспорттық валюта түсімінің едәуір көлемінің түсуі себепті еді.
Өткен жылы теңге нақты алғанда АҚШ долларына қарағанда 12,4%-ға нығайды, ал еуромен және Ресей рублімен салыстырғанда тиісінше 6,9%-ға және 5,4%-ға құнсызданды. АҚШ долларына қарағанда, теңгенің едәуір нығаюна қарамастан, тұтастай алғанда басқа елдерге – негізгі сауда әріптестеріне қатысты Қазақстан экспортерлерінің сыртқы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз еттін шарттар 2002 және 2001 жылдармен салыстырғанда 2003 жылы әлдеқайда қолайлы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың қаңтарында АҚШ доллары мен еуроға қарағанда теңгенің нақты нығаюы тиісінше 3,2% және 0,4% болады, ал Ресей рублімен салыстырғанда теңге 0,6% құнсызданды.
2003 жылғы едәуір маңызды оқиғалардың ішінен елдің сыртқы экономикалық позициясының нығаюын атап кетуге болады. Алдын ала бағалау бойынша, төлем балансының ағымдағы шоты 0,2 млрд. доллар профицитпен қалыптасты, тауарлар экспорты 13 млрд. доллардан асты (2002 жылы 10 млрд. доллар), тікелей инвестициялардың нетто-әкелінуі 1,9млрд. долларға жуық (2002 жылы 2,15 млрд. доллар) болды. Сыртқы қаржыландырудың елеулі ағыны сондай-ақ республика бантері мен кәсіпорындарының сырттан заемдер тартуы есебіне қамтамасыз етілді.
2003 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 58%-ға 4958,9 млн. долларға дейін ұлғайды, бұл 4,8айдан астам уақыт тауарлар мен қызмет көрсету импортының орнын жабуды қамтамасыз етеді. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 69,3%-ға 8565,2 млн. долларға дейін өсті. 2004 жылғы қаңтарда олардың одан әрі ұлғаюы 9,4% болды.
Қазақстанда ақша базасы – 52,2%-ға 316,9 млрд. теңгеге дейін, ақша массасы – 26,8%-ға 969,9 млрд. теңгеге дейін, қолма-қол ақша – 47,6%-ға 238,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2003 жылы экономиканы монетизациялау 17,3%-дан 22 %ға дейін өсті.
2003 жылы қаржы секторының негізгі сегментері – банк секторында дамудың жоғары қарқыны сақталды.
2003 жылы екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері 46,5%-ға 1,7 трлн. Теңгеге дейін (11,7 млрд. АҚШ долларына жуық), ал жиынтық меншік капиталы – 45,1%-ға 233,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2003 жылы халықтың (резидент еместерді есептегенде) салымдарының өсуі жалғаса түсті, олар 33,4%-ға 343,2 млрд. теңгеге дейін (2,4 млрд. АҚШ долларына жуық) өсті. 2003 жылы банктердің ресурстық базасының айтарлықтай өсуі банктердің экономиканың нақты секторына кредиттерінің 45,5%-ға 978,1 млрд. теңгеге дейін (6,8 млрд. долларға жуық) өсуіне ықпал етті.
Барлық қадағалау функцияларының 2004 жылғы 1 қаңтарда құрылған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттікке берілуіне байланысты Ұлттық банк өз қызметін сапалы дамытудың келесі сатысына өтеді. Енді негізгі күш-жігер өз ақша-кредит саясатын және валюталық реттеуді дамытуға шоғырландырылатын болды. Таяу жылдардағы басым бағыт ретінде ақша-кредит саясатын Еуропалық одақ стандарттарына барынша жақындату айқындалды.
2004 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:
- Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.
Ұлттық банк 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.
2004 жылы ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6% шегінде ұстап тұру ретінде қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны есептеу әдістемесі бекітілгеннен кейін және ол бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзелетін болады.
Сыртқы рыноктарда Қазақстан тауарларның бағалық бәсекелестік қабілетін қолдау үшін ұлттық банк ақша сұранысы мен ұсынысына байланысты бағамның ауытқуына себеп болатын теңгенің өзгермелі айырбас бағамы режимін сақтауға ниеттеніп отыр. Соған сәйкес, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарлар белгілемейді.
Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылы валюталық режимді ырықтандырудың екінші кезеңін (2004-2007 жылдар) іске асыру басталады, оның мақсаты валюталық операциялар жүргізуге шектеулерді жою және ағымдағы сияқты, күрделі операциялар бойынша да 2007 жылдан бастап Қазақстан теңгесінің толық айырбасталуына өту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Ұлттық банктің алтын-валюта резервтеріне 3 айдан астам уақытқа тауарлар мен қызмет көрсету импортының орнын жабуды қамтамасыз ететін деңгейде қолдау көрсетілді.
Ақша агрегаттарының жылдық өсуі экономикалық өсудің жоғары қарқындарын сақтауды қамтамасыз ететін болады.
Ақша-кредит статистикасын және бухгалтерлік есепті жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың шоттарын енгізе отырып, шоғырландырылған негізде қаржы қаржы секторына шолу жасау жоспарлануда.
Төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша бірыңғай ұлттық желі (Төлем карточкаларының микропроцессорлық технология негізіндегі ұлттық банкаралық жүйесі) құруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету бұрынғыдай Ұлттық банктің құзырында қалады. Осы міндетті шешуде Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен тығыз үйлестіріп отырады.
Кредиттік ставкаларды төмендету мен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеді кеңейтуге ықпал ету бұрынғыдай маңызды болып отыр. Осы міндетті шешу үшін Ұлттық банк жанама әдістерді, атап айтқанда, қайта қаржыландыру ставкасын біртіндеп төмендетуді пайдаланады.
Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлікке берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелдерін төмендету арқылы «Кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Заңның қабылдануы ықпал ететін болады.
Бағалы қағаздар рыногын дамытудың басты міндеттерінің бірі ұжымдық инвестициялау нысандары арқылы халықтың жинақ ақшасын тарту механизмдерін жетілдіру болады.
Ұлттық банк Алматы қаласын аймақтық қаржылық орталық ретінде дамыту жөніндегі жұмысқа белсенді түрде қатысуға ниеттеніп отыр, бұл болашақта Қазақстан қаржы рыногының халықаралық аренадағы тұрақтылығын арттыруға және тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ең соңында, Ұлттық банк Бірыңғай экономикалық экономикалық кеңестік (БЭК) қалыптастыру жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың жұмысына белсенді түрде ат салысуға ниет білдіріп отыр.
2.5 Қазақстандағы карточка жүйесі.
Қазақстанда бүгінгі күні 2,0 млн. жуық қазақстандық (халықтын 13%-ы) төлем карточкаларың иеленушілері болып табылады. Оның ішінде 96 %-ы – үш жетекші банктің: «Халықтық банкінің», «ТұранӘлемБанкінің» және «Казкоммерцбанктің» клиентері. Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын қабылдау үшін 824 банкомат және 4068 РОS-терминал, оның ішінде 2551-і – сауда кәсіпорындарында орнатылды.
Төлем карточкаларының 70%-ға жуығы – VISA төлем жүйесінің карточкалары. Одан кейінгі орында «Халықтық банкінің» Altyn карточкалары, «MasterCart» халықаралық төлем жүйесінің карточкалары және «ТұранӘлемБанкінің» «Alemcart» локальды карточкалары. Қалған карточкалар — American Express, Diners Clab карточкалары және басқа банктердің локальды карточкалары.
Өкінішке орай, төлем карточкаларының мүмкіндіктері бізге әзірше толық көлемде ашылған жоқ. Көптеген карточка иеленушілер үшін оларды бірден-бір пайдалану орнына жақын жердегі банкомат болып табылады. Қолма-қол ақша алу төлем карточкалары бойынша жасалатын барлық қаржылық операциялардың 97%-на жуығын құрайды.
Және барлық «операциялар» шоттағы қалдықты білумен және жалақы, зейнетақы немесе стипендия алумен шектеледі. Төлем карточкаларын қабылдайтын сауда нүктелері әлі де өте аз (4%-ын ғана қамтиды).
Есеп айырысудың қолма-қол жасалмайтын нысанын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2.07.02 ж. №713 қаулысымен «Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлтық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы» (ТКҰБЖ) бекітілді.
Ұлттық банктің бастамасы бойынша және қазақстандық 11 банктің қатысумен ТКҰБЖ басқару үшін арнайы ұйым — «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы құрылды. Visa халықаралық төлем жүйесінде сертификаттау туралы ресми растауды алып, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы қосу мәселелерімен белсенді айналысуда, бірінғай ұлттық төлем жүйесін құру мәселесін талқылауда, сондай-ақ ТҚҰБЖ шеңберінде микропроцессорлық карточкалар үшін бірінғай ұлттық стандарттарды ендіру мәселелерін пысықтауда.
ТКҰБЖ-ның негізгі мақсаты мыналарды қамтиды:
- ақша айналымында бақылауды күшейту және қолма-қол ақшаның көленкелі айналымын азайту;
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеудің тетігін жетілдіру;
- коммуналдық төлемдер жинау, көлік, байланыс қызмет көрсетулеріне ақы төлеу процестерін оңтайландыру;
- бюджеттік (салық, кеден) және өзге де міндетті алымдарды қолма-қол емес нысанда жүзеге асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологиясын қолдану;
- қолма-қол ақша эмиссиясына жұмсалатын шығыстарды қысқарту.
Жалпы ұлттық міндеттерді іске асыру мақсатында барлық банктерді бірінғай процессингтік ұйым арқылы жұмыс істеу үшін біріктіру банктердің эквайринг бизнесін неғұрлым тиімді жасауына, ал босаған қаржы ресурстарын пластикалық карточкаларға қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамытуға және банктік қызмет аясын кеңейту үшін бағыттауға мүмкіндік берді.
Сонымен, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:
- микропроцессорлық технологиялар базасында төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру;
- халықаралық және ұлттық карточкаларды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы ұлттық эквайринг желісін қалыптастыру.
Қорытынды.
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, металл бұйымдары және тағы басқа. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.
Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т ), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар щеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.
Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Сонымен, ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал Қазақстанға келетін болсақ, ұлттық валюта – теңгенің он бір жыл айналымда болуы, Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне теңгені енгізуді тарихи маңыздылығын объективті түрде баға беруге мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер:
- Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва «Просвещение», 1994 г.
- Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стэнли Л.Брю “Экономикс” т.1. 1992 ж.
- М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
- 4. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики” т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.
- 5. “Деньги и кредит” 12/1995г. Изд. “Финансы и статистика”.
- 6. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург «Санкт-Петербург Оркестр» 1994г.
- 7. “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.
- 8. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.
- “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
- “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
- “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.