Ақша айналыс заңы (курстық жұмыс)

0
3550
Иллюстрация: Freepik.com

Жоспар:
І Кіріспе
1.1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы
1.2. Ақшаның мәні және қызметтері.

 ІІ Негізгі бөлім
2.1. Ақша жүйесі және оның экономикалық мәні.
2.2. Инфляция және оның экономикалық мәні.
2.3. Бағалы қағаздар нарығы.
2.4. Валюта жүйесі, валюта курсы, халықаралық есеп айырысу.

ІІІ Қорытынды.

Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар –бұл сату немесе айырбастау үшін жасалған еңбек қнімі. Адам еңбегінің өнімі зат, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудырта отырып , тауар формасынқабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болудағы обьективті алғы шарттарды құрайды.

Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтынушы өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,онда оны дайындауға кеткен уақытың рәсуа болғаны,мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әр бір тауар қажетті тұтыну құныналу құраоы бола отырып ,өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.

Ақша қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында , айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.(1балта- 5құмыра,1қой 1-қап бидай және т.б. ).

Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі.

Ақшаның өмір сүрудегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылды. Тауар және ақша бір –бірінен бөлінбеді. Ақша айналысы болмаса ,онда тауар айналысыда болмайды.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент

Ақша жалпы бірдей эквивалент , ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны белгіленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: (Табиғат ақшаны жаратпайды, алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген).

Ақша -өндіру мен бөлу процнстерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

  • Жалпыға тікелей айырбасталу,
  • Айырбас құнының дербес формасы,
  • Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаның пайдалану кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социолизм жағдатында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлу мен ғана шектелді.

Кәсіпорындар ,жер,орман, жерасты сатып алынбады. Казіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүрумен байланысты , жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей қткізумен байланысты емес. Ақшанің бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық бөлшектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру , Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің , олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Ақша қызметінің эволюциясы.

Ақшанің әр бір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын , тауар өндіріушілердің өзара байланысының формасы ретінде әлеуметтік- экономикалық маңызының белгңлң бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарды: құн өлшемі, төлем құралы, қор және қазына жинау, дүниежүзілікақша.

Ақша құн өлшемі ретінде.

 Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауарға , құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі-ол жқмыс уақытын емес , осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

 Ақша айналыс құралы.

 Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып , өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

  • Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы.
  • Оның идеялды ақшала емес, нақты қолма -қол ақшалар орындайды.
  • Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын) , оны ауыстырушылар-ақша белгілері орындайды.

 Ақша төлем құралы.

Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы Міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес.

Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса , яғни тауар төлемақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса , онда бұл жағдайда ақшалар төлем құрал қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құрал ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес ғ сонымен бірге қаржы-несие қатынастары да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:

  • Тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер.
  • Еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер.
  • Мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер.
  • Банктік қарыз , мемлекеттік және тұтыну несие бойынша борыштық міндеттеме.
  • Сақтандыру міндеттемелері.
  • Әкімшілік сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

Ақша қорлану және қазына жинау құралы ретінде.

Аөша төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айырылуымен байланысты.

Дүниежүзілік ақша ретіндегі шартты есеп бірліктері.

Тауар шаруашылығының кеңейуі , шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүние жүзілік нарықтың пайда болуы, дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болады.

Сөйтіп ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуы мен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойына ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.

Тауар айналысының тарихи даму процесіне жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, бақалшақ, метал бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінң себептерін түсіндіреді.

Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай- ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтын мен жүргізілсе , бұл күндері қағаз несие ақшалармен жүзеге асуда.

 Ақша айналымы және ақша айналысы.

Ақша айналымы туралы ұғым жөне оның құрылымы.

 Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90- жылдың орта шеніне дейін ТМД елдердің басылымдарында ақша айналымы және ақша айналысы деген ұғымдарға анықтама берілген.

Ақша айналымы деп- колма- кол ақша мен колма-кол емес ақшаның қозғалысын айтады. Экономиканың әр үлгісі бұл үғымдардың мәні мен кұрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді: Жоспарлы-орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:

— қолма-кол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардьң шығаратын өнімдерін алдын-ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық коғамдық енім өндіріс кұралдары және тұтыну заттары (өнімдер мен кызмет көрсету) түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда коғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетакы және т.с.с.) сәйкес мемлекетгік сауда жүйесі аркылы бөлінеді.

— мемлекет заңмен ақша айналымьн: колма-кол ақша және колма-кол емес ақшаға бөліп, ақша айнамының қай түрі кандай бөлу жүйесіне кызмет атқаратын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша козғалысы халыктың акшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал колма-кол емес акша қозғаласы өндіріс кұрал-жабдыктарын бөлуді көрсетеді;

— ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалык заңдармен реттеледі;

— ақша айналымы біртектес мемлекетгік меншік формасына кызмет көрсетеді;

— акша айналымының алғашкы және қорытынды кезендері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізеді;

— қолма-қол ақша және колма-қол емес ақша белгілерін тек мембанк монополды құқықпен шығарды;

— мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен шұғылданады.

КСРО негізінде құрыған ТМД елдерінің нарықтык қатынастарға өту кезінде жүргізілген іс шараларынан кейін (бағаны босату, мүлікті беймемлекеттендіру және т.б.) акша айналымында өзғерістер болды.

Нарықтык экономика үлгісі жағдайындағы акша айналымына тән ерекшеліктер:

-ақша айналымы негізінен шаруашылықты нарықтық қатынастарға кызмет жасайды,ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды;

— қолма-кол ақша және колма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;

— ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялык банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады; — ақша айналымы әртүрлі меншік формасы жағдайында жүреді;

— ақша айналымының алғашқы және корытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әртүрлі коммерциялык және мемлекетгтік банктерде шоғырланған;

— қолма-қол ақша және қолма-кол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді;

— қолма-қол ақша эмиссиясын Орталык банк жүргізіп, ал колма-кол емес акша белгілерін коммерциялық банктер шығарады.

Сонымен, ақша айшишмы деп қолма-қол және қолма- қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін акша белгілерін айтамыз. Бүл анықтама ақша айналымының мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.

Ал металл акша жүйесіндегі әрі тауар, әрі ақша айнапымы ретінде олардың құны айналымда жүреді. Себебі металл монетаның (алтьн немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уакытта жүрді, Сондыктан қүн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.

Қазіргі ақша айналымын құн айналымын деп атауға болмайды. Оған себеп- қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құньмен салыстырғанда өте төмен.

Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының бір бөлігі. Сонымен ақша айналысы дспбелгілі бір мерзімде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер соммасына тең ақша айналымының бір бөлігі. Ал акша айналымы деген қолма- қол ақша мен қолма-қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айрысуын қамтамасыз ететін ақшаның кызметі.

Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымы.

 Айналыста тек қолма-кол ақша жүргендіктен оны ақша айналысы деп атайды, Айналыс және төлем құралдары ретінде накты ақша белгілері (банкноталар, казыналақ билеттер және ұсақ монеталар) айналыста жүреді.

Қазақстан Республикасында қолма-қол ақшаны Ұлттык банк банкнота түрінде эмиссиялайды (ҚР- ның ақша өлшемі- теңге), екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма-қол емес формада төлеп алады.

Қолма-қол ақша негізінен халықтың ақшалы табысынан және жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігін салық, жарна, сақтандыру төлемін, қарызды өтеуге, бағалы қағаздар мен лотарея сатып алуға, жалгерлік ақы және т.с.с. төлеуге жұмсалады.

Қолма-қол емес ақша айналымы{ төлем айналымы)- ол банктегі шот иесінің жазбаша бүйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметін атқаруы. Ол бүкіл ақша айналымының басым бөлігін ( 90-пайызға жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушілер мен сатып алушыларының банктегі шотына немесе жазу түрінде, немесе олардың талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Есеп айрысу операцияларын жүргізу үшін әртүрлі шоттар қолданады. Олардың арасында кең тарағаны: есеп айрысу және т.б. шоттары. Қолма- қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және каржы міндетгемелері бойынша болып екі топқа бөледі.

Бірінші топқа тауарлар мен кызметтер үшін қолма- қол ақшасыз есеп айрысу, екіншіге бюджетке төленетін төлемдер және бюджеттен тыс қорлар, банктік борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды үйымдастыруға әр елдің тарихи және экономикалық дамудың ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы: ең алғаш 1775ж. Үлыбритания чекті , векселді, кейін АҚШ чекті қолдана бастаған , ал Германия- жирошотты , ТМД-ға мүше- мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданылады. Қазіргі кезде пластикалык карточкаларды колдану қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды үйымдастыруда ең бір прогрессивті құрал екенін әлемдік тәжірбие дәлелдеді.

Олардың көптеген түрлерінің Ішінде , негізінен, магнитті жолағы бары кең колданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары корғалу дәрежесі микропроцессорлы карточканы аиналымға енгізу үшін белсенді жұмыс жүргізілуде . Банктердің есеплесу операциялары: инкоссо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.

Инкассо— әртүрлі кұжаттарды пайдаланып, клиентердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердің ақша түсіру операциясы. Инкассоға чектер , вексельдер, болғалы кағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.

Инкассалық операцияның екі түрі бар: Жай инкассо- клиенттің банк арқылы коммерциялык құжатсыз койған төлем талабы негізінде банктІң үшінші жақтан ақша талуға міндеттенғен операциясы. Кұжатты инкассо- үшінші жаққа клиентпен алған құжатты көрсету және оны тек төлемді қолма -қол алғанды немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктІң жүргізетін операциясы.

 Аудару операциясында клиент банкіне өз шотынан белгілі — бір сомманы көрсетілген жакқа аудару жөнінде тапсырма береді.Бүндай операцияны жүргізгені үшін банк комиссиялық акы алады.

Аккредитив (латын сөзі- «сенемін»)- бір банктің екінші банкке аккредитивте көрсетілген шарттарды орындағанда белгілі бір сомманы жеке немесе заңды тұлғаға төлеу жөнінде берген жазбаша тапсырмасы.

Аккредитивтің негізгі түрлері: ақшалы және құжатты. Акшалы аккредитив- атаулы ақшалы құжат. Онда белгіленген мерзім ішінде аккредитивте көрсетілген сомманы түгел немесе бөліп-бөліп оны иемденушіге төлеу жөнінде корреспондент- банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив-келісім-ол бойынша

эмитент-банк клиенттерінің нұсқауымен және оның өтініші бойынша үшінші жаққа төлемді жүргізу немесе оның үкімі бойынша төлеуі және ол берген аударым вексельді акцептеуі, кұжаттарды есептеу немесе сатып алуы керек.

Электрондық төлем жүйесіол қағазсыз тасымалдаушы электронды сигнал жіберу аркылы ақша соммасын аудару банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін колданылады. Банк клиентгеріне қызмет көрсететін электрондық төлем жүйесіне:

  • автоматтандырылған есеп айрысу палатасы;
  • банктік автоматтар;
  • сауда үйымдарындағы терминалдар;
  • үйде банктік қызмет көрсетулер жатады.

Банктік автоматтар -ол клиентке банк қызметкерлерінсіз банктік электронды есептегіш машиналарға қосылып, өз бетімен операциялар жүргізуге мүмкіндік береді.

Терминалдарсауда орындарында, сауда үйымдарында есеп айырысатын қызметкерлер банк жүйесінде төлем операциялары туралы хабар беруге және оны сол жүйеге қосуға, сонымен катар сатып алушының телем кабілеттілігі туралы хабар кері алуға мүмкіндік беретін қүрылғы.

Метал ақша айналысы.

 Ақша өзінің материалдық- заттық құрылымы жөнінен метал ақшалар және қазыналык билеттер болып екіге бөлінеді. Метал акшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі пайда болды.Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірак формасы жоқ метал сынықтарынан орнына әртүрлі массалы метал кесектері айналымға түскен.

Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі ХІП ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болды. Осыған байланысты қазіргі уакытта кептеген ақша елшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы: фунт, стерлинг, ливр, марка-«жарты фунт» деген үғым. Ал фунт -қазак- орыстың бүрынғы 409,5 грамдык өлшеміне тең екен. Киев

Русінде ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы рубль деп аталған. Металл ақшаның алғашқы түрі — құйма металл, оның формасы да әртүрлі болған (шыбык, сым, табақша және т.б.)

Қағаз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары.

 Металл ақша айналысының объективті заңдылықтары және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның қажетгілігін арттырып, ақшаның дербес кұны жоұ ақша таңбаларымен айырбастау мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды:

— біріншіден, акша құн өлшемі кызметін қолдағы алтын ақша емес, ойдағы ақша айналыс құралы ретінде атқару ерекшелігіне;

— екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шапшаң, ілезде атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасына акша делдал болуына байлаңысты.

— бүл мүмкіндіктің іс-жүзіне айналуы біраз себептерді қамтитын тарихи ұзақ процесс;

-монетаның табиғи ысылып тозуының толык құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы. Мысалы: 1809-1829ж.ж. Еуропа елдерінде монетаның тозу себебінен 19млн. фунт стерлинг монета айналыстан шығарылды; мемлекеттің және жеке адамдардың — жасанды ақша жасаушылардың монетаны бұзуы.

Қағаз ақша ( » декретные деньги»- өкіметтің қаулысымен кабылданған -«заңды ақша») ол толык құнды акшаның орнына айналым және төлем құралы кызматтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте айырбасталмайтын ақша белгісі. Өз құны болмағандыктан қағаз тұрақсыз, тек кұнсызданады. Қағаз ақшаның құнсыздануына әртүрлі себептер әсер етеді:

  • бюджеттің тапшылығын жоюға шығарылған ақша эмиссиясы;
  • әскери және баска өндірістік емес шығындар;
  • еңбек өнімділігінің құлдырауы;
  • тауар массасының төмендеуі;
  • пассивтік төлем баланысы;
  • ақша шығаратың үкіметке сенімнің төмендеуі т.б.

Несие ақшалары және олардың түрлері.

 Қағаз ақшаға тән кемшіліктер несие ақшаларын пайдалануға байланысты бірсыпыра жойылуы мүмкін. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл — тауар несиеге сатылды деген сөз. Несиені кайтару кезінде несие ақшалары пайда болады.

Демек, несие ақшалары — сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толык құнды ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі акшаның төлем қүралы кызметін атқаруы.

Несие ақшалары да кағаздан жасалады, бірак оларды, әдетте, банктер әр түрлі шаруашылық процестеріне байланысты ( тауарлы -материялдық бағалылықтардың қорын -құру және т.с.с) жүргізілетін несиелік операцияларды орындағанда шығарады . Сөйтіп қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің несие ақшасын беруі мүмкін .

Несие ақшаларының ерекшелігі- оларды шығару іс жүзіндегі айналым қажетгілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны сату процестеріне байланысты орындалады.

Қарыз әдетте белгілі бІр қорлардың құрылуын камтамасыз ету үшін берілсе , ал оны кайтару қордағы құндылықтардың калдығы азайғанда жүргізІледі. Осыған байланысты карызға берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын үйлестіруге мүмкІндік туады.

Несие ақшалардың бұл ерекшелігі — оның кағаз акшадан ең негізгі артықшылығы.

Вексель -телем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу үшін қарыздың сатушыға жазбаша түрде берген қүжаты.

Алғашқыда вексель тауар өндірушілердің төлемді кейінге қалдырып, біріне- бірі тікелей (күжаттарын банк арқылы өткізбей ) тауарлырын карызға сатуы негізінде пайда болады. Сондыктан тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады. Демек, коммерциялық вексель тауармен қамтамасыз етілген.

Коммерциялық вексель — жай және аударым вексель больш екіге бөлінеді. Жай вексельге екі субъекті қатысады. Жай вексельді (соловексель)қарыздар онда көрсетілген сомманы төлеу уақытын көрсетіледі. Аударым векселін көптеген субъектілер пайдалануы мүмкін: вексель беруші, вексель алушы және төлеуші. Вексель беруші— ол вексельді толтырушы және ұсынушы жақ.

Несне ақшаларының келесі түрі — чек. Чек банкке ақша салу және колма -қол ақшасыз есеп айырысу барысында пайда болған.

Чек дегеніміз — оған кол коюшының ағымдағы шотынан қолма-қол ақшаны чек иеленушіге беру немесе баска бір шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша үкім. Чекпеи есеп айрысу несие және банк катынастары өрістеген кезде пайда болады. Чекпен есеп айрысу несие және өрістеген кезде пайда болады. Алғашқы чек 1683ж. Үлыбританияда қолданылған.

Ақша айналыс заңы.

Акша айналысы заңы- құн заңынынңайналыс аясындағы көрінісі. Ол -тауар- ақша катынастары болатын барлык қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қазмет ету үшін қажетті ақша мөлшері ( А мөлшер.) екі факторға бөлінеді: бірІншіден, бір кезеңде, бір жылда сатылуға тиісті тауарлар бағасының косындысына (Стб); екіншіден, ақша айналысының жылдамдығына (А жылдамдық) байланысты өзгереді.

Ақша айналыс заңының мәні — ақшанын айналыс кұралы қызметін орындауы үшін кажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының косьшдысын бір аттас ақша төлшемінін айналым санына бөлгенге теңесуі керек. 1.

Ақша жүйесі және оның экономикальқ мәні

Ақша жүйесі туралы ұғым. Биметаллизм жүйесі

Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі-ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдары мен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі 16-17 ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірак оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар-ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

Ақша жүйесінің типі: ақша — ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша — құн өлшемі кызметін атқаруына байланысты қальштасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:

  • металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
  • несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ кұн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.

Алғашқы капитал жинау кезінде (ХVІ-ХVІІ ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм — ол мемлекет зақды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бүл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша — қос металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

  1. Қатар жүретін валюта жүйесі — онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байлавысты бекітілген.
  2. Қос валюталы жүйе — онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
  3. «Қосалқы» валюта жүйесі — онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем кұралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.

Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде ХVІ-ХVII ғғ. пайда болып, тіпті XIX ғ. аяғына дейін кеҢ қолданылды.

Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.

Монометаллизм жүйесі

Монометаллизм — ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл ретінде (не алтын не күміс) қолданылатын ақша жүйесІ.

Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Үндістанда 1852-1893 жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1852 жж. қолданылды.

Алғашқы алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде XVIII ғ. аяғында ¥лыбританияда қалыптасып, ол 1816 ж. заң жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде XIX ғ. соңы үштігінде, яғни Германияда- 1871-1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Нарвегия, Дания) -1873 ж., Францияда-1876-1878 жж., Австрияда- І892ж., Ресей және Жапонияда- 1897 ж., АҚШ-та-1900 ж. енгізілді [20; 131.]. Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмнің үш түрі болады. Алтын монеталы стандарт (үлгілі) — оған негізгі төмендегі белгілер тән: Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін атқарады;

  • алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
  • айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген кұнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;
  • алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығуға және елге экелуге, сондай-ак алтын нарығының еркін жүмыс Істеуіне рүқсат берілген,

Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы — еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капиталды шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде де, сыртқы сауда да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы (резерв) қоры болуы шарт.

Алтын құймалы стандарт — оның алтын монеталы стандарттардан айырмашылығы бүнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құпиалы стандартта банкнотаның белгілі бір соммасы алтын қүймасының белгілі бір салмағына айырбасталды. Мысалы, ¥лыбританияда салмағы12,4 кг — 21,5 мың франкке теңгерілді [23;69.].

Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт — ол банкнотаның девиздерге (яғни, белгілібір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бүл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бүл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай косалқы жолмен ғана алтын дивизді ақша жүретін елдердің алтын мен байланысы сақталды. Үлттық валютаның түрақтылығын бір қалыпта сақтау дивиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттык валютаның курсының төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатьш алу немесе сату арқылы жүзеге асырады. Сөйтіп, алтын дивизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердІң валютасына тәуелді болды.

1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан шығуын заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемінің алтын құрамы және алтынның ресми бағасы жойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арасындағы есеп айырысудан да алтын алынып тасталды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты.

Банкноталар мен қағаз ақшалар айналысы жүйесі және оның сипаттамасы.

Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан ақша жүйесінІң мазмұны біраз өзгерді. Себебі металл ақша жүйесінде қолма-қол ақшасыз айналым ақша айналысының аз ғана бөлІгін қүраған. Ал 30- жылдырда әлемде алтынға айырбасталмайтын несие ақша жүйесі орнықты. Бүл кезде банкнотаны алтынға айырбастау және оны алтынмен қамтамасыз ету барлық капиталистік мемлекеттерде жойылды. Ақша эмиссиясы негізінен мемлекеттік бағалы қағаздармен қамтамасыз етілді. Ол ең аддымен коғамдық еңбекті үнемдеу — жалпы экономикалық заңның эсеріне байланысты еді. Ақша жүйесінің дамуы ақша айналысымен шығындарын үнемі қысқартатын, сөйтіп қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын, еңбір үнемдІ ақша жүйесінің пайда болуына жеткізеді. Қазіргі қағаз-несие ақшалары жүйесіне тән өзгерітер мьналар:

  • алтынның мемлекеттік ішкі және сыртқы ақша айналымынан шығып, оның қазына қорьна құйылуы (ол қор, негізіне, банктерде сақталады);
  • банктердің несиелік операцияларының негізінде қолма- қол ақша және қолма -кол емес ақша белгілерін шығаруы;
  • қолма-қол ақшасыз айналымның дауының нәтижесІнде қолма-қол ақша айналысының кысқаруы (әлемдік экономикада бұл екі айналымның орташа арақатынасы 1:3 қатынасына тең);
  • мемлекет тарапынан ақша-несиелік реттеу механизімін құру және дамыту.

Ақша жүйесі негізіне мына элементтерден қүрылады:

  • Ақша өлшемі — ол барлық тауарлардың бағасын көрсету үшін қолданылатын заңмен бекітілгне ақша белгІсі. Қазақсан Республикасының 1993 жылдың 15 қарашасынан ақша өлшемі — теңге және тиін. Ақша өлшемі, міндетті түрде, еселі ұсақ бөліктерге бөлінеді. Көптеген мемлекеттерде бөлудің ондық жүйесі бекітілген: 1:10:100 (мысалы, Қазақстанның 1 теңгесі 100 тиінға тең, АҚШ-тың 1-доллары- 100центке,; Іф.с.т.-100пенске; 1 Индонезиялық рупия-100 сенге жэне т.б.);
  • Баға масштабы — ол тауарлар бағасын белгілеу үшін қолданылатын заңмен бекітілген техникалық қүрал. Несие ақшалары алтынға айырбасталмайтындықтан ресми баға масштабы өз экономикалық мэнін жойды. Сондықтаи ішкі тауар айналымында әр мемлекеттің өзінің баға масштабы колданылады;
  • Ақша түрлері — ол осы мемлекетте заң жүзінде қолданылатын төлем қүралдыры — несие ақшасы (банкнота) және қағаз ақшалары ( қазыналық билеттер), сонымен бірге үсақ монеталар. Мысалы, АҚПІ-та айналымда: 100, 50, 20, 10, 5, 2 жэне 1 доллар (500 доллар жэне одан жоғары банкнота шығару тоқтатылған) болатын банк биліктері; 1 доллар 50, 25, 10, 1 цент болатын күміс-мыс және мыс-никель

қоспаларынан жасалған монеталар жүреді. Үлыбританияда айналымда тек банкноталар: 50, 20, 10, 5, Іф.с.т. жэне Іф.с.т., 50,10,2 пенс, 1 және ү пенни монеталары жүреді. Қүны жаңа 10 және 5 пенске теңгерілетін нскі 2 және 1 шиллинг монеталар да жүреді. Қазіргі кезде өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде қазыналық биліктер, яғни мемлекеттік қағаз ақшалар шығарылмайды [23;71.].

  • Эмиссиялау жүйесі — ол заңмен бекітілген ақша белгілерін айналысқа түсу тәртібі. Экономикасы дамыған мемлекеттерде қолма-қол акша айналысының негІзін қүрайтын банктік билеттерді шығаруға орталық банктің монополды (айрықша) құқығы бар. Ал қолма-қол ақшаның шамалы бөлігін (казначейство) шығарады.

Қазақстан Республикасында қолма-қол ақша шығарумен, оны айналысқа түсірумен және айналыстан кері шығарумен тек Ұлттық банк шүғылданады. Үлттық банк басқа банктерге банкнота және тиындарды қолма-қол ақшасыз есептеу арқылы олардың эквивалентін алумен сатады;

Ақша айналымын реттейтін мемлекеттік орган — ол орталық банк, яғни айналыстағы ақша массасын реттейтін орталық банктің ақша-несие саясаты. Ақша-несиелік реттеуге: реттеу тәсілдері; реттеуші органның құкығы жэне міндеттері; реттеудің мақсаты және объектісі кіреді.

Мысалы, 70 жылдан бастап өркендеген мемлекеттер айналымдағы ақша массасының және несиенің өсуін реттейтін мақсатты бағдарларды бекітуде. 1975 жылдан бастап АҚШ-тың федералдық резерв жүйесі (ФСР) Конгресте алдағы 12 айда айналымдағы ақша массасының өсу немесе қысқару қарқынының жоспары туралы әлсін-әлі есеп береді. Бүл жүйе мақсатты бағдарды және ақша қаражатының өсу қарқынын жиі-жиі ақпарат құралдарында хабарлап тұрады;

  • Валюта курсын белгілеу, немесе баға кесу (катировка) тәртібі — ол бір мемлекеттің ақша өлшемінІң екінші мемлекеттің ақша өлшемімен көрсетілген бағасы. (Мысалы, 1 АҚШ доллары -140 теңге). ҚазіргІ кезде ешбір мемлекеттің ақша өлшемінің алтын құрамы белгіленбегеңдіктен, үлттық валютаның сатып алу мүмкіндІгінің ауытқуын, сондай-ақ валюта нарығындағы айырбасқа түсетін валюталарға сүраныс пен усынысты есептейтін баға кесу эдісі қолданылады. Ең кең тараған баға кесу әдісі валюта «қоржынына» негізделген, онда әрбір үлттық валюта «қоржынға» кіретін басқа үлттық валюталардың біразымен салыстырылады.

Сонымен, экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің ақша жүйесіне тән белгілер:

  1. Ақша айналымын басқаруға әр түрлі банктердің катынасуы.
  2. қолма-қол акшамен қолма-қол емес ақша белгілерін шығарумен банк жүйесінің әр түрлі буындарының шүғылдануы. Бүнда қолма-қол ақшаны шығарумен мемлекеттердІң орталық банкі шүғылданса, қолма-қол емес ақша белгілерін әр түрлі меншіктегі коммерциялық банктер шығарады.
  3. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша — төлем айналымдары үғымының арасын заңмен жіктеудің болмауы.
  4. Ақша-несиелік реттеу механизімІн құру және оның дамуы.
  5. Орталық банктІң мемлекеттік апараты арқылы акша жүйесін басқаруды орталықтандыруы.
  6. Ақша айналымын бағдарлы жоспарлау.
  7. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша айналымдарының тығыз байланысы, оның Ішінде қолма-қол емес айналым үлесінің көп болуы.
  8. Салық органдарының ақша каражатын қырағы бақылауы.
  9. Мемлекеттің орталык банкіне салыстырмалы дербестік беру.
  10. Ақша белгІлерін банк жүйесінің активтерімен (алтын, қымбат металдар, тауарлы-материяддық құндылықтар, бағалы қағаздар) қамтамасыз ету.
  11. Шаруашылық айналымына ақша белгілерін мемлекеттің ақша-несие саясатына сай шығару.
  12. Валюта курсын валюталар «коржыны» негізінде нарықтық жүйенің белгілеуі.

Жалпы айырбасталмайтын несие ақшаларына көшу эмиссиясының біржақты икемденуіне және ақша жүйесінің негізі- ақша айналымының объективті қажеттІлігінен туындайтын — ақша шығаруды шектеу принципінің бұзылуына әкеп соқтырды.

Ақша жүйесі шаруашылық механизімінің қүрамдас бөлігі ретінде қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі диспропорцияны шұғыл сезінеді. Кез-келген диспропорция ақша жүйесінің түрақсыздануына, сайып келгенде ақшаның қүнсыздануына, яғни инфляцияға ұшыратады.

Инфляция және оныц экономикалық мәні

Инфляцияның мәні және оның себептері

Инфляцияның мәні — ол тауарлар мен керсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасьшың темендеуі салдарынан ақшаның қүнсыздануы, оның сатьш алу мүмкіндігінің құлдырауы. Иңфляция — қоғамдық үдайы өндІрістегі диспропорцияның көрінісі.

Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез-келген экономикалық формацияға тән қүбылыс. Инфляция үлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық қүрылымдар, халықтың топтары мен мемлекетті және шаруашылык субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

«Инфляция» — қарбау, көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін — латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және с.с. кездейоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумең қаржыландыру ақша айналымының күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның қүнсыздануына әкеп соқтырады.

Ал қазіргі инфляцияға тән біраз ерекшеліктер бар. Олар:

  • егер бұрын инфляция бір жердің шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция елдің бүкіл жерін қамтиды;
  • егер бүрын инфляция бір мезгілде ғана жүрсе, қазіргі инфляция көп уақытқа созылған қүбылыс;
  • егер бүрын инфляция тек ақшының әсерінен туындаса, қазіргі инфляция көптеген ақшасыз және т.б. факторларға байланысты болады. Инфляцияның түбегейлі себептері ақша айналымы және тауар өндірісі арасында болғанымен, оған елдегІ саяси жағдайлар да әсер етеді. Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар — ақшаға сұраныстың тауары ұсынылған болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бүзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақатында шамадан тыс ақша шығаруға байланыты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшаларыньң көптігі; үлттық валютаның корын бірқалыпты үстау үшің үкіметтің қолданатын тәсілдерІ; үлттық валютаның қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.

Екінші топқа тауарлар бағасын жэне шығындарды өсіретін ақшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдық үдайы өндіріс қүрылымыньң үйлеспеушілігі, шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемелекеттің экономикалық іс-шаралары және с.с. факторлар.

Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірІмен-бірі тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.

Алайда, айналымдағы ақша массасы түрақты болған кей жағдайларда да инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 40-70 жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша массасы бір калыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетілғен қызметтің көлемі қысқарып, инфляциялық процестер туындайды. Бүл ақша айналымының шапшаңдығын арттыру өзінің экономикалық тиімділігі жөнінен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.

Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа қүйылады, себебі айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ ол инфляция әсерін күшейтеді: несиені, өндірІке салынатын инвестицияны және тауарлар үсынысын қысқартады. Сөйтіп, инфляция факторлары екі жақты -тауарларды шығаруға және сатуға; ақша массасын және айналым жылдамдығын өзгертуге — әсер етеді.

Инфляция — өндіріс процесінің бүзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлеімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі, әрі көп факторлы қүбылыс.

Инфляцняның түрлері және оііың экономикалық әлеуметтік салдяры Дүниежүзілік тэжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі.

  • экономикадағы қамтитын аумағына байланыты — жергілікті және әлемдік инфляция;
  • жүру қарқынына байланысты — біркелкі (баға үнемі төмен карқынмен өседі), үздіксіз және сатылы (бірқалыпты емес) инфляция;
  • даму қарқынына байланысты — жылжымалы инфляция (ползучая) — онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды;

қарқынды инфляция (галопирующая) — онда бағаның өсуі жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейін (ал кейде 100 процентке)

жетеді; ұшқыр инфляция (гиперинфляция) — онда бағаның өсуі жылына 100 проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 процентке өссе, оны үшқыр инфляцияның ішіндегі аса үшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен үштасса оны стагляция деп атайды;

« эсер ететін факторлар бойынша — сураныс инляциясы және шығын инфляциясы.

Сүраныс инфляциясы ақшалы факторға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы «көтеріліп», соның салдарынан төлім қабілеті бар сүраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның көтерілуіне соқтырады.

Шығын инфляциясы өнімге баға берілуде әсер ететін аұшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол — ең алдымен жалақы телеуге шығындардың өсуі.

Тауар бағасының өсуі кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемін қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады: бағаны көтерудегі жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бүл жалақы мен бағаның «инфляциялық серіппе» теориясы деп аталады.

Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияны бұл түрі өндіріс пен жалпы үлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болды.

Инфляцияға эсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияныңәлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалык өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болды.

Дамушы еддерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланыты төмендегідей жіктеуге болады.

Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, оларда 80-жылдардың аяғы — 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогі мен үнемі индектеу механизмінің қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде үлттық валютаның курсы төмендеді.

Никарагуада, мысалы, 1990ж. ақшаның қүнсыздануы 8500 процентке, Перуде — 8291,5 процентке жетті.

Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесууэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің

жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға жэне несиелік экспансияға (несиені үлғайту) ерекше көңіл беледі. Бүл еддерде қарқынды

инфляция (бағаның жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып, бірен-саран индекстеу жүргізілуде, жүмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.

Үшінші топқа жататын елдер — Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен Арабтар Әміршілігі, Қатар, Сауда Аравиясы, Байхрейн — жергілікті

деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген.

Экономикасы дамыған нарық жағдайда жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару жэне шетел валютасының

құрылуы зор роль атқаруда, жүмыссыздык бірқалыпты деңгейде жүруде.

Төртінші топқа дамушы мемлекеттер элеміне теңгерілген бүрынғы социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және т.б.)- бүл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйеінің нарыққа өту барыында туындайтын объективті процестерге байланысты болады.

Инфляция тежеу шаралары мен әдістері

Инфляцияның элеуметтік-экономикалық зардаптары төмендегі жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуінен; халықтың ақшалы жинағының, шаруашьшык субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының құнсыздануынан; халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуІ меи жұмыссыздықтың көбеюінен; үлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсыньң бұрмалануынан көлеңкелі экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтарынан және с.с. көптеген келеңклі проценттерден байқалады.

Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын тұрақсыздандырудың негізгі әдістері — ақша реформасын жүргізу (ақша реформалары туралы келесі тарауда жазылған) және инфляцияға карсы басқа да саясаттар жүргізу. Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:

  • бірінші жаңа ақша жүйесін қүру -ол алғашқыда металл ақша жүйесін қүрғанда, сонымен қатар мемлекеттік қүрылым өзгергенде, яғни отаршылық (колониялық) жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған тэуелсіз мемлекеттер пайда болғанда және 90-жыддардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдері қүрылғанда бүл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа ақша жүйесі пайда болды;
  • екінші, ақша жүйесінің кейбір елементтерін өзгерту, яғни ақша елшемІн енгізу, баға масштабын ақша түрлерін және т.сс. өзгерту.

Соғыс және революциадан кейінгі жылдары көптеген елдер ақша айналысын тұрақтандыру мен ақша экономиканы қалпына келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады: нуллификация, реставрация (ревальвация), девальвация және деноминация.

Нуллификация — ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан кейінгі үшқыр инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка қүнсызданып, 1924 ж. енгізілген жаңа маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтіп қүнсызданған ескі марка жойылды.

Реставрация — ол ақша өлшемінің бүрынғы алтын құрамын қалпына келтіру әдісі. Мысалы, Англия Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1925-1928 жылдардағы ақша реормасы кезінде функт стерлингтің алтын қүрамы соғысқа дейінгі қалпына келтірілді. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ревальвация ретінде доллармен салыстырғанда үлттық валютаныңресми курсын көтеру арқылы жүргізілді. Содан кейін Халықаралық валюта қоры ақша өлшемінің алтын құрамын тіркеуден өткізді. Мысалы, ГФР үш девальвация (1961, 1969, 1971жж) еткізді, яғни марканың курсы осы он жылдың ішінде үш рет жоғарылады.

Девальвация — ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚПІ долларына шаққанда үлттық валютаның ресми курсын да, оның алтын құрамын да төмендету. Долларды екі рет девальвациялау натижесінде оның алтын құрамы 1971ж. желтоқсанында 7.89%-ке, ал 1973ж. ақпанында 10%-ке төмендетілді. 1973ж.»өзгермелі» валюта курсын енгізген соң, девальвация Еуропа валюта жүйесінде — «реттелетін валюта курсы» топтастығында жүргізілді.

Деноминация — ол «нольдерді сызу» әдісі, яғни баға маштабын ірілендіру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға масштабы 10 есе ірілендірді. 1961ж. шыққан жаңа 1 рубль ескі 10 рубльге тең алмастырылды. 1988ж. Бразилияда енгізілген жаңа ақша өлшемі — нокрузадо бүрынғы құнсызданған 1000 крузадоға эквивалентті болды. 1988ж. Ресейде дерубльге деноминация 1:1000 ескі рубльге арақатынасымен жүргІзІлді. Деноминация-«нольдерді сызу» әдісі, яғни баға масштабын ірілендіру. Мысалы, КССРО-да 1961 жьтлдың бірінші қаңтарынан бастап баға масштабы 10 есе ірілендірілді. 1961 жылы шыққан жаңа бір рубль ескі он рубльге тең алмастырылды. 1988 жылы Бразилияда енгІзілген жаңа ақша өлшемі -нокрузадо бүрынғы қүнсызданған 1000 крузадоға эквивалентті болды. 1998 жылы Ресей де рубльге диноминация 1000 ескІ рубльге арақатынасымен жүргізілді. Қорыта айтқанда инфляциямен күрес эдістері мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін іс-әрекеттің жиынтығы.

Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

Қазақстанда инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік-монополияланған жүйеде нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық шаруашылығында инфляция кептеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.

Қазақстандағы казіргі инфляцияның себептерІн нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы — шаруашылықты басқарудың жоспарлы-бөлу жүйесІ. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастьгруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық үйлесіміздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді. Әсіресе:

  • үлттық өнімді жинақтау қорына бөліп, оның негізінде инфляциялық саясат жүргізуде;
  • құрал-жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;
  • мемлекеттік баға белгілеу жүйесІнде;
  • мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысында;
  • несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.

ҚазІргі инфляцияның бір көрінісі — тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:

біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жыддар аяғьнан бастап бұрынғы нарықтық кұрылымдарды жоя бастауы;

екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономиксында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан, өндірістік құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан тұтыну құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды.

Ол салалар – ауыл шарушылығы , тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша, барлык өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж. -39,5 %, 1940ж. — 61%, 1960ж. — 72,5% болды;

үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның үлттық таңбасының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркенделген мемлекеттерде ол — 15-25 процент болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 1/3 бөлІгін қүрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігІ болды.

Қазақстанда 1992ж. бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. 1993ж. айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өсті; 1994 ж. ақша массасы мен инфляция карқыны әрқайсысы 845 жэне 125 процентке өсті; осы көрсеткіштер 1995ж. 216 және 160 процент болды. Ал 1996ж. ақша массасының өсу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендеуін байқатты.

Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі (ТБИ) керсетеді. Ол үй шаруашылығынын «тұтыну қоржынын» үлес салмағын есептеу негізінде бІрсьпыра тауарлар мен керсетілген қызмет бағасының өсу индексіні қорытьндысымен есептелінеді. Қазақстанда ТБИ 199Іж. белгіленді. «Тұтыну қоржынына» біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді.

Бағаның және тұтыну тауарлары қүрылымының өзгеруі ескеріліп ТБИ-нін құрылымы да әлсін-әлсін қайта қаралады. 1995 жылы әр отбасының бюджетін тексеру нәтижесіне байланысты 1996ж. шілдеден бастап «тұтыну қоржынының» төмендегідей қүрамы бекітілді: азық-түлік — 62,6 процент (бұрынғысы 58,2), 48.].

Тэуелсіз Қазақстан тәжірибесі инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына, монополды қүрылымдардың өніміне және транспорт қызметіне баға белгілеуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауылшаруышылығы өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеуді қажеттілігін анғартты.

Бағалы қағаздар нарығы

Бағалы қағаздардың тарихы мен мәні

Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал соммасына деген қажеттілігі туды.

Оның үстіне теңізден шалғай рьнок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаииялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бұгазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды.

Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI — XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.

Сол кездегі Лондондық брокерлер келісімді тікелей көшеде немесе кафелерде жасаған. Осыдан да болар «көше» рыногы деген атқа ие болуы. Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы, ірі өңдеуші өнеркәсіп орындарыньң құрылуымен байланысты акцияны сату кең өріс алды. Бұған жауап ретінде лондондық брокерлер 1779 жылы королеваның меняльнигінің бір бөлігін жалға алды.

Сөйтіп тұңғыш рет лондондық қор биржасы дүниеге келді, «көше» рыногымен қатар ұйымдасқан рынок тез даму алды. Ол өз кезінде өнеркәсіп пен сауданың дамуына ықпал етті. Алғашқы американдық қор биржасы 1791 жылы Филадельфияда пайда болды, ал 1792 жылы бұған парә пар бүгінде әлемге әйгілі Нью-Йорк қор биржасы құрылды.

Бүгінгі таңда дүние жүзінің 60-тан астам елінде шамамен 200 биржа бар. Солтүстік Америкада — 15 биржа, Еуропада — 100-ден астам, Орталық және Оңтүстік Америкада — 20, қалғандары Африка, Азия және Австралияда. Дамыған капиталистік елде кем дегенде бір-бірден биржа бар. Биржалар жаңадан дамып келе жатқан индустриалды мемлекеттерде де бар, сол сияқты Қьытай мен Венгрияда бар. 31 биржа Халықаралық қор биржаларының федерациясына кіреді.

Бұл федерацияньщ мақсаты барлық акционерлер үшін бірдей құқықпен қамтамасыз ету және бағалы қағаздар рьногының құрылымын үйлестіріп отыру болып табылады. Бастапқыда биржалар акция сатумен емес, үкімет пен темір жол компаниялары шығарған облигацияларды сатумен шұғылданады.

Олар болса ірі машина өндірісінің инфрақұрылымын құруға қажетті қаражатқа мұқтаж болатын. Өткен ғасырдың аяғынан бастап акционерлік меншіктің кеңінен дамуы биржаларды акциялар сатуға мамандарды да облигациялармен жұмыс «көше» рыногына ауысты.

XIX ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған бағалы қағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер ез қолдарьна алды.

Ресейге брокерлік бизнес осы Германиядан келді (аз мөлшерде Франциядан) «Маклер», «биржа», «акция» деген ұғымдар осындай финанс инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді.

Сонымен бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не? Ол қаржы нарығының бір бөлігі екен. Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес), қарызды бір жыддан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар) олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін.

Қаржы нарығын осылайша бөлу Капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы банктің несие жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған бағалы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.

Бағалы қағаздар нарығының маңызды бөлігі ақша нарығы болып табылады, онда қысқа мерзімді {бір жылға дейін) қарыз міндеттемелері бар казначейлік вексельдер айналыста болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшаларын табыс табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққанды қаржы нарығының орын алуы мүмкін емес.

Барлық нарықтар сияқты, бағалы қағаздар нарығы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді. Яғни бағалы қағаздар нарығы сатьп алу, сатумен байланысты экономикалық қатьнастар жүйесін құрайды, Нарықтың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты.

Бағалы қағаздар нарығы тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады. Алғашқы рынокта мемлекеттік және муниципалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны қаржылық және қаржылық өмес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады.

Алғашқы рынокта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаяиялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке адамдар. Олар биржа фирмалармен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигациялар сатьп алады. Бағалы қағаздардың қайталама нарығы эмитент бағалы қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сатуды түсіндіреді. Бағалы қағаздар — спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар.

Бағалы қағаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент {облигациялар бойьшша) және дивиденд (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар бағалы қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар. Бағалы қағаздардың өздері туралы айтатьп болсақ, оның төрт түрі бар. Олар -акциялар, облигациялар, вексельдер және олардан туындайтын қағаздар.

Акция мен облигациялардың инвестициялық сапасы бірдей емес, яғни инвесторлар үшін тартылымдығы әр түрлі. Облигациялар, әдетте акцияларға қарағанда жинақты сақталу кепілділігі молырақ. Әсіресе мемлекеттік облигациялардың төлем қабілеті өте жоғары. Бағалы қағаздардың басқа да түрлері бар.

Мысалы, ордерлер қозғалмайтын мүліктерге қатысты бағалы қағаздар, опциондар, фьючерлік келісімдер. Олар тәжірибелі инвесторлар үшін де, алып сатарлар үшін де тартымды. Инвестицияның сенімділігі мен табыс әкелу тұрақтылығы тұрғысынан ең сапалысы мемлекетгік облигациялар, әсіресе казначейлік билеттер. Олардан кейің жеке облигациялар және ірі компаниялардың «көп дауысты» акциялары. Белгісіз, жаңадан ұйымдасқан фирмалар шығарған акциялар сапасы төмен дәрежеге жатады.

Осыған қарамастан АҚШ — та 120 миллион қызметкердің 47 миллионы акционерлер болып табылады. Осыншама адамды қамтитындай акциялардың қандай тартымдылык; күші бар? БІріншіден, болашақта ескі инвестициялардың еселеп өсуімен байланысты. Айталық, бір акцияяы 100 долларға сатып алдыңыз делік, ал 10 жылдан кейін, егер кәсіпорын жақсы жұмыс істейтін болса, ол акция 1000 доллар табыс әкеледі.

Екіншіден, акция ұстап отырушыларға дивиденд төленіп отырады. Үшіншіден, акцияны ұстаушының дауыс беру құқы бар және кәсіпорын иесі ретінде басқадай да құқықтары бар. Төртіншіден акцияларды сатып жіберу өте жеңіл.

Акционер — кәсіпорынның жеке меншік иесі, осы тұрғыдан оның бірқатар құқы бар, ең аддымен дауыс беру құқы бар. Жылдық және төтенше жиналыстарда акционерлер компаниялардың қызметіне бақылау жасайды. Олар менеджерлер көмегімен бизнесті бағыттап, бақылап отыратын директорларды сайлайды, олар төтенше маңызы бар мәселелер бойынша шешімдерді бекітеді: атап айтқанда, корпорациямен қосылу, бизнес, сату немесе жою, жарғыға түзетулер мен толықтырулар енгізу. Әдетте бір акция бір дауысқа ие.

Дауысқа иелігі жоқ акциялар да болады. Олардың бірақ белгілі бір жеңілдіктері бар. Егер дауыс бермесе оның қандай жеңілдік, ерекшелігі бар деген заңды сүрақ туындайды. Жеңілдіктің бір түрі акция ұстаушыға жүйелі түрде белгіленген мөлшерде дивиденд (облигациялар проценті сияқты) төленіп отырады. Ал енді жеңілдік ерекшелігі, компанияны жабу кезінде осы акция иегерінің бірінші кезекте мүліктерді сатудан түскен түсімнің бір бөлігіне ие болу құқы бар.

Бағалы қағаздардың қозғалысы мынадай үш фазадан тұрады: аптаның үштен екісі, жаңадан бағалы қағаздарды ойластыруға, шамамен осындай уақыт оны алғашқы орналастыруға кетеді, ал осылардан кейін бағалы қағаздардың өзіндік айналымы басталады. Қайталама рынок «көше» рыноктарымен биржалардан тұрады. Ол екі түрлі қызмет атқарады: сатып алушыларды сатушылармен кездестіреді және сұраныс пен ұсынысты теңестіре отырьп бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді.

Негізінен барлық облигациялар «көше» рыногының айналасьнда болады. Бағалы қағаздарды сатып алуға деген заказды алысымен брокер телефон арқылы өз әріптесін іздейді, өйткені ол кім сататынын жақсы біледі. Кейбір жағдайда телефонмен әңгімеге ондаған брокерлер қатысады, онда кішігірім «телефон» биржасы көрініс алады.

Бағалы қағаздар нарығы несие-қаржы жүйесінің бөлігі ретінде мемлекеттік бақылау мен реттеудің қатаң объектісі болып табылады. Сонымен нарық болу үшін сұраныс пен ұсыныс аралық қызмет атқарушы, реттеу және өзін өзі реттеу жүйесі болуы керек. Бағалы қағаздарға деген сұраныс халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесімен анықталады.

Тұрмыс дәрежесі жоғары болған сайьш, табыстың басым көпшілігі жинақталады да, әдамдар бағалы қағаздар сатьп алуда мүдделілік көрсетеді. Бағалы қағаздар үсынысы, онда сұраныспен анықталады. Бағалы қағаздарға сұраныстың дамуы қаржы жүйесін қайта құрумен тікелей байланысты. Бағалы қағаздар нарығында қандайлық дәрежеде болмасын белсенділік күтер болсақ, салық жүйесін жетілдіріп отыру да бүгінгі уақыт талабы, нарық талғамы.

Бағалы қағаздардың түрлері
1.1 Акциялар.

Акция — акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп түрса, акция да сонша уақыт қолданылады.

Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады, Сөйтіп шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны қоғамның «жарғылық капиталын» құрайды. Ол өз кезегінде, айналымдагы капитал және компания портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.

Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі корпорациялар ұйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп қаражаттылық қуаттылығы артады. Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретінде алып отырады.

Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция — компанияның акционерлер алдьндағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар.

Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияньщ төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай егер де қайта сатып алу корпорацияньщ төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әр бір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.

Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойьшша: атаулы және иесі ұсынушы больп

екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару құқығы бойынша: жай және артықшылықты акциялар деп те екіге бөлінеді.

Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

Атаулы акдия — иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта

алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

Ұсынушыға арналған акция — иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

Жай акциялар — иеленушілердің корпорацияньң тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс

беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.

Артықшылықты акдиялар — меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Артықшылықты акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылықтар дауыс құқығы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.

  1. Облигациялар.

Облигациялар деп — эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша соммасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді

міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару — қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығьнға тең болады.

Облигацияларды корпорациялар да, үкімет те шығарып отырады. Облигация шығарушылар белгілі бір мерзімде қарыз процентін төлеуге міндеттенеді. Ол — зайым арқылы алынатын пайданың бір бөлігі. Дивидендтен проценттің өзгешілігі тұрақты, әрі банк ставкаларының өзгерісіне тәуелсіз.

Сондықтан да облигацияларды белгілі бір табыс әкелетін бағалы қағаздар деп атайды. Әдетте процент зайымының қызмет мерзімі бойына бірдей үлеспен төленеді.

Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепіддігі саналады. Ол кепілдік —эмитенттің банкротқа үшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде — корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі.

Жай акциялар тәрізді облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы болып екіге бөлінеді:

Иесі усынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы ұсынушы субъектке төленеді. Ондай облигациялардың әрқашан купндық парағы болады. Сыйақы өсім төлейтін күні облигация иесі купонды қиып алып оны өтеуге тапсырады.

Атаулы облигадиялардың иесі — корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы төлейтін күні корпорация оларға процент алу үшін чек толтырып береді.

Облигациялар айырбасталатын және жай облигациялар болып та бөлінеді. Айырбасталатын облигациялар айырбасталатын артықшылықты акцияларға өте ұқсас. Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына алмастырылуна мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталатын акцияға инвестордың қызығушылығын арттырады. Ал жай облигациялардың бұндай құқығы жоқ.

  1. Вексельдер.

Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші — жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады.

Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек, өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі — «вексель» пайда болады.

Векселъ — қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексельді беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексельді иемденушіге береді.

Вексельдің мәні — несиеге алған белгілі бір сомманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушыньң сатушыға берген қарыз міндеттемесі.

Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие-қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді.

Себебі, вексельдің мәні — тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, саудалық қарым қатынастың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы — ресурстардың айналымын жеделдету.

Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, векселъді банк сатып алады.

Вексель тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез келген операциясы бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.

Бағалы қағаздардың басқа түрлері

Опцион — шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі бір уақыттың ішінде келісілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ, қажет болғанда, шартта белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Опцион — заңды түрде бекітілген стандартты құжат.

Варрант — ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варрант иемденушісі қолындағы варрантты белгілі бір уақыт аралығында тұрақты бағамен онда белгіленген жай акциялар санына айырбастауға құқы бар.

Қазыналық вексельдер — Қаржы министрлігі шығаратьн қысқа мерзімді облигациялар. Олар мемлекеттің ішкі қарызын өтеу мақсатында шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрі жоғары өтімділігімен ерекшеленеді, сондықтан оларды «екінші ақша» деп те атайды.

Олар төмендетілген бағамен, яғни номиналынан төмен бағамен сатылады, ал номиналымен кері сатып алынады. Арасындағы айырма процентгік өсімді құрайды. Қазыналық вексельдер 91, 182 және 365 күн мерзімге шығарылады. Олар иесі ұсынушы вексель түрінде шығарылып, көрсетілген мерзімі біткесін ол үсынушыға өтеледі.

Депозиггік сергификат — ол эмитенттің мерзімді салымьн алғандығын куәландыратын банктік бағалы қағаз. Оның иесі — оны үсьшушы адам. Депозитгік сертификат екінші нарыққа белсенді түсетін және қолдан қолға тез өтетін бағалы қағаз.

Чек — заңды түрде бектлген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы ағымдағы есепшот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен жарлығы. Чек төлем айналымын тездету мақсатында шығарылады. Ағымдағы шот иесі шоттағы сома көлемінде көптеген чектер толтыруына құқы бар,

Бағалы қағаздардың басқа да туынды түрлері көп.

Жалған капитал

Жалған капитал — бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа түрлерде көрінетін капитал. Оның пайда болуы қызмет атқаратын капиталмен тікелей байланысты. Мұндай қағаздардың шығуымен капитал бөлінеді. Бір жағынан, өндірістік капитал түрінде нақты капитал, екінші жағынан, оның бағалы қағаздардағы көрінісі өмір сүреді.

Шын капитал өндіріске жүмсалып, осы салада қызмет атқарады. Ал бағалы қағаздар капиталдың қағаз түріндегі дубликаты, көшірмесі. Жалған капиталдың пайда болуы коммерциялық және өндірістік қызметгердің үлғайып күрделенуі нәтижесінде, көп көлемде несие ресурстарын қоддану қажеттілігімен байланысты.

Сейтіп, жалган капитал тарихы қарыз капиталы негізінде дамиды, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу дегеніміз ақша капиталының бір бөлігінен қарызға берумен бірдей. Ал қарыздың өзі несиелік құжат түрін қабылдамайды, тек ол арқылы тұрақты түрде табыс келтіру құқына ие болады. Табыс қарызға берген капитал үшін процент немесе дивиденд түрінде түседі.

Осындай операцкялар нәтижесінде пайда болған қағаз оның иесіне қарызға берілген капиталдың меншіктік құқын сақтап, оны процент пен дивиденд есебінен көбейту мүмкіндігін береді. Пайда болған жалған капитал өз алдына өмір сүре бастайды. Ол мынадан көрінеді: оның құны тек қағаздың құндылығьн білдіретін өндірістік капитал қызметінің әсерімен өзгеріп қана қоймай, сонымен қатар басқа факторлардың, айталық саяси жағдайлармен байланысы да өзгереді.

Жалған капиталдың құны істегі капиталдың мөлшеріне қарай да ауытқуы мүмкін: оның бірнеше есе көтеріліп, тіпті азайьш, қысқаруы мүмкін. Өндірістік капиталға бағынышты емес бағалы қағаздардың өмірі рьнокта өз бетінше айналуынан да көрінеді. Теориялық тұрғыдан, біріншіден, қарыз беру актысының нәтижесінде меншіктегі капиталдан қызмет капиталы бөлінеді және екіншіден, жоғары дәрежеде өтімділігі бар қағаз ақша капиталы қолма — қол қаржыға айналу қабілеті бар ақшаға айналады.

Жалған капитаддың мөлшері бағалы қағаздардан түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады.

Жалған капиталдың атқаратын негізгі қызметі сатушылардың ақша қаржыларын өндірісті ұйымдастыру мен ұлғайтуға жұмсау. Тағы бір қызметі ақпараттық хабарламалар тарату. Бағалы қағаздар нарығындағы жағдай инвесторларға елдегі экономикалық коньюнктура туралы ақпарат беріп, капиталын қайда жұмсауға болатындығына бағыт-бағдар сілтейді.

Бағалы қағаздар нарығының құрылымы. Алғашқы және қайталама рынок

Ілгеріде атап көрсеткендей, бағалы қағаздар нарығы алғашқы және қайталама болып бөлінеді. «Алғашқы рынок» термині бағалы қараздар шығарып сатуға қатысты. Акция мен облигацияларды алғашқы рынокқа сатудың нәтижесінде эмитент өзіне қажетті қаржыларын алады.

Әр биржа бағалы қағаздарды қабылдауда өз талалтарын қояды. Сондықтан да компаниялардың қағаздары котировкаға түседі. Кейбір биржаларда бағаланбай жатады. Биржадан тыс айналымға екінші рет қатысатын компаниялардың қағаздары бір мезгілде биржада және биржадан тыс та айналымға түседі. Биржадан тыс рынок телефон, телекс, компьютерлер негізінде әрекет етеді, оларды бір организмге біріктіріп, мыңдаған фирмалар байланыстырады.

Егер биржа рыногына ірі, беделді компаниялардың қолы жетсе, биржадан тыс нарыққа кез келген компаниялар қатыса алады. Ол үшін екінші реттегі қайталама осы қағаздардың түрін қолдайтын брокерлік фирмаларды табу керек. Мысалы, АҚШ-тағы биржадан тыс айналым жүйесі (ол жүйе НАСДАП деп аталады). Қайсыбір компанияның акцияларын котировкадан өткізу үшін олар кемінде дилер фирмаларында тұрақты сатылып және сатып алынулары тиіс.

Және әрбір фирманың 25 мың доллар таза капиталы немесе операция жасау үшін қағаздың әр түрін есептегенде 2,5 мың доллар болуы қажет. Дилер фирмасы өзінің айналысатын қағаздарын НАСДАП жүйесінде тіркейді.

1.Қор биржалары.

Бағалы қағаздардың екінші реттегі нарығьның қайнаған ортасы қор биржасы. Қор биржасы белгілі бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда бағалы қағаздарды сатып алу, сату ісі жүреді. Бүл биржаның пайда болуы нарықтық қатынастардың дамуының объективті салдары.

Мұндай институттардың өмірге келуі шикізат, ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі бір ерекшеліктері бұлардың биржалық тауарларға ауысуын сипаттайды.

Биржаның ерекше белгілері.

Белгілі бір ерекшеліктермен сипатталатын қызметтері мен ұйымдық құрылымы сауданы саудаласу, нақты сату, тауарды көрсетпей-ақ жүргізуге мүмкіндік береді.

Биржа мынадай қызметтер атқарады:

  1. Құнды қағаздарды сатып алушы мен сатушыларды кездестіреді.
  2. Құнды қағаздар курсын тіркейді, акция түрлері мен облигацияларға инвестордың қатынастарын жинақтайды. Бағалы қағаздарды тікелей сату мен сатып алу жүретін орньн белгілейді.
  3. Капиталдың бір саладан басқа салаға ауысуының механизмін зерттейді.
  4. Бүкіл елдің және жекелеген салалардың іскерлік белсенділігінің экономикалық барометрі саналатын биржалар экономиканың құрылымдық бағытын қайта бағалауға көмектеседі.

Биржаны акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік шарт бойынша немесе мемлекеттік мекеме ретінде үйымдастыруға болады, Бірінші жағдайда олар акционерлер меншігінде, екіншісі мемлекет меншігі, оның жұмысы жарғы негізінде жүреді. Мұнда биржаны ұйымдастыру мен қызметі анықталады, мүшелерді, оларды қабыддау белгіленеді. Биржаны биржа комитеті басқарады.

  1. Қор нарығындағы алыпсатарлық.

Бағалы қағаздар нарығының толыққанды қызмет істеуін қаласақ, онда алыпсатарлыққа да орын берілуі керек. Бүкіл экономикадағы сияқты, қор нарығында да, сырт қарағанда, ол белгілі бір адамдардың оңай жолмен баюы, көп олжа табуы көзделмеуі тиіс. Қор нарығы атқаратын нақтылы қызметті көре білген жөн:

Бірініншіден, бағалы қағаздарды алыпсатарлық потенциалды сатушылардың бағалы қағаздарға деген қосымша мүддесін күшейтеді, сөйтіп қоғамньың ақша қаржыларын өндіріс мүддесі үшін шоғырландыруға көмектеседі. Алыпсатарлық ынта, яғни тез баюға тырысу, инвесторлардың қаржыларын жаңа техника мен жаңа кәсіпорындарға жұмсауға итермелейді. Ал соңғыларынсыз қоғамдық прогресс айтарлықтай тежеледі.

Екіншіден, алыпсатарлық бағалы қағаздардың өтімділігін сақтап, ұлғайтады, сөйтіп бұл инвесторларды қызықтырады.

Үшінішден, альшсатарлық бағалы қағздар курсының тұрақталуына, олардың тым қатты ауытқуларына кедергі болады. Өйткені алыпсатарлар нарықтың тенденцияларына қарама-қарсы әрекет етеді, инвесторлар сатқан кезде сатып алып, ал олар сатып алған уақытта сатады. Алыпсатарлық операция, әсіресе бағалы қағаздар курсының ауытқулары кезінде ерекше сипат алады.

Алайда бағалардың үлкен ауытқулары нарықтағы қағаздардың аздығын, сөйтіп алыпсатарлықтың ауқымы онша еместігін білдіреді. Сонымен қатар алыпсатарлықтың елдің экономикасын әлсіретудегі орнын білу керек, ол үшін оны әдейі комитеттер мен биржалар құру арқылы мемлекет реттеп отыруы тиіс.

Айталық батыс елдердің биржаларында алыпсатарлық мақсаттағы істердің щеңбері тежеліп, фьючерлік контрактылар бойынша бағалардан ауытқулары реттеледі. Олар нарықта шаруашылық немесе тұрақтандыру қызметін атқарған жағдайда ғана биржа контрактысын айналымға жіберуге рұқсат етеді.

  1. Құрылтай пайдасы.

Қурылтай пайдасы акция құны курсы мен өндіріске жұмсалған капитал сомасының айырмасы. Оны компанияны құрушылар иемденеді. Мұндай пайданы алудың екі жолы бар:

  1. Құрылтайшылар акция шығарьш, оны сатады, бұл кезде өндіріске түскен қаржының жартысын жұмсап, қалганын өздеріне қалдырады. Мұндай пайда бүркемеленген жолмен алынады. Қоғамды ұйымдастырғанда құрылтайшылар акцияның бір бөлігін сатады. Курстың келесі өскенінде қағаздың қалған бөлігін сатады. Қоғамды құрушылар акцияны сатып алған бағасы мен одан кейінгі бағаның айырмасын өздері иемденеді.
  2. Пайда алудың бұл жолы капиталдың екіге бөлінуі деп аталады, яғни құрылтайшылар акцияны капитаадың кәсіпорынға қосқаннан алдеқайда артық бағамен сатады. Мысалы, инвестор компанияны жарты миллион долларға алды делік. Содан кейін ол бір миллионга акция шығарады. Бұдан әрі бұлардың барлығын сатып, жарты милдионын қалтасына салады немесе тек жарты миллионын ғана сатуы мумкін. Соңғы жағдайда инвестор алғашқы шығынын қайтарады және жарты миллионға акцияны әншейін алады, соларға дивиденд шығарады.

Батыс елдері соңғы уақытта заң шығару арқылы мұндай пайда келтіруге кедергі жасауда. Капиталдың «екіге бөлінуі» деген сөздің төркіні ертедегі малды базарға апарар алдында тұз жегізу деген тәжірибеде жатыр, Сату алдында жаңағы тұз жеген малға су ішкізіп, сөйтіп оның салмағын қосымша өсіреді.

Валюта жүйесі, валюта курсы, халықаралық есеп айырысу

Валюта, валюта қатынастары және валюта жүйесі.

Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз — құн) — елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы үлттық ақшаларды колданудьщ ерекше формасы.

Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралык нарықтьң қүрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ІшкІ нарыктағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындыктар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру — міне осылардың бәрі әлемдІк сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.

Валюта қатынастары — әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан калыптасатын коғамдық қатынастар жиынтығы, олар үлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дэуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған.

Валюта қатынастарының туындауы үдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтык нормалармен және ережелермен реттеледі.

Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі — ол экономикалық көзқарас тұрғысынан — шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал үйымдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-кұқықтык түрде үйьмдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

Тарихи үш түрлі: үлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан.

Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде үлттық валюта жүйесі паяда бодды, Ұлттық валюта жүйесі деген коғамдык ұдайы өндірісті калыптастыруға және халықаралық төлем айналымьн қамтамасыз етуге кажетті валюта ресурстарын паидаланатын экономикалық катынастардың жиынтығы.

Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерІн сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бІр валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.

Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралык валюта қатынастарының үйымдастыру формасы, яғни ол — халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе.

Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті — халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарьын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты — кейбір мемлекет пен үкІметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционнзм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

Аймақтык валюта жүйесі (ЕВЖ) — дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібІ дамыған мемлекеттерІн біріктіретін үйым, Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша күрылған «Жалпы нарық» одағындағы мемлекеттердің экономикалык және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды.

Оның мақсаты — ынтымақтастық процесІн ынталандыру, Еуропалык саяси, экономикалық және валюта одағын -» Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.

Дүниежүзілік валюта жүйесінін даму кезеңдері.

Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде қүрылып, 1867 жылы басшы елдерінің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралык келісіммен заңды түрде рәсІмделдІ.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дуниежүзілік валюта жуйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуя халықаралық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді.

үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ Б¥Ү-ньщ Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді, Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабыдданды. Сонымен бірге алғашкы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді.

Төртінші (казіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жыддың қаңтарында ХВҚ-ға мүше-мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол койған келісімімен дүниеге келіп, Ямайка валюта жуйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық принціптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен, ол бұрынғыдай роль атқармады. Жаңа жүйе көп валюталы стандарт болып табылады.

Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ-ньщ мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде карастыруға болады. Солай болғанмен оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.

Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.

Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Казақсганның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын қүрумен қатар халық шаруашылығын қай құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің қүрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта катынастарын үйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң кабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын.

Сонымен катар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шыгаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін кұру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамый келе жатқан валюта қатынастарына тіпті карама-кайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң кабылданды.

Төлем балансы деген белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгілі бір мерзімнің (жыл, тоқсан, ай) және бір күндік төлем балансы болады. Бір күндік төлем балансы статистикалық көрсеткіш ретінде жарияланбасада, ол белгІлі бір датаға орындалуға тиіс төлемдер мен түсімдердің арақатысындағы өзгерістерді көрсетеді.

Белгілі бір мерзімнің төлем балансы осы уақыт аралығында төлем мен түсімдердің арақатысын көрсетіп, мемлекеттің халықаралық экономикалық катынастардағы өзгерістерін және елдің экономикасының жағдайын білуге көмектеседі.

Есеп айырысу балансы деген бір мемлекетің басқа мемлекеттерге қойған валюталык талаптары мен міндеттемелерінің арақатысы. Бұндай талаптар мен міндеттемелер тауарлар мен қызметтерді экспорттау (импорттау) нәтижесінде, сондай-ақ заемдер мен несие бергенде (алғанда) пайда болады. Есеп айырысу балансы: белгілі бір мерзімнің және белгілі бір датаға деп екіге бөлінеді.

Белгілі бір күнтізбелік (календарьлық) мерзімнің есеп-айырысу балансының активтік’ тауарлары бір елдің шетел мемлекеттеріне алған вестициясын көрсетеді.

Елдің халықаралық есеп айырысу позициясын бағалау үшін белгілі бір мерзімге (жылдң басына немесе аяғына) жасалған есеп айырысу балансын алған дұрыс. Ол осы елдің шетелге барлық талаптары мен міндеттемелерінің қай уақытта пайда болғаны және қай уакытта өтелуі керектігіне қарамастан олардың арақатынасын көрсетеді.

Оның активтік сальдосы (калдығы) мемлекеттің несеие мен инвестицияны өзіне тартканнан гөрі басқаға -ендігі және ол несие беруші ретінде болашақта валюталық түсімдерді алатындығын көрсетеді. Белгілі бір датаға жасалған есеп айырысу баланысының пассивтік сальдосы мемлекеттің нетто-борышқор ретіндегі позициясын сипаттап, сырттан түсімдермен камтамасыз етілмеген шетелге болашақтағы төлем мөлшерін көрсетеді.

Валюта бағамы, оның экономикаға әсері.

Халықаралык экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау ісі белгілі бір аракатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекетердің ақша өлшемдерінің арақатынасы, яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп аталады.

Валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу несие-қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы шығарушы) шетел валютасымен түскен түсімді үлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің валютасы бұл мемлекеттің жерінде күнбе-күнгі да ақша каражаты ретінде айналысқа түсетін құқығы жоқ. Ал импортшы (әкелуші) шетелден сатып алған тауарларға төлеу үшін шетел валютасын сатып алады.

Валюталық копирвка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар; тікелей және жанама. Тікелей котировка де шетел валютасының бағамын улттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде колданылады. Ал жанама котировка деген валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының (мөлшері) көрсетуі. Жанама копировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 жылданбастап бірен-саран АҚШ колдануда.

Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау басымырак, бұл доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретіндегі рөлімен түсіндірілді. Банктер сауда-өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс-курс негіз етіп алады. Кросс-курс — ол екі валюта бағдарламасының үшінші валютаға (әдетте АҚШ долларына) қатысты арақатысты. Мысалы, егер Швейцария банкі швейцарлық франкінің ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе, онда оны марка мен франк бағамдарын долларға салыстырумен шығарып алады.

Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы бағамы — ол банктің валютаны белгіленген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы бағамы банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей копировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары. Олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.

Халықаралык және аймақтық валюта-несие және қаржы үйымдары

Халықаралық есеп айырысу банкі (ХЕБ-БМП)

Бүл мекемелер ағымдағы жүзжылдықта пайда болды. Олар халықаралық экономикалық қатынастарды реттеу үшін мемлекетаралық келісімдер негізінде қурылған. Олардың құрамына дүниежүзілік және аймақтык банктер және банк еиес институттар кіріп, эр түрлі глобальді немесе аймақтық масштабтағы міндеттер мен мақсаттарды шешеді.

Халықаралық есеп айырысу банкІ — алғашқы хелықаралық дәрежедегі банк. Ол 1930 ж. Англия, Бельгия, Германия, Италия, Франция және Жапония елдерінің үкіметаралық келісімі негізінде құрылған. Бұл мемлекеттер сондай-ақ Швейцериямен осы банктің Базельде орналасуы жөнінде конвенцияға қол койды.

Аталған мемлекеттердің орталық банктерінен басқа, оның алғашқы құрылтайшыларының арасында АҚШ-тың Морганның банкирлік үйі бастаған кейбір коммерцтялық банктері болды. ХЕБ-ны құрудың мақсаты — қатысушы елдердің орталық банктерінің ынтымақтастығына жәрдемдесу және олардың арасындағы халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету деп жарияланды. 1932 ж. оған еуропаның тағы да 19 елі қосылады.

Бұл елдердің орталық банктері ХЕБ-ның әрі құрылтайшылары, әрі оның клиенттері болып саналады. Сондықтан ХЕБ- ны орталық банктердің халықаралық банкі деп жиі атайды. Онда Федералдық резервтер жүйесі АҚШ-тың өкілі болып қатыспаса да, ол ХЕБ-мен тығыз байланыста қызмет жасайды. Базельде ай сайын өтетін мәжілістерге және ХЕБ-ның жалпы күрылтайшылар жиналысында үнемі Федералдык резервтер жүйесінің басқарушылар кеңесінің мүшесі қатысады.

ХЕБ-ың дәстүрлі басқарушысы больш батыс Еуропа елдері саналады, бірақ АҚШ өз ықпалын арттыра түсуде.

Қазіргі кезде хеб мүшесі болып 30-дан астам мемлекет есептеледІ, оның ішінде екінші дүниежүзілік соғысқа дейін оған кірген бұрынғы еуропалық социалистік елдер: Албания, Венгрия, Польша және т.б. Қатысушыларының қүрамы мен ХЕБ-тың қазіргі жүргізетін операцияларының географиясы оның аймақтық батыс еуропалық валюта-несие үйымынан халықаралық үйымға айналуын сипаттайды.

ХЕБ-ның қызметін акционерлердің Жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесі басқарады, ал Банктің өзі шын мәніндегі акционерлік есеп айырысу палатасы болып саналады. Банктің Жарғысына сәйкес онын негізгі қызметтері — халықаралық қаржылық операцияларға қолайлы жағдайлар жасау және қатысушылардың мемлекетаралық есеп айырысуын жүргізгенде сенімді жақ ролін атқару.

Банк депозит — саудалық , қорлар және басқа операцияларды, оның ішінде алтынмен операциялар жүргізеді, сондай-ақ валюта-несиелік қатынастарға мемлекетаралық реттеу жүргізеді. Операциялар бойынша есеп айырысу валютасы болып швейцарлық алтын франк кабылданған, ал АҚШ доллары акционерлерге дивидент төлеу үшін қолданылады.

ХЕБ әлемдік валюталардың бағамын қолдау мақсатында 60-жылдардың басынан бастап арнаулы операцнялар жүргізе бастады — ол орталық банктердің біріккен валюталық интервенциясы.

Ол шер ел валютасына сұраныстың күтпеген өсуін камтамасыз ету үшін қатысушылардың орталық банкісімен своп операциясын жүргізу тәжірибесІн қолдануда. Одан басқа, ХЕБ — әлемдегі танымал ірі экономикалық хабарлама- зерттеу орталығы. Ол басқа халыкаралык несие-каржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық саясатын жүргізеді.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ — МВФ)және Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ — МБРР)

Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропа мемлекеттерінің қираған экономикасын калпына келтіру және тұрақтандыру мәселелерін шешу мақсатында 1944 ж. Бреттон-Вудсте (АҚШ) өткен халықаралық валюта-қаржылық конференциясында екі үйым: Халықаралык валюта қорын (ХБҚ) және халықаралық қайта құру және даму банкін (ХҚҚДБ) құру туралы Қаулы қабылданды.

Қор әлемдік валюта жүйесінІң тұрақтылығын қолдау үшін, ал Банк оған қатысушы елдердің үзақ мерзімді экономикалық дамуын ынталандыру үшін күрылған.

ХВҚ Біріккен Ұлттар ¥йьшының (Б¥¥ — ООН) маманданған органы ретінде өз жүмысын 1947 ж. наурызында бастады. Оның штабпәтері Нью-Йоркте орналасқан, басқарушы органы — басқармалар Кеңесі қатысушы елдердің қаржы министрлерінен немесе орталық банктердің басқармаларынан тұрады, Кеңес жыл сайын шақырылады. Атқарушы органы — директорат, ол Қорда капиталының ең көп үлесі бар елдердің 6 өкілін және географиялык белгілеріне байланысты сайланған басқа елдердің 16 өкілін біріктіреді.

Алғашқы кезде Қорға 49 ел мүше болып кіріп, оның капиталы 8 млрд. доллардан кұралды. Қазіргі кезде мүшелерінІң саны төрт есе көбейіп, ал капиталы шамамен 16 есе өсті. Капиталының үштен екісі өркенделген мемлекеттердің шектеулі контингентІне, ал қалған бөлігі көптеген дамушы елдерге тиесілІ. Қордың баскарушы органдарындағы әрбір мемлекеттін дауыс саны оның капиталдағы үлесіне сай бекітіледі.

Қорда ең көп дауыс саны бар — АҚШ және Еуропа одағының мемлекеттері. Соңғы жылдары дамушы елдердің — мүнай экспортшыларының — квоталық үлесі және соған сәйкес олардын дауыс саны да көбеюде. ХБҚ-ың маңызды шешІмдерін кабылдау үшін қатысушылардың 85% дауысы қажет болса, кейбір жағдайларда 70%дауыс жеткІлікті болады.

ХВҚ-ың негізгі қызметтері төмендегілер:

халықаралық сауданың және валюталық ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету;

валюталық паритеттің тұрақтылығын сақтау және валюталык шектеудІ жою;

төлем балансының теңелуі үшін кез-келген қатысушы елге несие ресурстарын беру.

Қатысушы елдер ХВҚ-ны үнемі өздерінің алтын валюта резервтері туралы, экономикасының телем балансының жағдайы және т.б. жағдайлар туралы хабарлап тұруы міндетті.

Қорға мүше болып кіру — мемлекеттің ХҚҚДБ-ге және оған туыстас басқа да валюта несие үйымдарына кіруінің міндетті жағдайы. 1944 ж. Бреттон-Вудс конференциясына КСРО катысьш, ХВҚ мен ХҚҚДБ құру жөніндегі құжаттарға қол қойғанымен, сол кездегі Шығыс пен Батыстың арасында больш жатқан «салқын соғысқа« байланысты оларға мүше болып кІргенін өз келісімімен бекіткен жок болатын. 1991 ж. КСРО Президенті осы үйымдарға кіру үшін ресми арыз бергеннен кейін, тек 1992 ж. ортасынан бастап бүрынғы Кеңес Одағы Республикаларының барлығы осы халықаралық үйымдарға тең құқылы қатысушылар болып кірді.

Халықаралық қайта кұру және даму банкі (ХҚҚДБ-МБРР) Б¥¥-ның маманданған және оның шешімдеріне тәуелсіз орган ретінде өз жұмысын 1946 ж. маусымында бастады. Банктің өз жүмысын кеңейту барысында туыстас төрт бөлімшелер үйымдастырылды: Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК), Халықаралық даму ассосациясы (ХДА), Халықаралық инвестициялық талаптарды реттеу орталығы (ХИТРО) және Инвестицияларды қорғау жөніндегі көпжақты агенттік (ИҚКА). Қазіргі кезде осы үйымдар бірігіп әлемдік банк тобын (ӘБ) құрайды, оның штаб-пәтері Вашинктонда орналасқан, ал ХҚҚДБ — осы топтың орталық буыны — оны әлемдік банк деп атайды. Бұл топ дамушы елдердің нарық құруына, экономикалық потенциалын көбейтуіне серІктес болып, халқының өмірлік деңгейін көтеруге жәрдемдеседі.

Банктің күнделікті қызметін атқарушы директорлар КеңесІ басқарады, Кеңес штаб-пэтерде орналасқан, ол жеті сайын отырыс өткізеді. Банктің Президенті атқарушы директорлар Кеңесінің басқармасы болып саналады. Кеңес 24 адамнан тұрады, олар — ірі акционерлердің бір-бір өкілі және 19 аймақтан өкілдер. Аймақтық өкілдер бір немесе бірнеше елдерден сайланады. Басқарма заемдар бөлу, қаржылық сметаны бекіту, қызметкерлерді қабылдау және қызметтен босату сол сияқты басқа мәселелерді қарауға үсынады.

ӘБ-тің атқаратын негізгі қызметтері:

■ кең спектірлі бағытта, яғни денсаулық сақтау, білім беру және қоршаған сақтаудан бастап инфрақүрылым және экономикалық саясат реформасына дейін дамушы елдерге көрсетілетін инвестициялық іс-шаралар;

■ экономикалық мәселелер бойынша талдау және кеңес беру іс-шаралары;

■ көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ жүргізілетін жобалардың мазмұны мен құрамын үнемі түзету;

■ бай және кедей елдерге ресурстарды қайта бөлудегі делдалдық қызметі.

Банк жылма-жыл үнемі пайда тауып, оны өз кажетіне жүмсайды, ал акционерлерге дивиденд төлемейді.

50-жылдардың орта шеніне дейін ӘБ қызметінің басты бағыты соғыстан зардап шеккен Батыс Еуропа елдері экономикасының дамуын ынталандыру болды . Алғашқы заемды 1947 ж. Франдияға берді. Біртіндеп оның несие саясаты өзгерІп, қазір ресурстарының негІзгі бөлігі Азия, Африка, Латын Америкасы және Шығыс Еуропаның дамушы елдеріне бөлінеді.

ӘБ өз облигациялары мен баска да бағалы қағаздарын әр түрлі елдердің зейнетақы қорларына, сақтандыру компаыияларына, корпорацияларына, басқа банктеріне, срндай-ақ жеке тұлғаларға сатып, аса пайдалы жағдайда ресурстар тартумен шүғылданады. Себебі оның қарыз міндеттемелерІ әлемдегі ең бір өтімді және сенімді бағалы қағаздар болып есептеледі. Сондай-ақ оның акционерлік капиталы мен бөлінбеген пайдасы да ресурстар көзі болып қызмет етеді.

Банк өзі қызмет еткен 50 жылда 6000-нан астам бағдарламаны іске асыру үшІн 300 млрд. долл. асатын займды әлемнің 140 мемлекетіне берді. Бұл ХВҚ-ның масштабынан екі есе көп. Оған катысушылар саны әлем елдерінің барлығы дерлік болғандықтан, ол жалпы масштабта әрекет етуге мүмкіндік береді. Олар әріптестер жэне бірін-бірі өзара толықтырушылар. ӘБ тобының басқа бөлімшелерінің әркайсысы өздеріне тән қызмет атқарады.

Халықаралық қаржы корпорациясы (ХКҚ МФК) 1956 ж. мемлекеттік кепілдік алмай-ақ дамушы елдердің экономикасындағы жеке сектордың жүмысын ынталандыру үшін қүрылған. Ол әлемдік нарықта өте жоғары рейтингісі бар өзінің облигацияларын шығарады, қажетті тартылған ресурстардың тек бестен бір бөлігІн ғана ӘБ қарызы есебінен толтырады.

Корпорацияның кәсіпорындардың акционерлік капиталына инвестициялық қаржы салуға құқығы бар. ол жаңа кәсіпорындар ашуға және бұрынғыларын қайта құруға қаржы береді.

ХҚК-ның негізгі принциптерІ мыналар: —

— жоба бойынша жалпы шығындар сомасының 25%-ін қаржыландыру;

■ кәсіпорын акцияларының тек 35%-не дейінгісін сатып алу;

■ кәсіпорынды басқаруға қатынаспау.

Қарыз 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Корпорация жылма-жыл 200 жоба бойьшша 3 млрд. доллар сомасындағы займ береді. Оған 170 ел мүше.

Халықаралық даму ассоциациясы / ХДА -МАР / 1960 ж. Дамушы мемлекеттердің ішіндегі ӘБ -тен қарыз алуға жағдайы келмейтін ең кедейлеріне көмек беру үшін кұрылған. Ассоциация оларға 30-40 жылға дейін және төлемнІң басталу мерзімін 10 жылға шегеріп, процентсіз несие береді. Қазіргі кезде бұндай несиені әрбір адамының жылдык табысы 835 доллардан аспайтын елдер алуға құкылы. Несие берудің максаты- дамыған елдердің кедей елдерге экспортгаған тауарларын қолдау.

ХДА заңды дербес үйым болғанымен, көп жағдайларда ӘБ бірігіп жобаларды несиелейді. Қазіргі уакытта жылма-жыл жалпы сомасы

6 млрд. долл. болатын 125-тен астам жобаларға несие бередІ, оның 159 мемлекеттен тұратын мүшелері бар. Инвестициялык таластарды реттеу жөніндегі халықаралык орталық /ИТРХО-МЦУИС/ 1966 ж. Инвестицияны кеңейтуді ынталандыру үшін, яғни үкіметтер мен шетел инвесторларын табыстыруға және арбитраждық келіссөздер жүргізуге жағдай жасау үшін кқрылған. Сондай-ак бұл орталық шетел инвестициясын алуды құкыктық қамтамасыз етумен де шүғылданады, ол үшін күұкықтық ережелер шығарумен және кеңес берумен айналысады. Қазіргі уакытга онын 126 мүшесі бар, ал каралған даулы істердің жалпы саны 30-дан астам.

Инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көп жақты агенттік /ИККА-МАГИ/ 1988 ж дамушы елдердің шетел жеке инвесторларынан

алған инвестициясын саяси қауіптен корғау үшін кұрылған. Атап айтқанда : экспроприация, яғни жеке меншігінен айыру кауіпі, соғыс әрекеттері және азаматтық тәртіпсіздік қауіпі, келІсім жағдайларын бұзу қауіпі және т.б. Сол сиякты, агенггік үкімет органдарына шетел инвестициясын тарту жөнінде кеңес береді.

Қорыта айтқанда, Халыкаралык валюта- несие және қаржы институттары -ХВҚ және ӘБ тобы- халыкаралық несие қатынастарын реттеуде маңызды роль аткарады. Олардың берген қарызы онша көп болмаса да, елге карыз капиталының әлемдік нарығындағы жеке банктерден карыз алуға жол ашады.

ХВҚ және ХКҚДБ басқа да халықаралык үйымдармен катар ежелгі дамушы елдердің және Батыс Еуропапын бұрынғы социалистік мемлекеттері мен ТМЛ елдерІнің сыртқы карыздарын реттеуге белсенді қатысуда.

Аймақтық халыкаралық несие — қаржы үйымдары.

Әлемдік аренада бұл ұйымдардың пайда болуна XX ғасырдың 60- жылдарында дүниежүзілік отарлау жүйесі күйреуІнің жеделдеуі мен дамушы елдердІң аймактық ынтымақтастығы мен экономикалык интеграциясының кеңеуі әсер етті. Аймактық банктерге жататындар:

— 195 ж. Кұрылған Америка аралық даму банкі /АаДБ-МаБР/; Вашингтонда орналасқан;

— 1964 ж. құрылған Африкалық даму банкі /АфДБ-АфБР/; Абиджанда орналасқан;

— 196бж.кұрылған Азиялык даму банкі /АзДБ-АзБР/; Манилада орналаскан;

— Бұл банктердің құруға осы аймақтардағы дамушы елдерден басқаБатыс Еуропаның кйбір дамыған мемлекеттерді және АКДП. Жапония қатысты, олардың саны банк мүшелерінін 1/3 бөлігі, банктердің капиталының көп бөлігі де солардікі. Ол банктердің мақсаты бір-біріне үқсас, сол аймақтарды дамыту жобаларын үзак мерзімді несиелеу; аймақтық бірлестіктерді несиелеу.

— Батыс Еуропа ынтымақтастығындағы аймақтык валюта- несие үйымдарының мақсаты -1993 ж. Маастрихт шартна сай Еуропалық одақка /ЕО/ косылған елдердің біріккен экономикалық, валюталық және саяси іс-шараларын нығайту.

— ЕО негізгі аймактық үйымдарына жататындар

— Еуропалык инвестициялық банк /ЕИБ-ЕИБ/Люксембургте орналасқан, 1958 ж. Қүрылған. Несиені 7 жылдан 12 жылға дейін, ал дамушы елдерге 30-40 жылға дейін бередІ. ЕИБ мақсаты -ЕО аймақтарындағы артгар калған елдерді дамыту, кәсіпорындарды кайта күру, біріккен шарушылык объектілерін алу, приоритетті салаларды дамыту.

Банктін жарғылық капиталында оған мүше- дамыған мемлекеттердің үлесі мол, мысалы ГФР, Франция, Англия және Италия сияқты елдердің үлесі 15 млрд. ЭКЮ құрайды.

Банк қаражатын негізінен энегетиканы, көлІкті, телебайланысты дамытуға бағытгалған жобаларға береді.

ЕО-ның және Еуропалық валюта жүйесінің шеңберінде іс-шаралар жүргізетін ЕИБ- тен басқа да кіші масштабты несие- каржы үйымдары бар. Еуропалык даму коры /ЕДҚ-ЕФР/1958 ж дамушы елдерге екі жақты ресми көмек көрсету бағдарламасын қолдау үшін күрьылған.

Еуропалық валюта институты /ЕВИ-ЕВИ/. Ол 1973 ж. құрылған Еуропалық валюта ынтымактастьщ корының орнына 1994 ж кұрылған, Орналаскан жерІ Франкфкрт — на Майне. Оның кұрамында он екі орталық банктердің басқарушылары бар. Осы банктердің жүйесін кұруға және біртектес валюта енгізуге мүмкіндік туғызатын үлтаралық орган. Бұл институттың міндеті- ЭКЮ эмиссиясы және мүше елдердің балансының жетіспеушілігінен несие беру. 1998 жүлдесінен бастап бұл институт еуро шығаратын Еуропалык орталык банк деп аталады.

Аймақтык валюта- несие үйымдарының арасында ерекше орынды Еуропалық кайта құру және даму банкі /ЕҚКДБ-ЕБРР/ алады. Ол 1990 ж құрылған, орналасқан жері-Лондон. ЕҚҚДБ-ың басты мақсаты — Орталық және Шығыс Еуропа елдерІне, оның ішінде ТМД елдеріне, нарықтық экономиканы қалыптастыруға көмек беру.

ЕҚҚДБ-нің ресурастары ХҚҚДБ ресурстарына сай калыптасады. Бұл банк өндірісті несиелеуге маманданған, сонымең бірге өндірісті қайта құруға және инфрақүрылымды дамытуға техникалык көмек көрсетудІ несиелейді. Банктің айырыкша кызмет көрсететін ортақ- қаржылық банктік сектор, энергетика, көлІк, телебайланыстық инфракұрылым, ауыл шаруашылығы. ЕҚҚДБ стратегиялық мақсатының бірі- кәсіпорындарды жекеменшіктендіру мен беймемлекеттендіруге, олардың құрылымдық кайта кұрылуына және жаңартылуына көмек көрсету, сонымен бірге осы мәселелер бойынша кеңес беру.

1997 ж 143 жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін Банк 2,3 млрд. ЭКЮ бөлген. ӨзінІң құрылғаннан бері 1998 ж. Дейін Банк 600 жобаны бекітіп, оларға 14 млрд ЭКЮ берген.

Қазакстан Республикасы нарыктық экономикаға өту барысында 1992 жылдан бастап ӘБ тобына және одан кейінгі жылдарда бірсыпыра аймақтык несие -қаржы институттарына мүше болып кіруде. Қазіргі кезде олардың тең құқыкты әріптесі ретінде өзінің нарықтық даму жобаларын іске асыруда қолдау табуда. Мысалы, ҚР ЕҚҚДБ мүше болып кіріп, жалпы соммасы 3 млн. долларға тең техникалык көмек алды, сонымен бірге Банк Қазакстанға «¥сақ және орта кәсіпорындарды дамыту» жобасын жүзеге асыруға 100 млн ЭКЮ көлеміңде заем ұсынды. Олар кадр дайындау, менеджментті жақсарту жобаларын, Алматы ауа бассейнінің экологиясын жақсаріу, банк ісін дамыту және т.б. жобаларды қамтиды.

Қазақстан Республикасының халықаралық жөне аймаушқ яесие- қаржы ұйымдарына мүше бодуы

 

Ұйымның аты Стату

сы

Нормативтік актілер уақыты
1 .Халықаралық валюта

/ХВҚ-МВФ/

Мүше «Қазақстан Республикасының ХВҚ-ға мүшелігі туралы»ҚР-ның заңы Алматы, 1992ж.

26 маусым

 

2.Халықаралык кайта құру және даму банкі

/ХҚҚДБ-МБРР/

Мүше «Қазақстан Республикасының Халыкаралық кайта кұру және даму банкіне мүшелігі туралы»ҚР-ның заңы

 

Алматы, 1992ж.

26 маусым

З.Халыкаралық қаржы корпорациясы

/ХҚК-МФК/

Мүше «Қазақстан Республикасының Халыкаралық қаржы корпорациясына мүшелігі туралы» ҚР-ның заңы Алматы, 1992ж.

26 маусым

4.Халыкаралық ассоциациясы

/ХДА-МАР/

Мүше «Қазақстан Республикасының Халықаралық даму ассоциациясына мүшелігі туралы»

ҚР-ның заңы

Алматы, 1992ж.

26 маусым

5.Инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көп жақты агенттік /ИҚКА-МАГИ/ Мүше  «Қазақстан Республикасының инвестицияларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталыққа мүшелігі туралы»ҚР-ның заңы Алматы, 1992ж.

26 маусым

6.Иивестициялық таластарды реттеу жөніндегі Халықаралық орталығы

/ИТРХО-МЦУИС/

мүше «Қазақстан Республикасының Инвестициялық таластарды реттеу жөніндегі Халыкаралық орталыққа мүшелігі туралы»ҚР-нын заңы Алматы, 1992ж.

26 маусым

 

7.Еуропалық кайта құру және даму банкі /ЕҚҚДЕ-ЕБРР/ мүше «Қазақстан Республикасының Халыкаралық кайта құру және даму банкіне мүшелІгі туралы»ҚР-ның заңы_ Алматы, 1993ж. 25 наурыз

 

8.Азиялық даму банкі /АзДБ- АзБр/  «Қазакстан Республикасының азиялық даму мүшелігі туралы»ҚР-нын заңы Алматы, 1993ж.

4 –ші қараша

9.Исламдык даму банкі /ИДБ- ИБР/ «Исламдық даму банкіне кіру туралы» ҚР-ның заңы Алматы, 1993ж.

25 наурыз

Орталық Азиялық банк /ОАБ- ЦАБ/ 1 .Қазақстан Республикасы,

Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы арасындағы

8 шілде

Ынтымактастық пен дамудың Орта Азиялық банкін құру туралы келІсім.

2.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы арасындағы Ынтымактастық пең дамудың Орта Азиялык банкін құру туралы» келІсімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы.

 

Алматы, 1994ж.

8 шілде

 

 Әдебиеттер А. Нормативтік құқықтық актілер

  1. ҚР конституциясы 30.08.1995 ж.
  2. ҚР азаматтық кодексі /жалпы бөлім/ 27.12.1994 ж
  3. ҚР Жоғарғы Кеңесінің «ҚР Азаматтық КодексінІң өзгерістерінің /жалпы бөлІм/ 27.12,1994 ж.
  4. ҚР-дағы Ұлттық банк туралы ҚР-ньң
  5. ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңы. 30.08.1995.
  6. ҚР «Лицензиялау туралы заңың 17,04.1995 ж
  7. ҚР Президентінің «Шаруашылық серіктестік туралы Жарлығы 2.05.1995 ж.
  8. ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы Жарлығы.
  9. Указ президентаРК от23.12.1995г. «Об ипотеке недвижимого имущества,
  10. ЗакоН РК от 21.01.1997г. «О банкротстве.
  11. ЗаконРКот24.12,1996 г. «О валютном регулировании».
  12. Закон РК от 5.03.1997 г. «О рынке ценных бумаг».
  13. ЗаконРКот 29.06.1998 г. «Оплатежах и переводах денег».
  14. Указ Президента РіС, имеющий силу закона, от 31.08.1995 г. «О банках и банковской деятельности РК». 15.Указ Президента РК от 30.03.1995 г. «О Национальном Банке РК». 16. Закон РК от 20. II. 1998 г. «Об аудиторской деятельности».

Қолданылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

  1. Ақша,несие, банктер. Ғ.С.Сейітқасымовтың жалпы ред. —Алматы: Экономика, 2001.
  2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу қуралы. -Алматы: Экономика, 2000 -328 бет.
  3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Жалпы ред. басқарған ҚР ҮҒА-ның академигі Сейіткасымов Ғ.С., 2-басылым. -Алматы: ИздатМаркет, 2004. -248 бет.
  4. Деньги, кредит, банки. Под ред. Лаврушина О.И. —М.: Финансы и статистика, 1999.
  5. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Под ред. Красавиной Л.Н. —М.: Финансы и статистика, 1994.
  6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.
  7. Банковское дело. Под ред. Лаврушина О.И. —М.; Финансы и статистика, -1998.
  8. Белов В. Когда законы толкуют произвольно. Бизнес и банки. Москва ] 992 ж.
  9. Белов В. Коммерческие банки н налоговая служба, Москва 1993ж.
  10. Васильева М Чек как средство платежа Закон 1992г.
  11.  Ефимова Л.Г Банковское право, Москва БЕК 1994г
  12. Гвирцман М.В Правовое регулирование банковской тайны, Деньги и кредит. 1992г.
  13. Гуревич И,С Очерки банковского права. Изд-во ЛГУ, 1979г.
  14. Гросиан Р.К Как вести дела с банками. Москва, международные отношения, 1969г.
  15. Вильнянский С.И Кредитно-расчетные правоотношения: Учебное пособие, Харьков, 1985г.
  16. Олейник О.М Залог в банковском кредитовании; Бизнес и банки, ] 995 г,
  17. 1 Олейник О.М Банковская гарантия и проблемы ее применения. (Хозяйство и право) 1996г.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ