«Ақылды лақ» атты ашық оқу іс-әрекеті

0
1792

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті: «Көркем әдебиет»

Ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ақылды лақ

Орындаған тәрбиеші: Даманбаева Г.Р.

Жұмыс орыны: «ИНСАР КОМПАНИЯСЫ — «АР-ДАНА» БАЛАЛАР БАҚШАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту

Тақырып: Топпен танысу (экскурсия)

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын айналадағы заттардың атаулары-сөздерімен байыту (тәрбиешінің таңдауы бойынша). Балаларды тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, диалогке қатысуға үйрету. Дидактикалық жаттығу: «Айтшы, бұл не?»

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық

Қуыршақ Әйгерімнің пайда болуына назар аударады.«Үйде кім тұрады» ойынын ұсынады, жаңа достардың аттарын және тәрбиешінің аты-жөнін жаттап алуға көмектеседі.

Балалармен бірге ойнайды, оларды қолдайды және мадақтайды. «Әйгерімге біздің топты көрсетіп және ол туралы айтып беруді» ұсынады.

Қуыршақ Әйгерімнің пайда болуына байланысты қатынас таныту, оларды ойнауға шақыру.Ойынға қатысу (ойынның әрекеттерін және ережелерін орындайды, сөздерді және қысқа сөздерді айтады, бір-бірлерін атымен және тәрбиешінің аты-жөнімен атайды).

Қуыршақтың атымен тәрбиеші ойынды бастайды:

— Үйдің айналасында жүрмін және терезеге қараймын.

— Біреусіне Біреуіне мен келемін де жай ғана тоқылдатамын: тук-тук.

— Кім бұл? (үйде отырған бала жауап береді). — Бұл мен, Әйгерім, ал сен кімсің?- Ал мен – Марат. — Жүр тамашалап келеміз (үйдің айналасында жүреді). Ары қарай ойынды Марат жалғастырады. Тәрбиешіге «көмек қажет» екенін түсіну.

Ұйымдастыру-іздестіру

Топтың бөлмесін, жататын бөлмені, әжетхананы, киім ілетін бөлмені  қарап шығуды ұсынады.Сұрақтар қояды Бұл бөлме не үшін? Бұл бөлмеде қандай заттар бар? Олар қандай? Олар не үшін керек? (заттар әлемін меңгерудің негізі, заттардың маңызды және маңызды емес белгілерінің ерекшеліктерін біліп дамиды).

Балаларға бөлме заттарының атын атауды ұсынады, егер қиналса өзі топ бөлмесінің, жататын бөлменің, әжетхананың, киім ілетін бөлменің заттарын атайды.

Егер балалар өз беттерінше белгілерін атап көрсете алмаса, заттардың белгілерімен таныстыру.

«Бұл не?», «Нені қайда қоямыз?» ойындарын өткізу.

Бөлмелерді атау кезінде жалпылауыш сөздерді пайдалануға итермелейді.

Қарапайым ережені тудырып сақтауға ұсынады.

Балаларды қолдайды және мадақтайды.

«Қайда жүр десем, сонда барамыз» топтық жиын ойынында үй- жайды бағдарлауға үйретеді.

Топ кешеніне экскурсия: бөлмеден бөлмеге жүреді,әр бөлме заттарын зерттейді және қарайды, сұрақтарға жауап береді, заттардың атын атайды, олардың ортақ белгілерін белгілеу, заттарды белгілері бойынша және бөлмелерді қалай қолдану керегін айтады және көрсетеді, ойыншықтар және сырт киімдер, аяқ-киімдер қайда туратыны туралы талқылауға қатысады. Заттардың атауы бойынша қысқаша дәлелдемелерді тізбектейді, (мысалы, мынау сабын, онымен біз қол жуамыз) түсінік беру кезінде байқап отырады.

Ойынға қатысу: үй-жайды атайды, ондағы заттарды, олардың белгілерін, белгіленген бөлме туралы айтады, заттарды, тәртіпті жақтау және сақтау,  жалпылауыш сөздермен айтады: бөлме, біз қайда ұйықтаймыз — жататын бөлме, қайда шешінеміз — киім шешетін бөлме және т.с.с.

Заттарды жинайды (мысалы, сырт киім және аяқ-киім заттарын киім ілетін шкафтарға).

Ойыншықтарды, киімдерді, әжетхана заттарын сақтау туралы ережесін талқылау.

Топ жиыны үй-жайды бағыттай білу жаттығуларына икемденуі.

Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақтарға жауап беруді ұсынады:«Біздің топты жақсы білу үшін, Әйгерімге біз қалай көмектестік?», «Әйгерім не білді?», «Біз бүгін қандай ережелерді ойлап таптық?».

Баланың қатысуын және әр баланың жеке қадамдарын талқылайды.

Балаларды қолдайды және мадақтайды.

Сұрақтарға жауап беру.Негізгі әрекеттерін және заттарын ерекшелеу: көрсетті, айтты, көмектесті.

Әр түрлі орындарда және жиынды топтың аймағында тәртіп сақтау ережелерін бекіту.

Ойын кейіпкерлерімен қош айтысу.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: — таныс нәрселер мен заттарды білдіретін сөздерді (мысалы, үстел, орындықтар, терезе, есік, ойыншықтар және т.б.).

Нені игеру керек: — топтың жиын бөлмелерін белгілеуін елестетуді;

— ұжымда қарым-қатынас дағдысын.

Нені біледі:— затты қалай қолдануын атау (көрсету);

— әңгімені қолдау, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ