«Күзгі бақ» ашық оқу іс-әрекеті

0
4650
Әбіш Кекілбаев

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті: Сурет салу

Ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Күзгі саябақ»

 Орындаған тәрбиеші: Адбманапова Б.К.

Жұмыс орыны:  ИНСАР КОМПАНИЯСЫ — «АР-ДАНА» БАЛАЛАР БАҚШАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Күзгі саябақ

Мақсаты: өз жұмыстарында күз мезгілінен алған әсерлерін бере білуге үйрету.

Білімдік міндеттері: түрлі ағаштардың (үлкен, кішкентай, биік, аласа, түзу, қисық) суреттерін сала білуге үйрету.

Дамытушылық міндеттері: сурет салу дағдысын дамыту.

Тәрбиелеушілік міндеттері: эстетикалық талғамды тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ағаш түрлері, перспектива, пейзаж, жылы колорит.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Топқа түрлі-түсті қағаздан қиылған түрлі ағаштар мен гүлдердің сұлбаларын әкеледі.«Алтын күз» композициясын қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырады. Балалар суреттің салынуын қызығушылықпен қарайды.
Ұйымдастыру-іздестіру

Балалармен перспектива заңдылықтары туралы әңгімелеседі.Ағаш түрлері туралы әңгімелейді.

Сөздік жұмысын жүргізеді. «Суретті жинастыр» ойынын ұйымдастырады.

Тәрбиешіні тыңдап, төмендегі түсініктерді еске түсіреді:алыс — жақын, үлкен — кіші, биік — аласа, семіз — арық. Жаңа сөздердің мағыналарын түсініп, есте сақтайды. Суретші болады және жақтау ішінде өздерінің ұжымдық суреттерін орналастырады.
Рефлексивті – түзетушілік

Балаларды ағаштарды бейнелеуге үйретеді.Акварельмен сурет салу қабілеттерін бақылайды.

Балаларды мадақтап, көмектеріне алғыс білдіреді.

«Күзгі саябақ» ұжымдық көрмесін ұйымдастырады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: — аймақта өсетін ағаштарды; — күз мезгілінің жылы түстерін.

Нені игереді: — ағаш басы мен түрінің ерекшеліктері туралы түсініктерді; — жаңа сөздердің мағыналарын.

Нені біледі: — перспектива заңдылықтарына сәйкес композиция құрастыру;

— суреттерінде күз мезгілінен алған әсерлерін бейнелеу.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ