Түзу сызық негізіндегі қазақ өрнегі. «Бойтұмар», «Айқастырма», «Балта»

0
1850
Әбіш Кекілбаев

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті: «Сурет салу»

Ашық оқу іс-әрекетінің тақырыбы:  «Түзу сызық негізіндегі қазақ өрнегі. «Бойтұмар», «Айқастырма», «Балта»

 Орындаған тәрбиеші: Атамкулова Д.С.

Жұмыс орыны: «ИНСАР КОМПАНИЯСЫ — «АР-ДАНА» БАЛАЛАР БАҚШАСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: түзу сызық негізіндегі қазақ өрнегі. «Бойтұмар», «Айқастырма», «Балта».

Мақсаты: Қазақ ою-өрнектерінің көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Білімдік міндеттері: сурет салу техникасын үйрету.

Дамытушылық міндеттері: түзу сызықтар жүргізу, үйлестірулерде өрнектерді салу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелеушілік міндеттері: эстетикалық талғамды тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ою-өрнек, ырғақ, жиек.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Түрлі-түсті қағаздан қиылған ою-өрнек элементтерін әкеледі. Кілемді элементтермен безендіруді ұйымдастырады. Балалар қызығушылықпен қарайды, жай судың көмегімен ою-өрнек кілемді өрнектейтінін қарайды.
Ұйымдастыру-іздестіру

Ою-өрнектермен безендірілген тұрмыстық заттар туралы әңгімелеседі.

Сөздік жұмысын жүргізеді.

«Кілемді безендіреміз» ойынын ұйымдастырады.

 

Ою-өрнектермен безендірілген заттар мен киімдерді қайдан көргенін естеріне түсіреді.Жаңа сөздердің мағыналарын түсініп, есте сақтайды.Ою-өрнек элементтерін орналастыруға көмектеседі.
Рефлексивті – түзетушілік Балаларға ою-өрнектерді салып, жолақшаны безендіруді ұсынады.Балаларды мадақтайды, қызықты ойлары үшін алғысын білдіреді. Өздерінің жұмыстарын көрсетеді, олардан жиек құрастырады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: — түзу және сынық сызықтардан құралған ою-өрнектердің тобын; — сызықтардың көмегімен заттарды бейнелеу мен стильдеуді;

Нені игереді: — ою-өрнектермен безендірілген заттар (кілемдер, ыдыс-аяқтар және т.б.) туралы түсініктерді;

Нені біледі: — түзу сызықтар жүргізуді және олардың үйлестірулерінде элементтерді салуды; — кілемнің жиегін безендіруді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ