Сүтқоректілер класы

0
2476
Әбіш Кекілбаев

Білімділігі: Сүтқоректілер жайлы оқушылар білімін толықтай қалыптастыру.

Дамытушылығы: Тақырыпты жан-жақты түсіндіру барысында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұжымшылдыққа,іздемпаздыққа бағыттау.

Сабақтың типі: жаңа білім мен    білікті қалыптастыру

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Көрнекілік құралдар:Интерактивті тақта, үйлестірме парақшалары т.б.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а)сәлемдесу

б)түгендеу

II.Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақты түсіндіру

IV.Жаңа сабақты бекіту

V.Қорытындылау

VI.Бағалау

VII.Үй тапсырмасын беру

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеп, керекті материалдарды журналға түсіріп, оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй  тапсырмасын сұрау

  • Құстардың тіршілік ортасы
  • Құстардың көбеюі мен дамуы

3.Үй құстарына қандай құстар жатады?

ІІІ.Жаңа сабақ:

Сүтқоректілер жануарлар дүниесінің жоғарғы сатыдағы тобын құрайды.  Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуығы жер шарының әр түрлі аймақтарында тараған.  Түрлі орта жағдайларында: суда, ауада, жер астында, құрлықта, ағаш басында  мекендейді.Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының  саласын “маммалогия” (кейде “териология”) деп атайды.

Қазақстанның кең байтақ табиғат аймақтарында сүтқоректілердің  8 отрядына жататын 178 түрі таралған. Оның 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Көпшілігінің кәсіптік маңызы бар.

Аңыз әңгімелер білім әлемінде неліктен жылқыда өт жоқ, сиырда күрек тіс жоқ?

Жер әлемді жасап біткен соң құдай адамнан: -Қайсысын ұзақ жасайын жазды  ма, қысты ма?- деп сұрайды.  Адам оған: -Оны менің достарым ат пен өгізден сұра. Олар қалай десе солай болсын деп  жауап береді. Құдай алдымен аттан сұрады.—Сен  қалай болғанын қалар едің,қыстың ұзақ болғанын ба, жоқ қыстан гөрі жаздың ұзақ болғанын ба?—Мен жаздың ұзақ болғанын қалар  едім,-деді ат,-әйтпесе қыста менің тұяқтарым қатты мұздап қалады.Құдай содан кейін өгізден сұрайды:-Сен не дейсің, саған қайсысын ұзартып, қайсысын қысқартқанын қолайлы?—Қысты ұзартқан дұрыс қой,- деді өгіз,-жаздың ыстығында менің  мұрнымнан су тоқтаусыз ағады. Құдай дәл солай істеді,қысты ұзақ, жазды қысқа етті. Өгіздің жауабын естіп ашуланған ат оны дәл су-су болып тұратын тұмсықтан келіп бір тепті.Тепкенде де қатты тепті, алдыңғы тістерін қағып түсірді .Өгіз атты сүзіп, өт қабын жарып жіберді. Үлкендердің айтуынша содан бері атта өт жоқ. Сиырда алдыңғы күрек тіс жоқ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

І деңгей. Венн диаграмасы

Венн диаграммасымен  жұмыс жүргізу 

Сүтқоректілер  Ұқсастығы    Құстар
     

 

ІІ деңгей. № 1 тапсырма.

  • Сүтқоректілер қандай жануарлар?\
  • Сүтқоректілер қалай көбейеді?
  • Қазіргі сүтқоректілерге сипаттама ?

 

2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

 1. ҚОЯН, ҚАСҚЫР,ТҮЛКІ СҮТҚОРЕКТІЛЕРГЕ ЖАТАДЫ МА?

2.ҚАЗАҚСТАНДА СҮТҚОРЕКТІЛЕРДІҢ НЕШЕ ТҮРІ БЕЛГІЛІ?

3.СҮТҚОРЕКТІЛЕР ҚАЙ ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛДІ?

ІІІ деңгей

Биологиялық диктант

Сүтқоректілердің экологиялық топтары: __________________болып бөлінеді.

Қазір тіршілік етеін сүтқоректілер, ________________________болып бөлінеді.

Қазіргі кезде сүтқоректілердің ____________, жер шарының әр түрлі аймақтарында тараған.

Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының  саласын __________(кейде “териология”) деп атайды.

Қазақстанның кең байтақ табиғат аймақтарында сүтқоректілердің _________________таралған.

Оның 40 түрі ____________________тіркелген. Көпшілігінің кәсіптік маңызы бар.

Ү.Сабақты қорытындылау.

ІҮ деңгейлік тапсырма. Сөзжұмбақ. «Сүтқоректілер»

ҮІ.Қорытынды. Бағалау

Үйге тапсырма: Дәптерлеріне негізгі мағлұматтарды түсіру, тақырыпты мазмұндау.

 

Жандилда Ләззат Жанболатқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №94 орта мектептің

биология пән мұғалімі  


ПІКІР ҚАЛДЫРУ