Абай философиясындағы адам мәселесі

0
7221

Жер бетінде ерекше жаратылған тіршілік иесі – Адам, оның пайда болуы,
әлемдегі алатын орны, қоғамды құру мен дамытудағы рөлі, адам адамның
рухани дүниесі мен танымының қабілеттері философиялық ой дамуының қай
кезеңінде болмасын назардан түспегенін айтпасақ та түсінікті. Адам
мәселесінің түйіні философия үшін әлі де жұмбақ.
Адам мәселесіне толғанып, түйінін шешуге тырысқан, шығармалар
жазған ғұламалар қаншама!? Олардың айтқан нақыл сөздері, еңбектері,
қалдырған іздері үлкен мұра болып қала бермек. Мен үшін солардың ішіндегі
ең ерекшесі Хәкім Абай дер едім. Себебі, оның өлеңдері, қара сөздері
адасқан адамға жол сілтер Темірқазық іспеттес.  Абай Құнанбайұлын оқи
отырып, адам – адал, қайырымды, әділетті болып қалыптасады. Оның
шығармаларының негізгі мақсаты – адамға тура жолды сілтеп, жөн көрсету,
өзгеге қиянат келтірмей, жақсылық жасауға ұмтылу, білім іздеп, қанағатшыл
болу.
Абай өз өмірін шығармашылыққа арнады. Шығармалары арқылы
халқының қамын ойлайтын, кемелденген адам тәрбиелеуге арнады. Бұған
оның «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген сөзі дәлел.
Ұлы ойшыл адамның жақсы-жаман қасиеттеріне көп көңіл болды. Адам
баласын қор қылатын қасиеттерді атап көрсетті: надандық, зұлымдық,
еріншектік. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі адамның жақсы
қасиеттерінің негізі деп білді. Осы жақсы қасиеттерді бойында ұстау үшін
адам білім, ғылым іздеуі тиіс деп топшылады.
Осындай нағыз Адам болудың дайын үлгісі тұрғанда, ешкімнің жаман
болуға құқығы жоқ. Хәкім Абай айтып кеткен көркем мінездерді бойымызда
ұстай білсек, жамандыққа бой алдырмасақ, нағыз Адам бола аламыз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ