Абай «Жаз» өлеңін талдау

0
7819
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Пән: әдебиеттік оқу Мектеп: «№16 ЖОББМ» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Толысбаева Г.Ж

Сынып: 3«Б»

 

Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны:
Тақырыбы: Абай «Жаз»

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

Ақын туралы түсінік алады.Өлеңнің идеялық мазмұнын ашады.
Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Автор жайлы слайдтан көру арқылы танысады.

Оқушылардың басым бөлігі: Өз ойларын еркін жеткізе алады.
Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолдана біледі.
Тілдік мақсат Оқушылар: Есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды, сөйлеу тілдері дамиды
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, жан-жануар, жазғы жайлау
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: айтылым, жазылым.
Талқылауға арналған сұрақтар: Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Алдыңғы тақырып
Өз біліміңді тексер, тесттік тапсырмалар.
Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басталуы

«Ортадағы қаламсап» стратегиясы». Балалар ортаға қаламсаптарын жинайды. Қаламсаптың иесі үйге берілген тапсырманы оқиды. Ортаға оқушылардың қаламсаптарын жинатып, бір қаламсапты аламын. Сол қаламсаптың иесінен үй тапсырмасын сұраймын.

Оқушылармен сәлемдесу. Жыл мезгілдерінің суретін таңдау арқылы топқа бөлініп отырады.

Топқа бөлінеді. 1-топ «Көктем»

2-топ « Жаз»

3-топ «Күз»

Қызығушылықтарын ояту

— Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Онықайдан білдің?
— Сурет бойынша әңгіме құра.

Әр оқушы жеке жеке жауап береді.

Оқулық, қаламсаптар, слайд.

Жыл мезгілдерінің суреттері

Сергіту сәті Бейнероликтегі «Қызыл гүлім-ай» би қимылдарын жасайды Музыка
Ортасы

Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік. Әр топтан бір оқушыдан айтады.

Автор туралы мәлімет:

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы–10 тамыз 1845 жылы қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған.

Оқулықпен жұмыс.

Абай суреттеген «Жаз» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу

Тізбектей оқу

Дәптермен жұмыс (сөздік).
1.Күркіреп–өзеннің ағып жатқандағы дыбысы
2.Шұрқырап–кісінейді
3.Шалғын–жайылым немесе қалың шөп
4.Жоны–арқасы
5.Ыңқылдап–тойынғанның белгісі

Шығармашылық тапсырма.

1-топ Жаз туралы эссе.

2-топ Тақырыпқа байланысты сурет салу.

3-топ Жан-жануарлардың жазғы тіршілігі туралы жазу.

Абай Құнанбаевтың суреті

оқулық

дәптер

Соңы

Қорытынды. Осы көрсетелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты сұрақтар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Берілген тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап береді.

1.Абай Құнанбаевтың шын есімі кім?

2.Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келген?

3.Қандай өлеңдері бар?

4.Жаз өлеңінде күркіреп деген сөз қандай мағына береді?

Үйге тапсырма: Келесі оқуға арналған тапсырмалар. Оқулықтың 283-284 бетіндегі Жаз өлеңді жаттау. Жаз мезгілінің суретін салу.

Қосымша ақпарат
Саралау. Бағалау- «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалады. Пəнаралық байланыс-бейнелеу.

Рефлексия. Әдебиет пәнінен Абай Құнанбаевтың «Жаз» атты өлеңін қысқа мерзімді жоспармен сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты нақты болды. Барлық оқушылар автор жайлы слайдтан көріп таныса алады. Басым бөлігі: Өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе алады. Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолдана біледі.

Ұйымдастыру кезеңінде: оқушлармен амандасып түгендеп алған соң, үй тапсырмасын «Ортадағы қаламсап» стратегиясымен бастадым. Әр оқушының қаламсаптарын жинау арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы арта түсті. Жыл мезгілдерінің суретін таңдай отырып 3-топқа бөлдім. Көктем, жаз, күз деп. Жыл мезгілдеріне байланысты, өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік деп сұрақтар қойдым Көршілес отырған оқушыларға «Көмектесе алатыңдарың барма?» «Тағы кім толықтырып жібереді?» «Тағы кім не біледі?» деген сұрақтарды басқа оқушыларға бағыттау арқылы қолданып, оқушыларды тақырып бойынша сөйлеуге талпындырады.

Оқушылар өлеңнен оқыған таныс емес өздерді түртіп алып отырды. Оқушыларға сұрақ арқылы өз бетімен жұмыс жасап, ойлануға ықпал еттім. Әр топ оқушыларына автор туралы мәлімет таратып бердім. Топтық жұмыс барысында байқағаным әр топтың оқушылары бір-бірмен кеңесе отырып, Абай атамыз жайлы біліп жұмыс жасап отырды. 2-топтың 2 оқушысы М, Н атты оқушылар жұмыс жасамай, қобалжып, өздеріне сеніміз болып берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай алмады. Оқулықпен жұмыс кезінде әр топ тізбектей өлеңді оқып шықты. Өзара өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен болжамдарын талқылады.

Шығармашылық тапсырма берілді. 1-топ Жаз туралы эссе. 2-топ Тақырыпқа байланысты сурет салу. 3-топ Жан-жануарлардың жазғы тіршілігі туралы жазу. Топтық жұмыс барысында оқушылар тапсырмаларды жүйелі орындап, бір-бірімен пікір алмасып, жұмыс нәтижесі сәтті шыққан оқушылардың көңіл-күйлері көтерілді. Дәптермен жұмыс кезінде оқушылар өлеңнен оқыған таныс емес сөздерді түртіп алғандарын толық не мағына беретіндігін жазды. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар бердім, сол бойынша әр топ бір-бірімен талқылады.

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ