Түрлі жабдықтарды лақтыру (спорттық жаттығулар)

0
4153
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study
Бөлім: 7.1. Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту Мектеп: №51 мектеп-гимназия
Күні: ________ Мұғалімнің аты-жөні: Аманкулов Т.Б.
Сынып: 7 « » Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Түрлі жабдықтарды лақтыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру
Сабақ мақсаттары Спорттық жабдықтарды лақтыру кезінде реттілікті сақтау қажеттілігі. Орында, қозғалыста әр түрлі снарядтарды лақтырулару және қабылдау. Оқушылардың сабақ кезінде жылдамдық қасиеттерін әртүрлі жаттығулар арқылы дамыту.
Жетістік критерийлері
Доптарды лақтыру және бір — біріне беру жаттығулары арқылы дене қасиеттерін жетілдіруді түсінеді және көрсете алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар: өздерінің жеңіл атлетикадағы ерекше қимылдарын сипаттай, талқылай әрі көрсете алады
Құндылықтарды дарыту Арнайы спорттық қозғалыс дағдылары мен қатысты қабілеттерді және негізгі қимыл қабілеттері мен қатысты қабілеттерді жетілдіру.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, физика, жасөспірімдер физиологиясы.
АКТ қолдану дағдылары Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану.
Бастапқы білім Оқушылар атлетика мен денсаулық тұжырымдамасы туралы білімдерді игерген, алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ үйде және мектептен тыс алған дағдыларды меңгерген деп күтіледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары әртүрлі жабдықтармен.

Жүгіру жолы немесе үлкен бос кеңістік. кедергілер.

Фишкалар, конустар, мұғалімге арналған ысқырық.

Сабақтың ортасы

(С, Т, ЖЖ) Команда лақтыру сызығына тұрады, әрбір ойыншыда – бір доптан. Лақтыру сызығынан 6-8 м арақашықтықта командалардың алдында құрсау шеңбер жатады. Белгі бойынша командалардың қатысушылары кезекпен доптарын құрсауға түсетіндей етіп тырысып лақтырады. Нысанаға көп рет тигізген команда жеңеді.

(Ж, ЖЖ, Ф) Нұсқалары: 1) лақтырулар белгілі бір аймаққа орындалады: 1-аймақ лақтыру сызығынан 12 м арақашықтықта орналасқан, 2 – 16 м, 3 – 20 м; әрбір аймақтың сандық белгіленуі болады – 1-2-3; жеңімпаз команда барлық қатысушыларының жинаған ұпайларының қосындысы бойынша анықталады; 2) лақтырулар әр түрлі сандық белгіленулері бар қанқал-нысанаға орындалады (3-2-1), нысанаға дейінгі арақашықтық – 8-10 м, биіктік – 2,5-3 м; командалардың орындары жиналған ұпайлардың қосындысы бойынша анықталады.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік

Мұғалімге арналған ысқырық, доптар.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша біркелкі орындау. Лақтыру сызығынан нысанаға әр қашықтықтан тигізу тиіс. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Өткізген: Дене шынықтыру мұғалімі: Аманкулов Т.Б.

Сыныбы: 7 «Ә»

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ