Ғарыш дегеніміз не? (жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары)

0
4232
Гомотетия және оның қасиеттері

 

Жер және ғарыш Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Касимов Казбек Рыскалиевич
Сыныбы: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Ғарыш дегеніміз не?

Сабақтың

оқыту

мақсаттары

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

1.4.2.2 қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Табыс критерййі Барлық оқушылар орындай алады:

  • ғарыш, ғарышкерлер, ғаламшарлар, жұлдыздар айта алады астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

;

Көпшілік оқушылар орындай алады:

  • қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Кейбір оқушылар ғана орындай алады:

сұрақтарды дұрыс қою дағдыларын көрсетеді;

жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Болжамдарды құрумен жұмыс жасау; болжамдарды дамыту; материалды талқылау жəне түсіндіру.

Көптілдік: ғарыш – космос – space.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Осы сабақтың тірек сөздері: “астрономия”, “шоқжұлдыз”, “ғарыш”.

Сабақ барысында сөйлесу/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқыланатын сұрақтар.

Аспан деген не?

Күн жəне ғаламшарлар – отбасы ма?

Бұл туралы бізді қызықтыратын қосымша ақпаратты бізді қайдан білуімізге болады?

Өткен сабақтардан алған білім Зерттеу дағдылары (тақырыпты, зерттеу мақсатын анықтайды, болжамдар ұсынуға тырысады, ақпаратты алу көздері туралы біледі: кітаптардан, мамандардан). Мектепке дейінгі мекемеге барған кезде оларда ғарыш, Жер ғаламшарлары, Күн туралы негізгі ұғымдар қалыптастырылған. Балалар ғарышкер мамандығы туралы біледі.
Күтілетін нәтиже Оқушылар:

  • ғарыш ұғымымен танысады. Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;
  • шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады. Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды.
Жоспар
Жоспарланған уақыт мөлшері Жоспарланған жұмыс түрлері Пайдаланыла-тын қор

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

0–1 мин.

Ұ) Оң эмоционалдық күйге келтіру.

«Бес шапалақ » ойыны (Амандасу) Дене мүшелерімізді ояту жаттығуы. Топқа бөлу

Бағалау.

Ойын арқылы жағымды көңіл күй туғызу

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

2–5 мин

(Ұ) Балалар аспан денелерін зерттейтін астроном ғалымдар бола аламыз ба?

Ендеше бізге аспан денесін зерттеу үшін не керек?

(Оқушы жауабы: білім және аспап керек)

Сабақтың мақсаты хабарланады

Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

«Сен білесің бе?» видеороллик

1-слайд: Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыстарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді.

Бағалау.

Оқулықтағы кесте (кестені флипчартпен тақтаға шығаруға болады).

Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6–40 мин.

(Ұ, Ө) Оқулықпен жұмыс жасау.

Кіріспе тапсырма. Ғарышқа саяхат.

Оқушылардан ғарышты қалай елестететіндерін сұраңыз. Суретке назар аудартыңыз.

Анықтаңыз:

— Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?

— Ғарышта не бар?

2-слайд: (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар.)

Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұл-

дыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.

Оқулықтағы иллюстрация-лар.

Топпен жұмыс жасау. Қажетті ақпаратты ғаламтор желісінен табу дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар.

 

Ракета туралы видеороллик

Топтық жұмыс

Сергіту сəті (əуен ойнайды).

Ал балалар, тұрайық, Көкке мойын бұрайық. Алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Ғарышкерлер сияқты Бой сергітіп алайық.

Музыкалық сүйемелдеу.

(Ұ, Т) Дәптермен жұмыс

31-жұмыс парағы. Ғарыш, 33-б.

32-жұмыс парағы. Шоқжұлдыз, 34-б. Бағалау.

Дәптермен сәйкестендіру

Қосымша деректер

Тапсырмалар:

Скафандр туралы видеоролик

Дəптер – «Ғылыми күнделік».
Сабақ соңы IV. Сабақ қорытындысы. Рефлексия.41–45 мин.

(Ө,Қ) Рефлексия.

Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар “ғалам-шар” сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. Тапсырманы орындау нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлдызының бейнесі (ожау) пайда болады.

Қосымша мағлұматтар
Дифференциация. Оқушыларға көмектесуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары балаларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың ілгерілеуін/білімдерін қалай қадағалайсыз?

Пəнаралық байланыс

«Өзін өзі тану»

«АКТ»

Құндылықтар

Ғаламтордан алынған материалдардың толық көлемін бір топ ұсынады. Қалған балалар топ жауабын қабыл алады немесе өздерінің көзқарасын дəлелдеп, жолдастарының жауабын толықтырады.

Сабақ барысындағы сұрақтар.

Топтағы жəне өз бетіндік жұмыстың нəтижесін қадағалай отыру.

АКТ– ақпаратты іздеудің жаңа түрлерімен танысу («Видеотека» зерттеу əдісі). Математика – есептеу дағдылары, 10 маңайында санау, «алдында, кейін, арасында, жанында».

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ