АБАЙ – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ ТӘРБИЕШІСІ

0
4301

 \r\n\r\nАдамның адамшылдығы – ақыл,\r\nғылым, жақсы ата, жақсы ана,\r\nжақсы құрбы, жақсы ұстаздан\r\nболады.\r\nАбай\r\n\r\nАБАЙ – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ ТӘРБЕШІСІ\r\n\r\n   Қай халықтың болмасын, мақтан тұтар асылдары мен ардақтылары аз болмаған. Қазақ халқының тарихында да ойшыл, кемеңгер ұлт мақтанышна айналған небір биік тұлғалар өткен. Сондай шоқтықты шоғырдың арасынан Абай есімі, Абай тұлғасы айрықша дараланып тұратыны анық.\r\n\r\n  Көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев: «Абайы бар елдің бақ-талайы бар, Абайсыз бізді өзгелер қалай ұғар ?!»- деген өлең жолдарының өзі-ақ халқымыздың маңдайындағы күні, таңдайындағы үні болған теңіздей терең данышпан бабамыздың керемет құдіретін жеткізіп тұрғандай. Бір туар қайталанбас тұлғаның ойға сыймас, қырсыры мол дүние.\r\n\r\n  Абай-ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы ерекше, шын мәніндегі жаңашыл тұлға. Ол қамтылған сала жоқ сияқты. Поэзия, өнер, философия, дін, тарих,музыка, этика, педагогига тағы басқа салалар. Абайды әлемге танытқан заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов: «Абай-дария мен одан шөмішбен қалқып алдым»-деген болатын әйгілі «Абай жолы» романының жазылу туралы.\r\n\r\n  Сондай дариядан барынша сусындағы жастан болашақта үлкен үміт күтуге болады. Демек жастар тәрбиелейтін әрбір білім ордасы оқу тәрбие жұмыстарында ұлы ақын мұраларын оқып-үйреніп, оны басшылыққа алып отыру керек. Міне, осындай баға жетпес Абай мұрасын, Абай сөзін өрелі салт-санамызды қалыптастыруда ,әсіресе, мектептерде, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізетін жерлерде маңызы зор.\r\n\r\n  Ұлы ақын мұраларын оқып-үйрену ең алдымен сабақта жүзеге асырылуы тиіс. Осыған байланысты әр пән мұғалімі(мейлі ол қай пән болмасын) өтілетін материалдың шеңберінде қалайда ақын шығармашылығынан мәлімет беруге тырысады, ал әдебиет, тарих, педагогика,психология пәндері бойынша өткізілетін әрбір сабақ тікелей ақын мұраларымен тұтасып жатады. Әдебиет сабақтарында ақын шығармашылығымен жете танысып, терең талдау жасау мақсатында жұмыстың барлық түрлері қолданылады: дәстүрлі емес сабақ түрлері, білім сайыстары, шығарма жұмыстарының байқауы «Абай-поэзия пайғамбары», «Жүрегімнің түбіне терең бойла», «Мынау тұрған Абайдың суреті ме, өлең сөздің ұқсаған құдіретіне?»  тақырыптарында ақын шығармашылығын оқытуда ашық сабақтар өткізуге болады.\r\n\r\n     Әдебиет-ұрпақтарға әсер етуші құдіретті құрал. Осы құралдың күші арқылы Абайдың әр жанрдағы шығармасы жастардың, жас өспірімдердің бойына ізгілік, адамгершілік, сұлулық сияқты асыл қасиеттері қалыптастырады.\r\n\r\n  Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушылары Абай шығармаларын екі бірдей мақсатта-оқыту мен тәрбиені ұштастыратындай етіп, өз қалауынша таңдап, іріктеп, тақырыпқа сай қолдануға болады. «Көкірегі сезімді тілі орамды, жаздым үлгі жастарға бермек үшін»-деп Абай атамыз мақсат еткендей, әр сабақта даналық ой туындайтын өлең жолдары мен қарасөздері пайдаланып әңгімелесу, сөйтіп, оның мән-мағынасына ден қойғызу, оқушы жастарды ойландырып-толғандыратындай етіп санасына сіңіру-тәрбиелік мәні бар жұмыс десек, ал сөз орамдарының қолданысын, көркемдігін,ішкі байланыстарын ажырыту, жасалу жолдарын айқындау-грамматикалық  жұмыс түрі болып саналады.  Грамматикалық форма, ұғымдарды бекітуде мысал ретінде алу таптырмайтын материал. Мысалы: морфология тарауын оқытқанда «Етістік», оның категорияларын «Есімше», «Көсемше», «Етістер» т.б. тақырыптарға сай Абайдың «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Сегіз аяқ», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Әсемпаз болма әрнеге» сияқты өлеңдерін «Үстеу», «Үстеудің мағыналық топтары», «Шылау оның түрлері» т.б тақыраптарды оқыту барысында «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Жаз», «Білектей арқасында» өлеңдерін пайдаланып, грамматикалық формалармен жұмыс істей отырып, оқыту  мәселесінде шешуге болады…\r\n\r\nҰлы Абайдың мұрасын үнемі есімізде сақтап, жас ұрпақты тәрбиелеуміздің қажетті құралы деп білуіміз қажет. Абай мұрасы мәңгілік!\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ