Абиотикалық факторлар, абсолюттік есту, шкала, табалдырық деген не?

0
1572
Freepik.com

Абиотикалық факторлар — (а…+ грек. bios –қаз. өмір) – адамның функционалдық күйіне, оның еңбек қабілетіне, мінез-құлқы мен психикасына әсер ететін сыртқы орта жағдайларының жиынтығы. Атмосфералық қысымның толқуы, жердің магниттік өрісінің өзгеруі, күн сәулесінің артуы организмнің физиологиялық және психикалық тұрақтылығын төмендетеді, жұмыс барысында стрестің пайда болуына әкеледі.

Абсолюттік есту —  индивидтің полифониялық дыбыстарды жоғарылығы белгілі басқа дыбыстармен қатаң салыстырмай, олардың жоғарылығын дауыспен дұрыс қайта жаңғыртып, анықтай алуы.

А.е. – бұл музыкалық естудің абсолютті модальдығы, оның сипаттамасы емес, ол дыбыстарды қабылдаудың айрықша түpi. A.e. жоқ адамдар белгілі бip дыбыстарды өз дауысының ең жоғарғы және ең төменгі дыбыстың ырғақтарын салыстырып, жақсы қабылдап, дұрыс ажыратып, тани алатын индивидтердің ecтуі квазиабсолюттік есту деп аталады.

А.е. бар адамдар eшбip қосалқы акустикалық-жоғарылатқыш байланыстарды қолданбай музыкалық тондарды дұрыс қабылдап, тани және нақты тауып ала алады. А.е., әдетте, балалық-жасөспірімдік кезеңде жақсы анықталады.

Абсолюттік шкала — сандар мен объектілердің төрт типті арақатынасының 1) эквиваленттік, 2) реттік, 3) интервалдарының теңдігі және 4) қатынастарының теңдігі негізінде объектілердің үздіксіз қасиеттерін өлшеуге арналған шкалалардың бipi (варианты). Мыс., психофизикада – брилдік светлоттың шкаласы.

Абсолютті табалдырық —  (лат. absolutus – қаз. шектелмеген) – А.т.-түйсік табалдырығының шегі. Ол тітіркендіргіштің болмағаны түйсік тудыратын шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Әpбip түйсік түрлері үшін өзінің А.т. болады. Мәселен, қараңғыға бейімделген көз жарықтың 7 квантына жауап береді.

Көру арқылы адам қараңғыда көзден 48 км қашықтықта тұрған балауыз шамның жарығын қабылдайды, сонымен қатар, қолсағаттың жүрісін тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажырата алады. Дәмді сезуде өзінің ерекшелігі бар. Иіс сезу – бөлмеде бip тамшы әтіp сепкенде оның иісі сезіледі. А.т. жүйке жүйесінің сезімтал дығының модальдығы ретінде пайдаланылады.

А.т. тітіркендіргіштің жауап беру реакциясын тудыратын шамасының көрсеткіші болып танылады. Жануарларда А.т. тек ағза өмірінің биологиялық жағдайларының ықпалымен ғана дамиды. Мыс., құстардың көздері көргіш, ит иісшіл және естігіш келеді. Адамның сезгіштігі – биологиялық дамудың ғана нәтижесі емес, сонымен қатар адамзаттың әлеуметтік тарихының нәтижесі.

Адамға әртүрлі тітіркендіргіштер әсер етеді, бipaқ соның бәpi түйсік туғыза бермейді. Біз түнде аспандағы жұлдыздардың көбін көрмейміз, бipaқ олардан сәуле шығып жатады, көрші бөлмеде жайлап сөйлесіп жатқанды естімейміз, өйткені онан біздің, есту аппаратымызға келіп жатқан дыбыс толқындары бізге түйсік туғыза алмайды.

Дереккөз: Психология:Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011

Басқа материалдар:

  1. Психологиялық түсінік. Абазия, аббревиатура, абдикация, аберрация деген не?
  2. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  3. Сабақты қызықты өту үшін арналған әдіс-тәсілдер
  4. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ