Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары

0
2546
Freepik.com

Біз оқушылардың өз оқуларын өздері реттеп, бағыттай алатындай болуын қалаймыз. Әйтсе де, оқушылар бұл мақсатқа қалай қол жеткізетіні бізге әлі де түсініксіздеу.

Қалыптастырушы бағалау оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыта
отырып, өздігінен үйренуші болып қалыптасуына көмектеседі. Оқу үшін бағалау
принциптері бір-бірімен тығыз байланысты.

Оқушыларды бағалау үдерісіне қатыстырудың өзі бағалауды әлдеқайда
тиімдірек етеді. Олар мұғалімнің табысты кері байланысын өз тәжірибесінде қолдана алатындай өзін-өзі бағалауды үйренулері қажет. Садлер (1989) және Аткин,
Блек және Кофей (2001) қалыптастырушы бағалаудың мінсіз үлгісін сипаттауда
оқушылар өздеріне үздіксіз қойып отыратын үш сұрақты айқындап суреттейді:

1-сұрақ. Мен қай жерге баруға тырысып жатырмын?

Бұл алғашқы сұраққа жауап беру үшін оқушылардың мақсаттары нақты (әрі
тар ауқымды) болуы және өздері де толық қалыптасқан болулары қажет. Егер үйренушілер қандай мақсатқа жету қажеттігін өздері түсінсе және оқу нәтижесіне жетудің негізгі мақсаты мен табысқа жетудің нақты атрибуттары анық болғанда оқу
(үйрену) әлдеқайда жеңілдеу болады.

Мұғалім сабақ үдерісіндегі өзгерістерді тек зерттеу басында ғана анықтап қоймай, тұтастай үдеріс кезінде оқушыларға үздіксіз  қолдау көрсетіп отыру керек. Мұғалімдер оқушылармен оқу міндеттерін бөлісіп отырулары керек:

• «Біз … үшін оқып жатырмыз» немесе «Мен … істей аламын» деп басталатын ұғымдардағы мақсаттарды бөлісу;

• Оқушыларға мақсатты дауыстап оқып, оған қатысты ашық сұрақтар қоюды
талап ету;

• Оқушылардан не талап етілетінін ажыратып алу – тапсырмаларды аяқтау,
нені үйрену қажеттігін түсіндіру. Себебі, олай етпеген жағдайда күтілетін
оқу мақсатына қатысты оқушыларда түсінбеушілік болуы мүмкін.

• Оқушыларға келесі әрекет қандай екенін, оның алдыңғы әрекетпен байланысын, алдағы оқу қажеттілігін оқушыларға үнемі хабарлап отыру керек;

• Сыныптағы оқу мақсаттарын айқындап алу қажет.

2-сұрақ. Мен қай жердемін?

Оқушылар өз жұмыстарын жоғары сапалы үлгі жұмыстармен салыстырып көре
алады және айырмашылықтарды ажыратуға тырысады. Олар анықталған оқу мақсатына ұқсас өздерінің білетін және істей алатын әрекеттерінің дәлелдемелерін топтастыру үшін мұғалімнің қалыптастырушы бағалаудағы кері байланысын қолдана
алады.

Анықталған оқу мақсатына сәйкес оқушылар өздерінің жеке алған білімдеріне рефлексия жасау үшін мұғалімнің сұрақтарын да пайдалануға болады. Бұл
стратегиялардың барлығы оқушыларға өз әрекеттерін айқындап алуға, өздерінің
қай жерде екенін, қай жерде болулары керектігін және күтілетін нәтижеге жетудің
басты ортасы (ядросы) қай жер екенін анықтап алуға көп көмегін тигізеді.

3-сұрақ. Мен «бос жерлерді» қалай толтырамын?

Оқу үшін бағалау оқушыларға не істеу, өзінің қазіргі орнынан түпкілікті оқу
мақсатына қалай жылжу керектігін білу үшін көмектеседі. Оқу нәтижесіне қол жеткізу үшін оқушылар сол мақсаттарды құруға, бағалау нәтижелерін талдауға және
келесі нәтижеге жеткізетін әрекеттерді жоспарлауға өздері де қатысып отырулары керек.

Оқушылар бос орындарды толтыру үшін сұрақ-жауап стратегиясын қолдануды
үйренулері керек. Сапаны жақсарту үшін өз жұмысымда нені өзгертуім қажет?
Бұл өзгерістерді жасау үшін маған қандай арнайы көмек қажет? Мен кімнен
көмек ала аламын? Маған қандай ресурстар қажет?

Садлер (1989) оқушыларға жасалған сипаттамалық кері байланыс сапаны
анықтайтын үздіксіз өзін-өзі бағалауға ықпал етеді дейді. Оқушыларға сапаны оқудың бір бөлігі ретінде көруге мүмкіндік беру – үйренудегі өздерінің келесі қадамын
жасауға әсер етіп, бос орындарды толтыруға ықпал етеді.

Дереккөз: Камалова С.Т. Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелікқұрал. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014

Басқа материалдар:

  1. Сабақты қызықты өту үшін арналған әдіс-тәсілдер
  2. Ағылшын тілінен сабақ жоспары. Theme of the lesson: What’s your name? (5 сынып)

  3. Ағылшын тілінен сабақ жоспары. Theme of the lesson: Good morning! (5 сынып)

  4. Ағылшын тілінен сабақ жоспары. Тheme of the lesson: Where are you from? (5 сынып)

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ